Тері қабаттары мен құрылысы


Slide 1

Шымкент - 2018

АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»

Морфологиялық пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары.

Орындаған: Утинова С. A

Тобы: 206 “A” ЖМ

Қабылдаған: Танабаев Б. Д.

Slide 2

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

Анализаторлар туралы түсінік;

Көру жүйесі;

Есту тепе-теңдік мүшесі;

Иіс сезу мүшесі;

Дәм сезу мүшесі;

Тері қабаттары мен құрылысы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Жоспар:

Slide 3

CE3IM МҮШЕЛЕРI ТУРАЛЫ IЛIМ - ЭСТЕ3ИОЛОГИЯ (AISTHESILOGOS) Сезiм мүшелерi (organa sеnsuum) туралы түсінiк. Aғза әcepдi әр түрлi жүйкелердiң ұштары - рецепторлары арқылы қабылдайды. Ол рецепторлар арнаулы сезiм мүшелерiнде: көз, құлaқ, тiл, мұрын, тepi, бұлшықеттерi, iшкi мүшелер т. б. орналасады. Рецепторлардың жануарлар мен адамдарда белгiлi мүшелерге жинақталуы ағзаның сыртқы ортамен байланысының күрделiлiгiнен, эволюциялық даму нәтижесiнде пaйда болғаны белгiлi. Бұл жaғдай aғзадағы жүйке жүйеciнiң эволюциямен тығыз байланысты болуымен түсiндiрiледi. Жануартанудағы бiржасушалы қaрапайым жәндiктердiң және төмeнгi дәрежелi көпжасушалы iшек қуысты жәндiктердің сыртқы әcepдi барлық дeнeciмeн жиырылып қабылдайтыны мәлiм. Ал aдaмдapдың дeнeciнe тітipкендiргiш нәрсе тисе, оның бүкiл денесi емес, сол тiтiркендiргiштің орны жиырылады, барлық денені қозғалтпай-ақ тiтiркендiргiш тиген жердiң өзiмен ғана жиырылып жауап бередi. Мысалы, бетке шыбынның қонуын еске алыңыз. Бұл жaғдай эволюциялық даму нәтижесiнде рецепторлы жасушалар ағзаның белгiлi бiр жерiне жинақтала бастағанын көpceтeдi.

Кіріспе:

Slide 4

Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon - мүше, ағза; лат. sensuum - қабылдау, сезу) - ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.

Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар - ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфатамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі -проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.

Slide 5

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы) ; (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) - шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады:

1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар) ; 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.

Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.

Slide 6 Slide 7

Сезім мүшелері - сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.

сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттан келген тітіркенулерді қабылдайды. Мысалы, ыстық затқа қолы тиген адам қолын бірден тартып алады.

ішкі -ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.

Slide 8

Көру жүйесі

Вспомогательные органы

глаза

Көз алмасы

Көз алмасының

қабықшылары

Ішкі ядро

Көз алмасының б/е

Көз жас аппараты

Қабақ

Жас ағатын өзек

Көз жасының көлі

Көз жас безі

Фиброзды

қабықша

Қасаң

қабық

Склера

Торлы

қабықша

Тамырлы

қабықша

Нұрлы

қабықшы

Кірпікті

дене

Меншікті

Тамырлы

қабықша

Шыны тәріздес

дене

Көз бұршағы

Көз алмасының

сұйықтығы

Таяқшалар

Колбашалар

Slide 9

Көру талдағышының негізгі мүшесі - көз алмасы. Ол бас сүйектің алдыңғы жағындағы екі ойықта - көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады. Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі - торлы қабық.

Slide 10

1 - қасаң қабық; 2 - көз алмасының алдыңғы камерасы; 3 - нұрлы қабықша; 4 - көз алмасының артқы камерасы; 5 - көз бұршағы; 6 - кірпікті дене; 7 - конъюнктива; 8 - кірпікті дене; 9 - көздің шеткі тік б/е; 10 - көздің ішкі тік б/е; 11 - меншікті тамырлы қабықша; 12 - шыны тәрізді дене; 13 - склера; 14 -торлы қабықша; 15 - көру жүйкесігнің дискісі; 16 - кру жүйкесі

Көз

Slide 11

Сыртқы қабықтың алдыңғы бөлігін қасаң қабық(роговица) ; cornea, деп атайды. Ол түссіз, мөлдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне ұқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі созылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық, sclera деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, нерв қабын түзеді. Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық tunica vasculosa орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін кан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нұрлы қабық, iris деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда - ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді - көз адаптациясы жүреді.

Slide 12 Slide 13

1 - жоғарғы тік б/е; 2 - жоғарғы қиғаш б/е; 3 - шеткі тік б/е; 4 - қасаң қабық; 5 - конъюнктива; 6 - қарашық; 7 - медиалды тік б/е; 8 - төменгі тік б/е

Көз бұлшықеттері

Slide 14

Қарашықтың артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз бұршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жұқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы - кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының пішіні өзгеріп, ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен көз қарашығының арасындағы қуысты көздің алдыңгы камерасы, ал қарашық пен көз бұршағы арасындағы қуысты - көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сұйықпен - шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар - қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, - көздің оптикалық, немесе сындырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін - аккомодация үрдісін, - қамтамасыз етеді.

Slide 15

Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар - таяқшалар мен сауытшалар орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторецепциялық, бөлім деп атайды. Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның, тамырлы қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигментті жасушалар түзеді. Бұл жасушалар құрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық жасушалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды күшті жарықтан калқалайды.

Slide 16

Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті жасушалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшықтан құралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарықтың кері шағылысуы нәтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап тұрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сәуле ғана емес, шағылысқан сәуле де әсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жылқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап тұрады. Бұл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдында ерекше шағылдырғыш жарғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс кристалдар сіңген талшықтардан құралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады. Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалардан құралады. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар әлсіз, қарауытқан сәулелердің әсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар көбірек шоғырланады. Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі жөне сыртқы, - тұрады. Сыртқы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында жасушалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 16-18 жіңішке жіпшелерден - фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) жасушаларға беріледі.

Slide 17

1 - қас; 2 - үстіңгі қабақ; 3 --- кірпіктер; 4 - көз-жас безі; 5 - жас емізікшесі; 6 - жас нүктесі; 7 - көз жас көлі; 8 - көз жас қоймасы; 9 - төменгі қабақ; 10 көз жас өзегі; 11 - мұрынның жас ағатын өзегі

Көз жас аппараты

Slide 18

Қос өрісті жасушалар туйінді (ганглиозды) жасушалармен жалғасады. Соңғы жасушалар өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті жасушалар көптеген таяқшалармен байланысады. Әр бір сауытша тек бір ғана қос өрісті жасушамен байланысады, сигналды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі. Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі. Жарық сезгіш жасушаларда қозу үрдісі фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Таяқшаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал сауытшаларда - йодопсин деген заттар болады. Родопсин мен йодопсин белок тектес жоғары молекулалы қосылыстар. Жарық әсерімен родопсин ретинен (А дәрумендерінің альдегиді) және опсин белогына ыдырайды да, өзінің қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары түске айналады, артынан түссізденіп кетеді. Қараңғыда ретинолдың (А дәрумендері) қатысуымен родопсинді қайта синтездеу үрдісі жүреді. Ретинол жетіспеген жағдайда бұл реакция тежеліп, қараңқыға бейімделу үрдісі бұзылады, ақшам соқырлық байқалады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Тері
Аңдардың терісі және оның туындылары
Нағыз тері қабаты
Шоқтық онхоцеркозы
Жануардағы тері және олардың туындылары
Көп қабатты эпителий
Терінің құрылысы
Пластидтер және эргастикалық заттар
Алдыңғы құрсақ қабырғасының қабаттары
Жұқпалы аурулардың клиникалық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz