1917 жылғы Ақпан революциясының қазақ қоғамы мен ұлттық саясатына әсері


Slide 1

Ақпан революциясы

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Орындаған:Кайрулова Балжан

Топ:И-31

Қабылдаған:Кенжебек Д. Қ

Slide 2

Ақпан революциясы

1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін) . Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады.

Slide 3

1917 жылы 28 ақпанда М. В. Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды.

Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады.

Slide 4

Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А. Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті.

Slide 5

Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз - сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М. Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М. Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.

Slide 6

Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырады.

1917 жылы 14 наурызда - «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.

1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды

1917 жылы 5 мамырда - «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте - «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 15 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Ұлттық - аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.

Отаршылдық басқару органдарын жоймады

Империалистік соғысты жалғастырды

Шаруаларға жер бермеді.

Кемшіліктері

Slide 10

Назарларыңызға Рахмет!


Ұқсас жұмыстар
1917 жылғы Ақпан төңкерісінің Қазақстанға әсері және қос өкімет кезеңі
1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері: себептері, тарихы және Қазақстанға әсері
1917 жылғы Ақпан төңкерісі және қазақ өлкесіндегі Уақытша үкіметтің саясаты мен салдары
1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстандағы салдары мен Кеңес үкіметінің орнауы
1917 жылғы Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, Алаш және ұлттық-дини ұйымдар
1917 жылғы кезеңдегі Қазақстандағы саяси партиялар, ХХ ғ. басындағы қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы және саяси элитаның тарих пен мәдениетті зерттеудегі үлесі
1917 жылғы Алаш қозғалысы және оның жетекшілері
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнауы мен Алаш қозғалысы
1917 жылғы Бірінші жалпықазақ сиезінің шешімдері мен қоғамдық-саяси ұстанымдары
1917 жылғы Түркістан автономиясының құрылуы: тарихы, құрамы және жетекшілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz