Мейірбикелік үрдістің кезеңдері


Slide 1

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

Тақырыбы: Басқа елдердегі мейіргерісінің даму теориясы мен концепциялары

Орындаған: Талбудинова А

Тобы:В-МІҚқБ-01-22(10 ай)

Қабылдаған: м. ғ. магистрі Л. Ж. Жақанша

Шымкент, 2022ж

Slide 2

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Мейірбикелік үрдістің кезеңдері

Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Мейірбикелер - бұл мейірбикелік, акушерлік, емдеу ісі белгіленген мамандыққа жіберілген, мамандықтар бойынша медициналық білімі бар қызметкерлер. Мейірбикелер әр-түрлі қызметтерді атқарады, факторларды түсінуді, денсаулыққа әсерлер, аурудың себептері, оларды емдеу және сауықтыру қабілеттері, сондай-ақ экологиялық, қатарлыларды талап етеді.

Халықтың денсаулығын тексеріп, нығайту жолында оларға қол жетімді, тиімді медициналық көмек беруде, өз уақытының 80 пайызын науқаспен бірге өткізетін медбике қызметінің рөлі өте маңызды.

Slide 4 Slide 5

Мейірбикелік үрдіс

Мейірбикелік үрдіс - кәсіптік мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты - ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.

Қажеттілік дегеніміз - адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.

Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз

мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.

Slide 6

Медбикелік үрдіс кезеңдері

Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;

Медбикелік диагноз (диагностика) ;

Күтімді жоспарлау;

Жоспарлауды жүзеге асыру;

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.

Slide 7

Науқас туралы ақпарат көзі

1. Емделушіден сұрастыру

2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру

3. Дәрігермен сұхбаттасу

4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу

5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.

6. Емделушінің ауру тарихымен танысу

Slide 8

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.

Дәрігердің міндеті - дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.

Медбикенің міндеті - емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз

ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

Slide 9

Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді.

Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады.

Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір

себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары

емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т. б.

белгілерге шағымданады.

Slide 10

Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:

1. жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;

2. қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Мақсат қоюдың талаптары:

1. мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.

2. әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

Жоспар түрлері:

- Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.

- Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т. б. бағытталған.

Slide 11

Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.

Стандарт дегеніміз - берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.

Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс -әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

Slide 12

Жоспарлауды жүзеге асыру

Медбикелік іс - әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

·тәуелді

·тәуелсіз

·өзара тәуелді

Slide 13

Тәуелді - дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т. б.

Slide 14

Тәуелсіз - дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Мысалы:

·емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.

·емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;

·емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;

·емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т. б.

Slide 15

Өзара тәуелді қатысу - дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа

маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т. б.

Slide 16

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау

Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.

Мейірбикелік процесс - медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.

Slide 17

Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы

1. Медбикенің жауапкершілігі артады;

2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға

мүмкіндік береді;

3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;

4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді;

5. Пациенттер белсенді түрде дем алады.

Slide 18 Slide 19

Медбике асфиксияны емдеудің қатаң жүйелілікте үш негізгі ережені орындаудан тұратынын білуі тиіс:

1. Тыныс алу жолдарын босату. Нәресте басы туысымен тыныс алу жолдарын вакуум-аппаратқа жалғанған резеңке катетер көмегімен шырыш, қан, қағанақ суларынан босату керек;

2. Тыныс алуды қалыпқа келтіру. Нәресте дем алмаған жағдайда тез арада дем алдыру шараларын орындау керек. Бұны өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар көмегімен орындауға болады. Жасалған шаралар жеткіліксіз болған жағдайда нәрстені барокамераға жатқызады. Өкпені жасанды желдетумен қатар нәрестенің кіндік тамырына түрлі ерітінділер енгізеді: глюкоза, аскорбин қышқылы, натрий гидрокарбонаты, т. б.

3. Қан айналымын қалыпқа келтіру. Жүрегі тоқтағанда жүрек сыртынан кеуде торын басу арқылы (минутына 100 қозғалыс) массаж жасайды. Бұдан нәтиже болмаса, адреналин енгізеді.

Slide 20

Тәжірибе-адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті, объективті болмысты игеруі және түрлендіруі, адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі. Мейіргерлік үрдісті тәжірибеге енгізудегі қиыншылықтар, олар мейірбике қызметкерлерінің білімінің төмендігі, олардың жұмыстары, науқастарға деген күтімі, қарым-қатынасы этика, эстетика, деонтологияға сай келмеуі, заманауи медициналық технологиялардың жетіспеушілігі, стационардың, жұмыс істеу орнының талапқа сай келмеуі, келген емделушілердің сана сезімінің төмендігі мейіргерлік үрдістің тәжірибеге енгізілуіне қиындық тұғызады деп ойлаймын.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Емделушінің ауру тарихымен танысу
Мейіргерлік күтім жоспарының орындалуы
Мейіргерлік күтімді жоспарлау
Дәрігермен сұхбаттасу
Дәрігерлік диагноз Медбикелік диагноз
Медбикелік үрдіс кезеңдері
Мамандандырылған мейірбикелік күтім
Мейірбикелік процесстің кезеңдері
Дәлелді тәжірибеге шолу
Кәсіби бағытта дамуында мейірбикенің өзін ұстау ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz