Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар


Slide 1

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

Тақырыбы: Профилактикалық егуді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу. Егу күнтізбесі

Орындаған:Туреханова Ш

Тобы:В-МІҚқА-01-22(10 ай)

Қабылдаған: Оспанбек А. К

Шымкент, 2022ж

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы

профилактика жүргізілетін керекті медициналық құжаттар:

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Егуден кейінгі асқынулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4

Екпелік жұмысты ұйымдастыру

Екпелік жұмысты ұйымдастыру ДА (дәрігерлік амбулаториямен), отбасылық дәрігерлік амбулаториясымен (ОДА), біріншілік медико-әлеуметтік көмек орталықтарымен (БМӘК) балалар ауруханаларымен және аралас үлгідегі ауруханалармен жүргізіледі. Екпелер жоспарлы түрде жүргізіледі, екпе араларында үзіліс сақталуы керек. Сонымен қатар вакцинация эпидемиялық көрсеткіштері бойынша, белгілі аймақта аурушаңдылықтың жоғарылауында және едәуір қауіпті инфекциялар кіруі қаупі болғанда жасалынады.

Кіріспе

Slide 5

«Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысы (өзгерістер мен толықтыруларымен )

ҚР әр азаматы

Егілуге мүмкіндігі бар

Күнтізбенің ішіне кірген егулерді мемлекет қаражаты есебінен тегін еңгізеді

Егуден кейін асқынулар болған жағдайда әлеуметтік көмек

көрсетіледі

Notes: В Российской Федерации иммунопрофилактика осуществляется в соответствии с Федеральным законам «Об иммунопрофилактике инфекционных болезней», «Основами законодательства РФ об охране здоровья граждан» и Федеральным законом «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения».

Slide 6

Қазақстан Республикасында жоспарлы егулер ұлттық егу- профилактикалық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі. Вакцинация күнтізбеге сәйкес, осы аймақта инфекция бар жоқтығына қарамастан немесе инфекцияның өршу қаупі бар болса эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Slide 7 Slide 8

Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу

Есепке алу ;

Әр баланың құжатын толтыру ;

Вакцинация алған және мезгілімен алмаған балалардың есебін жүргізу;

Вакцинация жоспарлау және есеп беру

Емханада тиімді және қауіпсіз иммундауды қамтамасыз ету үшін сапалы вакциналар болу тиісті.

Slide 9

Жұқпалы ауруларға қарсы иммундық профилактика жүргізілетін керекті медициналық құжаттар:

"Баланың даму тарихы 112/Ф

" Алдын ала егулер картасы" 063/Ф

«Баланың медициналық картасы» 026/Ф

Вакцина қозғалыс журналы (ф064-2/у)

Егу туралы мәліметтер: салу күні, препараттың атауы, еңгізу әдісі, серияның нөмері, мөлшері, сақтау мерзімі, шығарған кәсіп орны, салғаннан кейінгі реакциясы

Slide 10

Вакцинацияның алдында дәрігер :

Ата анадан бала жағдайы туралы сурайды

Объективті қарайды, температурасын өлшейді

ЖҚА, ЖЗА көрсеткіш бойынша

Болуы мүмкін реакциялар және дәрігер келгенше алғашқы көмек көрсету туралы информацияны береді;

Slide 11

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Егуді алғаннан кейін егілген адамдар вакцинадан кейінгі асқынулар немесе вакцинадан кейінгі реакцияларға тән емес жағдайлар туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін денсаулық сақтау ұйымында медицина қызметкерінің бақылауында 30 минут болады.

Кейіннен емхананың учаскелік медицина қызметкері өлі немесе белсенділігі жойылған вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы үш күнде және тірі вакцинаны енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күнінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді.

АКДС бар вакцинаны енгізгеннен кейін егілген адамға егуден кейін 1 сағаттан соң 6 сағат сайын, бірақ тәулігіне 4 реттен көп емес 1 килограмм салмаққа 10-15 миллиграмнан 1-3 тәулік аралығында парацетамол бере отырып вакцинациядан кейінгі асқынулардың профилактикасы жүргізіледі.

Slide 12

Егу кабинеті шокқа қарсы терапияның дәрілік препараттарымен қамтамасыз етіледі: адреналиннің 0, 1 %, мезатонның 1 % ерітіндісі, преднизолон (дексаметазон, гидрокортизон), 1 % тавегил (2% супрастин), 2, 4% эуфиллин, 0, 05% строфантин, корглюкон, кордиамин.

Егер ИБП бір күнде егілмеген болса, тірі вакциналар арасында кемінде 4 апта аралық сақталады. Тірі және өлі вакциналар арасында аралық сақталмайды

Иммуноглобулинді немесе қан препаратын енгізгеннен кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакциналарды егу кемінде 3 айға кейінге қалдырылады, иммуноглобулиндерді немесе қан препараттарын енгізу аралығында аралық сақталмай, АбКДС-бар вакцина, АДС, АДС-М, АД-М, туберкулезге, пневмококк инфекциясына қарсы, полиомиелитке қарсы ауыз арқылы ішетін вакцина (АПВ) егіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Slide 13

Вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдер:

- тұрақты қарсы көрсетілімдер

уақытша қарсы көрсетілімдер

жалған қарсы көрсетілімдер

Тұрақты қарсы көрсетілімдер.

Барлық вакциналар үшін вакцинаның алдыңғы дозасынан 48 сағаттан кейін температура 40С асса, 3 сағат бойы қолайсыз жылаған кезде, фебрильді /афебрильді тартылулар, гтпотониялық-гипреактивтілік синдром, немесе асқынулар (анафилаксия, клллапс, энцефалит және энсефалопатия) болса.

Барлық тірі вакциналар алғашқы иммундыжетіспеушілік жағдайларында, иммуносупрессияда, онкологиялық ауруларда және жүктілік кезінде жасалмайды.

Slide 14

Вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдер:

Баланың салмағы 2000 граммнан аз болса және вакцинаның алдыңғы дозасынан кейін келлоидты тыртық қалған жағдайда БЦЖ вакцинасы егілмейді.

Баланың анамнезінде афебрильді тырысулар болса және жүйке жүйесінің аурулары болған жағдайларда АбКДС вакцинасы жүргізілмейді және анатоксин АДС-қа ауыстырылады. Эпилепсия және тырысу синдромы бар балаларға егу тырысуға қарсы терапиямен қатар жүргізіледі.

Қызылша және паротиттің тірі моновакциналары және (қызылша, қызамық, паротит) тривакцинада қарсы көрсетілім болып, аминогликозидтерге және гетерологиялық ақуыздарға анафилактикалық реакциялар саналады.

Ауызға тамызатын полиомиелит және АДС-М-вакциналарына абсолюттік қарсы көрсетілімдері жоқ.

Slide 15

Уақытша қарсы көрсетілімдер.

Аурудың жедел белгілері жойылғанша вакцина егуге болмайды (2-4 аптадан кейін)

Созылмалы аурулар ремиссия кезінде жүргізіледі

Менингит, энцефалит, менингоэнцефалит жазылғанда 1 жылдан кейін;

Иммундосупрессивтік терапия аяқталғаннан кейін

Slide 16

Жалған қарсы көрсетілімдер

Перинатальды энцефалопатия, тұрақты неврологиялық жағдайлар (Дауна, балалардың цереброспинальды параличі) , , аллергия, брохиальды астма, дисбактериоз, қолдаулық терапия, стероидтарды жергілікті қолдану.

Жалған қарсы көрсетілімге анамнезіндегі жағдайы да жатады:шала туылу, сепсис, жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруы, жанұядағы вакцинадан кейінгі асқынулар, жанұядағы күтпеген жерден болған өлім.

Мысалы: баланың орталық нерв жүйесінде өзгерістер педиатрға түсініксіз болса, баланы невропатологқа консультатцияға жібереді, сонан соң вакцина егу туралы шешім қабылдайды.

Анемияның алиментарлы жеңіл түрінде егуге қарсы көрсетілім болмайды, керісінше егуден кейін ем тағайындалады, анемияның ауыр түрінде оның себебін анықтау және егудің мерзімін белгілеуге тура келеді.

Туа біткен жүрек ақаулары кезінде, басқа да себептер болмаса егулер тоқтатылмайды. Жанұядағы қолайсыз жағдайлар және жанұядағы кездейсоқ өлім де егуге қарсы көрсетілім болып табылмайды, тек қана иммуножетістеушілік симптомдары бар кезде, тірі вакцина БЦЖ-ны өліге ауыстыру қарастырылады.

Slide 17

Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар

А. Вакцинадан кейінгі реакциялар:

Арнайы емес:

1. 1. Жалпы: температурасы жоғарлайды, мазасыздық, ұйқы бұзылысы, тәбетінің төмендеуі болады

1. 2. Жергілікті: гиперемия, ісінуі, ауру сезімі

2. Арнайы (тірі вакциналарға)

Б. Егуден кейін ағзадағы патологиялық процесстің көбею

В. Егуден кейінгі асқынулар

Slide 18

ЖАЛПЫ РЕАКЦИЯЛАР

Әлсіз реакция - дене температурасы 37, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары болмайды

Орташа реакция - дене температурасы 37, 6˚С - 38, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары шамалы

Күшті реакция - дене температурасы 38, 5˚С жоғары, бірақ интоксикация симптомдары

Slide 19

ЖЕРГІЛІКТІ РЕАКЦИЯЛАР

Әлсіз реакция - вакцина енгізілген орында гиперемия немесе диаметрі 2, 5 см-ге дейінгі инфильтрат гиперемиямен.

Орташа реакция - инфильтрат диаметрі 2, 6 см - 5, 0 см лимфангоитпен немесе лимфангоитсіз.

Күшті реакция - инфильтрат диаметрі 5, 0 см - 8, 0 см; лимфангоит және лимфаденит болуымен.

Slide 20

АРНАЙЫ РЕАКЦИЯЛАР

Тірі вациналарды еккенде табиғи инфекция әлсіреген түрде толықтай дерлік көрініс беруі мүмкін. Мысалы: қызылшалық моновакцина балалардың 5-15%-да 4-14 күн аралығында арнайы реакция береді. Ол дене температурасынын 37, 5-38, 50С жоғарылауымен, катаральді көріністермен (жөтел, аздаған конъюнктивит, ринит) және аз мөлшердегі бозғылт-қызғылт бөртпелер шығуымен сипатталады.

Slide 21

Егуден кейінгі асқынулар

АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АСҚЫНУЛАР :

Анафилактикалық шок,

Полиморфты бөртпелер

НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ АСҚЫНУЛАР :

Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (энцефалит, вентрикулит және м. б. )

Перифериялық (мононеврит, полиневрит, полирадикулоневрит және т. б. ) .

Тырысу синдром

Slide 22

Егуден кейінгі асқынулар

БЦЖ вакцинасын еккеннен кейін жергілікті жанама әсерлер байқалуы мүмкін:

1) жергірлік лимфаденит(20 мм асса арнайы ем тағайындау қажет. Лимфадениттердің кері дамуы 6-9 ай бойы жүреді) ;

2) тері астылық суық абсцесс;


Ұқсас жұмыстар
Егуден кейінгі асқынулар
Манту сынамасы
Ревакцинация БЦЖ
БЦЖ вакцинасы
Қан құюдан кейінгі асқынулар
Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ПЛАЗМА АЛМАСТЫРУШЫ ЗАТТАР - ҚАН
Асқынудың себептері
Қызылша пидемиясы кезіндегі ұзақ мерзімді иммундау мәселелері
Инъекциядан кейінгі асқынулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz