Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім этика және деонтология




Презентация қосу
Тақырыбы: Паллиативті көмек пен мейірбикелік
күтім этика және деонтология

Орындаған: Каирбекова М. Н
Тобы:В-МІҚқА-01-22(10 ай)
Қабылдаған: Оспанбек А.К

Шымкент, 2022ж
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Паллиативті көмек
Мейірбикелік деонтология
Мейірбикенің міндеттері мен құқығы:
Емделушіні бақылау бойынша мейірбикенің күнделігінің үлгісі
Медициналық деонтологияда қарым-қатынастың үш
аспектісі
Мейірбике ісінің этикасы ғана емес сонымен қатар
коммуникативтік негіздері де қаралады
Мейірбике науқаспен ғана емес,оның туған-туысқандарымен
қарым –қатынас
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе

Паллиативті көмек - деген өмірмен қоштасуға
уақыты аз ғана қалған пациенттердің өмір сүру сапасын
жақсарту.
• Оның ішінде пациенттерге және олардың жақындарына
психологиялық қолдау көрсету.
• Жалпы паллиативті көмектің негізгі мақсаты өмірден
үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқан адамдарға жарық
дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріпе мейірім
сыйлауға, тән азабын сездірмей ажалды саналы түрде қарсы
алуға септігін тигізу болып табылады
Негізгі бөлім

• «Паллиативті» термині латынның «pallium»: «бет
перде» немесе «жамылғы» деген сөзінен шыққан.
Бұл паллиативті көмек дегенді білдіреді: тегістеу
– емделмейтін аурудың көрінуін жасыру немесе
«қорғансыз» қалғандарды қорғау үшін сыртқы
қабатын жамылғымен қамтамасыз ету
• Қазіргі уақытта паллиативті көмек -
медициналық және әлеуметтік қызметтің
маңызды бағыты. Оның мақсаты
физикалық, психикалық, рухани – басқа да
симптомдарды және ауырсынуды тоқтату,
мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында
алдын алу және қайғы - қасіреттерді
жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар
мен олардың отбасының өмір сапасын
жақсарту
• Медицинадағы деонтология биоэтиканың бір саласы, оның
мәні медициналық қызметтің барлық салаларында
гуманизмнің көрінісі болып табылады. Этика және
деонтология медицина қызметкерінің пациентке, қоғамға
қатынасын және медицина қызметкерлерінің өзара қарым-
қатынасын анықтайды. Деонтология – мораль мен өнегелілік
мәселелері туралы ілім, этика бөлімі.
Медициналық этика
• Медициналық этика – бұл медициналық
қызметкерлер өздерінің кәсіптік міндеттерін
орындау барысында сақтауға міндетті
өнегелілік нормаларының үйлесуі түсініледі.
• Бұл ретте медициналық этика
медициналық деонтологиямен – этиканың
тарауы болып табылатын, мораль мен
өнегелілік проблемалары туралы іліммен
тығыз түйіседі.
• Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың
өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп
тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының
алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да
жауапкершілікте. Сондықтан-да, медицина
қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен
міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби
шеберлік иелері болумен қатар
бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық,
психологиялық өзгерістерді көретін,
байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн.Олар
ұстамды, өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара
білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар
болуы тиіс.Оның ішінде әлбетте мәдинеттілікті сақтауға
баса мән беріледі. Бұл бағытқа тоқталар болсақ, медицина
қызметкерлерінің мәдени тәртіптілігін екі түрге бөлуге
болады:
Медициналық деонтология
• Медицинадағы деонтология этикасы – этиканың
бір бөлігі, оның мәні адамның басқа адам мен
тұтастай қоғам алдындағы міндеті туралы ілім
болып табылады. Осылайша, деонтологияның
теориялық негізі медициналық этика болып
табылады, ал деонтология медициналық
қызметкерлердің іс - әрекеттерінде көрінеді,
медициналық-этикалық қағидаларды практикалық
қолдану болып табылады.
Медициналық деонтологияда
қарым-қатынастың үш аспектісі

• медицина қызметкерлерінің науқастармен
өзара қарым-қатынасы; медицина
қызметкерлерінің науқастың туыстарымен
қарым-қатынасы; медицина
қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы.
Медбикенің этикасы мен
деонтологиясы ерекше мәнге ие.
• Медициналық бике кәсіптік қызметінің көпшілік бөлігін
пациентпен өткізеді, бұл ретте ол басшылық, тәрбиелік,
ағартушылық жұмысты да орындауы тиіс. Емдеу
мекемесіне келіп түскен пациент үшін емдеу ғана емес,
сондай-ақ оны медициналық қызметкерлердің қалай қарсы
алғаны да маңызды. Емдеу мекемесі
жағдайларында пациенттің медициналық персоналмен,
атап айтқанда медициналық бикемен бірінші қарым-
қатынасының ерекше қағидаттық маңызы бар; нақ сол
бике бұдан кейінгі өзара қатынастарды – сенім немесе
сенімсіздік, іш тату мен жек көру сезімін, серіктестік
қатынастардың болуын немесе болмауын анықтайды.
• Медбикенің даралығы, оның жұмыс
әдістері, пациенттермен араласа білуі,
олармен психологиялық жұмыстың
техникасын меңгеруі – бұлардың бәрі
өзінен-өзі сауықтырушылық әсер ететін
дәрі қызметін атқаруы мүмкін.
• «Медбике – пациент» өзара қатынастарын
құру кезінде медициналық бике
жұмысының жеке стилі мен жеке
ерекшеліктері үлкен маңызға ие болады.
• Медицинадағы деонтология медбике жұмысында өте
маңызды, ол белгілі бір қасиеттердің болуын қажет етеді.
Медбикенің маңызды жеке қасиеттері:
• шыдамдылық пен шыдамдылық;
• мейірімділік пен достық;
• жауапкершілік;
• дәлдік;
• әдептілік;
• кішіпейілділік;
• ұқыптылық;
• адалдық;
• коммуникабельділік;
• эмоционалдық байсалдылық.
Мейірбикенің міндеттері мен
құқығы:
Науқас адамға дер кезінде диагноз қою, оны дұрыс емдеу, жақсы
күту – оның ерте айығуына барынша септігін тигізеді. Науқасқа жалпы
күтім жастау кезінде мейірбикелер мынандай міндеттерді атқарады:

Науқас адам ауруханаға түскеннен кейін, қажет болған жағдайда оған көмек
көрсетілуі керек және мейірбике санитарлық-гигиеналық шараларын
жүргізіп, антропометриялық өлшемдер жасауы тиіс;
Сырқаттың «ауру тарихына» орындалған процедураларын, өлшенгенде
алынған мәліметтерді түсіреді;
Жаңадан келіп түскен науқасты бөлімшенің ережелерімен таныстырады және
сол ережелердің орындалуын бақылайды
• Бөлменің тазалығын тексеріп, оның ауасын
тазартып отырады;
Науқастардың қызуын өлшеп, қағазға
түсіреді, артериялық қысым, қан
тамырларының соғысын тексереді және бір
тәуліктегі диурез мөлшерін өлшейді.;
Ауыр науқастардың жеке басының
тазалығын қадағалап, олардың төсек-
орындары мен іш киімдерінің уақтылы
ауыстырылып тұруын бақылайды;
• Науқас адамның халі нашарласа немесе
басқа бір өзгеріс болса, сол бөлімнің
дәрігеріне немесе кезекші дәрігерге
хабарлайды;
Аға мейірбикеге дер кезінде бөлімшеге
қажетті дәрі-дәрмектерге талап қағазын
толтырады
Дәрігердің сырқаттарды аралауына қатысып,
олардың жағдайларын хабарлап, әрі қарай
қалай оларды күту және емдеу туралы
емдеуші дәрігердің нұсқауларын алады;
• Кезекшілікті тапсырғанда, кезекшілікті қабылдаған мейірбике
бөлмедегі науқастардың әрқайсысына берген дәрігердің
ұйғарымдары мен тағайындағандарының бәрін айтып тапсыруға
және аруханадан шығатын науқастар туралы мәлімдеме беруге
міндетті;


Дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтауды, наркотикалық дәрмектерді
қолдануды және оны есепке алуды білуі тиіс;


Науқас адамның халі нашарлаған жағдайда дәрігер келгенше
жедел жәрдем көрсетуі қажет;


Науқастардың ортасында үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын
жүргізу жүктелген;


Өзінің кәсіптік мамандығын және еңбек өнімділігін жоғарлату
жолын- да әрдайым ізденіспен жұмыс істеу; /20/
• Мейірбике ісінің этикасы ғана емес сонымен қатар коммуникативтік
негіздері де қаралады
Бір-бірімен тілдесу – бұл адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық процесс. Тілдесу
немесе ыммен ақпарат алысу арқылы түсінісу заңды құ- былыс, соңғы жылдары тілдесу
арқылы түсінісу ғылымда «коммуникация» терминімен алмастырылып отыр;
«Коммуникация» — бұл тілдесу (вербальды) және тілдеспей, ыммен түсінісу
(вербальсыз) ақпарат алысу.;
Вербальды ақпарат–сөйлем арқылы түсінісу немесе сезімді,ойды,байқағандарын жазу арқылы
жеткізу. Вербальсыз ақпарат – ақпаратты сөз құрамдарынсыз немесе жазбай-ақ жеткізу;
Коммуникацияның негізіне– бірге қиналыс білдіру,сыйлау мен шынпейілділік, өзара
түсіністікті жеңілдететін факторлар жатады. Мейірбике үшін бұл процесстің мақсаты
науқастың бойында қалған құпияны зерттеп- білу болып табылады. Осындай оқып –
зерттеудің, білудің нәтижесінде науқас жайында, сондай-ақ өзі жайында да хабардар бола
алады;
Мейірбике ісіндегі тілдесу – науқасқа жеке әсер етіп,
оның денсаулығын жақсарту арқылы
өміріне өзгеріс әкелуі мүмкін;
• Ол үшін мейірбикеден арнайы білім мен іскерлік талап
етіледі. Мұндай кезде науқастың денсаулығы жағдайы, оның
физиологиялық және психологиялық жағдайы ескерілуі қажет

Науқасқа мүмкіндігінше үлкен көмек беріп, қолдауы үшін
мейірбике коммуникативті және кәсіби білімі жоғары болуы
тиіс. Науқастарды дұрыстап тыңдай білгені, оның қиналысына
түсіністікпен қарап, қамқорлық танытып, қойылар сұрақтарға
мән бергені жөн;

Науқаспен және оны күтумен айналысып жүрген барлық
адамдармен дұрыс тілдесуі керек. Мейірбикеден оларды сыйлау
және жазылып шығамын ау деген сеніміне түсіністікпен қарау
талап етіледі. Сонда ғана науқастар өздерінің жазылатынына
сенім ұялатып, жаңа жерге қалыптасу процессі тез жүрмек; /15/
Мейірбикенің өз ықыласымен және өз ойымен
қабылдаған,дәрігердің талабынсыз жүзеге асырылатын іс-
әрекеттер
• .

Мысалы:
Емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету;

Емделушінің сырқатына деген жауабын және оған бейімделуін байқау;

Емделушінің емге деген жауабын және оған бейімделуін байқау;

Емделушіні емдеу тәсілдеріне және өзін-өзі күтуге үйрету ;

Емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;

Емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын қалпына түсіру жөнінде нұсқау беру;

Емделушінің өз күші мен мүмкіншілігіне сендіру үшін күтім шараларын жоспарлау;

Емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;»
Күтімнің нәтижесін бағалау
• Емделушіні күту сапасы мен нәтижесін мейірбике
үнемі белгілеп отырады:
мақсатқа жетудегі табыстарды бағалау;


емделушінің стационарда жатқанына жауапты
реакциясын тексеру;


жаңа проблемаларды белсенді іздестіру және оны
бағалау.»
Емделушіні бақылау бойынша мейірбикенің
күнделігінің үлгісі
Мейірбике науқаспен ғана емес,оның туған-
туысқандарымен қарым –қатынас
• Мейірбике науқаспен ғана емес,оның туған-туысқандарымен қарым –
қатынасқа кіреді.Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік
бабы шеңберінен шықпауы керек.Орта буын медицина қызметкерлері
науқастың туған-туысқандарымен қатынасы кезінде айқындалған әдептілікті
талап етеді.Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина
қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек.Туысқандардың пікірлері
науқасқа әсер етеді,жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудырады және
психикалық жүйкесімен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін мед
қызметкерлер есепке алуы керек.Мед қызметкерлер науқастың жазылмас дерт
ауруын немесе нашарлық жағдайын жасырмай,түсінікті түрде оның
туысқандарына хабарлауы керек.Бірақ,олардың арасында ауру адамдар болуы
мүмкін,сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтық пен әдептілікті
білдіру
Қорытынды
• Қортындылай келе мейірбикенің поллиативті ауруларды
симптоматикалық ем-шараларды уақытында орындалуын
қамтамасыз ету қажет. Медициналық көмек пациенттің немесе
заңды өкілінің хабардар етілген жазбаша келісімін алғаннан
кейін берілуі тиіс. Пациенттің медициналық ұйымда болған
уақытында қызметкерлер пациентпен және онымен бірге
жүретін адамдармен қарым-қатынаста сыпайылық пен
әдептілікті, пациенттің құқықтарын сақтауға міндетті. Әр
қызметкер пациенттің құқығын сақтауға міндетті. Әрбір пациент
пен күтуші пациенттің міндеттерін орындауға міндетті. Егер
пациенттің құқықтарына қысым жасалса, пациент мәселені
шешу үшін сенім телефоны арқылы, не шағымдар мен
ұсыныстарға арналған жәшік арқылы жазбаша, не ішкі
аудиторлардың телефондары арқылы жүгінуге құқылы.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Мухина, С. А. "Мейірбикелік іс негіздері" пәнінен Тәжірибелік басшылық : медициналық
училищелер мен колледждерге арналған оқу құралы.- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
• Адилова, Л. М. Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері [Электронный
ресурс] : оқу құралы = Алгоритмы сестринских манипуляций : увеб. пособие / Л. М. Адилова. -
Электрон. текстовые дан. (39.5Мб). - М. : "Литтерра", 2016.
• Дуйсенова, А. М. Мейірбике ісі мамандығында оқитын студенттердің медициналық
әлеуметтік сипаттамасы [Электронный ресурс] : дис. ... магистр акад. дәрежесін алу / А. М.
Дуйсенова. - Электрон. текстовые дан. (4,37Гб). - Шымкент : ОҚМА, 2015.
• Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру [Электронный ресурс] : мед.
колледждер мен училищелерге арн. оқу құралы / Н. Ю. Корягина [т/б.] ; қазақ тіл. ауд. А. Р.
Куспанова. - Электрон. текстовые дан. (42.7Мб). - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015.
• Қаныбеков, А. Емшара және таңу бөлмелерінің мейірбикелерінің іс - әрекеттері: оқулық / А.
Қаныбеков, А. Қаныбекова. - Алматы : Эверо, 2017. - 200 бет. с.
• Адилова, Л. М. Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері: оқу құралы =
Алгоритмы сестринских манипуляций : учебное пособие/- М. : "Литтерра", 2016. - 248 бет с.
• Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру мед. колледждер мен училищелерге
арналған оқу құралы / Н. Ю. Корягина [ж. б.]; ред. басқ. З. Е. Сопина; жауапты ред. С. Қ.
Мұратбекова; қаз тіліне ауд. А. Р. Құспанова, Б. Т. Алпыспаева ; РФ білім және ғыл.
министрлігі. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015. - 432 бет

Ұқсас жұмыстар
Кәсіби бағытта дамуында мейірбикенің өзін ұстау ережелері
Мамандандырылған мейірбикелік күтім
Гиппократ анты
Паллиативті көмектің көрсеткіштері
Мейіргер ісінің қыр-сыры
Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтімге мұқтаж науқастардың категориясы
Онкологиялық науқастарға арналған мейірбикелік күтім мен паллиативті көмектің ерекшеліктері
Паллиативті көмек принциптері
Дәрігерлік этика
Дәрігерлік деонтология, семиология
Пәндер