Аурудың даму



Пневмония, бронхиалды демікпе, бронхоэктаздық аурулар, өкпе эмфиземасы, туберкулез кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік күтім.
Орындаған: Нарымбаева Ж. К
Тобы: В-МІҚқБ-01-22 (10ай)
Қабылдаған: м. ғ. магистрі. Л. Ж. Жақанша
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
Шымкент 2023

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А. Пневмония эпидемиологиясы жіктелуі В. Бронхиалды демікпе, бронхоэктаздық аурулар С. Өкпе эмфиземасы, туберкулез кезіндегі күтім
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Пневмония - бұл респираторлы бөлімдерді қамтитын және интраальвеолдық қабынулық экссудациямен жүретін өкпенің жедел ошақты инфекциялық-қабынулық (негізінен бактериялық) зақымдануы.

Эпидемиологиясы
Пневмонияға өкпе ауруларының 54% келеді.
Пульмонологиялық өлім-жітімнің 2-ші орнын
алады.
Ауруханалық өлім себептерінің 1-ші орнын
алады.
Пневмониядан өлім еңбекке жарамды
жастағыларда 61% дейін жетеді.

Жіктелуі
Аурудың даму жағдайы
Ауырлық дәрежесі
Дерттің орналасуы
Асқынулары ескеріледі

Аурудың даму жағдайы
1. Аурухадан тыс пневмонияны (синонимдері: үйішілік, коммуналды, емханалық) .
2. Ауруханалық (ауру науқастың стационарға түскеннен кейін 48 сағаттан соң немесе ауруханадан шыққаннан кейін 4 апта ішінде дамығанда) (синонимдері: нозокомиалды, госпиталды) .
3. Аспирациялық пневмонияны.
4. Иммундытапшылық пневмонияны (туа біткен иммунодефицит, ЖИТС-инфекция, ятрогенді иммуносупрессия) .

Ауырлық дәрежесі
1. Интоксикациялық синдром айқындылығы бойынша. Дене қызуының 1 градусқа жоғарылауы ЖСЖ 8-10 соққыға, ТАЖ 2-3 тынысқа өсіреді. Сана бұзылысы интоксикациялық синдром ауырлығының куәсі. Интоксикациялық синдромның зертханалық көрсеткіштері: лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі, қабыну көрсеткіштерінің өсуі, ШТҚҰ маркерлері.
2. Тыныс жеткіліксіздігінің айқындылығы бойынша. Клиникалық (тахипноэ, цианоз) және параклиникалық (оттегі сатурациясының төмендеуі, көмірқышқыл газ сатурациясының және кернеуінің жоғарылауы) .
3. Асқынулардың дамуы бойынша: пневмонияның ауырлығын көрсетеді.
4. Зақымданудың ауқымдылығы бойынша: R деректерге сүйеніп

Жіктеудің 3-ші кезеңі: Пневмонияның орналасуы және ауқымдылығы физикалды және рентгендік мәліметтерге сәйкес анықтау
Оң жақтық төменгі бөліктік пневмония
Оң жақтық төменгі бөліктік пневмонияның 14-ші күні

Пневмонияны анықтау
Рентгенде пневмонияның орналасуын өкпелік алаңдар бойынша анықтайды. Бұғанадан жоғары бөлімдер өкпе ұшы, жүрек ұшынан 2-ші қабырғаға дейін - жоғарғы бөлік, 2-4 қабырғааралықта - ортаңғы бөлік, 4-ші қабырғадан диафрагмаға дейін - төменгі бөлік. Фронталды кескін бойынша өкпе бөліктерін анықтау қиын, себебі өкпе бөліктері біріне-бірі қабаттасады. Өкпе бөліктерін латерограммада анықтаған жеңіл.

Жіктеудің 4 кезені: Пневмония асқынулары. 2 топқа бөлінеді:
1. Өкпелік асқынулар;
- парапневмониялық плеврит
- плевра эмпиемасы
- өкпе абсцесі және гангренасы
- өкпе деструкциясы
- дистресс-синдром
- өкпе сусіңділенуі
2. Өкпеден тыс асқынулар:
- инфекциялық-уытты шок
- жедел өкпелік жүрек
- миокардит, эндокардит, перикардит
- менингит, менингоэнцефалит
- перитонит
- сепсис
- ШТҚҰ-синдром
- психоздар

Пневмонияның емі
Аминогликозидтерді ауруханадан тыс пневмонияны емдеуді қолданбайды.
Нитроимидазолдар ауруханадан тыс және ауруханалық пневмонияның емінде қолданылмайды.
Клеткаішілік патогендерде (хламидия, легионелла, микоплазма) - макролидтер, фтрохинолондар, доксициклин, рифампицин.
Иммундық тапшылықтағы пневмонияны стационарда а/б максималды мөлшерлерін п/э жолмен емдейді: цеалоспорин III ұрпағы - цефеперазон (гепацеф) ; цефтазидим (цефтум) ; цефтриаксон; аминогликозидтердің III ұрпағы - амикацин; қосымша - интерферон, иммуноглобулин.

Брониалды демікпе
Бронхты демікпе- тыныс алу жолының созылмалы ауруы, патогенетикалық механизмі бронхтардың гиперреактивтілігіне, қабынуға негізделген, негізгі клиникалық белгілері - бронхоспазм нәтижесінде тұншығу ұстамасы (экспираторлы сипатты), бронхтың шырышты қабықшасының гиперсекрециясы мен ісінуі.

Даму себептері
аллергиялық факторлар-тағамдық
дәрілік аллергендер
өсімдік тозаңдары
жануарлар жүні
вирустар
саңырауқұлақтар т. б.

Ауырлық дәрежесіне байланысты
Эпизодты демікпе, қысқа уақытты және сирек түнгі ұстамалар.
Жеңіл дәрежелі үздіксіз-қайталамалы демікпе, симптомы аптасына 1 немесе одан көп және күнделікті емес, түнгі симптомдар айына 2 реттен көп.
Орташа дәрежелі үздіксіз-қайталамалы демікпе, симптомдар күнделікті, түнгі симптомдар аптасына 1 реттен көп, демікпенің асқынуы физикалық белсенділік және ұйқыны бұзады.
Ауыр үзіліссіз - симптомдар үнемі және тәулік бойы, жиі өршитін.

Клиникалық көрінісі
Науқастардың көбінде бронх демікпесі созылмалы ағымда кездеседі және физикалық күш түскенде үдейтін, тұрақты қиналдыратын ысқырықты тыныс және ентігумен сипатталады. Кезеңді түрде өршу тұншығу ұстамасының туындауымен байқалады. Аз мөлшерде ашық түсті, қою, кілегейлі қақырықты жөтел пайда болады. Көбіне ауырудың өршуі мен тұншығу ұстамасының туындауындағы маңызды рольді тыныс алу мүшелеріндегі инфекциялық - қабыну (жіті респираторлы-вирусты инфекциялар, созылмалы бронхиттің өрлеуі) үдерістері алады.

Емдеу әдісі
, тәулігіне 10-15 мг-нан 300-400 мг дейін;
Ингаляция түрінде (беклометазон дипропионат, будесонит, триамсиолона ацетонид, флунизолид, флутикозана припионат)
Стеройдты емес қабынуға қарсы дәрілер:интал, задитен, тайлед.
Бронхолитиктер: сальбутамол, беротек, тербуталин және т. б.

Бронхоэктаздық аурулар
Бронхоэктаз ауруы - көптеген бронхтардың жергілікті кеңеюімен және іріңді эндобронхитпен көрінетін патология.
Бұл аурудың басты белгісі - шашыраңқы‚ көбіне өкпенің төменгі бөліктерінде орналасқан бронхоэктаздар.

Бронхоэктаздар бронхтар қабырғасының туа немесе жүре пайда болған кемістігінен дамиды
Біріншілік - бронх қабырғаларының туа кемістігінен балалық шақтан дамыған бронхоэктаздар.
Екіншілік - өкпенің пневмосклероз ошағында‚ бронхтардың деформациялануынан дамитын бронхоэктаздар (туберкулездік каверна‚ өкпе іріңдігінен кейін‚ созылмалы пневмонияда‚ т. б. ауруларда) .

Этиологиясы
Гендер кемістігі (шеміршек, бір салалы бұлшықет тінінің өкпе бөлігінің немесе сегментінің гипоплазиясы) .
Иммундық‚ ферменттік жүйенің туа немесе жүре біткен кемістіктері (аглобулинемия‚ ІgA‚ ІgG‚ 1-антитрипсин тапшылығы‚ муковисцидоз‚ бронхтар амилоидозы) .
Бронхтардың ұзақ және қатты жөтелмен жүретін аурулары (көкжөтел‚ созылмалы бронхит‚ зиянды кәсіптік ықпалдар, бөгде денемен обтурациясы) .

Клиникалық көрінісі
Ауру 5-25 жас аралығында басталады.
Негізгі белгілері - жөтел‚ ауызды толтыра іріңді қақырық тастау‚ пневмониямен жиі ауыру. Жөтел дене қалпын өзгерткенде күшейеді. Қақырықтың тәуліктік мөлшері өршу кезінде көбейеді‚ әдетте 30-500 мл шамасында.
Әсіресе таңертеңгі уақытта қақырық мол бөлінеді‚ қақырық іште іркілгенде иісі сасық болады.

Емі
Антибактериялық ем.
Аурудың өршуінде антибактериялық емді бронх іші секретінің бактериялық себіндісін жасап‚ қоздырғыштың түрі мен антибиотиктерге сезімталдығын анықтағаннан кейін жүргізеді.
Бронхоэктаз ауруында ең тиімдісі - дәрмектерді бронхоскоппен бронх ішіне жіберу.
Ем үшін кең спектрлі антибиотиктерді - жартылай синтезделген пенициллиндерді‚ цефалоспориндерді‚ аминогликозидтерді‚ тетрациклиндерді‚ хинолондарды қолданған дұрыс.

Өкпе эмфиземасы
Өкпе эмфиземасы - альвеолалар қуысының кеңеюімен және альвеолалар мен респирациялық бронхиолалар қабырғаларының деструциялық бұзылыстарымен сипатталатын патологиялық процесс.

Клиникалық сипаты
Салмағы төмен
Бетінде әжімі мол
Тахипное
Тері түсі қалыпты
Күбі тәрізді кеуде
Қысқа мойын
Көтерілген иық,
Қабырғалар мен бүғаналардың горизонтальді орналасуы,
Қабырғааралықтарының кеңеюі,
Эпигастрий бүрышының доғалануы.

Емдеу бағыты
Емнің негізгі бағыттары:
бронхолитиктік ем (басым қолданылатын теофиллин және антихолинергиялық дәрмектер - теотард, теодур, атровент, т. б. ) ;
біріншілік эмфиземада, протеолиз ингибиторлары қолданылады - контрикал 20 000 Б., гордокс 100 000 Б., 200 мл натрий хлориді изотониялық ерітіндісіне қосып вена ішіне тамшылатады; осы мақсатта аминокапрон қышқылының 5% ерітіндісінің 100 мл, жаңа тоңазытылған плазма трансфузиясы көрсетіледі.

Хирургиялық емдеу
Буллэктомия
Өкпе көлемін хирургиялық редукциялау
Өкпе трансплантациясы

Туберкулез
Туберкулез (лат. tuberculum - төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау - адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы - микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р. Кох (1843 - 1910) ашты (1882) . Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 - 10, ені 0, 2 - 0, 6 мкм.

Негізгі белгілері
1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел
2. Шаршау және әлсіздік
3. Дене салмағының төмендеуі
4. Температураның ұзақ көтерілуі
5. Түнде тершеңдік
6. Кеуде қуысындағы ауырсыну
7. Қан түкіру

Эпидемиологиясы
Зарарлану - Манту сынамасы көмегімен тексерілген жалпы адамдар санына шаққан, туберкулинге оң жауап берген адамдардың пайызы.
Аурушаңдық - 1 жыл ішінде 100 мың тұрғылықты халық санына шаққанда, белсенді туберкулезбен ауратын адамдардың алғаш рет анықталған адамдар саны.
Өлімділік - бір жыл ішінде 100 мың халыққа шаққанда, туберкулезден және оның асқыну салдарынан қайтыс болған науқастар саны.

Мониторинг
Туберкулез жұқпасының таралуын және туберкулезге қарсы шараларды болдырмау үшін үнемі мәліметтер жинау және оларды талдау - мониторинг жүргізіледі. Статистикалық мәліметтердің қол жетімділігі және басқару шешімін жедел қабылдауға қол жетімді мәліметтер алуды жүзеге асырады.

Негізгі емі
Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 - 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т. б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

Алдын алу
1. Салауатты өмір салты. Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы - күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz