Созылмалы бүйрек қабынуы



Цистит, пиелонефрит, гломерулонефрит, бүйрек ауруларындағы мамандандырылған мейіргерлік көмек
Орындаған: Нарымбаева Ж. К
Тобы: В-МІҚқБ-01-22 (10ай)
Қабылдаған: м. ғ. магистрі. Л. Ж. Жақанша
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
Шымкент 2023

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А. Цистит ауруы В. Пиелонефрит ауруына түсініктеме беру С. Гломерулонефрит, бұйрек ауруларына көмек көрсету
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Бүйрек - ағзадағы негізгі фильтр. Несеп арқылы тағамның қалдығын, дәрі мен тұзды сыртқа шығарады. Егер бүйректе кінәрат болса, онда қызметін атқара алмай, денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Ал бүйректің саулығы жақсы болса онда бір минуттың ішінде 200 мл қанды фильтрден өткізуге қабілетті келеді. Кейбіріміз бүйрек ауруын бел ауруымен шатастырып, уқалап масаж жасап немесе қыздыратын мазь жағып, өз бетімізше емдеуге әрекет етеміз. Алайда ауыратын нүктені нақты анықтап алып, ем жасамасаңыз, соңы айықпас дертке ұласуы ықтимал.

Цистит
Цистит-қуықтың шырышты қабатының қабынуы.

Клиникалық белгілері
Кіші дәретке барғанда үрпіде ауырсыну сезімі туындайды;
Кейде зәр мүлдем тоқтап қалады;
Зәрде микро-макрогематурия болады;
Ірің болса лайланады;
Дене қызуы көтеріледі.

Алғашқы көмек
Жедел цистит кезінде науқасқа төсектік режимді қамтамасыз ету керек. Көп мөлшерде сұйықтық, зәр айдайтын әсері бар сусындар ішу өте маңызды. Ауру сезімін азайту үшін жылытқыш немесе ыстық суы бар бөтелкені қолдануға болады. Егер клиникалық белгілері екі-үш күн ішінде жойылмаса, онда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Асқынулары
Жүре пайда болған несепағар сағасының жетіспеушілігі;
Созылмалы бүйрек қабынуы;
Бүйрек семуі;
Бүйрек жетіспеушілігі;
Нейрогенді қуық;
Қуықтың жалған қалталары;
Уретромеатостеноз;
Зәрді ұстай алмау.

Қуыққа микроорганизмдер әр түрлі жолдармен өтуі мүмкін:

Жіктелуі

Циститтің дамуына алып келеді:
қуықтың аурулары: тонусының төмендеуі, ісіктер, тастар және т. б. ;
гинекологиялық және урологиялық аурулар;
жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар, жұқпалы аурулар;
егде және қарттық жас;
иммунитеттің төмендеуі;
жүктілік;
жиі дұрыс емес, тар, синтетикалық киімді, колготкаларды кию;
жеке гигиенаны сақтамау.

Циститті емдеу
1. Науқасқа төсектік режим тағайындалады
2. Антибиотикотерапия
3. Фитотерапия
4. Уросептиктер
5. Қуыққа инстилляция 0, 4-2% протаргол немесе колларгол ерітінділерімен жасау

Пиелонефрит
Пиелонефрит - бүйректің түбекшесін, тостағаншаларын, милы және қыртысты затын қамтитын бейспецификалық-инфекционды қабыну үрдісі.

Пиелонефриттің дамуы
Пиелонефриттің дамуына бүйрекке бактерияның енуі және зәрдің зәр жолдары арқылыдұрыс ағуына кедергінің болуы әсер етеді. Микробтар гематогендік, лимфогендік және зәр жолдары арқылы енеді. Бактериялар бүйрекке түскенмен, бірден оны қабындырып жібере алмайды, себебі бүйрек жасушаларының микробқа қарсы иммунитеті сау бүйректе жоғары дәрежеде болады, тек әлсіреген бүйректе ғана микробтар қабыну үрдісін туындата алады. Аурудың дамуына қолайлы қосымша жағдайлар витамин жетіспеушілігі, бала денесінің тоңазуы, тұмаумен ауыруы, қатты шаршауы, жұқпалы аурулармен сырқаттануы, жалпы иммунитетінің төмендуі болуы мүмкін.

Түрлері
Біріншілік дамитын пиелонефрит деп зәр жолдарында туа біткен кемістік кеселдері жоқ, зәрдің кедергісіз ағуы бұзылмаған бүйрек қабынуын айтады.
Екіншілік дамитын пиелонефрит деп бұрыннан зәр жолдарының нефроннан бастап, үрпісінің сыртқы тесігіне дейінгі бөліктерінің бірінде зәрдің ағып шығуына кедергі жасайтын, іштен туа біткен кемістік кеселдері бар немесе функциялық өзгерістері бар бүйректің қабынуын айтамыз.

Клиникалық белгілері
Пиелонефрит көбінесе бүйрек шаншуы ұстағаннан кейін, немесе зәрі кенеттен тоқтап қалғанда дамиды. Оның 80% іріңді болады және клиникасы ерте басталады, сондықтан диагноз қою оңай болады.
Науқастың денесі қатты қалтырап, қызуы 40°С-қа дейін көтеріледі;
Тер моншақтап ағып, денесі әлсізденіп, басы ауырып, төсек тартып жатып қалады;
Тілі құрғайды, көзінің ағы сарғыш тартады, бауыры үлкейеді;
Зәрдің мөлшері азаяды немесе мүлдем жоғалады, кейде қанмен араласып шығады;
Қан құрамында қалдық азот жоғарылайды;
Бүйректің ауруы күшейе түседі.

Диагностикасы
Жалпы қан талдауы: Лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы;
Жалпы зәр анализі: Зәрдің сілтілі реакция көрсетуі (рН 6, 2-6, 9), себебі бактериялар өмір сүргендегі әртүрлі заттарды бөлуі, сонымен қатар бүйрек каналшаларының сутегі ионын экскрециялауының бұзылуы нәтижесінде
Нечипоренко бойынша зәр талдауы: Лейкоциттердің мөлшері жоғарылап, эритроциттерден көп болуы;
Зимницкий бойынша зәр талдауы: Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі, түнгі диурездің көбеюі.
Зәрді бактериологиялық зерттеу: 1 мл зәрде 10*5 дәрежелі мөлшерде болуы инфекцияның бар екеніне көрсеткіш.

Емі
Қатаң төсектік режим;
Диета;
Бүйрек тырыспасын кетіретін, ауырсынуды басатын дәрілер тағайындалады;
Қабынуға қарсы кең спектрлі антибиотиктер мен сульфаниламидтер және нитрофуранды қосып берген тиімді;
Бүйрек қабынуы тоқтамаса, ол іріңді пиелонефритке айналады. Мұндай жағдайда дереу операция жасауға тура келеді. жасалатын операция аурудың ауырлығына байланысты тез және оңай тәсілмен жасалуы тиіс.
Операция түрі операция үстінде анықталады.

Гломерулонефрит
Гломерулонефрит (Glomerulonephritis - бүйрек шумақтары + қабынуы) - Бүйрек шумақтарының екі жақты жайылмалы иммунды ауруы.

Этиологиясы
Басты себебі - А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3-4-ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12-ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады. Бұдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен НВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғышы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының тромбозы. Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады. Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллигген, стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды.

Клиникалық көрінісі
Гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі - ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан) . Кейде кабақтар аса ісінгенгенде көз жасы еріксіз ағады. Денесі болбыр толық адамдардың жалпы ісінуі сырттан карағанда кейде байқалмайды. Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезінеді. Науқастардың көбі сауығу кезіндегі зәрдің көптеп бөлінуіне, соншама сұйықтықтың жиналғандығына таңқалады.

Себептері
Генетика, яғни ол отбасында жүреді (бұл сирек) .
Анти-ГБМ ауруы (бұрынғы Гудпастер синдромы), өкпе мен бүйрекке әсер ететін аурулар тобы.
Екіншілік эндокардит, жүрек қақпақшаларының инфекциясы.
Стрептококк, АҚТҚ немесе С гепатиті сияқты басқа вирустық инфекцияларға екіншілік.
Дененің сау бөліктеріне шабуыл жасайтын иммундық жүйенің проблемалары, мысалы, қызыл жегі.
Полангиитпен грануломатоз (бұрынғы Вегенер ауруы), микроскопиялық полиангиит, Генох-Шенлейн пурпура немесе полиангиитпен эозинофильді гранулематоз (бұрынғы Чург-Сраус синдромы) сияқты қан тамырларын қабындыратын сирек аурулар.

Диагностикасы
Зәр анализі: Бұл сынақ зәріңізде ақуыз немесе қан бар-жоғын анықтайды.
Қан сынағы: Бұл сынақ қаныңыздың үлгісіндегі креатинин деңгейін (бүйрек арқылы сүзілген қалдық өнім) өлшейді.
Бүйрек биопсиясы: Бүйрек биопсиясы үшін медициналық қызметкер бүйрек тінінің кішкене бөлігін алып тастау үшін инені пайдаланады. Тін микроскоппен зерттеледі.
УДЗ: Ультрадыбыстық бүйректің мөлшерін тексереді, бітелулерді іздейді және кез келген мәселелерді анықтайды.

Этиологиялық емі
Егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жіті гломерулонефрит белгілі бір инфекцияның салдарынан күмәнсіз дамыса, мәселен жуық арада болып өткен стрептококктық инфекциядан кейін онда антибактериялық емді қолданады. Қолданатын антибактериялдық дәрмектер бүйрскке уытты әсер етпеуі тиіс. Көбіне қолданылатын - пенициллин 500 000 Б 4 сағат сайын 10-14 күн немесе оның жартылай синтезделген аналогтары, немесе эритромицин. Тонзиллоэктомия жасау үшін оның көрсеткіштері айқын болуы тиіс. Егер тонзиллоэктомияны жасау қажет болса, оны жіті гломерулонефриттің басталуынан 12 ай өткен соң жасауға болады.

Диетотерапия
Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз емдәм үсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне) .

Бүйрек құрылымы мен қызметі
Бүйректер массасы 260-280гр
негізгі құрылымдық бірлігі нефрон, олардың саны әрбір бүйректе милионға жетеді.
Шумақ капиллярынан күніне 1500л қан өтіп, 150л алғашқы несеп түзіледі.
Ол бүйрек өзекшелерінен қайта сорылып 1, 5 л соңғы несеп түзіледі.

Бүйрек
Ақуыздың алмасуын реттейді;
Гормонды синтездейді;
Қан қысымын қалыпты ұстайды;
Кальций элементі мен Д дәруменінің ағзаға сіңуін қамтамасыз етеді.

Бүйректің организмдегі маңызы
1- Азот алмасуының ең соңғы өнімдерін бөліп шығарушы ағза.
2- Ішкі орта тұрақтығын, әсіресе қышқыл -сілтілік тепе- теңдікті реттеуге тікелей қатысады.
3- Бүйрек шумақтарында (гломерулалы аппаратта) қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарады.

Бүйрек ауруы
1827 жылы Брайт бүйрек ауруларын -дененің жалпы ісінуімен, альбуминурия, гематурия, жүрек гипертрофиясымен сипатталатын -, ауру деп алғаш рет сипаттаған, сондықтан бүйрек ауруларын Брайт сырқаты деп атап кеткен.

Бүйрек ауруына
Нашар экология;
Лас ауа мен ауыз су;
Тағаммен бірге түсетін улы заттар;
Дәріні шамадан артық қабылдау;
Жағымсыз әдеттер;
Дұрыс тамақтанбау;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz