Созылмалы лейкоздар


Slide 1

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

Тақырыбы: Лейкоз және лейкемия кезіндегі мейіргерлік көмек

Орындаған:Туреханова Ш

Тобы:В-МІҚқА-01-22(10 ай)

Қабылдаған: Оспанбек А. К

Шымкент, 2023ж

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Аурудың себептері және қауіп факторлары:

Жіктелуі

Лейкозды диагностикалау

диагностикалық критерилері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Лейкоздар - сүйек миының қантүзу жасушаларынан дамыған ісіктер. Лейкоздардын 100 000 тұрғынға шаққандағы кездесу жиілігі 13 шамасында. Әйелдерге қарағанда ер кісілер бұл ауруға жиілеу шалдығады.

Slide 4

Негізгі бөлім Этиологиясы

Лейкоздың даму себептері толық анықталмаған. Бұл туралы вирустық, химиялық, эндогендік және радиациялық теориялар орын алуда.

Вирустық инфекция;

Химиялық заттар;

Иондаушы радиация;

Генетикалық және тұқымдық факторлар;

Хромосомалық аномалиялар.

Slide 5

Патогенезі

Ауру қатерлі ісіктердің заңымен өрістейді. Бұл кезде гемобластоздар дамуының патогенезінде клондык теория бір ауыздан қабылданған. Клондык теория бойынша лейкоздық жасушалар мутацияға Ұшыраған бір ізашарлык жасушаның ұрпағы болып табылады. Клондық теорияны дәлелдейтін - лейкоздық жасушалардың кариотипінде бір типті хромосомалык абберациялардың анықталуы. Лекоздық жасушалардың басты сипаттамалары:

1) дифференцияциялану қасиетінің жойылуы (мәселен, жедел миелолейкозда миелобласттардан және промиелоциттер әрі жетілмеуі) ;

2) шексіз өсіп өнуі және көп мөлшерде сүйек миында жиналуы.

Бұл кезде лейкоздардың патогенезінде апоптоздың тежелуіне көп мән беріледі. Апоптозды реттейтін гендер анықталған. Бұл гендердің кемісіктері апотоздың бұзылысына әкелуі мүмкін. Апоптоздың тежелуі ісіктік клонның өсіп өнуіне септігін тигізеді.

Көбейген лейкоздық клонның жасушалары қан түзу жүйесінің барлық бойына және бүкіл организмге таралады. Сүйек миында қалыпты клонның орнын алады, осыдан анемия, тромбоцитопения пайда болады. Лейкоздық жасушалар кантүзу жүйесінен тыс ортада өсе алады, қан жасушасына тән морфологиялық және ферменттік касиеттерін жояды.

Лейкоздық процесс өрістей келе, малигнизация деңгейі жоғарылайды, патологиялық клондар үнемі өзгереді, сондықтан қолданған цитостатиктерге төзімді жасушалардың жаңа клондары пайда болады.

Slide 6

Аурудың себептері және қауіп факторлары:

Лейкоз сүйек кемігінің қалыпты жұмысы бұзылған кезде пайда болады. Сүйек кемігі -сүйектің жұмсақ ішкі бөлігі. Ол қан жасушаларын шығаратын зауыт сияқты жұмыс істейді: онда барлық қан жасушалары пайда болады. Олардың қалыптасуы қан түзетін жасушалардың (гемопоэтикалық жасушалардың) пайда болуынан басталады. Егер сүйек кемігі дұрыс жұмыс істесе, онда бұл қан түзетін жасушалар кейін лейкоциттерге және тромбоциттерге айналатын жасушаларға айналады.

Аурудың себебі әлі күнге дейін белгісіз. Лейкоздың себебі түсініксіз болғандықтан, алдын-алудың белгілі бір әдістері жоқ.

Алайда, келесі топтардағы адамдарда жоғары тәуекел қаупі бар:

Жеке медициналық тарихы. Жедел лейкоздың пайда болу қаупі басқа қатерлі ісіктермен ауыратын және кейбір ісікке қарсы препараттарды қабылдаған адамдарда жоғарылайды.

Тұқым қуалайтын фактор. 1-ші немесе 2-ші жолақ бойынша қатерлі ісік ауруының отбасылық тарихы болуы.

Вирустық аурулар. Өте сирек кездесетін аурулармен немесе HTLV-1 вирусымен ауыратын адамдар.

Жасы. Көбінесе ауру балалық шақта және 40 жастан кейін дамиды. ОМЛ жиілігі барлық жас топтарында бірдей. Ерлер мен әйелдер бірдей жиілікте ауырады.

Лейкоз өткір немесе созылмалы болады. Жедел жағдайда симптомдардың тез дамуы байқалады: емделусіз ауру тез дамиды. Созылмалы кезінде ауру мен белгілер баяу дамиды. Жедел лейкоздар көбінесе балаларда кездеседі.

Slide 7

Жіктелуі

Slide 8

Жедел лейкоздар

Slide 9

Жедел лейкоздар жіктелу:

Жедел лимфобласттық лейкоз;

а) жалпы түрі -70%

ә) Т түрі- 25%

б) В түрі- 3-5%

2. Жедел миелобласттық лейкоз;

3. Жедел миеломоноблаттық лейкоз;

4. Жедел монобласттық лейкоз;

5. Жедел промиелоцитарлық лейкоз;

6. Жедел эритромиелоз лейкоз;

7. Жедел дифференциаланбаған лейкоз

Slide 10

Жедел лейкоздың барысында келесі сатыларды айырады:

Бастапқы

Жайылмалы

бірінші “шабуыл “

ремиссия;

аурудың бірінші рецидиві;

екінші рецидиві және т. б

3. Терминальды- цитостатик емнің әсер етпеуі, қалыпты қан түзілудің жоқтың қасында жойылуы, жаралы-некроздық процестердің туындауы.

Slide 11

Клиникасы

Аурудың көрінісіне тән симптомдар:

Гиперпластикалық синдром:

талақтың, бауырдың, лимфа түйіндерінің, бадамша бездердің ұлғаюы;

терінің, ми қабақтарының, бүйректің, микардтың, өкпенің ісіктік процеспен зақымдануы;

2. Анемиялық синдром.

3. Жаралы-некроздық.

4. Геморрагиялық

5. Интоксикациялық

Slide 12

Лейкоздың белгілері:

Ыстық

Жиі инфекциялар

Әлсіздік

Шаршау

Жеңіл пайда болатын қан ағымы мен гематомалар

Сүйек пен буындардың ауырсынуы

Slide 13 Slide 14

Лейкозды диагностикалау

Медициналық тексеру және медициналық тарихты зерттеу

Қан талдауы

Сүйек кемігінің пункциясы және биопсиясы

Кеуде қуысының рентгенографиясы

КТ, МРТ.

Slide 15

Диагностикасы

ЖҚА

Трепанобипсия

Цитохимиялық

Гистохимиялық

Иммунологиялық

Slide 16

Жедел лейкоздың диагностикалық критерилері

Диагностикалық критерилері

1. Клиникасында интоксикациялық, гиперпластикалық, анемиялық, геморрагиялық синдромдардың болуы

2. Перифериялық қанға тән өзгерістер : нормоцитарлық арегенераторлық анемия (ретикулоциттердің төмендеуі немесе мүлдем болмауы), бласттардың анықталуы, «үңгір» феномені, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылауы

3. Миелограммаға тән өзгерістер: бласттар 30%дан астам, пісіп жетілген гранулоциттер санының азаюы, қызыл қан түзетін өсінді және мегакариоцитарлық клеткалар саны

4. Трепанобиоптатта бластты клеткалар санының өзгеруі тән, қызыл қан түзетін өсіндінің және гранулацитарлы клеткалар санының азаюы.

Slide 17

Емі

Жедел лейкозды емдеудің негізгі тәсілі - цитостатикалық дәрілер қолданып, лейкоз клонын толық жоюға бағытталған химиотерапия. Ол үшін полихимиотерапия (химиопрепараттардың құрамасы) қолданылады. Жедел лейкоздың цитостатикалық емінің этаптары:

1) ремиссияның индукциясы

2) ремиссияның консолидациясы

3) нейролейкемияның алдын-алу

4) демеуші терапия (ремиссияны)

Емнің І этапы -ремиссияның индукциясы - аурудың вариантарына, ағу ерекшеліктеріне байланысты, стандартты жалпы қабылданған ең әсерлі бағдарлама бойынша курстық цитостатикалық химиотерапия жүргізу.

ІІ этап- консолидация - индукцияға қарағанда күшті (агрессивті) кестелермен ем жүргізіледі, индукционды емді қайталауға болады.

ІІІ этап - ЖЛ барлық түрлерінде нейролейкемияның алдын алу шаралары жүргізіледі (кестені қара) .

IV этап - үш препараттың төмен дозасымен тұрақты түрде демеуші ем (6-МП, метотрексат, циклофосфан) және 1-3 ай аралықпен әрдайым реиндукциялық ем жүргізу. Ремиссияның 1-2 жылдарында және біртіндеп сиректете

Ферменттер

Slide 18

Созылмалы лейкоздар

Сүйек миының дифференциацияланып жатқан жасушаларынан түзілетін ісіктер.

Ісіктің морфологиялық субстраты- қантүзудің жетілген және жетіле келген жасушалары: промиелоциттер, миелоциттер, метемиелоциттер, таяқша ядролық және сегментядролық нейтрофильдер

Созылмалы лейкоздың миелогенді түрі

Созылмалы лейкоздың лимфогенді түрі

Slide 19

Созылмалы лейкоздың миелогенді түрі:

созылмалы миелоидтық лейкоз

созылмалы моноцитарлық және миеломоноцитарлық лейкоздар

остеомиелосклероз және миелофиброз

эритремия

Созылмалы лейкоздың лимфогенді түрлері:

созылмалы лимфолейкоз

түкті жасушалық лейкоздар

парапротеинемиялық гемобластоздар- Вальденстрем макроглобулинемиясы, миелома ауруы

Slide 20

Клинкалық варианттары

Типті созылмалы миелоидтық лейкоз

Атипті созылмалы миелоидтық лейкоз

Балалардың созылмалы миелоидтық лейкозы

Морфологиялық варианттары

Созылмалы эозинофильдік лейкемия

Созылмалы базофильдік лейкемия

Созылмалы моноцитарлық лейкемия

Созылмалы нейтрофильдік лейкемия

Клиникалық барысының фазалары

Басталу фазасы

Созылмалы стабильді фаза

Миелопролиферациялық акселерация фазасы

Бластық криздің фазасы

Созылмалы миелоидтық лейкоздың жіктемесі

Slide 21

Созылмалы миелоидтық лейкоз- миелопоэздің үш өсіндісіне ортақ( гранулоцитарлық, эритроидтық, мегакариоцитарлық) ізашар жасушасынан туындайтын гемобластоздың түрі.

Клиникасы. - Миелопролиферациялық және асқынулардан болатын синдромдар. Миелопролиферациялық синдромның көріністері:

Интоксикациядан және лейкоздық жасушалардың тарауынан болатын симптомдар( тершеңдік, жүдеу, әлсіздік)

гепатоспленомегалия

Терінің лейкемиялық инфильтраттары

Шеттік қандық, сүйек миындағы лейкозға тән өзгерістер

Slide 22

Асқынулардан болатын синдромдар:

Геморрагиялық диатез

Иммундық жүйенің қорғаныс қорғаныс қасиетінің күрт төмендеуінен туындайтын іріңді- қабыну пройестері

Несепқышқылдық диатез

Slide 23

Созылмалы лимфолейкоз- шеттік қанда жетілген лимфоциттердің көбеюмен, сүйек миының, лимфа түйіндердің, талақтың және өзге ағзалардың лимфацитарлық инфильтрациясымен дамитын клондық лимфопролиферациялық неопластикалық ауру.

Жіктемесі:

В типті созылмалы лимфалейкоздың морфологиялық түрлері:

Ұсақ жасушалық түрі- лимфоциттердің 90% артығы ұсақ лимфоциттер;

Пролимфоцитарлы - 10-15% шамамен

Аралас жасушалық

Клиникалық ерекшеліктеріне қарай :

Типті варианты( баяу немесе тез өрістейтін)

Ісіктік варианты( шеттік лимфа түйіндерінің ұлгаюы)

Талақтық - талақтың ұлғаюы

Сүйекмилық- лимфоаденопатия, спленомегалия болмайды, лимфоидтық гиперплазия сүйек миымен шектеледі

Түкті жасушалық - микроскопиялық зерттеуде протоплазмадан шыққан, түк тәрізді өсінділері бар, лимфоциттері бар.

Slide 24

Емі. Стационарлық емге жатқызу көрсетпелері: жоғары дәрежелі қызба, 150 х 109/л жоғары лейкоцитоз, амбулаториялық емнің тиімсіздігі, аурудың дамуында асқынулардың пайда болуы, адамның өміріне қауіп тудыратын лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Аурудың алғашқы сатысында және қатерсіз дамуында активті ем қажет емес. Жалпы режимді сақтау, күн тиюден, салқын тиюден, дененің қызып кетуінен сақтану керек. Қоректену қалыптағыдай.

Аурудың өріс алған сатысында жалпы ем шараларымен қатар цитостатикалық дәрілер беріледі: хлорбутин (лейкеран) тәулігіне 10-15 мг (ем курсіне 300-400-700 мг), немесе лофенал тәулігіне 0, 6-0, 9-1, 2 (ем курсіне 30-50 мг), немесе циклофосфан тәулігіне 200-400-600 мг ішке қабылдайды, венаға, етке немесе плевра қуысына (курсқа 8-15 г) жіберіледі. Препараттарды күнде, немесе 1-2 күннен кейін береді. Бұл дәрілерден басқа қолдануға болатын дәрілер: дегранол 50-75-100 мг венаға күнаратпа егіледі (курстік дозасы 300-1000 мг), фотрин тәулігіне 5-10-15 мг венаға, етке және қуыстарға жіберіледі (курсіне 80-300 мг) .

Slide 25

Созылмалы миелоидтық лейкоз

Жоғары лейкоцитоз;

Лейкоцитарлық формула пролиферацияланып жатқан және жетілі келген жасушалардың болуы;

Сүйек миының миелоидтық пролиферациясы

нейтрофильдерде сілтілі фосфотаза активтілігінің төмендеуі

Миелоидтық жасушаларда Phхромасоманың анықталуы

Қан түзілу аумағының кенеюі

Спленомегалия және гепатомегалия

Созылмалы лимфолейкоз

лимфатүйіндердің

Бауырдың

Талақтын улғаюы

Шеттік қанда және сүйек миының пунктатында лецкоцитоз, лимфоцитоз болуа

Slide 26

Мейіргерлік көмек

Асқыну қаупі жоғары

- Инфекциялар цитопениясы кезінде ерекше режимнің қажеттілігі

- Геморрагиялық синдром

- Цитостатикалық терапияның асқынулары

* Психологиялық жүктеме

- Жоғары өлім (оның ішінде балалар өлімі)

- Науқастардың депрессиялық жағдайлары

- Емдеудің жоғары құны

* Жиі ұзақ инфузия қажетбарабар тамырларға қол жеткізу (порттар)

Slide 27

Мейіргерлік көмек

Лейкоздағы мейірбикелік процесті терең зерттей отырып, тәжірибеден қорытынды жасаладымедбике жұмысының мақсатына қол жеткізілді.

Жұмыс барысында мейіргер процесінің барлық кезеңдерін пайдалану мейіргер көмегінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні көрсетілді.

Мейірбике процесінің мақсаты-пациенттің тәуелсіздігін сақтау және қалпына келтіру, дененің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қан ауруларына мейірбикелік араласу аясында мейірбике пациентті дәрігердің нұсқауы бойынша ұтымды тамақтану, дәрі-дәрмектерді қабылдау принциптеріне үйретіп, онымен бірге физикалық белсенділіктің дұрыс режимін белгілеуі керек.

Науқасты тері мен шырышты қабаттарға, ауыз қуысына, тырнақтарға, шашқа күтім жасауға үйрету керек.

Мейірбике пациентке психологиялық қолдау көрсетуі керек.

Slide 28

Лейкозға арналған мейірбикелік процесс

Мәселе

Действия медсестры

Сіздің ауруыңыз туралы ақпараттың жетіспеушілігімен байланысты денсаулыққа ықтимал қауіп

Науқаспен оның ауруы, ықтимал асқынулардың алдын алу және өршудің алдын алу туралы әңгімелесу. Науқасты қажетті көркем емес әдебиеттермен қамтамасыз ету

Бұрын қалыптасқан әдеттерге байланысты диеталық өзгерістерді қабылдаудағы қиындықтар

Науқаспен диеталық тамақтанудың аурудың ағымына және қалпына келуіне әсері мен әсері туралы әңгімелесу.

Slide 29

Әлсіздік, бас айналу, жоғары температура салдарынан құлау қаупі; үйлестірудің бұзылуы және аяқ-қолдардың ұюы

Науқасқа жеке гигиена шараларын орындауға көмектесу. Медперсоналмен байланыс құралдарымен қамтамасыз ету

Жүрек айнуы, дәмнің өзгеруі


Ұқсас жұмыстар
Созылмалы лейкоз
ҚАН АУРУЛАРЫ
Жедел лейкоз
КАН ЖӘНЕ ҚАН ТҮЗІЛУДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Онкологиялық ауруы бар науқастардың үй жағдайындағы мейіргерлік күтімі. Лейкоздар. Негізгі себептері. Клиникалық көрінісі. Зертханалық диагностика. Қазіргі терапияның мүмкіндіктері,оның негізгі қағидаттары
Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі
Ісіктердің құрылысы
Лимфа түйіндері
АНТИГЕНДІК ЖҮЙЕЛЕР
Ісік өсуіне әкелетін қауіп - қатерлі ықпалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz