Медициналық қараулар



Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
Тақырыбы: Скрининг бағдарламасы нәтижесіне критикалық талдау. жүргізу
Орындаған: Ауелбекова У
Тобы:В-МІҚқБ-01-22(10 ай)
Қабылдаған: м. ғ. магистрі Л. Ж. Жақанша
Шымкент, 2022ж

Жоспар
I-Кіріспе
II-Негізгі бөлім
1. Дәлелді медицина анықтамасы, мақсаты.
2. Қолдану алғышарттары.
3. Маркетинг
III-Қорытынды
IV- Колданылған әдебиет

Кіріспе
Скрининг (ағыл. screening - «жинақтау, іріктеу») - клиникалық белгілерсіз ауруларды жеке тұлғаларда анықтауға бағытталған денсаулық сақтау ұйымының стратегиясы. Скрининг (Screening) сөзі «іріктеу, таңдау, анықтау» деген мағынаны білдіретін пікір кең тараған. . Мамандық және ғылыми менеджментте, мүмкін, солай да шығар.
Бірақ бұл сөздің басқа да аудармалары бар, яғни: «қорғаныс», «қандайда бір қолайсыз жағдайдан шектеу». «Скринингтік зерттеу » ұғымының түпнегізінде осы түсінік жатыр.
*

Скринингтік бағдарлама мақсаты:
Тұрғындар арасындағы мақсатты топтарда профилактикалық медициналық қарауларды өткізудің негізгі мақсаты - ауруды ерте сатысында анықтау, ауруды тудыратын қауіп-қатер факторын анықтау, халықтың денсаулығын нығайту.
*
Негізгі бөлім

Ауру маңызды медициналық мәселе ретінде танылуы керек;
Аурудың емі болуы тиіс;
Ауруды емдеу және диагностикалау мүмкіндігі қол жетімді болуы тиіс;
Аурудың жасырын кезеңі болуы керек.
Ауруды зерттеу әдістері болуы керек.
Зерттеу әдістері халық арасында қолдануға жарамды болуы қажет;
Аурудың шынайы ағымын адекватты түсіну қажет;
Емдеу қажеттілігі кезінде келісілген саясат болуы керек;
Ауруды анықтау барысында жұмсалған шығындар жалпы шығынмен теңдестірілген болуы керек;
Скрининг« бір-ақ рет» емес, үздіксіз жүргізілуі қажет.
*
Скрининг принциптері - негізгі қағидалар (БДҰ) :
Notes: Жүргізілетін кейбір скринингтік тесттер тиімсіз болса да, жалпы скринингтік қараулар тұрғындардың денсаулық деңгейін жоғарылатуға әсерін тигізеді.

Қант диабеті және ЖҚА ауруларын анықтау үшін қандағы глюкоза мен жалпы холестеринді анықтау мақсатында экспресс-диагностика өткізу.
Туберкулез ауруын анықтауда терілік туберкулинді сынама кең таралған (Манту реакциясы ) .
Депрессияны диагностикалау үшін Бека депрессиялық шкаласы скринигтік тест ретінде қолданылады.
Папаниколау тесті - жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын -алу және ісік алды жағдайларды анықтауда қолданылады.
Маммография - сүт безі қатерлі ісігін анықтауда қолданылады.
Колоноскопия - колоректальды қатерлі ісікті терістеу үшін қолданылады
Дерматологиялық қарау меланоманы терістеу үшін қолданылады.
Қолданылатын әдістер қарапайым, сенімді және қайталап қолдана алатындай болуы тиіс!
*
Скринингтік әдістердің мысалдары
Notes: Өткізілетін скринингтер ерте диагностикалауға мүмкіндік бергенмен, барлық скринингтік әдістер бірыңғай пайдалы емес.
Гипердиагностика мүмкіндіктері немесе қате диагностикалау, аурудың жоқ екендігі туралы жалған сезімнің болуы скринингтің теріс жақтары болып табылады. Сондықтан скринингтік зерттеулер толық сезімталдыққа және арнайы ұйғарынды деңгейге ие болуы тиіс.

1. Медициналық қарауларды жүргізу денсаулықты нығайтуға және құрылымға, дер кезінде медициналық тексерумен қамтамасыз ету, аурудың таралуын ескерту және анықтау, соның ішінде кәсіптік уланулар, оқыс оқиғалар, сонымен қатар қандай да бір шаруашылық және өндірістік маңызға ие ұйым қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Медициналық қараулар міндетті және профилктикалық болуы мүмкін.
3. Міндетті медициналық қарау алдын-ала (предварительное) және кезеңдік болып бөлінеді. Алдын-ала міндетті медициналық қарау жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде мамандығы немесе оқуына жарамдылығын анақтау мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар жалпы, маманданған және инфекциялық, паразитарлық аурулардың таралуын ескертеді. .
*
ҚР Кодексі « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 155 бап . Медициналық қараулар
Notes: 2009 жылы 18 қыркүйекте бекітілген Қазақстан Республикасы Кодексінің 155 бабына сай «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы».

Кезеңдік міндетті медициналық қарау қызметкерлердің денсаулығын динамикалық қарауды қамтамасыз ету мақсатында жүрізіледі, аурудың бастапқы белгілерін өз уақытында анықтау, жалпы, маманданған, жұқпалы және паразитарлық аурулардың таралмауын ескертеді .
4. Зиянды өндірістік факторлары бар мамандықта міндетті медициналық қарау өткізіледі және де оның өткізілу тәртібі мен кезеңдігі Қазақстан Республикасының үкіметімен басқарылады.
5. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес денсаулық сақтауда жұмыс беруші өзінің есебінен қызметкерлерінің кезеңді түрде медициналық қараудан өтуін қамтамасыз етеді.
*
155 бап . Медициналық қарау
Notes: 05. 07. 11 ж. № 452-IУ ҚР Заңына сәйкес 4-ші тармағына өзгертулер енгізілді (бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін үш айдан соң қолданысқа енді), (ескі редакцияны қараңыз) .

6. Профилактикалық медициналық қараулар жалпы және таңдаулы болып бөлінеді. Жалпы профилактикалық медициналық қарау, аурудың пайда болуын ерте кезеңде анықтау және аурудың дамуын ескерту, аурудың пайда болуына әкелетін қауіп факторын, халық денсаулығын нығайту және қалыптастыру негізінде мақсатты топтағы халыққа бірыңғай әдіспен жүргізіледі.
Таңдаулы медициналық қарау динамикалық қарау, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіру және ауруды емдеудің кешенді шарасын іске асыру мақсатында жүргізіледі.
7. Профилактикалық медициналық қарауға жататын мақсатты топтағы тұлғаның тәртібі мен кезеңділігі жоғарғы билік органдарының бақылауымен жүзеге асып нәтижелігі, қауіпсіздігі, экономикалық мақсатта тиімділігі (целесообразность) қаралып отырады.
*
155 Бап . Медициналық қарау

8. Жұмыс беруші профилактикалық медициналық қараудан өтетін тұлғаларға ҚР үкіметімен бекітілген тегін кепілдендірген медициналық көмек алуларына жағдай жасайды.
9. Шаруашылық және өндірістік саладағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болжам немесе кезеңдік медициналық қараудан өтпеген жұмысшыларды, сонымен қатар денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған азаматтарды жұмыс істеуге жібермейді.
10. Жеке медициналық кітапшасын беру тәртібін, есебін және жүргізілуін ҚР-ның ҮКІМЕТІ қадағалайды.
11. Міндетті профилактикалық қарауды жүргізу және одан өтуді тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығына жауапты мекемелер, медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік инспекторлар қадағалайды.
*
155 бап -Медициналық қарау.
Notes: 05. 07. 11 ж. № 452-IV ҚР Заңына сәйкес 10-шы тармағына өзгерістер енгізілді (бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін үш айдан соң қолданысқа енді), (ескі редакцияны қараңыз) .

1. Қан айналым жүйесі ауруларын ерте анықтау скринингі (артериальды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы ) - 18, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жастағы тұлғалар;
2. Қант диабетін ерте анықтау скринингі ( 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жастағы тұлғалар; )
3. Жатыр мойны ауруын ерте анықтаудағы скрининг (35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер ) ;
4. Сүт бездері ауруларын ерте анықтаудағы скрининг (50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер ) ;
5. Аталық безінің қатерлі ісігін анықтаудағы скрининг (40 жастан жоғары еркектер) ;
6. В және С вирусты гепатиттерін анықтаудағы скрининг ( балалар және ересек тұрғындар арасындағы мақсатты топтар) .
*
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланғандар:
Notes: Профилактикалық медициналық қараулар құрамына дәрігерге дейінгі кабинетте қаралу, лабораторлы-инструменталды диагностикадан өту және арнайы мамандармен қаралу кіреді. Созылмалы жұқпалы емес патологияларды құрайтын жоғары қауіптілік тобындағылардың қауіп факторын анықтау және ары қарай оларды сауықтандырумен айналысу, осы мәселеде маңызды болып табылады.

7. Туберкулез скринингі - халықтың декретивті топтары ( студенттер, әскери қызметкер, босанған әйелдер, қатынастағылар, істі болғандар және сотталғандар) ;
8. АИТ -инфекциясын анықтау (халықтың декретивті топтары) ;
9. Генетикалық аурулар және ұрық дамуындағы туа біткен ақауларды анықтаудағы перинатальды скрининг ( жүктіліктің 10-аптасынан бастап барлық жүкті әйелдер) ;
10. Неонатальды скрининг фенилкетонурия, туа біткен гипотиреоз және кереңдікті анықтауда қолданылады (жаңа туған нәрестелер) ;
11. Балаларды профилактикалық қарау ( 1 жасқа дейін, 1-14 жасқа дейін, 15-18 жас аралығында) ;
12. Глаукоманы алдын-ала анықтау (40жастан асқандар ) .
*
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланғандар:
Notes: Профилактикалық медициналық қараулар құрамына дәрігерге дейінгі кабинетте қаралу, лабораторлы-инструменталды диагностикадан өту және арнайы мамандармен қаралу кіреді. Созылмалы жұқпалы емес патологияларды құрайтын жоғары қауіптілік тобындағылардың қауіп факторын анықтау және ары қарай оларды сауықтандырумен айналысу, осы мәселеде маңызды болып табылады.

Босандыру ұйымдарының жарақтандырылуы отоакустикалық эмиссияны тіркеуге арналған аспаптармен
Notes: На данной диаграмме отображено количество организаций родовспоможение и их оснащение в разрезе областей. Таким образом, на сегодняшний день практически полностью оснащены организации родовспоможения 4-х регионов:Алматинской, Кызылординской областей, а также города Астана и Алматы.

Дәлелді медицина
Бұл нақты науқасты емдеу үшін жақсы клиникалық зерттеулерді дәл және шын жүректен қолдану.
Ғылыми ақпараттарды жинаудың жаңа технологиясы, критикалық талдауы, интерпретациясы.
Дәлелді медицина-дәрігерлік тәжірбиенің жаңа әдістемесі. ДМ -бұл жаңа ілім емес. Ол Францияда 150 жыл бұрын пайда болған. Қазіргі таңда дәрігерлер дәлелді медицинаны қолдана отырып, науқастарға сапалы, қатерсіз, тиімді медициналық көмек көрсетеді. Әр дәрігер дәлелді медицинаны күнделікті тәжірибесінде қолданады. Ол дегеніміз:
1. Дәлелденген шараларды күнделікті
тәжірибесінде қолдануы.
2. Ең тиімді мәліметтерді қолдануы.
3. Қатері басым іс-әрекеттерді анықтауы.
4. Жұмысты қатып қалған әдіспен, өзінің
түсінуімен жасаудан арылады.

ДМ қолдану алгоритімі
Дәлелді медицина - бұл денсаулық сақтауды ұйымдастыру және ауруды емдеу, диагностикасы, алдын алу шаралары бойынша ғылыми-дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық технология.

Дәлелді медицина - бұл медициналық көмек және жалпы денсаулық сақтау жүйесі сапасын жоғарлатуда тіршікті маңыздылығы бар үдемелі дамып келе жатырған медицина бағыты. ДМ қағидаларын денсаулық сақтау жүйесіне еңгізудің негізгі мақсаты - медициналық көмек сапасы қатерлігін төмендету, тиімділігін жоғарлату, құнын пайдалы ету және басқада маңызды қырларын бірынғағайлау.

Маркетинг
Маркетинг (ағылш. marketіng - рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т. б. ) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі туралы ғылым.

Маркетингтің патциентке және дәрігерге әсері
Дәрігерге
Егер сіз тәжірбиелі дәрігер болаңыз сізді фармацевтикалық өндірістер қызықтырады және олар сізге миллиондық жарнамалық бюджетінің жартысын сізге әсер етуге жұмсайды.
Пациентке
Өзінің жарнамасы арқылы сізге әсер етеді.

Жақсы жоспарланған Маркетингілік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz