Биомедициналық этика
Презентация қосу
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
Тақырыбы: Медицинадағы биоэтика.
Биоэтиканың негізгі мәселелері
Орындаған: Ордабаева А.К
Тобы: В-МІКҚА-01-22(10ай)
Қабылдаған: Оспанбек А.К.
Шымкент, 2022ж
I. Кіріспе
II Негізгі бөлім
Биомедициналық этика
Биомедициналық этика төрт түрлі форма
Медициналық деонтология
Медициналық қызметкерлерінің ішкі мәдениеті
Медицина қызметкерінің сыртқы мәдениеті
Медициналық этика
Клиникалық этика
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
• Этика - құлықтылық туралы ілім, моральдың
мағынасы мен маңызы жайында қарама қарсы
ойлар жүйесі. «Этика» сөзі ежелгі грек ethos –
дәстүр сөзінен шыққан. Ережелер, дәстүрлер
адамдардың қоғамдағы ара қатынасын және
тәртібін реттейді. Медициналық этика этика
құрылмының бірі болып табылады. Этика
адам құлықтылығын ғана зерттемейді, оның
идеологиялық қалыптасуына да әсер етеді.
Негізгі бөлім
• Биомедициналық этика — адам, оның өмірі,
денсаулық, құндылығы, өмір сапасы туралы
медицина және денсаулық сақтау саласымен
байланысты тәртіп ережелер.
• Биомедицинская этиканың пәні —медицина,
денсаулық сақтау салаларында (биология, генетика,
биотехнология, ес туралы ғылым, тағы басқалар.)
мораль мәселелерін талқылау
• Негізгі мақсаты: этикалық құндылықтармен
мәселелерді шешу, заманауи медицинада нақты
моральдық мәселерді шешуге қатысу.
Бүгінде биомедициналық этика төрт
түрлі формада берілген:
1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер
науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету
қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында
айтылады.
2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан.
Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның
негізінде емдік үрдіс қалыптасады.
3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан.
(авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты
орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген.
4. Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оныңнегізінде
адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.
Медициналық деонтология
• Деонтология – ғылым емес, белгілі бір мамандықта,
белгілі бір жағдайда сөйлесу және өзін өзі ұстаудың,
принциптер мен дәстүрлерді қиыстыру өнері.
•
Медицина қызметкерінің өзін өзі ұстау мәдениетін екі
түрге бөлуге болады:
•
Ішкі мәдениет. Бұл еңбекке жауапкершілікпен қарау,
тәртіп сақтау, құрал жабдықтарға ұқыпты қарау,
достастық пен ұжымдық.
•
Сыртқы мәдениет. Сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісі,
дөрекі сөйлемеу және т.б.
Медициналық қызметкерлерінің
ішкі мәдениеті
•
Сыпайылық – қарапайымдық, шынайлық, адамның әсемдігін және
күшін білдіреді.
Шынайылық – медицина қызметкерінің ең жоғары деңгейі.Ішкі
белгілерінің негізі. Цицерон айтқан, шынайылықтын екі бастауы бар,
бұл: «Ешкімге зиян келтірме және қоғамға пайда келтіру».
Шындық– медицина қызметкерінің барлық ісінің негізі болу
керек.Күнделікті істеген ісінің және ойының негізі.
Мейірім – жақсы адамның ішкі мәдениетінің негізгі қасиеті.
Жақсы адам –бұл қоршаған ортадағы адамдарға жақсы көзқараспен,
олардың қайғы мұңынтүсініп қажет жағдайда көмек көрсетуге
сөзімен, ісімен дайын тұратын адам.
Медицина қызметкерінің сыртқы
мәдениеті
1. Сыртқы көрінісі. Медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киімдеріне
қойылатын талап – тазалық жәнеқарапайымдық, бояулардың және тым сәндеуіш
заттардың аздығы, аппақ халат, қалпақ және екінші ауыстыруға арналған аяқ
киім. Киімі, бет әлпеті, өзін өзі ұстауы медицина қызметкерінің науқастарға мән
беру қасиетін білдіреді. «Медицина қызметкерлеріне өзін өзі таза ұстау керек, таза
киім кию өйткені осының барлығысы науқасқа маңызды.» (Гиппократ).
2. Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениетінің екінші негізгі бөлігі болып табылады..
Речь Медицина қызметкерінің сөзі қатты емес, түсінікті, эмоциональды болу
керек. Науқасқа байланысты мынадай сөздерді қолданбау керек: «апатай»,
«қарағым» және т.б. Кейде науқас туралы «диабетик», «язвенник»,
«астматик»және т.б. сөздерді естуге болады
• ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!
• Медициналық киім әшекейлеуді қажет
етпейді. Ол өзі адамға жақсы әсер
тигізеді, міндеттерін атқарғанда
тазалықты, қатандықты білдіреді.
• Егер дәрігердің түрі қорқынышты,
отыруы сүйкімсіз, міндет етіп сөйлесе
науқастарға сенім білдірмейді.
Медициналық қызметкер өзін
қарапайым ұстап, ұстамды және
түсінікті сөйлеу керек.
Медициналық этика
• Медициналық этика — биомедициналық
этиканың негізгі бөлімі. Медициналық
этиканың дәстүрлі пәні —дәрігер мен науқас
қарым қатынасының этикалық тұсы. Заманауи
медициналық этика медициналық қатынастың
моральдық мәселелеріне анализ жасайды
(дәрігер мен науқас қарым қатынасы,
медициналық тәжірибенің негізгі моральдық
принциптері, медицина қызметкерлері
арасындағы сыйластық, т.б.)
Клиникалық этика
• Клиникалық этика —бұл термин медициналық
этиканың синонимі ретінде қолданылады.
Алайда клиникалық этика мамандандырылған
түсінікте — медициналық тәжірибеде нағыз
ситуацияларды (кейс деп танылатын)этикалық
немесе этикалық-құқықтық анализ жүргізу,
нағыз клиникалық шешім қабылдау үшін
анализ жасау, медициналық жұмысқа қатысты
талдаулар және т.б.
Биоэтиканың негізгі проблемалық өрістері:
• 1. Биомедицина дамуы.
• Бұл мәселе медикобиология ғылымы мен технология дамуының жаңа бағыт алуымен байланысты.
Бұл жерде әдеби, қоғамдық, моральдық тұрғыдағы Биомедициналық революциядық инновациялар
туралы сөз болып тұр. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қалыптасып қалған дәстүрлі ойды
өзгертуге, адам мен машина арасындағы, табиғи мен жасанды заттар арасындағы айырмашылықты
жоюға бағытталады. Бұл мәселеге молекулярлы генетика, репродуктивті технология,
биомедициналық нанотехнология, ксенотрансплантаций жайлы дискуссияларды жатқызса болады.
2. Құқық және әділеттілік
Бұл сфера ауыр этикалық, социалдық, политикалық мәселелердің медицина тәжірибесінде
қарастырады. Ең бірінші кезекте адам құқығы алға қойылады және психикалық ауытқуы
бар науқастар,жұмысқа жарамсыз топтар, АИВ инфекцияланған, әйелдер, кәрі жастағылар,
балалар, ауыр патологиялы науқастар құқығы алға қойылады.
Бұл жерде қарастырылатын сұрақтар: дискриминацияға қарсы тұру; медициналық заманауи
емнің әділетті қолжетімділігі; қоғам тарапынан сыйластықты қатынастарға ие болу құқығы;
адамдардың мәселелеріне түсіністікпен қарау.
Биоэтиканың негізгі проблемалық өрістері:
3. Науқас және медициналық көмек
Бұл сферада медициналық көмек барысындағы
медициналық қызметкер мен науқастың арақатынасы
талқыланады. Қарастыратын сұрақтар:
конфиденциальдылық, науқастың процедуралар мен
операцияларға ерікті келісімі, науқас автономиясы,
пациенттің немесе оған жауапты тұлғаның өзіндік шешім
қабылдай алу құқығы, этикалық қиын ситуайиялар шешімін
іздеу; қызметкерлер арасындағы қайшылықтар, консилиум
өткізу әдебі, профессионалды субординация мәселелері, т.б
4. Ғылыми-медициналық зерттеулер этикасы
Адамға қатысты эксперименттер өткізу тәртібі, зерттеу барысындағы
адам құқығы мен құндылықтарын қорғау туралы сфера.
Қарастыратын сұрақтарға мысал: жыныс жасушалары, ген, бағаналы
жасушалар, эмбрион
Биоэтиканың негізгі проблемалық өрістері:
5. Медицинаның моральдық мәні және мақсаттар
Дискуссияға мысалдар: эвтаназияға көзқарас,
медицина қоғамды бақылау және билік құралы
бола ала ма?, адамзаттың жай күйін жақсарту
және жеңілдету
Биоэтика әлеуметтік институт ретінде
Бүгінгі таңда биоэтика тек оқу пәні, кафедра, профессионалды журнал
ретінде ғана емес, өзіндік орны, мағынасы, мәні бар институт болып
табылады.
Социалды институт ретінде заманауи биоэтиканың құрылымына кіреді:
1. Академиялық биоэтика: кафедралар мен ғылыми орталықтардағы
мамандар, консультант-мамандар.
2. Этикалық комитеттер.
3. Этикалық комиссия, кеңестер, биліктегі және халықаралық тәжіртбедегі
жұмысшы топтар.
4. Халықаралық маңызды ұйымдар: БМА Бүкіләлемдік медициналық
ассоциация
5. Науқас пен отбасы мүшелерінің біріккен ұйымдары
6.Биоэтика мәселелерімен айналысатын қоғамдық қозғалыстар
(құқыққорғаушылық, религиоздық, экологиялық)
Биоэтика бойынша халықаралық құжаттар
• Нюрнберг кодексі (1947);
• Женевалық декларация (дәрігердің халықаралық анты) (ВМА,
1948);
• Медициналық этиканың халықаралық кодексі (ВМА, 1949);
• Хельсинк декларациясы (ВМА, 1964 г., соңғы редакция 2013 г.);
• Пациент құқығы туралы Лиссабон декларациясы (ВМА, 1981);
• Европада пациент құқығы туралы декларация (Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), 1994);
• Европа Кеңесінің Конвенциясы «Адам құқығы және
биомедицина туралы» (1997);
• Адам геномы және адам құқығы туралы жалпыға ортақ
декларация (ЮНЕСКО, 1997);
• Адамның биологиялық материалдарын зерттеулерге қолдануға
Европа Кеңесінің ұсынымдары (2006).
«Биомедициналық этиканың принциптері» Т.
Бичамп және Дж. Чилдрес
Автономия. Науқас өз денсаулығына, дертінің еміне, басқа да
араласуларда өздігінен шешім қабылдау құқығына ие. Дәрігер
пациенттің шешімін сыйлауға міндетті.
«Зиян келтірме» принципі - лат. primum non nocere. Қызметтік
құқық бұзушылықты болдырмау принципі. Бұл дәрігер мен
медицина қызметкеріне басқаларды қауіп қатерден сақтау,
өзінің компетенттілігінің шегінде ауырсыну мен қайғыны басуға
міндеттейді.
Қайрымдылық принципі – «қайырылымдылық жасау» деген
мағынаны білдіреді. Оның құрамына қайғыдағы адамдарға
мейірімділікпен қарау.
Әділеттілік принципіне адамзат теңдігіне сыйластық,
жетіспейтін заттарды тең бөлу жатады.
Шынайылық принципі (науқасқа шындықты айту). Науқас пен
медициналық орталық арасында ашық қарым қатынас пен
медицина орталығының өз міндеттерін орындаудың негізін
қалайды.
Дәрігерлік қателіктер
• Қазіргі уақытта дәрігерлік қателіктердің (әңгіме
қылмыстық немқұрайдылық немесе өзге де қылмыстық
жазаланатын теріс қылықтар туралы болып отырған
жоқ) басым көпшілігінің негізінде мынадай себептер
жатыр:
• заманауи медициналық ғылымның жетілдірілмегендігі;
• жұмыстың объективті жағдайлары;
• маман біліктілігінің жеткіліксіздігі немесе оның өз
бідлімін пайдалануға қабілетсіздігі;
• дәрігердің әрекетсіздігі (оны ниет қылған жағдайда,
мұның алдындағы үш позицияға сілтеме жасай
отырып, түсіндіруге болады)
Қорытынды
Осылайша, этика мен мораль қоғамдағы адамдардың
мінез-құлқын , олардың бір-біріне және қоғамдық
құндылыққа деген қарым-қатынастарын реттейтін
ережелерге қажеттілігінен туған қоғамдық сананың формасы
болып табылады. Емдеудің тиімділігінің бірқатар дәрежеде
аурудың медициналық қызметкерге сенуге байланысты.
Емдеудің барлық кезеңдерңнде сырқаттың сауығуына сенім
тудыру қажет, ол гуманист –медицина қызметкерінің парызы,
ал гуманизм – медициналық мамандықтың табиғи қасиеті.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Дәріс кешені- Мейіргер ісіндегі зерттеу негіздері пәні бойынша : дәріс кешені / анестезиология және реаниматология
курсымен мейірбике ісі кафедрасы. – Шымкент : ОҚМФА, 2016.
• Қаныбеков, А. Медбикелердің іс – әрекеттері. 2-бөлім : оқулық бағдарлама / А. Қаныбеков. – Алматы : Эверо, 2016.
• Қаныбеков, А. Медбикелердің іс – әрекеттері. 2-бөлім : оқулық бағдарлама / А. Қаныбеков. – Алматы : Эверо, 2016.
Мухина, С. А. "Мейірбикелік іс негіздері" пәнінен Тәжірибелік басшылық : медициналық училищелер мен
колледждерге арналған оқу құралы.- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
Адилова, Л. М. Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері [Электронный ресурс] : оқу құралы =
Алгоритмы сестринских манипуляций : увеб. пособие / Л. М. Адилова. - Электрон. текстовые дан. (39.5Мб). - М. :
"Литтерра", 2016.
Дуйсенова, А. М. Мейірбике ісі мамандығында оқитын студенттердің медициналық әлеуметтік сипаттамасы
[Электронный ресурс] : дис. ... магистр акад. дәрежесін алу / А. М. Дуйсенова. - Электрон. текстовые дан. (4,37Гб). -
Шымкент : ОҚМА, 2015.
Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру [Электронный ресурс] : мед. колледждер мен училищелерге
арн. оқу құралы / Н. Ю. Корягина [т/б.] ; қазақ тіл. ауд. А. Р. Куспанова. - Электрон. текстовые дан. (42.7Мб). - М. :
ГЭОТАР - Медиа, 2015.
Қаныбеков, А. Емшара және таңу бөлмелерінің мейірбикелерінің іс - әрекеттері: оқулық / А. Қаныбеков, А.
Қаныбекова. - Алматы : Эверо, 2017. - 200 бет. с.
Адилова, Л. М. Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері: оқу құралы = Алгоритмы сестринских
манипуляций : учебное пособие/- М. : "Литтерра", 2016. -
Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру мед. колледждер мен училищелерге арналған оқу құралы / Н.
Ю. Корягина [ж. б.]; ред. басқ. З. Е. Сопина; жауапты ред. С. Қ. Мұратбекова; қаз тіліне ауд. А. Р. Құспанова, Б. Т.
Алпыспаева ; РФ білім және ғыл. министрлігі. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015. -
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz