Қазақстанның дамуындағы көлік - логистикалық жүйелер


Slide 1

Қазақстанның дамуындағы көлік-логистикалық жүйелер

Дайындаған: Тұрар Әлихан, Сатпеков Ерасыл

Жеткешісі: Сүлеймен А. Е.

Slide 2

мазмұны

1 ЛОГИСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

2 ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛОГИСТИКАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Логистиканың даму тарихы

Логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде «логистер» немесе «логистектер» деген мәртебесі бар қызметкер-лер болған. Олар азық - түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған.

Үлкен ағылшын - орыс сөздігі бүгінгі таңда да «logistics» сөзін әскери 1) тыл және жабдықтау; 2) материалды - техникалық қамтамысз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.

Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: «Логистика гректің «logistike» сөзінен алынған - есептеу, пайымдау өнері. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды».

Slide 4

Логистика

Бұл шикізатта сатып алу орнынан соңғы тұтуны орнына дейін материалды және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз етеді.

Өнімге қажеттілік туған жерде, алдын ала бекітілген орында, бекітілген уақытта, қажеттің өнім көлемін алуға бағытталған қызмет түрлерінің жиынтығы

Уақыт пен кеңістіктегі өнімді жеке тарату үрдісі туралы ғылым.

Жабдыұтаудың, өткізу мен тасымалдаудың өзара байланыстары туралы ғылым.

Slide 5

логистиканың экономикада қолданылуы

Логистика дамуының тағы бір бағыты - экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі.

Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70-ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.

Slide 6

2. Инфрақұрылымның даму сатылары

Инфрақұрылымның даму деңгейі көлік жүйесінің тиімділік дәрежесін айқындайды. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

Көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесін құру, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу;

Магистральдық темір жол желісінің, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының, қалалардағы көше-жол желілерінің және ішкі су жолдарының тасымалдау және өткізу қабілетін, сондай-ақ теңіз, өзен және әуе порттарының өндірістік қуаттарын арттыру.

Slide 7

Жол инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады, алты негізгі халықаралық транзит дәліздерін қайта жаңартуды аяқтау:

1) Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;

2) Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;

3) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;

4) Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасы;

5) Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;

6) Астана - Қостанай - Челябі - Екатеринбург;

Slide 8

1-сурет. Жоғары жылдамдықтағы автомобиль трассалардың даму бағыттары(2021-2025ж)

Slide 9

Елбасы Қазақстан-2030 Стратегиясында әлемнің 30 үздік елдері қатарына кіру мақсатында елімізді тұрақты дамыту туралы орасан зор міндеттер қойды. Мұнда елдің транзиттік әлеуетін дамытуға былайша ерекше көңіл бөлінген: «Біз өзіміздің транзиттік әлеуетімізді дамытуымыз қажет. Бүгінгі күні бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау екі есеге ұлғаюы көзделген. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 есеге артуы тиіс».

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты, 2014 жылғы 28 сәуірде М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқуы кезінде Н. Назарбаев «Еуразия» каналын салу қажеттілігін тағы да негіздеді: «Каспий - Қара теңіз» - Еуразиялық мемлекеттердің әрі қарай ықпалдасуы мақсатында (2-сурет) .

Slide 10

2-сурет. Еуразия каналының сызбанұсқасы

Slide 11

Тағы бір маңызды мәселені ескеру қажет - салыстырмалы бағалауда жаңадан салынатын Жезқазған мен Бейнеу арқылы өтетін «Қорғас - Ақтау порты» қысқа теміржол торабы ескерілмеген, оның қызмет етуі «Еуразия» каналы арқылы өтетін қытай тауарының жүк тасқынын жылына 60 млн. тоннаға дейін ұлғайтады, бұл оның тиімділігін қосымша арттырады.

Егер қазір Қытай тауарлары Азияны айналып Суэц каналы арқылы (3-сурет) Еуропаға 45 күнде жеткізілсе, «Еуразия» каналы арқылы бұл мерзім 7-10 күнге дейін қысқарады (3 - сурет) .

Slide 12

3 - сурет. «Еуразияканалы» және Ирандық «Каспий теңізі - Парсышығанағы» каналы

Slide 13

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистральдің техникалық-экономикалық жобасы бойынша енді 7-8 жылда жолдың жүк көліктерін өткізу көлемі 2, 5 есе ұлғаятын болмақ. Жобаны іске асырудан Қазақстанға келетін экономикалық пайда жыл сайын 33, 9 млрд теңге, жол-көлік апаттарының азаюынан түсетін пайда 49, 9 млн теңге, ал ішкі өнімдердің өсуіне байланысты түсетін пайда 82, 9 млрд теңге болатын көрінеді (4-сурет) .

Slide 14

4-суретБатыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралі

Slide 15

«Транзиттік жол» - Қазақстан Республикасы үшін ерекше орын алатын көліктік- коммуникациялық өтеулерді экспорттау формасы. Халықаралық транзиттегі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері көліктік дәліздерде қатысуымен қарастырылады. Еуразиялық бағытта Қазақстан үш транзиттік бағыт бойынша қатысады: біріншісі, Еуропа - Ресей - Қытай; екіншісі, Еуропа - Қытай (экономикалық ынтымақтастық ұйымы мемлекеттері арқылы: Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан) ; үшіншісі, Ресей - Орталық Азия. Қазақстанның транзиттік әлеуеті әлемдік қоғамдастық назарындағы маңызды нысанға айналып отыр. Көлік және коммуникация кешенін дамытуда Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін арттыру және толығырақ пайдалану маңызды бағыт болып табылады.

Slide 16

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛОГИСТИКАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Slide 17

Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс істейді:

1) Трансазиялық теміржол магистралінің солтүстік дәлізі (ТАТМ) . Қазақстанды Батыс Еуропамен және Қытаймен, Ресей арқылы Корея түбегімен және Жапониямен байланыстырады (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде) ;

2) ТАТМ-ның Оңтүстік дәлізі. Аталған дәліз мынадай бағдарлар бойынша өтеді: Түркия, Иран, Орталық Азия елдері арқылы Оңтүстік-Шығыс Еуропа - Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш учаскесінде) ;

3) ТРАСЕКА. Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық/Қорғас - Алматы - Ақтау учаскесінде, оның ішінде Жезқазған - Бейнеу перспективалық түзеткіш теміржол бағдары, сондай-ақ Ахалкалаки (Грузия) - Карс (Түркия) арқылы Орталық Азиямен байланыстырады;

4) Солтүстік - Оңтүстік. Қазақстанның Ақтау теңіз порты - Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау - Атырау, сондай-ақ Өзен-Берекет (Түрікменстан) - Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы учаскелерінде қатысуымен Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;

5) ТАТМ-ның Орталық дәлізі. Сарыағаш - Арыс - Қандыағаш - Озинки бағыты бойынша және әрі қарай Солтүстік - Батыс Еуропаға өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар.

Slide 18

ел басының «Қазақстан - 2030 стратегиялық» бойынша

Slide 19

ҚР-ң көлік инфрақұрылымын арттыру жоспары бойынша көрсеткіштері

Индикатор

Өлшем бірлігі

2012 жыл (нақты

2016 жылдың соңына қарай

2020 жылдың соңына қарай

«Инфрақұрылымдық орталықтар» құру

бірл.

-

-

16

жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту

млн. тонна

3 231, 8

4 245, 5

5 855, 7

жолаушыларды тасымалдау санын ұлғайту

млн. адам.

18 484, 6

25 535, 7

34 232, 8

жүк айналымын ұлғайту

млрд. ткм

478

598

788

жолаушылар айналымын ұлғайту

млрд. жкм

213, 1

345, 8

534, 7

Slide 20

2-кесте Темір жол көлігін дамыту көрсеткіші

Индикатор

Өлшем бірлігі

2012 жыл (нақты)

2016 жылдың соңына қарай

2023 жылдың соңына қарай

локомотивтердің тозу деңгейін. . . дейін төмендету

%

68

57

40, 2

жүк вагондарының тозу деңгейін. . . дейін төмендету

%

48

40, 9

42, 7

жолаушы жылжымалы құрамының тозу деңгейін. . . дейін төмендету

%

64

52

40

магистральдық теміржол желісінің тозу деңгейін . . . дейін төмендету

%

64

60

40

жүк поездары қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы кемінде. . . құрайды

Км. сағ

49

50

55

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілген транзиттік жүктер көлемін ұлғайту

млн. тонна

16, 3

20, 9

32, 2

Slide 21

4 - кесте Су көлігін дамытуға арналған көрсеткіш

Индикатор

Өлшем бірлігі

2012 жыл (нақты)

2016 ж-ң соңына қарай

2020 жылдың соңына қарай

Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін ұлғайту

млн. тонна

18, 8

22, 5

24

Каспий теңізінде жүктерді теңізде тасымалдаудағы Қазақстанның үлесін. . жеткізу

%

58

65

70

жүктерді ішкі су жолдарында тасымалдау көлемін ұлғайту

млн. тонна

1, 2

1, 8

2, 5

Slide 22

5 - кесте Көлік-логистика саласының бағдарламалық көрсеткіші

Индикатор

Өлшем бірлігі

2012 жыл (нақты)

2016 жылдың соңына қарай

2023 жылдың соңына қарай

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін транзиттік жүк көлемін ұлғайту


Ұқсас жұмыстар
Логистикалық жүйенің стратегиялық менеджменті
Логистикалық тізбек және маркетингтік каналдар
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТУРКИЯ ЕЛІНІҢ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАСЫ
Логистикалық жүйе
Логистикалық тәуекел
КӨЛІК КЕШЕНІ
Жолаушылар тасымалы
Әлемдік нарықтағы логистика
Украинаның логистикалық жүйесі
Каспий бассейнінің порттары арасындағы контейнерлік тасымалдар көлемін арттыру және жүктердің жаңа түрлерін тарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz