Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы


Slide 1

Тақырыбы: Қазіргі заманғы МІ тенденциялар мен ұғымдар теорияларының жалпы негіздері

Оқытушы: м. ғ. магистрі,

ассистент Оспанбек А. К.

Slide 2

Тенденция ұғымы

Тенденция және тенденция (лат. tendo - бағыт, мақсат) - белгілі бір құбылыстың салыстырмалы түрде тұрақты даму бағыты.

Slide 3

Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісі дамуының басты мақсаттары болып табылатыны:

- кәсіби және орта буынды медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату;

- орта буынды медицина персоналдарын пайдалануды нәтижелі түрде жоғарылату;

- әртүрлі деңгейдегі мейіргер ісінің дамуына (нәтижелі) көмек көрсету;

- орта буынды медицина қызметкерлерінің құқықты реттеулерін жетілдіру;

Slide 4

Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісі дамуының басты мақсаттары болып табылатыны:

- мейіргер қызметтерін басқару жүйесін жетілдіру;

- мейіргер көмектерін жаңа ұйымдастыру түрлері мен технологияларын дамыту;

- мейіргер кадрларын дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру;

- халыққа мейірбикелік көмектің сапасын қамтамасыз ету;

- мейіргер ісінің дамуында мемлекеттік емес секторлардың салымын жоғарылату.

Slide 5

Қазіргі жаңа үлгідегі мейіргерлер мына рөлдерді атқарады:

- емделушінің күтімін ұйымдастырушы;

- емделушінің күтімін орындаушы;

- емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат) ;

- педагог (консультант) ;

- зерттеуші;

- лидер (көшбасшы) ;

- медициналық бригаданың белсенді мүшесі

Slide 6

Финляндияда мейіргерлер кең профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда:

пациенттерге және оның отбасы мүшелеріне кеңес беру;

еңбекке жарамсыздық қағазын, рецепттерді жазу, кейбір медикаментозды терапияларды тағайындай алады және т. б.

емханаға алғашқы жүгінген кезде пациент алдымен жағдайды бағалайтын, қажетті тексеруді тағайындайтын және пациентті маманға жіберетін мейіргермен кеңесіп, ары қарай қажет жағдайда ғана дәрігерге жүгіне алады.

Slide 7

Мейіргерлердің міндетіне әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы басқа да мамандармен өзара әрекеттесу, сонымен қатар қоғамдық маңызы бар шешімдер қабылдау процесіне өзінің кәсіби үлесін қосып, медициналық дискуссияларға қатысу кіреді.

Slide 8

Қазақстанда мейіргерлік білім беруді реформалаумен қатар:

тең құқықты дәрігерлік және мейіргерлік ұйымдық құрылымдары бар медициналық ұйымдардың жұмыс істеуінің жаңа тетіктерін енгізу;

мейіргер ісі мамандарының регистрін және арнайы мейіргерлік құжаттаманы енгізу;

инновациялық мейіргерлік технологияларды енгізу;

заманауи мейіргерлік дәлелді практикаларды, фундаментальді және қолданбалы деңгейдегі мейіргер ғылымын дамыту;

әртүрлі деңгейдегі мейіргерлер мен дәрігерлер арасындағы функционалдық міндеттерді қайта бөлу және нақты ажырату.

Slide 9

- Бас мейіргер (бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары) денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес басшылардың лауазымдарына жатады. Алайда, Қазақстанның қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде және лауазымдық пирамида сатысында да бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары лауазымы бас дәрігердің орынбасары лауазымен бірдей санатқа жатқызылмайды.

Slide 10

Аға мейіргер денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасына сәйкес басшы лауазымдарына жатпайды, бірақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар лауазымдарының тізімінде тұр, ал әлемдік тәжірибеде аға мейірбике бөлім меңгерушілерімен қатар басшы лауазымдарына жатады және бакалавр дәрежесіне ие.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасында жоғары медициналық білімі бар клиникалық жұмысты атқаратын мейіргерлер үшін жоғары медициналық білімі бар лауазымдардың құрылымы қарастырылмаған;

олар мейіргерлік күтім бойынша клиникалық шешімдерді тәуелсіз қабылдау үшін өкілеттіктер мен жауапкершіліктерге ие емес және мейірбикелік құжаттаманы жүргізбейді.

Slide 11

Алайда, денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді.

Slide 12

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистратура түлектері мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

-әкімшілік-басқарушылық (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік басқару персоналы) ;

-емдеу-профилактикалық және диагностикалық (бейінді бағыт бойынша мейіргер қызметінің жетекші мамандары) ;

- талдамалық (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері) ;

Slide 13

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистратура түлектері мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

эксперттік-консультативтік (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы сарапшылар, консультанттар) .

педагогикалық (жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары) ;

ғылыми-зерттеу (институттардың, ғылыми орталықтардың ғылыми қызметкерлері) ;

Slide 14

Мейіргер ісі саласындағы алғашқы кәсіби журнал

Алғашқы кәсіби мейіргер журналы Америкада жарық көрді (1900) . "American Journal of Nursing" мейіргерлер қоғамының баспа орталығы болды, оның алғашқы бас редакторы мейіргер С. Палмер болды. Айта кету керек, бүгінде бұл журнал әлемдегі ең танымал мейіргерлік журналдардың бірі болып табылады.

Slide 15

Мейіргер ісі туралы мәліметтер базасы

Мейіргер ісі оқытушыларының еуропалық Федерациясы (FINE) https://fine-europe. eu

FINE миссиясы-мейіргерлік білім беру саласындағы озық тәжірибені насихаттау, сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағында Денсаулық сақтау саласындағы халықтың үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мейіргерлік оқытушылардың біліктілігін арттыру және қолдау.


Ұқсас жұмыстар
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ
Дәріханада рецептерді қабылдау
Онкологиялық пациенттерге ауырсыну кезіндегі паллиативті көмек
Паллиативті көмектің көрсеткіштері
Мейіргер ісі саласындағы алғашқы кәсіби журнал
Медициналық көмек
АЛМАТЫ СӘН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІ КМҚК
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
Жолаушылар поездарының вагондарына қойылатын гигиеналық талаптар
Тұлғаның өзін - өзі дамытуын педагогикалық қолдау пәнінен практикалық емтихан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz