Сиыр желінінің аурулары: жасырын желінсау, тері аурулары және емшек кемістіктерінің диагностикасы, емдеу және алдын алу


Slide 1

Жасырын желінсауды, желіннің тері ауруларын, емшектерінің кемтарлықтарын, қызметінің бұзылуын балау емдеу және алдын алу шаралары.

Тексерген: Ахметова Мөлдір

Орындаған: Гайратов Дияс,

Оразалықызы Ләззат ВМ20-04.

Slide 2

Желін аусылы (aphthosa uberis) . Желін терісінде ұсақ күдіреуіктер пайда болады да, 2-3 күннен кейін олар жарылып ашық жараға ауысады. Малдың дене температурасы көтеріліп, жалпы күйзелісте болады. Аусылмен күрес шараларын ұйымдастырған соң, желін жараларына дезинфекциялық май жағады, бұлшық етке антибиотиктер салып, аузынан стрептоцид ішкізеді, Логвиновтың немесе Башкировтың блокадасын жасайды. Желін актиномикозы (actinomycosis uberis) . Тері астында немесе терең паренхимада қатты іріңді түйіндер пайда болады, сыртқа жарылып шыққанымен олар жазылмайтын жараға айналады. Жараны кесіп-ойып алып тастайды, орнын йод ерітіндісімен күйдіріп, малға аузынан йодты калий препаратын ішкізеді. Желін туберкуллезі (tuberculosis uberis) . Желін үлкейген, ұстап көргенде жеке орналасқан қатты түйіндерді байқаймыз немесе қолға білінбейтін ұсақ көптеген түйіндер болады. Мұндаймалды туберкуллезге тексергенде диагнозы тез анықталады. Мал туберкуллезге реакция берген болса, оны тез арада бөлек оқшаулап етке тапсырып жібереді де, орнын дезинфекциялайды.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Желін индурациясы (Induratio uberis) . Желін паренхимасы өліп, орнына дәнекер ткань өсіп кеткендіктен желін біршама үлкейген, барлық жағы бірдей қатты, бірақ температурасы қалыпты жағдайда, ауырмайды. Суалғаннан кейін де, желіннің көлемі үлкен болып қала береді. Малдың жалпы жағдайы өзгермеген. Индурация ешқандай емдеуге келмейтін процесс. Малды жарамсыз деп тауып етке өткізеді.

Желін гангренасы (Gangrena uberis) . Анаэробты микрофлораның қатысуымен желінсау гангренаға асқынып кетеді. Гангреналық үрдіс өте қарқынды өтеді, малдың дене температурасы көтерілген, қатты күйзелісте, ақсаңдап жүре алмайды. Желінтерісі керіліп, кейбір жері жарылып, иісі жаман, сасық шіріген жараға айналады. Мал сепсистен өліп қалуы мүмкін.

Ауру малды бөлек жерге оқшаулайды да, венаға 200-300 мл40 %-дық глюкоза, 100-150 мл 10 %-дық хлорлы кальций және оған 5 гр уротропин қосып жібереді. Бұлшық етке пенициллинмен стрептомицинді әр қайсысын 8 әб қосып 2-3 күн бойы тәулігіне 4 реттен салады. Аузынан стрептоцид ішкізеді, емшек үрпісінен маргенец қышқылды калийдің 1-2 %-дық ерітіндісін, люголь ерітіндісін, 3 % сутегі асқын тотығын құйғаннан кейін10-15 минут өткен соң катетер салып қайтадан ағызып тастайды. Емдеуге келмейтін болса, желіннің шіріген бөлігін кесіп алыптастауға мәжбүр болады. Сыртқы жараларды зарарсыздандырғыш препараттармен жуып шайып тазалаған соң, антимикробты майлармен майлап қояды.

Slide 6

Желіннің ісіп-домбығуы (Oedema uberis) . Көбінесе буаздықтың соңына қарай және туғаннан кейінгі 2-3 күннің ішінде кездесетін ауру. Ісінген желіннің терісі қалыңдап, саусақпен басып көргенде орны шұңқыр болып қалады, ыстығы жоқ, ауырмайды, сәл қызарып тұрады. Сауып көргенде сүті кәдімгідей, өзгермеген. Желіннің бұлай ісінуі, мал төлдегеннен кейін бір апта, он күннің ішінде қайтып кетеді. Желінге күнде төменнен жоғарыкарай массаж жасайды, венаға глюкоза және кальций глюконатын салады, сүрлем және басқа шырынды азықтарды, жем беруді азайтады. Желінді зақымданудан, өкпек желден сақтау керек, желінді емшек қаппен байлап, малды күнделікті далаға шығарып отырады. Желіннің жарақаттары (Vulnus uberis), сипатына қарай әртүрлі болады: соғылған, жыртылған, тесілген, кесілген жаралар болуы мүмкін. Соғылған жері ісініп, тері астына қан ұйып қалады немесе тілінген, жыртылған жерінен қан ағып тұрады. Малды өріске жібермей оқшаулап алып қалады, соғылған жеріне алғашқыда салқын, кейіннен жылы заттар басып таңып байлап тастайды, гематома болса оны жарып, ішін тазалаған соң, стрептоцид ұнтағын себеді, кесілген, жыртылған жара болсаоны антимикробты ерітінділермен мұхият жуып тазалаған соң терісін түйінді тігіспен тігеді, тек төменгі жағы қалталанып экс-судат (транссудат) жиналмайтындай ету керек. Осы операцияларға кіріспей тұрып Б. А. Башкиров блокадасын жасаған дұрыс. Тесілген жарадан сүт шығып тұратын болса, оған пластикалық операция жасайды.

Slide 7 Slide 8

Емшек үрпесінің тарылуы. Сауғанда сүт сыздықтап өте нашар шығады. Оның себебі емшектің қабынуы, зақымдануы немесе жиі-жиі катетр салғандықтан болуы мүмкін. Емшектің үрпесін кеңейту үшін арнайы сүт катетерін, кеңейткіштерін немесе полихлорвинильді буждарды салады. Әрбір 2-3 минут сайынбужды ауыстырып, диаметрі жуандауын салады. Емшек цистернасының тарылуы. Сауғанда сүт оңай шығады, бірақ цистернаға қайтадан сүт жиналғанша көп уақыт өтеді. Ұстап қарағанда, емшек жуандаған әрі қаттылау болып, цистерна ішінде шеңберлі орналасқан түйіндер, жолақтар білінеді. Емшектің үрпісінен салған катетр бір кедергіге тірелгендей болады. Б. А. Башкиров блокадасын жасағаннан кейін емшектің үрпісінен қалқанды пышақ салып цистернаның тарылған жерін кесіп кеңейтеді. Желіннің қатерлі ісіктері. Көбінесе, ит пен мысықта кездеседі. Сиырдың желінінде кейде папиллома, цистернасында фиброма болуы мүмкін. Папилломаны түбінен жіп байлап бұрапкесіп алып тастайды да, орнын азот қышқылымен күйдіреді. Ит пен мысықта аденома, саркома жиі кездеседі, оны операция жасап алып тастайды. Лакторрея. Емшектен сүт тоқтамай өздігінен ағып тұрады. Мұндай жағдай көбінесе, желіні сыздап, сауынды . Оны тоқтату үшін емшектің ұшын күнде уқалап массаж жасайды, иод ерітіндісін жағады, дәкемен тартып байлап қояды.

Slide 9

Қанды сүт. Сауғанда барлық емшегінен қан араласқан қызғылт түсті сүт шығады. Мұндай жағдай көбінесе жаңа бұзаулаған си-ырда кездеседі. Бірақ желінде қабыну белгілері (ісінген, ауырсы-ну, ыстығы көтерілу) байқалмайды. Мұндай сиырларды өріске жібермей алып қалады, құрғақ шөп береді, венаға хлорлы кальций ерітіндісін немесе 100-150 млихтиолдың 1% ерітіндісін құяды. Желін ауруларының алдын алу. Желін аурулары өте көп, әсіресе, желінсауды емдеу ойлағандай нәтиже бермейді. Сондықтан оның алдын алатын жүйелі түрде жүргізілетін шаралардың жоспары болуы керек, ол жоспар зоотехникалық, агротехникалық, малдәрігерлік-санитарлық және шаруашылық ұйымдастыру шараларын қамтиды. Атап айтқанда, жалпы зоотехникалық-малдәрігерлік шаралар мына бағытта жүргізіледі.

Slide 10 Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Желінсау аурулары: этиологиясы, жіктелуі, диагностикасы және емдеу шаралары
Тері анатомиясы, аурулары, гигиенасы және алдын алу
Сиырларда желінсау (мастит): себептері, клиникасы, емдеу және алдын алу
Тері аурулары мен аллергия: себептері, клиникасы және алдын-алу
Жаңа туған төлдердің аурулары: клиникасы, емдеу және алдын алу әдістері
Желінсау (мастит): себептері, клиникалық түрлері, диагностикасы және емдеу
Мектеп жасындағы балалардағы жүрек-қан тамыр аурулары мен невроздардың түрлері, диагностикасы, емдеу және алдын алу шаралары
Жануарлардың инвазиялық (паразитарлық) аурулары: номенкулатура, қоздырғыштары, анықтау, емдеу және алдын алу
Спецификалық тері аурулары (тері туберкулезі, алапес, тері лейшманиозы): қоздырғышы, эпидемиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емдеуі
Сиыр лейкозы: қоздырғышы, клиникасы, диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz