Ақпараттың оперативтілігі
Презентация қосу
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
Тақырыбы: Менеджмент басқарудың ғылыми және
өнері ретінде бақылау қағидалары
Орындаған: Мустафаева К.К
Тобы:В-МІҚқА-01-22(10 ай)
Қабылдаған: Оспанбек А.К
Шымкент, 2023ж
Жоспар
І КІРІСПЕ
ІІ Негізгі бөлім:
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
• Менеджмент - дәстүрлерді, тарихты,
концепцияларды, институттарды, теория мен
практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің
элементі. Басқару проблемасы адамдарды
ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар, т.б.)
басталған кезеңде пайда болды.
Негізгі бөлім
Басқару барысында, ұжым процесі бірнеше бағытқа
дифференцияланады.
1) Құрылымды қалыптастыру, оның ішінде жеке
меңгерушілер үшін мәселелерді шешу, жауапкершілікті
арттыру, мекемелердегі мәселелерді шешуде қызметкерлер
арасындағы өзара қарым-қатынасты формализациялау.
2) 2) Жұмыстарды бөлу, «ұйымдастыру» яғни жұмысты
орындауға қажетті функциялармен іс-әрекеттерді
жоспарлау және анықтау, сонымен қатар бұл
функциялармен іс-әрекетті топтар, сектор, бөлім,
бөлімшелер шеңберінде біріктіру
Басқару барысында Ю.В.Кузнецов пен
В.И.Подлесных ұжым процесін былай
анықтайды:
• - еңбекті бөлудің рационалды формаларын анықтау
• - кадрларды таңдау мен оларды орналастыру
• - басқарудың органдарының құрылымын жасау
• - қызметкерлер, қызметкерлер тобының, бөлімшелерінің арасында
жұмысты бөлу
• - функциялардың, подфункциялардың, жұмыстардың операциялардың
регламентациясы
• - басқару органдарының қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтарын
белгілеу Кез-келген ұжымды құрғанда 3 негізгі кезеңге бөлуге болады -
• Орындалатын жұмыстың сипатын анықтау
• - Менеджменттегі бөлек позициялар арасындағы жұмысты бөлу
• - Менеджменттің позицияларының классификациясы, осы негізде
басқарудың логикалық топтарын құру
• 1. Орындалатын жұмыстың сипатын анықтау. Бұл мәселені шешу үшін
бұл стадияны белгілі бір кезеңге және жұмыс түріне бөлу керек. Мысалы,
жұмысты белгілеу, оларды орындаудағы жұмыс типін есептеу, керек емес
жұмысты жою, процестің іске асуы , қадағалау тексеру.
• 2. Менеджменттегі бөлек позициялар арасындағы жұмысты бөлу. Бұл
кезең өзіне мыналарды қамтиды: нормаларды, стандарттарды анықтау
(мысалы, кез-келген деңгейдегі меңгеруші үшін қызмет міндеттерінің
рұқсат етілетін көлемінің есебі) басқарудағы ғылыми әдіс шеңберіндегі
техникалық, әдіс-айлалар (мысалы, жұмыс уақытын талдау, әдістер мен
еңбек ұйымын зерттеу және т. б.) ұжым шеңберінде жұмыс істейтін
барлық қызметкерлердің толық ынтымақтастығын белгілеу.
• 3. Менеджменттің позицияларының классификациясы бұл логикалық
сызбаларды жасау негізінде құрылады. Бұл жердегі ең маңыздысы
басқарудың элементтері критерийлер бойынша емес, орындалатын жұмыс
түріне топтастыру керек. Бұл әдіс «бейімделу принципі» деген атпен
белгілі (А. Файоль бойынша).
Қызметкерлерді басқарудың қазіргі заманауи
тұжырымдамалары
• Барлық менеджерлер техникалық, коммуникалдық және
аналитикалық білім мен басқару өнерін қажетсінеді.
Техникалық білім және басқару өнерін меңгере алу - бұл
айқын жұмысты жақсы істеудің алғышарттары. Техникалық
өнер әсіресе төменгі сатыдағы менеджерге қажет. Институт
қабырғасында техникалық білімді алады. Коммуникациялық
өнер - бұл әрбір адаммен тіл тауып, оны көндіру. Осы өнер
көбінесе тәжірибе арқылы келеді. Аналитикалық өнер - бұл
ойлап әрбір оқиғадан кейін болатын жағдайын болжау. Бұл
өнер терең білімді және көп жылдық тәжірибені талап етеді.
Жалпы айтқанда, менеджмент процесін үш функцияға бөлуге
болады: а) ұйымдастыру б) жоспарлау в) басқару (нағыз
менеджмент).
Басқару функциясы
• Басқару функциясы - бұл ұжымға тиімді жұмыс
істеткізу. Басқаруға мынадай негізгі жұмыстар кіреді:
тапсырма беру, сол тапсырманы қалай жасауын
көрсету, жұмысты бақылау, қызметкерлердің еңбегін
қабылдау, 11 бағалау, қателерін түзету. Басқару
функциясын атқарғанда, жұмысты жақсы істеткізу
үшін барлық амалдарды іске асыру керек. Осылайша
басқарушы өзі жұмысты қалай істейтіндігі, қалай
еңбекке қарайтындығы бойынша басқа
қызметкерлерге үлгі көрсету керек. Жұмыс барысында
кезегімен бақылау өткізіп отыруға міндетті.
Басқару құрылымы
• Басқару құрылымы - басқару органдары
мен жеке қызметкерлердің жиынтығы,
олардың горизонтальді, вертикальді
байланыстары және белгілі тәртіптегі бір-
біріне бағыныштылығы. Басқару
сатысының артында буындар жиынтығы
әрекет етеді, яғни ол басқару
иерархиясының анықтаған деңгейінде
болады.
Мақсаты
• Менеджменттің ең жоғарғы мақсат -
персоналды басқару жүйесіндегі
кәсіпорынның таза табысы, яғни
адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін
өндірісте қанағаттандыру болып табылады
Персоналды басқару жүйесінде ерекше атап
көрсететін негізгі төрт кезең бар:
• 1. Оперативті басқару кезеңі (кадрлық жұмыс);
• 2. Тактикалық басқару кезеңі (персоналды басқару);
• 3. Стартегиялық басқару кезеңі (адами ресурстарды қолдану);
• 4. Кәсіпорынды басқарудың саяси кезеңі (кадрлық саясатты жүргізуді
бақылау мен дамыту).
• Персоналды басқару - бұл өз қызметкерлеріне сүйеніш болатын,
сонымен қатар, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлер арасында
тиімді саясат жүргізу, қызметкерлер жұмысының атқарылуын еңбек
шарты бойынша әкімшілік бақылау жасау, кәсіподақтармен еңбек
қатынасын реттеу.
• Оның басты мақсаты - ұйымның кадрлық әлеуетінің ұжымдық және кәсіби
бірлігін біріктіру және жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке
мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды
қалыптастыру болып табылады.
• «Кадр» және «персонал» деген ұқсас және мағынасын өзара алмастыратын
түсініктердің кейбір еркшеліктері бар.
• Кадрлар дегеніміз - кәсіптік біліктілік, әлеуметтік-психологиялық,
жыныстық, жастық және басқа құрылымдық бөлшектермен сипатталатын
кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы. Кадрларға тек еңбекке кәсіптік
қабілеті және арнайы кәсіптік дайындығы бар жұмыскерлер ғана жатады.
• Персонал - бұл адамдардың жеке сапаларының күрделі жиынтығы, оның
ішінде әлеуметтік-психологиялық қасиеттері басты рол атқарады, 12
персонал-кәсіпорынның экономикалық және инновациялық кеңістігінің
маңызды бөлігі.
Мотивация басқару функциясының қажетті
элементі
• Мотивация - бұл адамдарды әр түрлі мақсаттарына жетуге,
қажеттіліктерін қанағаттандыруға өзінің барлық потенциалдық
мүмкіндігін салуға жігерлендіретін, ынталандыратын іс
жүргізу теориясы. Адамдардың қажеттілік теориясын
зерттеуші ғалым А.Маслоу - бес категорияға бөледі:
• 1. Физиологиялық - яғни өмір сүру қажеттілігі- бұл тамақ, су,
баспана, демалу және жыныстық қатынастардың қажеттіліктері
және т.б.
• 2. Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік
қажеттіліктері - қоршаған орта тарапынан болатын физикалық
және психологиялық, құықтық қауіп-қатерден қорғану
қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің
қанағаттандырылуы мүмкін
• 3. Әлеуметтік- экономикалық қажеттілік - бұл бір нәрсеге немесе
біреулерге қатысты сезім. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар
өзіне аса маңызды материалдық, қаржылық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға ұмтылады.
• Адамның жеке басының ой - өрісінің дамуына, жанұялық ортасының
кеңеюіне байланысты, оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі.
Осындай себептерден мотивация процесінде адамның қажеттілігі
шексіз.
• 4. Құрметтеу қажеттілігі - өзін-өзі құрметтеу, жеке басының
жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің өзін құрметтеуі, мақұлдауы,
мойындауы жатады.
• 5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін
және жеке басының дамып жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі
Мотивация теориясы
• 1. Үміттену теориясы - белсенді қажеттіліктің болуы
адамдардың мақсатқа жетуінің бірден - бір - мотивациялау
себебі болып саналмайды.
• 2. Әділеттілік теориясы - адамдар жұмсаған күш-
жігерлеріне тиісті көтермелеу бойынша субъективті
бағалап, осы тектес жұмысты басқа адамдар қалай
бағалайтындығын салыстырады. Қазіргі уақытта кеңінен
қолдау тауып жүрген Портер-Лаулер моделі.
• 3. Портер-Лаулер моделі - бұл модельдің негізі -
жұмыскерлердің қажетсінуінің, үміттенуінің және әділетті
көтермелеуінің басты критерийі мотивация болатындығына
негізделеді
• Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру
проблемаларына көңіл бөліп зерттеуде әкімшілік мектептің
келесі бір өкілі ерекше орын алады. Ол әртүрлі ұйымдарды
талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай
ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық,
дәстүрлі және идеалды кезеңдерін ажыратып берді. М.Вебер
ұйымдастырудың аталған түрлерін зерттей келіп, үшінші
кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, "бюрократиялық жүйе
қағидаларын" жасап шығарды. Оларға:
• – нақтылы еңбек бөлінісі;
• – басқару деңгейлерінің жіктелуі;
• – міндеттер бірыңғайлығымен үйлестіріле қажетті ресми
ережелер мен стандарттар жүйесін жасау;
• – әлеуметтік аралық пен әділеттілік;
• – жұмысқа қабылдауда қатаң орын алуы жатқызылад
Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету
• 1. Ақпарат туралы түсінік
• Ақпарат дегеніміз – қайта өңделген мәліметтер немесе мән-мағынасы бар
мәліметтер. Мәліметтерді ақпаратқа айналдыру тұжырымдамалы жүйенің
негізгі элементтерінің бірі – ақпараттық процесс арқылы жүзеге
асырылады. Ол компьютерлік элементтерін немесе олардың
комбинациясын іске қоса алады.
• Деректер ішінен алынатын ақпарат 3 процестен өтеді:
• – алдын-ала белгіленген өткізу қабілеті бар табиғи байланыс жолы;
• – семантикалық фильтр – тезаурус, яғни түсініктердің қалыптасуы;
• – прогматикалық фильтр, мұнда деректердің пайдалылығы бағаланады.
• Әрбір қабат деректердің бір бөлігін сипаттай отырып, кедергі шуылдарды
жоюға тырысады.
Ақпаратты зерттеу негізгі 3 тұрғыдан жүреді:
• 1. Синтактика – оның мазмұны мен құндылығы ауытқи отырып
деректерді, қайта өңдеу мен жеткізу құралдарын өткізу қабілеті мен
табиғи шуылдарды жою тұрғысынан зерттейді.
• 2. Семантика – бұл ақпараттың мазмұны мен көріну формасын
зерттейді.
• 3. Прогматика – ақпараттың пайдалылығы мен тиімділігін зерттеумен
байланысты.
• Басқарудың ақпараттық жағын білу басшыға ақпарат туралы мәліметтер
игеруді қажет етеді. Ақпарат жүйесі дегеніміз - бұл деректерді жинау,
өңдеу және жеткізу мақсатында, олардың толық, дәл және дер кезінде
болуын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер жинағын айтамыз.
Ақпарат жүйесінің жалпы міндеті басқарудағы байланыс тармағының
барлық өнімдеріндегі әртүрлі шуыл дәрежесін сол күйінде жеткізу
болып табылады.
Ақпарат жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай сипаттамалар
қажет:
•
• 1. Ақпараттың дұрыстығы;
• 2. Ақпараттың жеткіліктілігі;
• 3. Ақпараттың оңайлылығы;
• 4. Ақпараттың бір мағыналылығы;
• 5. Ақпараттың оперативтілігі.
• Ақпаратты өндіретін ресурстар арқылы ақпаратты басқаруға болады. Басқаша
айтқанда, енгізу (мәліметтер) мен шығаруға (ақпараттар) жүргізгеннен, енгізуді
және шығаруды түрлендіретін ақпараттық процессорға көңіл бөлген жөн. Бұл
процессорға қондырғылар мен программалық жабдықтау, сонымен қатар және
осы жүйені қолданатын, құратын адамдар да жатады. Фирманың ақпараттық
ресурстарына компьютер, программалық жабдықтау, ақпараттық мамандар,
қолданушылар, қондырғылар, мәліметтер, ақпараттар кіреді. Фирма
менеджерлері бәсекелестік басымдыққа жету үшін ақпаратты қолданғанда осы
элементтің әр қайсысы ақпараттық ресурс екенін мойындаған жөн. Мысалы,
фирма персоналы – бағалы ресурс, оны дұрыс басқарғанда нәтижеге толық
жетуге болады.
Қорытынды
• Қорытындылай келе менеджмент
медицина саласында өте керек мамамдар
өте тапшы , себебі жұмыс беруші
тарапынан қойылатын талаптарды қатаң
сақтай отырып қарым қатынасты қалыпқа
келтіру.
Пайдаланылған әдебиеттер
1..Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру [Электронный
ресурс] : мед. колледждер мен училищелерге арн. оқу құралы / Н. Ю.
Корягина [т/б.] ; қазақ тіл. ауд. А. Р. Куспанова. - Электрон. текстовые
дан. (42.7Мб). - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015. - 432 б. с.
2.Адилова, Л. М. Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері
[Электронный ресурс] : оқу құралы = Алгоритмы сестринских
манипуляций : учеб. пособие / Л. М. Адилова. - Электрон. текстовые дан.
(39.5Мб). - М. : "Литтерра", 2016. - 248б. с.
3.Блохина М.В. "Методика деловой оценки различных категорий
сестринского персонала”//Методические рекомендации для главных
медицинских сестер учреждений здравоохранения// – С.: ГОУ ВПО
СамГМУ Росздрава, 2007.
4.Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып.2. 4.1.
5.Федеральное руководство по использованию лекарственных средств
(формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова,
В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва2005
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz