Критикалық ойлау
Презентация қосу
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
Тақырыбы: Критикалық ойлау, оның түрлері,
формалары, ойлау операциялары.
Орындаған: Ауелбекова У
Тобы:В-МІҚқБ-01-22(10 ай)
Қабылдаған: м. ғ. магистрі Л. Ж. Жақанша
Шымкент, 2022ж
Жоспар
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• Критикалық ойлау
• Көрнекі-әрекеттік ойлау
• Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
• Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан
бірте –бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең
алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың
түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың
бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген
формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір
жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы–психологиялық тұрғыдан
ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік
етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық
өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша,
ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей
алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік–логикалық ойлау бөліп
алынды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында
болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды
пайдалануымен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі ретінде
бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі психология ойлаудың бұл түрін жалғыз
түр ретінде қарастырмайды.
Негізгі бөлім
• Адамның ойлауы өзіне әр түрлі түрдегі және деңгейдегі ойлау
операцияларын қосты.
• Адамның ойлауы әр түрлі деңгейдегі ойлау операцияларынан тұрады.
Ең алдымен олардың танымдық мәндері әр түрлі болады. Танымдық
қатынаста баланың алдында тұрған қиындықты шешетін қарапайым
ойлау актісі және қандай да бір күрделі процестердің өту
заңдылықтары жайлы ғылыми мәселені шешкенде ғалым адам
қолданатын ойлау операцияларының жүйелері тең болмайды. Сөйтіп,
оның жалпылау деңгейі қаншалықты биік, бір маңызды мәнді
құбылыстан басқа оны анықтауға баратын жағдайлар қаншалықты
терең болғанына байланысты ойлаудың әр түрлі деңгейлерін
ажыратуға болады. Ойлаудың осындай әр түрлі деңгейлеріне
қарапайым формадағы көрнекі ойлау және дерексізденген, теориялық
ойлау жатады. Осындай әр түрлі деңгейдегі ойлаудың түрлері ретінде
қарапайым көріністегі көрнекі, ойлау мен берілген көрініс шегінен
шығатын теориялық ойлауды бөліп көрсетуге болады.
• Өз пәнінің заңдылықтарын ашатын теориялық ойлау
ойлаудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Алайда
ойлауды абстрактілі түсініктерде теориялық ойлауға
апару мүлдем дұрыс емес. Біз ойлау операцияларын тек
теориялық проблемаларды шешекенде ғана емес,
көрнекі оқиға аясында қала отырып, объективті
шарттарды ескеріп кез келген міндентті ұғынып
шешеміз, сондықтан да біз абстрактілі теориялық
құрылуға барғанда да оларды қолданамыз. Тек
дерексізденген ғана емес, сондай–ақ көрнекі ойлау да
болады, себебі кейбір жағдайларда біз көбінесе көрнекі
мәліметтерге сүйене отырып алдымызда тұрған
міндеттерді шешеміз.
Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы (генезі)
бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:
• Көрнекі-әрекеттік ойлау –мәселені шешу жағдаятын шынайы
түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын
ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде
иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған
ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес.
Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану. Тұтқаны
өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды, әдетте
заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс
жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске
асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай
атайды. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да
болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және
т.б. сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік
ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды
шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы
өзгертудің көмегімен іске асырылады.
• Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана
түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр
ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н.
Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі
жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы
фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен
жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан
кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға
қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде
екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы
жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің
нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен
байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі
сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде
затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік
ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің
әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға
қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.
• Көрнекі ойлау және дерексізденген–теориялық
ойлау көптеген тәсілдермен бір–біріне өтеді.
Олардың арасындағы айырмашылықтар
салыстырмалы; ол сыртқы кереғарлықты
көрсетпейді, алайда ол маңызды.
• Кез келген ойлау азды–көпті жалпыланған абстрактілі
ұғымдарда жасалады және барлық ойлау азды–көпті көрнекі
сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар және бейне–түсініктер
оларда үздіксіз бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз, сезімдік
көрнекіліктен тыс ойлай алмайды; ол сондай–ақ ұғымдарсыз,
тек қана сезімдік-көрнекі бейнелерде де ойлай алмайды.
Сондықтан да көрнекі және ұғымды ойлау туралы оларды
сыртқы қайшылықтар деп айтуға болмайды; алайда түсініктер
және ұғымдар бір– бірімен байланысып қана қоймаған, олардың
бір–бірінен айырмашылығы да болады, біртұтас ойлаудың
ішінде, бір жағынан, көрнекі, екінші жағынан– абстрактілі–
теориялық ойлауды ажыратуға болады. Біріншісі үшін тән
нәрсе түсініктер мен ұғымдардың бірлігі, жалпы мен жалқы
үшін көрнекі бейне– түсініктердің формасы тән болады;
екіншісі үшін көрнекі бейнелер – түсініктер және ұғымдардың
бірлігінде жалпы ұғымдар формасы тән болады.
• Танымның әр түрлі деңгейлері немесе
сатылары болатын, бейнелі және абстрактілі–
теориялық ойлау бірыңғай процестің әр түрлі
жағы болып табылады және объективті
шындықтың әр түрлі жақтарын танудың
адекватты тәсіліне тең. Дерексізденген ойлау
ұғымы жалпыны бейнелейді; алайда жалпы
ешқашан да ерекшені және жалқыны жоққа
шығармайды; осы соңғысы бейнелерде
бейнеленеді.
• Сондықтан да әсіресе Гегель жүйесінде ретті жүргізілген
ой, бейне танымның төменгі деңгейі бола алады, егер де
жоғары деңгейде олар ұғымдармен алмастырылмаса,
осы жағдай шындықты ұғыммен жасауды қате
қиялдаған рационалисті адастыру болып табылады.
Сондықтан да біз көрнекі –бейнелі ойлау мен
абстрактілі–теориялықты екі деңгей ретінде ғана емес,
бірыңғай ойлаудың екі түрі немесе екі аспектісі деп
ажыратамыз; тек ұғым ғана емес, ойлаудың барлық, тіпті
жоғарғы деңгейінде бола алады
• Бейне ойды байытады дегенге кез келген метафораның
мысалында көз жеткізуге болады. Кез келген метафора
жалпы ойды көрсетеді; метафораны түсіну үшін оның
жалпы мағыналық мазмұнын бейнелік формада ашуды
талап етеді, себебі метафоралық бейнені қолдану үшін
жалпы ойды адекватты білдіретін бейнелерді табуды
талап етеді. Егер бейне жалпы ойға ештеңе қоспаған
болса, онда метафорлық бейнелер қажетсіз әшекейлер
мен артық масыл болған болар еді.
• Метафораның бүкіл мәні метафоралық бейнеге
апаратын жаңа көркем бояуларда болады; оның
құндылығы жалпы ойларға қосылуына байланысты
болады. Жалпы ойларда көрсететін метафорлық
бейнелер ойларға жалпы жағдайда тұжырымдама
беретін болғандықтан бір мағынаға ие болады.
• Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің
және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын
ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен
сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.
Сонымен қатар психологияда ойлаудың қос
классификациясы да танымал.
• Мәселенің түріне байланысты:
• 1.Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды
пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді
танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары
дамыған түрі.
• 2.Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық
түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою,
жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау
түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы
Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.
• Теориялық ойлау–бұл заңдарды, ережелерді
тану. Менделеев кестесінің ашылуы–оның
теориялық ойлауының нәтижесі. Теориялық
ойлауды жүзеге асырмаған кез келген әрекет
тек қана дағды,-бір сөзбен айтқанда
интеллектуалдық операциямен емес, инстинкті
реакциямен ғана болар еді; сондықтан да
баламалы жағдай туды: немесе әрекеттің
интеллектуалдық сипаты жоқ, немесе ол–
теориялық ойлаудың бейнеленуі.
• Шынында да осы екі оқиғаның әрқайсысы ойлау прроцесі үшін әр түрлі
психологиялық жағдайды жасайды: олардың қызығушылықтарына, ақыл
деңгейіне және тұтас алғанда тұлғасына байланысты әр түрлі адамдарда әр
түрлі нәтиже беруі тиіс.
• 2. Таным түрі бойынша:
• 1. Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін,
жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.
• 2. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен
құбылыстардың мәнін танып–білу.
• 3. Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша:
• 1. Интуитивтік ойлау–тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе
саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік психологияда Я.А.
Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б зерттелінген.
• 2. Рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау) – уақыт
бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында
едәуір көрініс табатын ойлау түрі.
• Интуитивті ойлау тездігімен, айқын көрінетін кезеңдерінің
болмауымен сипатталады, ол минималды ұғынған болып табылады.
Отандық психологияда бұл ойлауды Я.А. Пономарев, Л.Л. Гурова
және т.б. зерттейді.
• Әрекеттің тәсілдері негізінде:
– Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз
пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.
– Көрнекі ойлау–мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге
асатын ойлау түрі.
• Ойлау бағыттылығымен байланысты:
– Шынайы (немесе реалистік) ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде
бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі.
– Аутистік ойлау–адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты
болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың
ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.
Қорытынды
• Критикалық ойлау арқылы олардың
түрлерін және формаларын ойлаудың
түрлеріне шолуға мүмкіндік береді. Сыни
көзқарас арқылы ақпараттарды өңдеп
орталық жүйке жүйесін семіп қалдудың
алдын алу.
Әдебиеттер
•Основы доказательной медицины : учеб. пособие: пер. с англ / Т. Гринхальх. -
Электрон.текстовые дан. ( 3,41 Мб). - М. : ГЭОТАР-МЕДиа, 2006. . эл. опт.диск (CD-
ROM). - Режим доступа: http://depositfiles.com
•ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАДАҒЫ СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАРДербісалина Г.А.,
Махаметова М.Г., Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б. ,2020.
•ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕР ІСІ НЕГІЗДЕРІБекбергенова Ж.Б., Дербісалина Г.А.,
Үмбетжанова А.Е., Жүнісова.,2019.
•ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІСәрсенбаева Г.Ж. , 2019.
•ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ
ЖИНАҚКалиева Ш.С., Сагадатова Т.К. , 2019.
•ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІДербісалина Г.Ә. , 2019
•ДОКАЗАТЕЛЬНАЯ МЕДИЦИНА В ВОПРОСАХ И ОТВЕТАХДербисалина Г.А.,
Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б., Тулешова Г.Т. ,2020.
•ОСНОВЫ ДОКАЗАТЕЛЬНОЙ СЕСТРИНСКОЙ ПРАКТИКИБекбергенова Ж.Б.,
Дербисалина Г.А., Умбетжанова А.Е., Жунусова.,2019.
•Дәлелді медицина негіздері : Оқу құралы. . - Қарағанды: АҚНҰР,
2019.Сәрсенбаева, Г.Ж.
Гринхальх, Т.Основы доказательной медицины. - 4-е изд., перераб. и доп. -
Москва: ГЭОТАР-Медиа, 2019.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz