Сыни ойлаудың этимологиясы және келіп шығуы
Презентация қосу
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
Тақырыбы: Критикалық ойлау, оның түрлері, формалары,
ойлау операциялары.
Орындаған: Нарымбаева Ж
Тобы:В-МІҚқБ-01-22(10 ай)
Қабылдаған: м. ғ. магистрі Л. Ж. Жақанша
Шымкент, 2022ж
Жоспар
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• Сыни ойлауға қатысты үш негізгі сауал
• Сыни ойлаудың этимологиясы және келіп
шығуы
Ойлаудың негізгі түрлері
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
• Сыни ойлау (кейде Критикалық ойлау, ағылш. Critical thinking)
— ойлаудың ерекше бір түрі болып, фактілерді
анализдеу арқылы тұжырым қалыптастыру. Бұл ұғым күрделі
және әртүрлі анықтамаларға ие, ол
негізінен рационалдылықты, скептикалықты, сыңаржақтылықс
ыз анализдеуді және фактілікік дәлелдерді тексеруді қамтиды.
Сыни ойлау дегеніміз өз-өзін басқаратын, өз-өзін тәрбиелейтін,
өз-өзін бақылайтын және өз-өзін түзететін ойлау
формасы.Оның алғышарты сананы кемелдендірудің қатаң
стандарттарына келісу және оларды сергек қолдану болмақ.
Сыни ойлау тиімді қарым-қатынас жасау мен проблемаларды
шешу қабілеттерін меңгеруді талап етеді, сондай-ақ
болмысымыздағы
табиғи эгоцентризмді және социоцентризмді жеңуді
міндеттейді.
Сыни ойлауға қатысты үш негізгі сауал
Сыни ойлаудың этимологиясы және келіп шығуы
• Сыни ойлау терминіні халықаралық термин жүйесінде
ойлаудың "критикалық" түрі ретінде аталады, ол
яғни грек. κριτικός = kritikos = "сын", "бағалау", "тексеру", тб. көп
мағыналы сөзден шыққан; мұндағы "сын" ұғымы күнделік
тұрмыстағы "айыптау" мағынасында емес, интеллектуалды
қабілетті білдіреді, әрі "бағалау", "анықтау", "пайымдау", және
"ажырата білу" секілді мағыналарға ие. Сыни
ойлаудың интеллектуалды негізі бейне оның этимологиясы
секілді өте ежелгі заманға барып тіреледі, яғни осыдан 2500
жыл бұрынғы Сократтың оқыту практикасы мен
пайымдауларында осы ұғымға жақын мазмұндар кездеседі;
Сократ сауалдарды тексерістен өткізудің жаңа әдісін тапқырлап,
адамдар өздерінің білімге деген сенімділіктерін рационалды
анықтай алмайтыны сынды әлсіздігін көрсетіп берді және
мұнда Сократтық ирония да қатар жүрді.
Ойлау– объективті шындықты белсенді
бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен
игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық
әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында
адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-
әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани
мәдениеті дамуының басты нәтижелері
қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык
тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен
құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана
білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы
дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы
қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ
қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары
мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай
ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе
тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып
шешуде өте жақсы көрінеді
Ойлаудың негізгі түрлері
Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте –бірте алшақтай
түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың
назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың
бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген формуланы ұсынды. Егер
формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы–
психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік
етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға
шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді
дәлелдей алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік–логикалық ойлау бөліп алынды. Бұл
ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында болатын, қызмет ететін түсініктерді,
логикалық конструкцияларды пайдалануымен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі
ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі психология ойлаудың бұл түрін жалғыз түр ретінде
қарастырмайды.
Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы
(генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге
жіктеледі:
Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы
түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске
асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген
тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу
тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты
қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген
тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық
тае қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда
жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы
бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді
табуды ойлау психологиясында солай атайды. Бұл көрнекі-
әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П.
Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б. сияқты ғалымдар
жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі
сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу,
бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы
өзгертудің көмегімен іске асырылады.
• Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін
ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретіндебейнелік (немесе көрнекі-
бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің
зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны
ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік
дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан
кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың
басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін
анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың
нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін,
жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың
көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық
түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру
тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың
қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік
ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.
Сонымен қатар психологияда ойлаудың қос классификациясы
да танымал.
Мәселенің түріне байланысты:
1.Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану
негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын
ойлаудың жоғары дамыған түрі.
Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге
дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру)
білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы
Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.
2. Таным түрі бойынша:
1. Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен
салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық
жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.
2. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар негізінде
заттар мен құбылыстардың мәнін танып–білу.
3. Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша:
1. Интуитивтік ойлау–тез өтетін, анық кезеңдері жоқ,
көбінесе саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі
кеңестік психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л.
Гуровпен және т.б зерттелінген.
2. Рациональдық ойлау (аналитикалық немесе
логикалық ойлау) – уақыт бойынша кең таралған,
айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында
едәуір көрініс табатын ойлау түрі.
Әрекеттің тәсілдері негізінде:
Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның
өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.
Көрнекі ойлау–мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге
асатын ойлау түрі.
Ойлау бағыттылығымен байланысты:
Шынайы (немесе реалистік) ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде
бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі.
Аутистік ойлау–адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты
болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың
ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.
Шынайы ойлаудың аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада: шынайы
ойлау негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдармен
реттелінеді, ал аутистік ойлау адамның тілектерін іске асырумен
байланысты (біз тілегіміздегі нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді етіп
көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың орнына “эгоцентрлік ойлау” деген
ұғым қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның көзқарасын
қабылдаудың мүмкін еместігімен сипатталады.
Ойлау іс — әрекетінің өніміне байланысты:
Продуктивтік ойлау–адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару.
Репродуктивтік ойлау–ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар
білімдерді пайдалану.
Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып
табылады. З.И. Калмыкова бұл айырмашылықты “субъектінің білімдеріне
қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық
деңгейіне” негіздейді.
7. Ойлаудың функцияларына байланысты:
Творчестволық ойлау–ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа
білімдерді тауып, негіздеумен байланысты болатын ойлаудың түрі.
Критикалық ойлау–заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде,
солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен
кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген
сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.
8. Еріктік күштің жұмсалуына байланысты:
Ырықсыз ойлау–түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау.
Ырықты ойлау–проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде
шешу.
• "Сыни ойлау бір ойлау үлгісі түрі болып, ол адамдардан
толғанысты (reflective) талап етеді, сенімдері мен әрекеттеріне
жетекшілік ететін шешім қабылдауға назар аудартады. Сыни
ойлау адамға логикалы тұжырым жасауға, күрделі ақпаратты
өңдеуге, істі әртүрлі жағынан қарауға үйретеді, сөйтіп олар
неғұрлым сенімді тұжырым жасай алады".
• Сыни ойлаудың жеті сыни ерекшелігі бар: Ізденгіш және әуес,
Ұқсамаған тарапқа ашық-саналы, Жүйелі ойлауға қабілетті,
Аналитикалық, Ақиқатқа табанды, Сыни ойлауға сенімді, сосын
Жетілген.
• Сыни ойлауға бірнеше әдіспен анықтама беруге болатынына
қарамастан, оның негізгі құрамы туралы жалпы келісімді пікір
бар - қанағаттанарлық нәтижеге жетуге деген күшті аңсар, бұған
рационалды ойлау мен нәтиженің қозғатуы (result-driven) тәсілі
арқылы қол жеткізу керек. Гальперннің ойынша, сыни ойлау
бірінші кезекте үйрену қабілеттерін қамтиды, олар проблема
шешу, есептеу және ықтималдықтарды өнімді қолдану
секілділер. Бұған тағы ойлау процесіне қатысу тенденциясы да
кіреді. Станович соңғы жылдары заманауи IQ тестінің сыни
ойлау қабілетін өлшей алмайтынын айтты.[
Логика және рационалдық
• Логикалық аргументацияны зерттеу сыни ойлауды зерттеуге қатысты болады. Логика
аргументтерді анализдеуге, және оның дұрыстығын немесе бұрыстығы бағалауға байланысты
болады. Эпистемологияның тармақтарында сыни ойлау логикалық дұрыс ойлауға мән береді, ол
лоикалық дұрыс және логикалық қате тұжырымдарды ажыратуға мүмкіндік береді.
• Лоикалық ойлаудың "бірінші толқынында" ойлаушы өз ой желісінің сыртына шығып, ұғымдар,
немесе ой түйіндері арасындағы байланыстарды сыңар жақтылықтардан қарамаққа азат түрде
анализдейді. «Сыни ойлаудағы логицизмнен тысқары» атты эссесінде Керри С.Уолтерс
бұл идеологияны былай сипаттайды: "Сыни ойлаудың логикалық ізденісі студенттерге мынадай
ақпарат береді: [[Бейформал логика|бейформал (және аз мөлшерде формал процедураларға
сәйкес болғанда ғана ойлау легитимді болады, әрі таңдаулы ойлаушы қалайда аналитикалық,
абстракт, әмбебап және объективті тексеру мен бағалау стиліне бағытталады. Бұл ойлау моделі
әдеттегі академиялық даналыққа еніп кеткені соншалық, көптеген ұстаздар оны канон ретінде
қабылдайды."Мұндай қағидалар ғаламды сандық түсінуге тәуелділіктің артуына ілесіп пайда
болған.
• Сыни ойлаудың "екінші толқынындағы" авторлар сыни ойлаудың "бірінші толқынға"
тән логоцентризмдік моделінен саналы түрде алшақтады. Көптеген ғалымдар сыни ойлауды
құрайтын нәрселерге азырақ эксклюзивті көзқараспен қарай
бастағанымен, рационалдық пен логика сыни ойлаудың басты негізі ретінде қабылданды.
Уолтерс пікірі бойынша, "бірінші толқындағы" эксклюзивті логоцентризмдік түсінік "жақсы
ойлау дегеніміз логикалық ойлауға жеңілдетілген ойлау деген негізсіз болжамды" басшылыққа
алған.
Қазақ философиясында Абай
Құнанбайұлы сыни ойлаудың жаңа
көкжиегін ашушы болды. Абайдың
авторитетке бағына салмауды дәріптеген,
білім мен сенімде рационалды нақтылық
пен дәлелділікті талап еткен кей өлеңдері
мен қара сөздері сыни ойлаудың тамаша
үлгісі деуге болады. Мысалы Абай айтады:
• Сыни ойлау бір ойлау үлгісі түрі болып, ол адамдардан
толғанысты (reflective) талап етеді, сенімдері мен әрекеттеріне
жетекшілік ететін шешім қабылдауға назар аудартады. Сыни
ойлау адамға логикалы тұжырым жасауға, күрделі ақпаратты
өңдеуге, істі әртүрлі жағынан қарауға үйретеді, сөйтіп олар
неғұрлым сенімді тұжырым жасай алады".
• Сыни ойлаудың жеті сыни ерекшелігі бар: Ізденгіш және әуес,
Ұқсамаған тарапқа ашық-саналы, Жүйелі ойлауға қабілетті,
Аналитикалық, Ақиқатқа табанды, Сыни ойлауға сенімді, сосын
Жетілген.
• Сыни ойлауға бірнеше әдіспен анықтама беруге болатынына
қарамастан, оның негізгі құрамы туралы жалпы келісімді пікір бар
- қанағаттанарлық нәтижеге жетуге деген күшті аңсар, бұған
рационалды ойлау мен нәтиженің қозғатуы (result-driven) тәсілі
арқылы қол жеткізу керек. Гальперннің ойынша, сыни ойлау
бірінші кезекте үйрену қабілеттерін қамтиды, олар проблема
шешу, есептеу және ықтималдықтарды өнімді қолдану секілділер.
Бұған тағы ойлау процесіне қатысу тенденциясы да кіреді.
Станович соңғы жылдары заманауи IQ тестінің сыни ойлау
қабілетін өлшей алмайтынын айтты.
Қорытынды
• Сыни ойлаудың көзқарасы арқылы
ойлаудың ұштасумен терең
байланыстырады. Сыни ойлау адамға
логикалы тұжырым жасауға, күрделі
ақпаратты өңдеуге, істі әртүрлі жағынан
қарауға үйретеді, сөйтіп олар неғұрлым
сенімді тұжырым жасай алады
Әдебиеттер
•Основы доказательной медицины : учеб. пособие: пер. с англ / Т. Гринхальх. -
Электрон.текстовые дан. ( 3,41 Мб). - М. : ГЭОТАР-МЕДиа, 2006. . эл. опт.диск (CD-
ROM). - Режим доступа: http://depositfiles.com
•ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАДАҒЫ СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАРДербісалина Г.А.,
Махаметова М.Г., Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б. ,2020.
•ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕР ІСІ НЕГІЗДЕРІБекбергенова Ж.Б., Дербісалина Г.А.,
Үмбетжанова А.Е., Жүнісова.,2019.
•ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІСәрсенбаева Г.Ж. , 2019.
•ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ
ЖИНАҚКалиева Ш.С., Сагадатова Т.К. , 2019.
•ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІДербісалина Г.Ә. , 2019
•ДОКАЗАТЕЛЬНАЯ МЕДИЦИНА В ВОПРОСАХ И ОТВЕТАХДербисалина Г.А.,
Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б., Тулешова Г.Т. ,2020.
•ОСНОВЫ ДОКАЗАТЕЛЬНОЙ СЕСТРИНСКОЙ ПРАКТИКИБекбергенова Ж.Б.,
Дербисалина Г.А., Умбетжанова А.Е., Жунусова.,2019.
•Дәлелді медицина негіздері : Оқу құралы. . - Қарағанды: АҚНҰР,
2019.Сәрсенбаева, Г.Ж.
Гринхальх, Т.Основы доказательной медицины. - 4-е изд., перераб. и доп. -
Москва: ГЭОТАР-Медиа, 2019.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz