Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтімге мұқтаж науқастардың категориясы




Презентация қосу
Тақырыбы: Паллиативті көмек пен мейірбикелік
күтімге мұқтаж науқастардың категориясы.

Орындаған:Туреханова Ш
Тобы:В-МІҚқА-01-22(10 ай)
Қабылдаған: Оспанбек А.К

Шымкент, 2022Ж
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Хоспис
2. Палиативті көмек
3. Паллиативті көмектің негізгі
міндеттері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Паллиативті көмек - деген өмірмен қоштасуға
уақыты аз ғана қалған пациенттердің өмір сүру сапасын
жақсарту.
• Оның ішінде пациенттерге және олардың жақындарына
психологиялық қолдау көрсету.
• Жалпы паллиативті көмектің негізгі мақсаты өмірден
үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқан адамдарға жарық
дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріпе мейірім
сыйлауға, тән азабын сездірмей ажалды саналы түрде қарсы
алуға септігін тигізу болып табылады
Хоспис деген не, паллиативтік көмек деген не
айырмашылық
• Хоспис дегеніміз - қарттар үйіне немесе адаптация
(бейімдеу) орталығына ұқсас мекеме. Хосписта
науқастарға күтім (төсек-орын, тамақ, медбикелердің
бақылауы) көрсетіледі. Қажетінше ауырсынуды басатын
дәрі- дәрмек салынады, яғни симптомдық ем қолданылады
• Паллиативтік көмек - дегеніміз, қатерлі ісіктердің
асқынуларын мүмкіндігінше азайтуға арналған,
науқастың жағдайына қарай қолдануға болатын
медициналық көмек көрсету.
• Паллиативтік көмек қатерлі ісікті толық емдеп шығу
үшін емес, оның асқынуларын басып, науқастың
өмірінің сапасын мүмкіндігінше жақсартуға арналған
ем.
• Паллиативтік ем хирургиялық, сәулелік,
химиотерапиялық тәсілдермен жүргізіледі және
қосымша симптомдық ем қолданылады.
• Қазіргі уақытта паллиативті көмек- иедициналық
және әлеуметтік қызметтің маңызды бағыты.
• Оның мақсаты физикалық, психикалық, рухани- басқа
да симптомдарды ауырсынуларды тоқтату, мұқият
бағалау, ерте анықтау барысында алдын алу және
қайғы- қасіретті жеңілдету.
Палиативті көмек

• «Паллиативті» термині латынның «pallium»: «бет
перде» немесе «жамылғы» деген сөзінен шыққан.
Бұл паллиативті көмек дегенді білдіреді: тегістеу
– емделмейтін аурудың көрінуін жасыру немесе
«қорғансыз» қалғандарды қорғау үшін сыртқы
қабатын жамылғымен қамтамасыз ету
Паллиативті көмек кім алады?
• Паллиативтік көмек халықтың кез-келген әлеуметтік топтарына арналған және
әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тегін ұсынылады. Паллиативті
күтім көрсеткіші:
• ауыр жарақаттар, соның салдарынан адам өмірдің көптеген функцияларын
қайтымсыз түрде жоғалтқан және өзіне қамқорлық жасай алмайтын;
• буындардың, тамырлардың және жүйке жүйесінің ауырсынуының алдын-алу
кезеңдерінде;
• деменция (қартайған деменсия);
• онкологиялық аурулар нашарлау кезеңінде және терминалдық сатыларда;
• қайтымсыз бүйрек жетіспеушілігі ;
• СПИД.
• Қазіргі уақытта паллиативті көмек -
медициналық және әлеуметтік қызметтің
маңызды бағыты. Оның мақсаты
физикалық, психикалық, рухани – басқа да
симптомдарды және ауырсынуды тоқтату,
мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында
алдын алу және қайғы - қасіреттерді
жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар
мен олардың отбасының өмір сапасын
жақсарту
• – қалыпты заңды үдеріс ретінде өмірді бекітеді
және өлімді қарастырады;
• – өмір сүру мерзімін ұзарту немесе қысқарту
ниеті жоқ;
• – науқастың мүмкіндігінше белсенді ұзақ өмір
сүруін қамтамасыз етуге тырысады;
Паллиативті көмектің негізгі міндеттері:
1.Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық
симптомдарды тоқтату;
2. Науқастарға және оларға күтім көрсетіп жүрген туыстарына
психикалық қолдау көрсету.
3. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде қлімге
деген қатынастарын қалыптастыру;
4. Науқастың және олардың туыстарын рухани қажеттілігін
қамтамасыз ету;
5. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу;
6.Медициналық биоэтика
7. мәселелерін шешу;
•- емделушінің ауыр науқастанған кезінде
оның отбасына көмек ұсынады және ауыр
қайғыдан кейінгі уайымдау кезеңінде
психологиялық қолдау көрсетеді;
• – емделуші мен оның отбасының барлық
қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында кәсіпаралық тәсілді
пайдаланады
• – емделушінің өмір сүру сапасын
жақсартады, сонымен қатар ауру ағымына
оң әсер етеді;
Паллиативті көмектің негізгі
міндеттері

1. Талапқа сай
ауырсынуды басу
2. Науқастарға және 3. Адамның өмір
оларға күтім жасап жолындағы қалыпты
және басқа
жүрген туыста- рына кезең ретінде өлімге
физикалық
психологиялық деген қатынастарын
симптомдарды
қолдау көрсету. қалыптастыру.
тоқтату.

4. Науқастың және 6. Медициналық
оның жақындарының 5. Әлеуметтік және биоэтика мәселелерін
рухани қажеттілігін заңды сұрақтарды шешу болып
қанағаттандыру шешу. табылады
Өмірінің соңында арнайы паллиативті көмекті талап ететін
науқастардың үш негізгі тобын анықтауға болады

1. 4-сатыдағы 2. Терминалды
қатерлі ісігі бар сатыдағы ЖИТС
науқастар науқастары

3.Дамудың терминалдық
сатысындағы онкологиялық емес
күшейген ауруы бар науқастар

(жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі
декомпенсациясы сатысы, ұмытшақ склероз, ми
қанайналымының бұзылуынан бола- тын ауыр салдар
және т.б.)
• Паллиативтік орталық- соңғы тұрақ

• Алматы қаласында 1999 жылы салынған Қазақстандағы алғашқы
хоспис қазір «Паллиативтік көмек орталығы» деп аталады. Бұл
талай жанның соңғы тұрағы. Мыңдаған науқастың өмір жолын
азапсыз аяқтауы үшін келіп, ажал үкімін күтетін жері.Елімізде
мұндай орталық Павлодар,Өскемен, Қарағанды, Қостанай және
Семей қалаларында бар. Жалпы мұндай орталықтар Европа
елдерінде 70-80-ші жылдардан бастап салына бастаған екен. Бұл
мекемелерде жұмыс істейтін арнайы мамандардың міндеті -
айықпас дертке ұшырап, соңғы демін күтіп жатқандарға тән азабын
сездірмей , моральдік-психологиялық көмек көрсете отырып, о
дүниеге дайындау.
«Паллиативті көмек деген ұғым - Қазақстан қоғамына əлі сіңе
қоймаған ұғым. Бірақ, əлемнің дамыған елдерінің медицинасы
осы паллиативті көмекті қатар дамытып келеді. Өкінішке орай,
Қазақстанда осы көмек түрі хоспистердің жұмысымен ғана
байланыстырыла айтылады, ал елімізде хоспистер 1999-2000
жылдары пайда болған. Содан бері паллиативті көмек көрсету
саласы көп дамыған жоқ. 2009 жылы "Қазақстан Республикасы
халқының денсаулығы туралы" заң жобасы қабылданса да, 2013
жылы паллиативті көмек көрсетудің ұлттық стандарты
қабылданса да, бұл сала əлі тиісті дəрежесіне жеткен жоқ
Паллиативті күтімді қалай алуға
болады
• Паллиативті көмекке қай жерде баруға болады? Әр қалада
медициналық және әлеуметтік қызметтер бар, олар телефон
анықтамалығынан және дәрігеріңізден біле алады:
• хоспистер (тегін және ақылы негізде);
• ауруханаларда паллиативтік көмек көрсету;
• анальгетиктерді емдеу шкафтары;
• амбулаториялық-паллиативтік көмек.
• Паллиативті көмек алу үшін келесі тармақтар маңызды:
• кафедра меңгерушісінің мөрімен куәландырылған
медициналық диагностикалық карточкадан үзінді көшірмесі;
• емдеуге арналған терапевт немесе онкологтан емдеуге
арналған зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстары.
• Небәрі 20 жылда ел ішінде кешенді және тиімді паллиативтік көмек
көрсету жүйесін құруға болатындығын дәлелдеген Данияның
паллиативтік көмек көрсету жүйесі үлкен қызығушылық тудырады.
Алғашқы хоспис пен үй жағдайында көмек көрсететін бригадалар
Данияда 90-шы жылдардың басында пайда болды. Қазіргі уақытта
Данияда 18 хоспис, 28 үй жағдайында көмек көрсететін жылжымалы
қызметтер және үлкен клиникалар аясындағы 9 паллиативтік
медицина бөлімшелері бар. Сонымен қатар, Даниядағы хоспистердің
барлығы дерлік мемлекет тарапынан қаржыландырылатынын және
олардың жағдайлары Еуропа бойынша ең озық екенін атап айту
керек.
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған және
қолданатын паллиативтік көмек принциптері:
• физикалық азаптан босату (алғашқы кезеңде ауырсынуды
анальгетиктермен, терминалда - есірткі заттарымен) жою;
• науқастың белсенділігін қазіргі уақытта мүмкін болатын
деңгейде ұстап тұру;
• туыстарының психологиялық қолдау;
• химиотерапия мен хирургиялық әдістердің тіркесімі, егер бұл
өмірді ұзарта алады;
• науқастың отбасымен жұмыс істеу, қажетті гигиеналық
процедураларды түсіндіру және оқыту;
• пациенттің өмірдің түпкілікті кезеңіне қатысты өзінің өлімін
қабылдауға психологиялық дайындығы.
Қорыта келе паллиативті көмек дегеніміз –
қауіпті аурумен зардап шегетін адам үшін
мамандырылған медициналық қызмет көрсету.
Диагнозға қарамай аурудың белгілерін
жеңілдету.
Негізгі мақсаты – емделушінің және оның
отбасының өмір сапалығын жақсарту.
Науқастарға қолайлы жағдай жасау болып
табылады. Көмекті арнайы мамандандырылған
медицина қызметкерлері атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Мухина, С. А. "Мейірбикелік іс негіздері" пәнінен Тәжірибелік басшылық : медициналық
училищелер мен колледждерге арналған оқу құралы.- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
• Адилова, Л. М. Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері [Электронный
ресурс] : оқу құралы = Алгоритмы сестринских манипуляций : увеб. пособие / Л. М. Адилова. -
Электрон. текстовые дан. (39.5Мб). - М. : "Литтерра", 2016.
• Дуйсенова, А. М. Мейірбике ісі мамандығында оқитын студенттердің медициналық
әлеуметтік сипаттамасы [Электронный ресурс] : дис. ... магистр акад. дәрежесін алу / А. М.
Дуйсенова. - Электрон. текстовые дан. (4,37Гб). - Шымкент : ОҚМА, 2015.
• Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру [Электронный ресурс] : мед.
колледждер мен училищелерге арн. оқу құралы / Н. Ю. Корягина [т/б.] ; қазақ тіл. ауд. А. Р.
Куспанова. - Электрон. текстовые дан. (42.7Мб). - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015.
• Қаныбеков, А. Емшара және таңу бөлмелерінің мейірбикелерінің іс - әрекеттері: оқулық / А.
Қаныбеков, А. Қаныбекова. - Алматы : Эверо, 2017.
• Адилова, Л. М. Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері: оқу құралы =
Алгоритмы сестринских манипуляций : учебное пособие/- М. : "Литтерра", 2016. - 248 бет с.
• Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру мед. колледждер мен училищелерге
арналған оқу құралы / Н. Ю. Корягина [ж. б.]; ред. басқ. З. Е. Сопина; жауапты ред. С. Қ.
Мұратбекова; қаз тіліне ауд. А. Р. Құспанова, Б. Т. Алпыспаева ; РФ білім және ғыл.
министрлігі. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015.

Ұқсас жұмыстар
Паллиативті көмектің көрсеткіштері
Онкологиялық науқастарға арналған мейірбикелік күтім мен паллиативті көмектің ерекшеліктері
Хоспис және паллиативті көмек
Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім этика және деонтология
Мамандандырылған мейірбикелік күтім
Кәсіби бағытта дамуында мейірбикенің өзін ұстау ережелері
Инкурабельді пациент
Паллиативті терапия
Карневалидің мейірбикелік күтімді жоспарлау теориясы
Қажеттілік теориялары
Пәндер