Патологиялық ауру


Slide 1

Қазақстан- Ресей жоғары медициналық колледж

Тақырыбы: Патология негіздері

Орындаған: Әлиакпар Бекарыс

Пән мұғалімі: Шолпан Сәрсенбаевна

Тобы Лдк01-21А

Slide 2

Жоспар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Патология дамуы тарихы

Патологиялық ауру

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе бөлім

Патологиялық анатомия- адамдар мен жануарлар организмінде ауруға байланысты дамитын патологиялық процестердің морфологиялық негіздерін зерттейтін ғылым. Қазіргі кезде патологиялық анатомия ауру морфологиясын организмдік, органдық (ағзалық), клеткалық және клеткаішілік деңгейлерде зерттей алады.

Патологиялық анатомияның зерттеу әдісінтеріне: аутопсия (мәйіт), биопсия және тәжірибелік әдіс жатады. Соңғы әдіс патологиялық анатомияда жиі қолданылады. Мысалы, қатерлі ісік тудырушы (канцерогендік) заттардың, аса улы химикалық қоспалардың, қоршаған ортаның зиянды әсерлерін осы әдіспен анықтайды.

Slide 4

Патофизиология (грекше Pathos - ауру, дерт, physis - табиғат, қызмет, logos - ғылым) - ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.

Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Патофизиологияның міндеттері

• Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу

• Патогенез сұрақтарын зерттеу

• Экспериментік емдеу тәсілдерін өңдеу

• Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру

Патофизиологияның негізгі тәсілі - патофизиологиялық эксперимент.

Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.

Биопсия (грекше bios- өмір және opsis - көру) тіндерді тірі организмнен алып, микроскопиялық әдіспен зерттеу. Биопсия арқылы алынған материал - биоптат деп аталады.

Биопсия арқылы клиникалық диагнозды растап, аурудың даму барысын, ағымы мен болжамының сипатын, қандай да болмасын емнің мақсатқа сәйкестігі мен тиімділігін, дәрі-дәрмектердің қосалқы әсерін дәлелдейтін айқын деректер жинақталады.

Slide 5

Аутопсия( грекше autopsia- өз көзімен көру) деп өлу себепетерін анықтау үшін мәйітті ашып көру әдісі аталады. Аутопсия көпке дейін патологиялық анатомияның негізгі әдісі болып келеді Мәйітті ашып көру арқылы көптеген патологиялық өзгерістерді анықтауға болады Аутопсия кезінде ауру белгілерін тек көзбен көріп қана қоймай алынған материалды жан -жақта гистологиялық гистохимиялық иммуноморфологиялық керек болғанда электронды микроскоптық тексеру мүмкіндігі бар Кейде ауру диагнозын анықтау үшін бактериологиялық вирусологиялық зерттеулер де қолданылады.

Эксперимент арқылы тексеру әдісі де патологиялық анатомияда кеңінен қолданылады Себебі адам бойындағы кейбір аурулардың келіп шығу механизмін зерттеу мүмкін емес сол үшін эксперимент қойылады. Мысалы көптеген қатерлі ісік тудырушы заттардың аса улы химиялық қосындылардың әсері тек осы жолмен ғана үйренуі мүмкін Қазіргі уақытта қоршаған ортаның организмге әсерін білу үшін де эксперименттер қолданылады.

Slide 6

Гистология (грек тілінен: histos = сюжет; logia = ғылым) - бұл анатомияның өсімдіктер мен жануарлар тіндерінің микроскопиялық құрылымын жасушалық деңгейден органдар мен мүшелер жүйесінің деңгейіне дейін сипаттайтын және түсіндіретін бөлімі.

Анатомияның мақсаты - көпжасушалы организмдердің сыртқы формасы мен ішкі архитектурасының негізінде жатқан принциптерді жүйелі түрде түсіну. Жалпы анатомия немесе жалпы анатомия қарапайым көзбен тексеруге болатын құрылымдық ерекшеліктерді қарастырады.

Гистохимия, ұлпалардағы әртүрлі химиялық заттардың және олардың зат алмасу өнімдерінің локализациясын зерттейтін гистологияның бөлімі. Кейбір бояу әдістері жасушалардағы белгілі бір химиялық заттарды анықтауға мүмкіндік береді. Майлардың, гликогеннің, нуклеин қышқылдарының, нуклеопротеидтердің, кейбір ферменттердің және жасушаның басқа химиялық компоненттерінің дифференциалды бояуы мүмкін.

Иммунология - организмнің әртүрлі антигендерге (организмге түскен жат текті заттарды) молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы.

Slide 7

Патологиялық анатомияның басты әдісі мәйітті жарып көру деп есептесек, тарихи кезеңдерге қарағанда, осыдан 4, 5 мың жыл бұрын Қытайда, Египетте өлікті бальзамдау үшін осы әдісті қолданғаны белгілі. Бірақ та дам денесін жарып көру адам денесінің құрылысын жете білу үшін суретшілер тарапынан ғана пайдаланылған болатын.

Slide 8

Осы жаңа дәуірдің ең белгілі ғалымы Рудольф Вирхов (1821-1902) барлық аурудың негізінде клетка патологиясы жатады деген даналық пікірге сүйеніп, өзінің «Целлюлалық (клеткалық) патология» деген ұлы еңбегін жазды(1858) .

Р. Вирховтың бұл еңбегі тек патологиялық анатомияның ғана емес, тіпті бүкіл медицинаның дамуында прогрессивті рөл атқарды. Осы кезеңде Ресейде да патологиялық анатомия өз алдына отау тігіп шыға бастады.

Slide 9

Патологиялық анатомияның тарихи дамуындағы екінші бір кезең. Вена ғалымы Карл Рукитанскийдің атымен байланысты. Осы ғалымның “Патологиялық анатомияның жеке бөлімі бойынша нұсқау” деген көлемді еңбегі 60 мыңнан астам мәйіттерді ашып көру негізінде жазылған, онда қазіргі кезде белгілі көптеген патологиялық үрдістердің көрініс белгілерін анықталған.

Бұл еңбегі ғылыми теориялық тұрғадан сынауға болғанымен, оның мол анатомиялық материалдары патологиялық анатомияны жеке пән есебінде және бір сатыға көтерді десек қателеспейміз.

Карл Рукитанский

Slide 10

Медицина саласының жеке бір пәні ретінде тарихы Италия анатомы Джованни Батиста Морганьи (1682-1771) «Аурулардың анатом анықтаған даму орны мен себептері» деген еңбегінің (1761) жарық көруімен басталды. Морганьи өзінің зерттеулері негізінде жңне басқа да мәліметтерді пайдалана отырып, мәйітті жарып көрудің клиникада қаншалықты қажеттілігін, патологиялық анатомияның клиникалық пәндер арасындағы орнын алғаш рет ашып көрсетті.

Slide 11

Морганьидің басқа зерттеушілерден өзгешелігі - ол өз жұмысында әрбір аурудың клиникалық белгілерін, жарып көру кезіндегі табылған анатомиялық өзгерістермен салыстыра зерттеді, көптеген белгілі аурулардың (бауыр церозының, бүйрек тасы ауруының, қатерлі ісіктердің және т. б. ) анатомиялық көріністерін жазудың тамаша үлгісін көрсетті.

Slide 12

1849 жылы Москва университетінде алғаш рет патологиялық анатомия кафедрасы ашылды, кафедраның меңгерушісі профессор А. И. Полунин (1820-1888) мәскеулік патолог анатомдар мектебінің іртасын қалаушысы болып есептеледі. Кеңес дәуірінде оссы мектептен белгілі академиктер А. И. Абрикосов, И. В. Давыдовский, М. А. Скворцов, А. И. Струков, Н. А. Краевский және басқалар шыққан. Петербургтің медициналық-хирургиялық академиясында патологиялық анатомия кафедрасы 1859 жылы жеке бөлініп шықты. Петербург мектебінің негізін салушы М. М. Руднев (1837-1879) болатын. Осы мектептен шыққан белгілі ғалымдар қатарына Г. В. Шор, В. Г. Гаршин, В. Д. Цинзерлинг және басқалар кіреді. Кейінірек патологиялық анатомия кафедралары Қазанда, Харьковте, Томскіде және де басқа қалаларда ашыла бастады.

Патологиялық анатомияның Қазақстанда дамуы кеңес дәуіріне тура келеді. Алматы мемлекеттік медицина институтында патологиялық анатомия кафедрасы 1933 жылы ашылды.

Slide 13

Бүгінгі күні тірек-қимыл аппараты патологиялары ішінде ең көп кездесетіні - ол Пертес ауруы немесе толық атауы Легга-Кальве-Пертес ауруы.

Пертес ауруы - бұл сан сүйегі бас жағының және оның буындық шеміршегінің қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, артынан некрозға айналуы салдарынан туындайтын сан сүйегі мен жамбас буынының ауруы, ол остеохондропатия аурулары тобына жатады.

Бұл патология 5-10 жас аралығындағы балалар арасында жиі кездесетін сан-жамбас буынының ауруы болып табылады, сондай-ақ кейде ерте жаста да, кейде үлкен жаста да кездеседі. Алдымен бір буын, әсіресе оң жақтағы буын зақымданады және онымен қоса басқа буында аз мөлшерде ұқсас остеохондропатикалық өзгерістер байқала бастайды, және олар аурудың барлық сатыларынан өтпей, кері дамуға ұласады. Әдеттегі 2-ші буынның зақымдалу үрдісі 7-10% жағдайларда кездеседі, бірақ олар бір уақытта дами қоймайды. Бұл ауруға ұл балалар қыз балаларға қарағанда 4-5 есе жиірек шалдығады. Ауру сатылап, ұзақ өрбиді. Балалардың 20-25%-да сан сүйегінің бас жағы зақымдалып, ары қарай коксартроз дамиды. Коксит, сүйектің сынуы, санның шығып кетуі салдарынан дамитын патологиялық аурулар, жасөспірімдер эпифизеолизы, сан сүйегінің проксималды аяқ жағындағы туа біткен және жүре пайда болған зақымданулары, сан сүйегі бас жағының екінші асептикалық некрозы, сан-жамбас буыны аймағында туындайтын кейбір ісіктер және диагноздары қойылады.

Slide 14

Аурудың этиологиясы: аурудың даму себептері туралы әртүрлі теориялар бар. Пертес ауруының травматикалық, инфекциялық, зат алмасушылық-гормондық, тұқым қуалаушылық пайда болу көздері қарастырылған. Ортопедтердің ойынша патологиялық үрдіс негізінен сан-жамбас буының жарақаттануы (мысалы, соғып алу, артық күш жұмсау) салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл ауру әлсіз балаларда, рахит, гипотрофия, әртүрлі инфекциялық аурулар, зат алмасу бұзылыстары, сан-жамбас буыны ауруларына шалдыққан балаларда жиі кездеседі. Бір отбасы мүшелерінде Пертес ауруының пайда болу жағдайы сипатталған. Бұл тұрғыда Пертес ауруының пайда болуын анатомиялық құрылыстың күрделілігімен, архитектоника мен шағын қанайналымның ерекшелігімен, сан-жамбас буынының көрсетілген жас аралығында ерекше реактивті болуымен байланыстырады. Пертес ауруы диспластикалық тұрғыда өзгерген сан-жамбас буынында туындайды. Дисплазия буынның барлық бөлшектерін зақымдайды

Slide 15

Пертес ауруы кезіндегі сан сүйегінің бас жағында жүретін өзерістер келесі сатыларға бөлінеді:


Ұқсас жұмыстар
Медицинада жалпы патологияның рөлі
Патогенез
Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелу
Клеткалардың патологиялық физиологиясы,тканьдердегі патологиялық процестер
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Жылқылардың артериті
Ауру малдың етін анықтау
Жұқпалы және паразитарлық аурулар кезінде зертханалық зерттеулер үшін патологиялық материалды алу және жөнелту ережесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz