Сапалық клиникалық зерттеулерге арналған мақалалар


Slide 1

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

Тақырыбы: Сапалық клиникалық зерттеулерге арналған мақалалар. Сапалық зерттеулерге қатысты мақаланы бағалау

Орындаған: Өтеміс Р

Тобы:В-МІҚқБ-01-22(10 ай)

Қабылдаған: м. ғ. магистрі Л. Ж. Жақанша

Шымкент, 2022ж

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе:

II. Негізгі бөлім:

Клиникалық сынақ

Медициналық зерттеулерге қойылатын маңызды талаптар

Клиникалық зерттеу түрлері

III. Қорытынды:

Пайдаланылған адебиеттер

Slide 3

Клиникалық сынақ - науқастарды негізгі (сынақ жүргізілетін) немесе бақылау (салыстыру) топтарға еңгізіп медициналық іс-әрекеттер мен клиникалық ақырының арасындағы себепті мен нәтижелік байланысын анықтауға арналған келешек бағытта (проспективті) жүргізілетін қандайда болмасын тексеріс (медициналық журналдар редакторларының халықаралық ұйымының анықтамасы) . Бұл жаңа теориялық ілім нақтылығын тексеретін клиникалық сынақтардың (КС) ең ақырғы бөлігі.

Slide 4

Мәліметтерді жинау уақытына және топтарды құрастыру ерекшелігіне байланысты 2-ге бөлінеді:

проспективті- мәліметтерді жинау зерттеуге дейін басталып, талдау жасағанға дейін созылады. Зерттеуге алынатын топ мәліметтерді жинауға дейін құрастырылады.

ретроспективті- зерттеуге алынатын топ мәліметтерді жинаудан кейін құрастырылады.

Slide 5

Барлық зерттеулер біріншілік және екіншілік болып 2-ге бөлінеді:

Біріншілік зерттеулер - автор өзінің жүргізген зерттеу түрін және оның қорытындысын өзі сипаттайды, ол 3 категорияға бөлінеді:

1) эксперименттер- өзі келісім бергендерге немесе жануарларға тәжірибе жасалады.

2) клиникалық сынау- пациенттерге жасалады және олар тұрақты бақылауда болады.

3) зерттеулер- белгілі бір топтағы пациенттердің немесе кезкелген топтағы кісілердің денсаулығының көрсеткіші өлшенеді, анықталады.

Slide 6

Екіншілік зерттеулер біріншілікті зерттеулердің нәтижелерін жинақтап, топтастырып және солардың негізінде қорытынды шығарылады.

Екіншілік зерттеулер де бірнеше түрлерге бөлінеді:

1) шолу- біріншілікті зерттеулердің қорытындысын топтастырып жинақтайды.

2) клиникалық нұсқаулар - дәрігерлердің іс-әрекетінің талаптарына қатысты біріншілікті зерттеулердің қорытындысын құрастырады.

3) шешімді қабылдауға талдау жасау -біріншілікті зерттеулер қорытындысының негізінде денсаулық сақтау жүйесін басқару, ресурстарды бөлу жөнінде мүмкін болатын жолды құру, дәрігерлердің басшылардың емдеу әдісін таңдау және ресурстарды бөлу шешімдерін құрастыру,

4) экономикалық талдау - біріншілікті зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, қолданылатын іс-әрекетке қаражатты дұрыс бөлу жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Slide 7

Медициналық зерттеулерге қойылатын маңызды талаптар

Зерттеуді дұрыс ұйымдастыру (дизайн) және рандомизацияның математикалық жағынан негізделген әдісі.

Тексерістерге еңгізілетін мен еңгізілмейтін көрсеткіштер көлемі нақты анықталады және сақталады.

Дерттің емнен кейінгі және ем жасалмағандағы ақыры (көрсеткіштері) дұрыс анықталған (белгіленген) .

Зерттеудің өткізілетін орны

Зерттеудің ұзақтылығы

Алынған мағлүматтардың статистикалық өңделуінде санау әдістері ретімен қолданған.

Slide 8 Slide 9

Клиникалық зерттеулер түрлері

Жүйелік шолулар, мета-анализ

Рандомизациялық клиникалық сынақтар (зерттеулер) (РБС)

Когорттық сынақтар (зерттеулер)

Болған жағдай ⁄ бақылау (салыстырмалы) тобы зерттеулер

Бірнеше жағдайлар, бір мысалды (жағдай) мәліметтеу

Ин витро және жануарларда зерттеу

Slide 10

Жүйелік шолулар (ЖШ)

Бір жағдай бойынша ерекше жасалған бірнеше зерттеулер қорытындысына жүйелік және кездейсоқ қателер әсерін мүмкіншілігінше азайтатын әдістер қолданылынып жүргізілген ғылыми сараптама;

Мета-анализ

Мета-анализ - мағыналы ғылыми зерттеу және дәйектемеліктің ең жоғарғы шыңы:

Барлық ғылыми зерттеулердің қорытындысына негізделген тиімділік туралы мәліметтер қосындысының сандық көрсеткіші

Slide 11

РАНДОМИЗАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛЫ СЫНАҚТАР (зерттеулер) - РБС

Рандомизация - бұл сынаққа қатысушыларды топтарға бөлінуінің кездейсоқ реттілігін айқындауда қолданылатын әдіс. (rand - франц. - жағдай) .

Slide 12

РБС кезіндегі зерттеу құрылымы

1, Бақылау (салыстырмалы) топтың болуы.

2. Науқастар іріктелуінің нақты көрсеткіштері (сынаққа алынуы мен шығарылуы) .

3. Науқастарды зерттеуге рандомизация топтарына бөліну алдына дейін алу.

4. Науқастарды топтарға кездейсоқ (арнайы көрсеткіштерге байланысты емес) бөлу (рандомизация)

5. «Жасырын» түрде емдеу

6. Ем нәтижесін «жасырын» түрде бағалау

7. Емнің жанама әсері мен асқынулары туралы мәлімет

8. Сынақ барысында шығып кеткен науқастар туралы мәлімет

9. Сәйкес статистикалық сараптама, қолданған мақалалар, бағдарламалар ж\е т. б. туралы мәлімет

10. Анықталған тиімділіктің өлшемі мен статистикалық нақтылығы туралы мәлімет

Slide 13

РБС - ақырғы нәтижелер екі топтағы науқастарда өткізілуі қажет:

Бақылау (салыстырмалы) топ - ем жүргізілмейді немесе кәдімгі, стандарттық ем жүргізіледі әлде науқастар плацебо қабылдайды;

Нақты (белсенді) емделу тобы -тиімділігі зерттелетін ем жүргізіледі

Slide 14

Экспериментальдық клиникалық зерттеулер

Бақыланатын түрі- бақылау және тәжірибе топтары болады. Дәлелділіктің дәрежесін арттыру үшін бақылау тобындағылардың клиникалық нәтижесі тәжірибе тобының нәтижесімен салыстырылады.

Бақыланбайтын түрі- бақылау тобы болмайды. Ауру ағымы кезіндегі клиникалық ақпараттар жиналады

Slide 15

рандомизирленген- бір жақты жасырын, екі жақты жасырын, үш жақты жасырын, мультицентрлік болып бөлінеді.

рандомизирленбеген

Бақыланатын түрі

Slide 16

Зерттеу жүргізу түріне байланысты 2-ге бөлінеді:

ашық - істелетін зерттеу жасырынсыз өтеді

жасырын - істелетін зерттеу әр түрлі дәрежеде жасырын өтеді

Slide 17

Ұзыннан ұзақ

Көлденең зерттеу

Уақытқа байланысты зерттеулердің бөлінуі:

Slide 18

Көлденең зерттеу- объект бір кезеңде бір рет зерттеледі. Ол- белгілі бір кезеңдегі аурудың таралуын қарастыратын зерттеу.

Артықшылықтары:

үнемді

көп уақыт алмайды

қауіп факторларын анықтауға бағытталған бірінші қадам

Кемшіліктері:

барлық уақытта сенімді, нақты емес

аурудың себебі жайында дұрыс түсініктеме бере алмайды

диагноз жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы келеді

Ұзыннан ұзақ (продольные) -белгілі бір уақыт аралығында істелінетін зерттеу

Slide 19

Когорттық (проспективтік - алдын болжау) зерттеулер (когорт-топ)

Когорттық (проспективтік - алдын болжау) зерттеулер - қауып-қатер жағдайлар немесе болжама жағдайлар әсерін зерттеуге мүмкіншілік береді:

Ұқсас белгілері бойынша топқа іріктеліп алынған науқастар осы белгілердің әрі қарай келешекте дамуына бақыланып зерттеледі.

Slide 20 Slide 21

Болған жағдай - бақылау тобы

Зерттеу қауып - қатер жағдай мен клиникалық жағдай арасындағы байланысты анықтау үшін ұйымдастырылады

Бұл зерттеуде екі топта (бірінде дерт дамыған, ал екіншісінде дамымаған) қолайсыз әсерге ұшыраған қатысушылар көлемі салыстырылады

Негізгі мен салыстырмалы топ қатерлі әсер бойынша бір популяцияға жатады

Негізгі мен салыстырмалы топта әсер ететін жағдай бірдей болу қажет

Slide 22

Бірнеше жағдайларды зерттеу немесе сипатын зерттеу

Бірнеше жағдайларды сипаттау - бір шараны (іс-әрекетті) бірінен соң бірі тексеріске алынған бөлек топтарда зерттеу (салыстырмалы топ болмайды)

Мысалы, қантамырлар хирургі ми ишемиясы бар 100 аурудың ұйқы артериясына жасаған реваскуляризацияның қорытындысын сипаттайды

Бақылаудағы кіші топтарда нақты зерттелудегі белгілер сипатталады


Ұқсас жұмыстар
Аралық талдау
Сандық талдау
Клиникалық зерттеулердің иерархиясы
Жүйелік шолу
Ғылыми зерттеулердің соңғы нүктелері клиникалық (шынайы) және суррогатты (аралық) ақырлары
Клиникалық зерттеулер түрлері
Scopus деректер базасы
Клиникалық сынақ
Зерттеудің ұзақтылығы
Тіл мәдениетінің міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz