Жұқпалы аурулардың жіктелуі


Slide 1

Тақырыбы: Жұқпалы аурулардың алдын алудағы мейіргердің рөлі

Орындаған:Туреханова Ш

Тобы:В-МІҚқА-01-22(10 ай)

Қабылдаған: Оспанбек А. К

Шымкент, 2022ж

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Инфекциялық аурулар

Таралу механизмі бойынша

Инфекциялық аурулардың ерекшелікетрі

Қауіп факторлері.

Иммунды әдіспен алдын алу және емдеудің медицина тәжірибесіндегі мәні мен орны

Қазіргі заманда ИБП- ның бес топ түрі

Вакциналардың жүйеленуі

Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналар тізімі

Вирустық инфекциялардың спецификалық алдын алуда пассивті және активті иммундаудың рөлі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection - жұқтыру) - бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар. Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы. Әлеуметтік- экономикалық мағынасы 2 фактордан құралады Сырқаттану деңгейі

Өлім көрсеткіші деңгейі

Адам патологиясының ішінде үлес салмағы 60-70 % ( ДДҰ жүрек тамыр және онкологиялық аурулардан кейін 3 орында ) . Жұқпалы аурулардың назологиялары мыңнан астам. Жұқпалы аурулар дүние жүзінде маңызды мәселелердің бірі. Бұрын- эпидемиялар мен пандемиялар (оба, нағыз шешек, холера, бөртпе сүзегі, іш сүзегі, грипп т. б - адам өліміне басты себебі болған. Қазіргі күнде- көптеген инфекциялармен сырқаттану біршама төмендеуде.

Slide 4

Негізгі бөлім

Жұқпалы аурулардың жіктелуі :

Этиологиялық факторы бойынша

бактериялды

вирусты

паразитарлы

саңырауқұлақтармен шақырылатын

риккетсиоздар

Таралу ортасына байланысты

антропоноздар

Зооноздар

зооантропоноздар

сапроноздар

Slide 5

Таралу механизмі бойынша (Л. З. Громашевский)

ішек аурулары ауа- тамшы инфекциялары

қан инфекциялары

тері және шырышты қабат

инфекциялары туа біткен аурулар

Инфекциялық үрдістің даму түрлері. Инфекция (infection -жұқтыру, жұғыстық) - ауру қоздырғышы (микроорганизм) адам организміне (макроорганизмге) еніп, сыртқы ортаның жағдайына байланысты қарым қатынасқа түсіп, нәтижесінде инфекциялық процесстің бір түріне апаратын жағдай.

Инфекциялық процесс - қоздырғыштың патогенді әсерінен адам организмінде туатын қорғаныс физиологиялық және патологиялық реакциялардың жиынтығы

Slide 6

Инфекциялық аурулардың ерекшелікетрі

Slide 7 Slide 8

Өзгермелі қауіп факторы Жеткіліксіз физикалық белсенділік, дұрыс тамақтанбау, алкогольді қолдану, темекі шегу инфекциялық емес ауруларға алып келеді.

Әр жыл сайын темекі қолдану 6 млн. өлімге алып келеді және 2030ж қарай 8 млн өсетіні туралы болжам бар;

3, 2 млн өлім жағдайдың физикалық белсенділіктен аздығынан немесе төмендігінен болуы мүмкін;

3, 3 млн жаңғайдың жартысы алкогольді қолданғаннан болуы мүмкін;

2010ж 1, 7млн жағдайдың жүрек қан-тамыр ауруларына әкеп соқтырды және оның бірден бір себебі тұзды, натрийды мөлшерінен көп қолданғаннан болған;

Slide 9

Метаболикалық немесе физиологиялық қауіп факторы мына жағдайларға әкеледі:

Қан қысымының жоғарылауы;

Артық салмақ, семіздік;

Гипергликемия (қанда глюкозаның жоғары деңгейде болуы) ;

Гиперлипедемия (қанда майдың жоғары болуы) ;

Slide 10

Иммунды әдіспен алдын алу және емдеудің медицина тәжірибесіндегі мәні мен орны

Иммунды профилактика мен емдеу жұқпалы және жұқпайтын аурулардың өзіндік профилактикасын, емдеуін және диагноз қоюын зерттеп олардың жаңа тәсілдерін ұсынатын иммунологияның бөлімі болып саналады. Айтылған мақсаттарға жету үшін иммундық жүйеге әсер ететін, не иммунологиялық принциптерді негіздеп іс атқаратын иммунобиологиялық препараттар қолданылады. Иммудық профилактика сезімтал организмде аурудың қоздырғыштарына немесе антигендеріне, немесе басқа да патогендерге қарсы белсенді, немесе енжарлы иммунитет тудыру арқылы олардың алдын алып, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қаблеттілігін арттыруға бағытталған. Иммунды емдеу иммунды процестер бұзылғанда пайда болған ауруларды емдеп денсаулықты қалпына келтіруге негізделген.

Slide 11

Иммунды профилактика мен иммунды емдеу төмендегідей жағдайларда қолданылады:

а) спецификалық иммунитет құру үшін, не иммундық жүйе жұмысының деңгейін көтермелеу үшін; б) иммундық жүйенің кейбір бөлімдерінің жұмысын тежеу үшін; в) иммундық жүйенің жұмысы бұзылғанда оны қалпына келтіру үшін; Иммунды профилактика мен иммунды емдеу медицина тәжірибесінде кең қолданылады: жұқпалы аурудың алдын алу, не емдеу үшін, аллергиялық, имунопатологиялық жағдайларда, онкология саласында, трансплантациологияда, иммундытапшылықтарда т. б. Мысалы, кейбір жағдайда иммунды профилактика, не иммунды емдеу тек қана жалғыз тәсіл болып шығуы мүмкін (қызылша, полимиелит) .

Slide 12

Токсинемиялық ауруларды (ботулизм, сіреспе) емдегенде нәтижелі емнің түрі антитоксикалық қан сарысуын, немесе иммундыглобулиндерді қолдану болып табылады. Онкологиялық ауруларды емдегенде иммундыцитокиндерді қолданудың болашағы өте зор. Иммунды алдын алудың, иммунды емдеудің негізгі - иммундық жүйеге әсер ету. Ол әсер белсенді және енжарлы, спецификалық, не бейспецификалық болуы мүмкін. Иммунды алдын алуда, иммунды емдеуде иммундық жүйеге реттеп әсер ету үшін иммундыбиологиялық препараттар (ИБП) деп аталатын заттар тобы зерттеліп, жасалып шығарылған.

Slide 13 Slide 14

Иммунды биологиялық препараттар (ИБП) ИБП - лардың жалпы сипаттамалары мен жіктелуі

Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан тұрып бірінен бірі тегімен, шығарылу тәсілімен, қолдану бағытымен ажыратылады. Бірақ, иммундық жүйе арқылы әсер етуі олрдың ортақ қасиеті болып саналады. ИБП-лардың әсер ететін факторлары антиген, антидене, микроб жасушалары, не олардың ыдыраған заттары, биологиялық белсенді иммундыцитокиндерге ұқсаған заттар болып келеді. Аталған факторларға әсер ету сапасын үдету үшін ИБП-ға басқадай заттар қосылуы мүмкін (стабилизаторлар, адъюванттар, консерваттар, витаминдер, адаптогендар) . ИБП-лар параентералды, пероралды (ауыз қуысы арқылы), аэрозолды және де басқадай тәсілдер арқылы қолданылады. Соған сәйкес олар әртүрлі формаларда, қолдану шарты және өлшемі көрсетіліп дайындалады.

Slide 15 Slide 16

Қазіргі заманда ИБП- ның бес топ түрі бар:

1) тірі, не өлі микробтардан (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар), немесе олардың құрамдық заттарынан алынған арнайы профилактика және емдеу үшін қолданылатын препараттар. Олардың қатарына тірі және инактивацияланған корпускілді, субжасушалық вакциналар, анатоксиндер, бактериофактар, пробиотиктер жатады; 2) спецификалық антиденелерге негізделген ИБП-лар. Олардың қатарына иммунды глобулиндер, иммундысарысулар, иммудытоксиндер, фермент - антиденелер (абзимдер), рецепторлы антиденелер, мини - антиденелер кіреді; 3) жұқпалы, жұқпайтын аурулардың иммундытапшылықтарын иммундыкоррекциялау, алдын алу және емдеуі үшін қолданылатын ИБП. Оларға жататындар: эзогендік иммундымодуляторлар (адъюванттар, кейбір антибиотиктер, антиметаболиттер, гормондар) және эндогендік иммундымодуляторлар (интерлейкиндер, интерферондар, айырша бездің пептидтері, миелопептидтер т. б. ) ; 4) адоптогендер: биологиялық кең белсенді, иммундық жүйеге әсер ету мүмкіншілігі бар өсімдіктер мен жануардан алынған, немесе тегі басқа күрделі құрылысты химиялық заттар. Женьшеннің, элеутетракоктардың басқа да өсімдіктердің сығындылары, тін лизаттары (ерітінділері), тағамға қосылатын әртүрлі биологиялық қосындылар (липидтер, полисахаридтер, витаминдер, микроэлеметтер т. б. ) ; 5) жұқпалы, не жұқпайтын аурулардың спецификалық, не бейспецификалық диагнозын қою үшін қолданылатын диагностикалық препараттар мен жүйелер. Олардың көмегімен антиденелердір, антигендерді, ферменттерді, метаболизм заттарын, биологиялық белсенді, бөгдетекті жасушаларды тағы басқаларды анықтауға болады.

Slide 17

Вакциналар

Вакцина деген термин француз тілінен vacca - сиыр деп аударылады. Ол сөзді әдебиетке кіргізген Л. Пастер болатын. Өйткені ағылшын ғалымы Э. Дженнер сиыр шешегін ең алғаш адамға егіп, ол адамды аурудан қорғап қалғандығы үшін вакцина деп атаған. Вакциналарды көбінесе аурудың спецификалық алдын алуға, кейбір кезде емдеуге қолданылады. Вакциналық әсер туғызатын заттар санына төмендегілер жатады: - патогендігінен арылтып иммуногендігі сақталған, әлсіретілген тірі миктобтар; - бірнеше тәсіл түрімен белсенділігі жойылған микробтардың бүтін жасушалары, не вирустрдың бөлшектері, яғни өлі вакциналар; - микробтардан алынған субжасушалық антигендердің қосындысы (протективті антигендер) ; - аурудың патогенезінде басты рөл атқаратын арнайы антигендік қасиеті бар микробтардың рекомбинантты штамдарыннан алынған табиғи антигендерге ұқсас антигендер.

Slide 18

Тірі вакциналар

Вакциналардың жүйеленуі

)

Комбинациаланған вакциналар (тірі+өлі)

Тірі емес вакциналар

(инактивтелген)

Slide 19

Тірі вакциналар

Тірі емес вакциналар

(инактивтелген)

Аттенуацияланған

Дивергенттік

Рекомбинанттық

(векторлық)

Бүтінжасушалық

Бүтінвириондық

Субжасушалық

Субвириондық

Табиғи биосинтетикалық

Генді- инженерлі биосинтетикалық

Химия тәсілімен синтезделген

Корпусқылдық

Молекулалық

Slide 20

Тірі вакциналар

Тірі вакциналар - әсерлі заты әртүрлі әдіспен патогендік қасиеті жойылып антигендік қасиеті сақталып қалған, аттенуацияланған (әлсіретілген) микробтардан жасалған препараттар. Аттенуацины микробтың штамына химиялық (мутагендер), физикалық (температура, радияция), не болмаса ауру жұқпайтын жануарларға қайталап егу арқылы жүргізеді. Сондықтан нәтижесінде ауру туғызбайтын, бірақ организмге енгізген кезде белгілі бір жұқпалы ауру түріне қарсы арнайы иммунитет құратын мүмкіншілігі бар заттар пайда болады. Аттентуация тәсілін ең алғаш Л. Пастер ұсынған. Тәсіл іс жүзінде құтыру, тырысқақ, түйнеме қоздырғыштарында тексерілген. Қазіргі заманда бұл тәсіл өте кең қолданылады. Тірі вакцина ретінде адамға патогендік емес, бірақ адамға патогенді микробтардың антигендеріне ұқсас антигендері бар, дивергенттік штамм деп аталатын түрлерін қолдануға болады. Мысалы ретінде шешекке, туберкулезге (БЦЖ) қарсы қолданылатын вакциналарды келтіруге болады. Тірі вакциналарға тек қана тұрақтылығын сақтайтын заттар қосылып лиофилдік әдіспен кентіріледі. Тірі вакцинаның өлшемі микроб жасушаларының санымен көрсетіледі. Олар терінің үстіне, терінің астына, бұлшық етке енгізу үшін, немесе ауыз қуысы арқылы қолдануға болады. Әдетте олар бірақ рет егіледі, кебір кезде ғана қайталанып қолданылуы мүмкін.

Slide 21

Өлі вакциналар

Өлі вакциналардың әсер ететін заты - физикалық, не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогенді бактериялар мен вирустардың бүтін жасушалары, не олардан алынған протективті антигендік комплекстері (субжасушалық, субвириондық вакциналар) . Бактерия мен вирустарды бейбелсендіру үшін формалдегид, спирт, фенол, температурамен, ультракүлгін сәулесімен әсер ету және ионизациялайтын радиация қолданылады. Бактерияның, вирустардың антигендік комплексін (гликопротеин, ақуыздар) алу үшін үшхлорлысірке қышқылы, фенол, ферменттер, изоэлектрикалық тұндыру, ультрацентрифугалау, хроматография және де басқа тәсілдер қолданылады. Өлі вакцинаны алу үшін алғашында микробтар мен вирустардың таза дақылын өсіреді содан кейін белсенділігі жойылады. Препаратқа міндетті түрде консервант, кейде адъювант қосылады. Өлшемі бір антигендік көрсеткішпен есептеледі. Әдетте терінің астына, не бұлшық ет ішіне бірнеше рет егіледі.

Slide 22

Молекулалық вакциналар

Молекулалық вакциналар да антиген, олардың спецификалығын анықтайтын молекулалық немесе молекуланың бөлшегі түрінде болады (эпитоптар, дитерминанттар) . Иммунитет туғызатын протективті антигендерді табиғи патогенді микробтарды өсіру кезәнде биологиялық синтез арқылы алуға болады(мысалы, экзотоксині бар күл, сіреспе, ботулизм, микробтарынан) . Токсинді молекула түрінде бөліп шығарғаннан кейін, формалинмен өңеп оның улығын жойып антигендік және иммуногендік қасиетін сақтайды. Гендік инженерияның дамуы неше түрі рекомбинанттық вакциналарды алуға мүмкіншілік тудырды. Вирусты гепатиттерге, полиомиелитке, тағы басқа көптеген ауруларға қарсы вакциналарды айтылған тәсілмен дайындаудың зор болашағы бар. Молекулалық вакциналарды алудың таңы бар жолы оларды лабораторияда химиялық синтез арқылы жасау, бірақ бұл жол өте күрделі және мүмкіншілігі шектеулі.

Slide 23 Slide 24

Анатоксиндер(токсоидтар)

Молекулалық вакциналардың түрлеріне күл, сіреспе, ботулизм, газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0, 4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықта 3-4 жұма өңдеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адьювант қосады. Анатоксиннің өлшемі спецификалық антитоксинмен байланыстырушы (ЕС) , немесе флокуляцлайтын бірлік көрсеткішпен (Lf ) есептеледі . Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады. Мысалы, күлге, сіреспеге, қарсы анатоксинді егу арқылы осындай аурулар саны күрт төмендеп эпедемия пайда қауіп жойылады. Тазартылған анатоксин тері астына, не бұлшық ет ішіне егіледі.

Slide 25

Адъюванттар

Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады (лат. аdjuvant - көмекші) . Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар, күрделі химиялық қосындылар; бактериялар мен оның компоненттері (мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ-ның сорындысы) ; қабыну тудыратын заттар (сапонин, скипидар) қолданылады. Жоғарыда айтылғанға сәйкес адъюванттардың барлық түрі организмге бөгде заттар болып келіп, әртүрлі тектен және құрамнан тұрады, ал ұқсастығына қарай - олардың барлық түрі антигеннің иммуногендігін күшейтеді. Адъюванттардың әсер ету механизімі өте күрделі. Олар антигенге де ағзаға да әсерін тигізеді.

Slide 26

Ассоциаланған вакциналар

Вакцина егуді және егу санын қысқарту үшін арнайы ассоцияланған (құрмаланған) вакцина түрі ойлап табылған, яғни бір препараттың ішіне түрлі текті антигендер кіріп, бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болады. Вакцинаның ондай түрін құру ғылыми түрде дәлелденген, өйткені иммундық жүйе бір мезгілде бірнеше антиген түріне жауап бере алады. Ассоциалық вакцина жасау жолындағы шешілетін ең басты мәселе, ол вакцинаға кірген антигендердің бірімен бірі қарсыластыққа түспеуі және жанама көрніс тудырмауы. Ассоциалық вакцинаның ішінде тірі және бейбелсендірілген препараттар бірге болуы мүмкін. Егер препараттың ішіне бір текті антигендер кірсе оны поливакцина деп атайды. Егерде ассоциаланған вакцинаның ішіне түрлі текті антигендер кірсе онда оны комбинацияланған вакцина деп атайды.

Slide 27

Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналар тізімі

Slide 28

Вакцинаның түрі

Вакцина

Вакциналық штамның аты

Қорғау коэфициенті

Авторлары

Бактериялық түрі

Обалық

Туляремиялық

Түйнемелік

Бруцеллездік

(Сарып ауруы)

Туберкулездік

Қу-қызбалық

Е

15

СТИ-1

19 ВА

БЦЖ

М-14

10

50-100

50-100

10-30

10

50-100

Г. Жерар

Ж. Робик

Б. Эльберт

Н. Гайский

Н. Гинзбург

Л. Тамарин

П. Вершилова

А. Кальмет

К. Герен

П. Здородовский

В. Гениг

Вирустық түрі

Қара шешектік

Қызылшалық

Тұмаулық

Полиомиелиттік

Паротиттік

Сары безгектік

Жылқының венесуалдық энцефаломиелиттілік

Листер, М-63

Л-16, ЭШИ т. б

Ленинград т. б.

1, 2, 3 типі

-

17Д «Дакар»

№230

500

20-30

2-3

50

50

100

10

С. Мареникова

А. Смородинцева

М. Чумаков т. б.

А. Сэбин

М. Чумаков

А. Смородинцев

Ш. Рид

А. Воробьев

Анатоксиндер

Дифтериялық (Күл)

Сіреспелік

Ботулизімдік

(А, В, С, Д, Е)

-

-

-

100

100

100

А. Воробьев

Белсенділігі

жойылған

бактериялық

АКДС (адсорбталған көкжөтел - дифтерия - сіреспелік)

Іш сүзектік

-

Патогендік штамдар

-

5-10

Генді- инженерлік

В-гепатитінікі (ашытқылы)

Ашытқының рекомбинаттық штамы

10

Авторлар тобы

Slide 29

Спецификалық антиденелердің негізінде жасалған иммундыбиологиялық препараттар

Антидене негізінде жасалған ИБП-ларға жататындары төмендегідей: - Иммунды қан сарысулары; - Иммундыглобулиндер; - Моноклоналды антиденелер; - Иммундытоксиндер, иммундыадгезиндер; - Абзимдер (антидене- ферменттер)

Slide 30

Иммунды қан сарысулары. Иммундыглобулиндер


Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
Жұқпалы аурулардың кезеңдері
Байланыс механизмі бар аурулар
Микробтардың микроорганизмге енуі
Инфекциялық аурулардың классификациясы
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
АУРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Эпзоотологиялық анализ негіздері.Жұқпалы ауруларының эволюциясы және жіктелуі
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Дәрумендер туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz