Клиникалық менеджмент


Slide 1

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

Тақырыбы: Клиникалық басқару жүйесіндегі жағдайлық көзқарас .

Орындаған: Талбудинова А

Тобы:В-МІҚқБ-01-22(10 ай)

Қабылдаған: м. ғ. магистрі Л. Ж. Жақанша

Шымкент, 2023ж

Slide 2

I. Кіріспе

Негізгі бөлім

Клиникалық менеджменттің методологиялық және методикалық негіздері

Емдеу диагностикалық үрдісіндегі және клиникалық басқарудағы негізгі мәселелер

Басқару жүйесінің негізгі бағыттары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Клиникалық басқару біздің қарқынды да оңай емес уақытта жатталған жеңіл шешуге болатын оңай жұмыс емес. Араласқан жағдайда клиникалық жағдайдың әртүрлі болып келетіндігін тек қана медициналық мекеменің басшысы ғана емес, сондай-ақ әрбір емдеуші дәрігер де клиникалық менеджменттің жалпы шындығы мен көптеген үлгілердің мәнін байланыстыра білуі қажет.

Slide 4

Негізгі бөлім

Кез келген ғылымның негізі - болар уақиғаларды объективті түрде өлшеу. Ауруды диагностикалау мен емдеудің көптеген жағын ұзын саны бойынша қарап, медициналық ісшараларды емдеу барысында тиімді етіп орындауға болар еді.

Көптеген бас дәрігерлер тәжирибеде клиникалық жұмыстарды ең тиімді етіп жасауды жоспарлағанымен, өкінішке орай, медицина қызметкерлерін өз нұсқауларын тура да бұлжытпай орынадата алмайды.

Slide 5

Оның сыртында бас дәрігерге нақтылы медициналық қызметкерлермен ғана жұмыс істемей, басқа да көп адамдар тобынмен айналысуға тура келеді. Медициналық қызметкерлердің үлкен тобы арасында ескеріле бармейтін көптеген әлеуметтік факторлар кездеседі, бұндайда әр адамның қажеті түгіл, аурудың көлемін өлшеу мен оның маңыздылығын анықтай беру де оңай емес.

Slide 6

Емдік-диагностикалық үдерісті басқарудың мұндай барынша қиын жағдайы бүгінгі денсаулық сақтау саласына тән болып келеді. Шындығында басқарудың бүгінгі әдістерін пайдалана отырып клиникалық тәжірибені белсенді түрде басқаруға болады.

Клиникалық тәжірибені басқаруда бас дәрігердің рөлі өте жоғары болып келеді. Оған 90 %-на дейінгі медициналық қателерді жатқызуға болады, себебі олар медициналық қызметкерлердің біліктілік төмендігінен ғана емес, олардың басқару жүйесінің кемшілігінен болып түрады.

Slide 7 Slide 8

клиникалық басқару жүйесінің әр қайсысы технологиялық тәжірибе деп аталатын тізбектің толыққанды мүшесі ретінде негізгі іргетасын құрайды. Бұл дегеніміз (қазіргі денсаулық сақтау жүйесін формалау кезеңінде өте көкейкесті болмақ) : клиникалық менеджментке бас дәрігер мен оның орынбасарын ғана (бұларды бірінші кезекте) оқытып қана қоймай, бөлім меңгерушілерін, емдейтін дәрігерлерді, бас медициналық мейірбикелерді де оқыту керек деген сөз. Олардың клиникалық басқару ойлай қабылеттерін қатайтып, клиникалық менеджменттің ғылыми жаңашылдығын арттыру қажет. Бас дәрігер болса, оны ұжымда көшбасшылықты игеріп, клиникалық менеджменттің ғылыми теориясын жетік білуі керек

Slide 9

Клиникалық менеджмент ғылымның, тәжірибенің және инновациялардың туындысы деп айтуға бүгін толық негіз бар.

Медициналық көмектің сапасын, көлемі мен құрылымдарын тиімді басқару мәселелерінің көкейкестілігіне клиниқалық жүйесін басқарудың жұмсақ түрлерін жасау итермелейді.

Емдік-диагностикалық үдеріс көптеген бірімен бірі байланысқан элементерден: адамдардың, міндеттердің, ресурстардың, техно-логияялардың, құрамдардың, ақпараттардың және т. с. с. тұратын күрделі әлеуметтік-технологиялық жүйе болып есептелінеді.

Slide 10

Клиникалық менеджмент

Клиникалық менеджмент - медициналық қызметкерлерді медициналық көмек берудің сапасын, көлемін және құрамын басқаруды тиімді етіп шығаруға бағытталған істі басқару жолдары. «Клиникалық менеджмент» термині медицина аясын-дағыы білім саласын, сондай-ақ клиникалық басқару жұмысын атқаратын денсаулық сақтаудағы белгілі бір басшылар санатын аңғартады.

Slide 11

«Клиникалық менеджмент»

«Клиникалық менеджмент» түсінігі денсаулық сақтауда тіпті жаңа ұғым және де көбісімен мойындала бермейді. Көптеген бас дәрігерлердің клиникалық менеджментті қабылдамауы, олардың жаңа ілімді игергісі келмейтіндіктен, медициналық қызметкерлерді әкімшілдікпен басқаруды қолдарынан жібермейтінен, және де емдеуші дәрігерді штаттағы орын емес, қайта шығармашы тұлға есебінде мойындамайтындығынан деп қарау керек.

Slide 12

Клиникалық менеджменттің өміршеңдігі қарапайым шындыққа тіреледі, себебі клиникалық тәжірибе күрделі әлеуметтік-технологиялық үдеріс болғандықтан, ол басқаруды қажет етеді.

Slide 13

Клиникалық менеджмент тәсілдері

Қазіргі уақытта менеджменттің теорияда және практикада қолданылып келе жатқан 4 тәсілі белгілі:

Басқарудағы түрлі мектептердің болуыі

Үрдісті

Жағдайлық

жүйелік

Slide 14

Басқарудағы түрлі мектептердің болуы

ХХ ғ. Бірінші жартысында бірнеше басқару мектептері дами бастады:

Тейлордың ғылыми басқару мектебі

Анри Файолдің әкімгерлік мектебі

Адамгершілік қатынас мектебі

Ғылымды басқару мектебі

Slide 15

Тейлордың ғылыми басқару мектебі

Тейлордың ғылыми басқару мектебінің басты идеясы ол жұмыс орнын жақсарту мен қалыпты жалақылық еңбекті қалыптастыру болатын.

Біз бір мәселені түсінуіміз керек, ол медперсоналдарға тұрақты және қалыпты түрде жалақыны төлеп, оны денсаулық сақтау жүйесіне енгізссе, көптеген жетістіктерге жетер едік.

Алайда бұл пікірмен ғана шектелуге де болмайды екен. Себебі жалақыны төлеудің түрлі тәсілдері бар. Тейлордың пікірі бойынша медперсоналдарға дифференциалды жалақы төлеу тиімді деп есептейді.

Slide 16

Анри Файолдің әкімшілік немесе классикалық мектебі

Бұл мектептің мақсаты басқаруда әмбебап принциптерді қолдану болып табылады.

Бұл принциптер екі негізгі аспектілерге негізделген:

Мекемені рациональді жүйе бойынша басқару

Мекеменің құрылысын және жұмысшыларды басқаруды құрастыру

Slide 17

Адамгершілік қатынас мектебі

Бұл теорияны ұсынғандар жалақының жоғары болуы еңбектің жақсаруына үнемі әкеле бермейді деп санайды.


Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығында жалпы профилактикалық шараларды ұйымдастыру
Орта және кіші медицина қызметкерлердің қызметіне әкімшілік бақылауды ұйымдастыру
Баскару алгоритмі
Клиникалық әдістемелер
Фармацевтикалық білім
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Ғылыми зерттеулердің соңғы нүктелері клиникалық (шынайы) және суррогатты (аралық) ақырлары
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
Педагогикалық менеджмент пәніндегі негізгі ұғымдар
Ғылыми зерттеулердегі наукастың рөлі. Пациент құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz