Сиырларда қынап пен жатыр мойнының патологияларын диагностикалау және емдеу: бартолинит, гартнерит, цервицит және жатыр мойнының индурациясы


Slide 1

Қынаптың және жатыр мойынының патологиясын диагностикалау және емдеу.

Орындаған: ысмағұл абзал, оразалықызы ләззат

вм 20-04

Тексерген:Зиябек д.

Slide 2

Бартолини бездерінің қабынуы (Bartolinitis) .

Көбінесе, сиырда кездеседі. Қынап кіреберісінде көлемі әртүрлі ұсақ-ірілі, кейде қаздың жұмыртқасындай күлтілдеген ісіктер пайда болады. Олар кейіннен абсцесске айналады.

Бартолини күлдіреуіктерін тіліп немесе жуан қан алатын инемен, трокармен тесіп, ішіндегі экссудатты сорып алып тастап, орнына йодтың 1-5 %-дық ерітіндісін жібереді. Кейбір жағдайда ісік орналасқан жердің кілегейлі қабығын тіліп, астындағы күлдіреуікті түгелдей ойып алып (экстирпация) тастайды. Алдымен, жергілікті немесе эпидуральді анестезия жасау керек, содан кейін хирургияның асептика, антисептика ережелерін сақтай отырып, операцияға кіріседі. Күлдіреуіктер көп болса олардың бәрін жарып, йод немесе карбол ерітіндісімен күйдіреді де, кілегейлі қабықты түгелдей синтомицин, левомицетин, стрептоцид майымен майлап қояды.

Slide 3

Жатыр мойнына жақын тізбектеліп жатқан бірнеше күлдіреуіктерді және кілегей қабықтың жолақтанып қанталаған жерлерін көреміз. Гартнер түтікшесі саусақтың жуандығындай болып, кілегей қабықтың астында иректеліп жатады. Қалыпты жағдайда ол көрінбейді, қолға білінбейді. Күлдіреуік - ісіктер әдетте тығыз келеді. Ұстағанда мал ауырсынады, нәжіс-зәр бөліп шығарғанда да белін бүкшитіп, қиналады. Гартнер түтігінің ісіктерін жарып, ішін экссудаттан тазартқан соң, оны люголь ерітіндісімен күйдіріп, майлы дәрілер жағады.

Гартнер түтікшесінің қабынуы (Gartneritis) .

Ісік гартнерового барысы: 1-сүйек, 2-гартнеревий барысы, 3-жатыр мойны.

Slide 4

Жатыр мойнының қабыну (Cervicitis) .

Аурудың себебі негізінен жатыр мойнының туу кезінде жарақаттануы, патологиялық процестің қынаптан, жатырдан ауысуы немесе шағылысу және қолдан ұрықтандыру кезінде инфекцияның түсуі болып табылады.

Slide 5

Жатыр мойнының қабыну (Cervicitis) .

Клинкалық белгілері.

Жатыр мойны ашық, одан шырышты немесе іріңді экссудат ағып шығып тұрады. Кілегей қабығы қызарып, қанталап, қатпарланып ісінген. Тік ішек арқылы қол салып тексергенде жатыр мойны үлкейген, қатты болып білінеді. Патологиялық үрдіс жіті түрде өтетін болса, оның қызуы көтеріліп және малдың қатты ауырсынғанын байқаймыз. Ауру ұзаққа созылғанда, дәнекер тканьнің өсуіне байланысты жатыр мойнының арнасы бітеліп қалуы мүмкін.

Емдеу шаралары.

Жатыр мойнын фурациллин (1:5000), риванол (1:1000), маргенец қышқылды калий (1:2000) немесе 1-2 % қос көмірқышқылды сода ерітіндісімен тазалап жуады. Қолданар алдында ерітіндіні дене температурасына дейін қыздырады. Содан кейін жатыр мойны арнасына май дәрілерге малынған анжа салып қояды немесе экзутер, метромакс, фуразолидон таяқшаларын қолданады.

Осылай етіп 5-6 күн бойы емдейді. Мал қатты ауырсынатын болса, алдын ала эпидуральді анестезия жасаған дұрыс. Цервициттің бұрыннан келе жатқан созылмалы түрі болса, қосымша физиотерапиялық емдеу тәсілдерін де қолданған жөн, атап айтқанда, қынап ішіне ыстық балшық, озокерит салып емдесе, оның нәтижесі біршама жоғары болады.

Slide 6

Кілегейлі қабаты мен етті қабатының торшалары өліп, орнына дәнекер ұлпаның өсуін айтады. Бұл патология ұзаққа созылған цервициттің нәтижесі болып табылады, кейде жарақаттанудан да болуы мүмкін. Жатыр мойны серпіліп-жиырылу қабілетінен айырылған, айналасындағы ұлпаға жабысып қалғандықтан, сол орнынан жылжымайды, тастай қатты, ауырмайды. Жатыр мойны арнасы өте тар, кейде мүлде бітеліп қалады. Жатыр мойны индурацияға ұшыраған мал, өсіп-өндіруге жарамсыз деп есептелініп етке өткізіледі.

Жатыр мойны индурациясы (Induratio cervicis) .

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Жатыр мойнының фондық және обыр алдындағы аурулары: этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу
Жатыр мойнының қатерлі ісігі кезіндегі мейіргерлік күтім және палаталық іс-шаралар
Жатыр мойнының ісікалды аурулары мен қатерлі ісіктері, миома, аналық без және сүт безі ісіктері
Сыртқы жыныс, қынап және жатыр жарақаттары: акушерлік себептері, клиникасы және емі
Акушерлік травматизм: вульва, қынап, аралық, жатыр мойны және жатыр жыртылуларының классификациясы, клиникасы, диагностикасы және ем тактикасы
Биелер мен сиырлардағы цервицит: диагностика және емдеу принциптері
Алғашқы аурушаңдық: Қазақстандағы жатыр мойны қатерлі ісігі мен туберкулез тенденциялары
Жатыр құрылымы және ұрықтың жүктілік кезеңдеріндегі дамуы
Аналық жыныс жүйесінің гистологиясы: аналық без, жатыр және қынаптың микроструктурасы
Сиырларда жатырдың қабынуы: түрлері, этиологиясы, клиникалық белгілері және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz