Мейіргер ісі саласындағы алғашқы кәсіби журнал


Slide 1

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

Тақырыбы: Дәстүрлі білім алған жалпы тәжірбиедегі мейіргерлердің қазіргі таңдағы лауазымы

Орындаған: Нарымбаева Ж

Тобы:В-МІҚқБ-01-22(10 ай)

Қабылдаған: м. ғ. магистрі Л. Ж. Жақанша

Шымкент, 2022ж

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісі дамуының басты мақсаттары болып табылатыны:

Қазіргі жаңа үлгідегі мейіргерлер мына рөлдерді атқарады:

Қазақстанда мейіргерлік білім беруді реформалаумен қатар:

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистратура түлектері мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Медициналық оқу орындарында дәстүрлі оқыту әдістері.

«Әдіс» термині грек сөзі «methodos» шынайыға алып баратын жол, әдіс дегенді білдіреді.

Оқыту әдістері - бұл тапсырылған мақсаттар мен міндетттерге жетуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың реттелген әрекеті. Оқыту түрі - бұл оқу-тәрбие үрдісінің ерекше түрі, оқудың мазмұнының болуы және оны жеткізу әдісі. Медициналық оқу орындарында дәстүрлі түрде жеке-топтық және дәрістік-семинарлық оқыту түрлері қолданылады, олар сабақтың дидактикалық мақсаты мен білім алушылар санына байланысты жіктеледі: дәрістер, семинарлық сабақтар, консультациялар, практикумдар, зертханалық - тәжірибелік сабақтар, өндірістік практика.

Slide 4

Негізгі бөлім

Білім алушылардың ұжымдық жұмысын жүргізуде ұйымдастыру, педагогикалық және әлеуметтік жоспарлар жағынан кедергілер туындайды. Топтық жұмыс білім іздеу айтарлықтай нәтижелі болуы үшін, білім алушыларға - қызықты, тұлғалық және әлеуметтік маңызды, қоғамдық-пайдалы, жеке мүмкіндіктері бойынша қызметтерді бөлуге болатындай, бірігіп жұмыс істеуді ұсыну қажет.

Slide 5

Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісі дамуының басты мақсаттары болып табылатыны:

- кәсіби және орта буынды медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату;

- орта буынды медицина персоналдарын пайдалануды нәтижелі түрде жоғарылату;

- әртүрлі деңгейдегі мейіргер ісінің дамуына (нәтижелі) көмек көрсету;

- орта буынды медицина қызметкерлерінің құқықты реттеулерін жетілдіру;

Slide 6

Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісі дамуының басты мақсаттары болып табылатыны:

- мейіргер қызметтерін басқару жүйесін жетілдіру;

- мейіргер көмектерін жаңа ұйымдастыру түрлері мен технологияларын дамыту;

- мейіргер кадрларын дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру;

- халыққа мейірбикелік көмектің сапасын қамтамасыз ету;

- мейіргер ісінің дамуында мемлекеттік емес секторлардың салымын жоғарылату.

Slide 7

Қазіргі жаңа үлгідегі мейіргерлер мына рөлдерді атқарады:

- емделушінің күтімін ұйымдастырушы;

- емделушінің күтімін орындаушы;

- емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат) ;

- педагог (консультант) ;

- зерттеуші;

- лидер (көшбасшы) ;

- медициналық бригаданың белсенді мүшесі

Slide 8

Финляндияда мейіргерлер кең профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда:

пациенттерге және оның отбасы мүшелеріне кеңес беру;

еңбекке жарамсыздық қағазын, рецепттерді жазу, кейбір медикаментозды терапияларды тағайындай алады және т. б.

емханаға алғашқы жүгінген кезде пациент алдымен жағдайды бағалайтын, қажетті тексеруді тағайындайтын және пациентті маманға жіберетін мейіргермен кеңесіп, ары қарай қажет жағдайда ғана дәрігерге жүгіне алады.

Slide 9

Мейіргерлердің міндетіне әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы басқа да мамандармен өзара әрекеттесу, сонымен қатар қоғамдық маңызы бар шешімдер қабылдау процесіне өзінің кәсіби үлесін қосып, медициналық дискуссияларға қатысу кіреді.

Slide 10

Қазақстанда мейіргерлік білім беруді реформалаумен қатар:

тең құқықты дәрігерлік және мейіргерлік ұйымдық құрылымдары бар медициналық ұйымдардың жұмыс істеуінің жаңа тетіктерін енгізу;

мейіргер ісі мамандарының регистрін және арнайы мейіргерлік құжаттаманы енгізу;

инновациялық мейіргерлік технологияларды енгізу;

заманауи мейіргерлік дәлелді практикаларды, фундаментальді және қолданбалы деңгейдегі мейіргер ғылымын дамыту;

әртүрлі деңгейдегі мейіргерлер мен дәрігерлер арасындағы функционалдық міндеттерді қайта бөлу және нақты ажырату.

Slide 11

- Бас мейіргер (бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары) денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес басшылардың лауазымдарына жатады. Алайда, Қазақстанның қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде және лауазымдық пирамида сатысында да бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары лауазымы бас дәрігердің орынбасары лауазымен бірдей санатқа жатқызылмайды.

Slide 12

Аға мейіргер денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасына сәйкес басшы лауазымдарына жатпайды, бірақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар лауазымдарының тізімінде тұр, ал әлемдік тәжірибеде аға мейірбике бөлім меңгерушілерімен қатар басшы лауазымдарына жатады және бакалавр дәрежесіне ие.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасында жоғары медициналық білімі бар клиникалық жұмысты атқаратын мейіргерлер үшін жоғары медициналық білімі бар лауазымдардың құрылымы қарастырылмаған;

олар мейіргерлік күтім бойынша клиникалық шешімдерді тәуелсіз қабылдау үшін өкілеттіктер мен жауапкершіліктерге ие емес және мейірбикелік құжаттаманы жүргізбейді.

Slide 13

Алайда, денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді.

Slide 14

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистратура түлектері мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

-әкімшілік-басқарушылық (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік басқару персоналы) ;

-емдеу-профилактикалық және диагностикалық (бейінді бағыт бойынша мейіргер қызметінің жетекші мамандары) ;

- талдамалық (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері) ;

Slide 15

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистратура түлектері мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

эксперттік-консультативтік (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы сарапшылар, консультанттар) .

педагогикалық (жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары) ;

ғылыми-зерттеу (институттардың, ғылыми орталықтардың ғылыми қызметкерлері) ;

Slide 16

Мейіргер ісі саласындағы алғашқы кәсіби журнал

Алғашқы кәсіби мейіргер журналы Америкада жарық көрді (1900) . "American Journal of Nursing" мейіргерлер қоғамының баспа орталығы болды, оның алғашқы бас редакторы мейіргер С. Палмер болды. Айта кету керек, бүгінде бұл журнал әлемдегі ең танымал мейіргерлік журналдардың бірі болып табылады.

Slide 17

Мейіргер ісі туралы мәліметтер базасы

Мейіргер ісі оқытушыларының еуропалық Федерациясы (FINE) https://fine-europe. eu

FINE миссиясы-мейіргерлік білім беру саласындағы озық тәжірибені насихаттау, сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағында Денсаулық сақтау саласындағы халықтың үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мейіргерлік оқытушылардың біліктілігін арттыру және қолдау.

FINE мейіргерлік білім беру саласындағы соңғы зерттеулер туралы хабарлау үшін жыл сайынғы конференциялар ұйымдастырады

Slide 18

Мейіргер ісі туралы мәліметтер базасы

Мейіргер ісі және денсаулық сақтау мәселелері бойынша әдебиеттердің жиынтық индексі: CINAHL https://health. ebsco. com/products/the-cinahl-database.

Мейіргер ісі саласындағы зерттеулерді қамтитын әлемдегі ең үлкен мәліметтер базасының бірі.

Деректер базасында мейіргер ісі, менеджмент, білім беру, теория және тарих сияқты мейіргерлік журналдар мен медициналық журналдарға арналған толық мәтіндердің көздері бар.

Slide 19

Мейіргер ісі туралы мәліметтер базасы

ProQuest - Nursing and Allied Health мәліметтер базасы

The Nursing & Allied Health деректер базасы - бұл студенттерге, оқытушыларға, зерттеушілерге және медицина қызметкерлеріне арналған кешенді ресурс.

Студенттерге теорияны практикамен байланыстыруға көмектесу үшін клиникалық зерттеулерді қолдану немесе оқытушыларды мультимедиялық оқу мазмұнымен қамтамасыз етуге көмектесетін жүйе.

Nursing & Allied Health мәліметтер базасына ғылыми әдебиеттер, клиникалық оқыту видеолары, анықтамалық материалдар және ғылыми негізделген ресурстар, соның ішінде диссертациялар мен жүйелі шолулар бар.

Slide 20

Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы


Ұқсас жұмыстар
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
Medline - медициналық ақпаратты библиографиялық іздестіру
Журналдарды қосу
Мейіргерлік істегі өзгерістер, Жаңа мейіргер концепция туралы
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Медбикелік күтімнің бағасы
Орта және кіші медицина қызметкерлердің қызметіне әкімшілік бақылауды ұйымдастыру
МЕЙІРБИКЕ ІСІ ҒЫЛЫМЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫН ТАЛДАУ
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Қант диабеті бар пациенттерге мейіргерлік күтімді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz