Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Презентация қосу
Тақырып: Мәдениет морфологиясыМәдениет морфологиясы
Пән: Мәдениеттану
Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған
Ақтөбе
Жоспары:
1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
2. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
3. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, іргелі және қолданбалы мәдениеттану, мәдениетті
зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы, теориясы мен әлеуметтануы, мәдени және әлеуметтік антропология,
мәдениет тарихы.
Глоссарий
политеизм- Политеизм — көп құдайға табынушылық. Политеизм сенімі бойынша
“Құдайлардың” өзіндік иерархиясымен ерекшеленетін әлемі бар. Политеизм деген жалпы
атауға ие бұл сенімдер бойынша антроморфтық сипатқа ие “Құдайларының” өзіне тән
құдірет аясы, аты, табиғат пен қоғамдағы билігі бар.
монотеизм- Монотеизм (грекше: μονος — бір, θεος — Құдай) - тек бір ғана Құдай - Аллаһ
тағала бар екендігіне негізделген сенім; осы доктринаға негізделген сенімнің діни жүйелері.
Маңызды әлемдік діндер ішінде тек Яһуди, Мәсіхшілік және Ислам монотеистік болып
табылады және шығу тегі бір.
натурализм- Натурализм (французша: naturalіsme, латынша: natura – табиғат) – философияда
табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде
қарастыратын философиялық бағыт. Материалистік философияда табиғаттан жоғары тұрған
ештеңе жоқ деп саналатындықтан.
гедонизм- Гедонизм - Кирен философиялық мектебі (б.з.д. IV ғ.) мен Эпикурдың (б.з.д. 341 -
270) дамытқан этикалық ілімі. Геодонизм эвдемонизмнің бір тармағына жатады және ләззат
алуды (негізінен сезімдік) тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жариялайды.
Мәдениет-жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылықтар жүйесі,адамның өмір сүрген
ортамен қарым-қатынасы.Ол өзара қарым-қатынас негізінде қалыптасатын ерекше
құбылыс. Бұл қарым-қатынастың мәні адам бұрынан жасап келе жатқан мәлениетті бойына
сіңіреді,қабылдайды өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады.
«Мәдениет дегеніміз не?»- деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына,яғни осы күрделі ұғымды білдіретін
сөздің шығу тегіне тоқталуымыз керек. Қазақ тілінде бұл термин арабтың «маданият»-қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл
ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық)деп атауға болады. Бұл жерде ең алдымен көзге түсетіні-мәдениет
пен табиғатты «культура» мен « натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген
мағынаны берген. Кейінірек Цицерон еңбектерінде (б.з.д. 45ж) бұл сөздің мағынасы тереңдеп «жанды жетілдіру» деген ұғымды
білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік» сияқты мағыналарға ие бола
бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар:
а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, қазақ
мәдениеті және т.б.);
б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті);
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет).
Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқан философтар болды. Өкінішке орай, ХVІІІғ., яғни
ағартушылық кезеңіне дейін басты құндылық – «адам мен оның ақыл ойы» деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі
термин ретінде қолданылмады, жаңа ұғымның синонимі ретінде пайдаланылды. «Мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны
өңдеу, егіншілік пен ауылшаруашылығы тығыз байланысты. Оған қоса «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен
байланыстылығының тамыры көне заманда жатыр. Білімсіз, тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, білім
мен тәрбие барлық халықтардың қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау,
табынушылық» деген мағынаға ие. Осылардың ең бастысы4 – діни табынушылық. Көне замандағы адамдар құдайлар
қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді
Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде табиғаттан алды.
Жаңа заманда (ХVІІ-ХІХғ.ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына үлес
қосқан өз алыптары болды. Олар (Англияда — Толанд, Францияда — Вольтер мен Монтеське, Германияда — Лессинг,
Шиллер, Гете) дүние мен адамзат жайындағы ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамның ақыл-ойының
тәуелсіздігін батыл қолдады. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ қабілетті, ақылды жан, соны тиімді пайдаланудың
нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті.
Ұлы неміс философы Иммануэль Кант (1724-1804) «ақыл-ойға» табынған. Ол француз ағартушыларының дүниенің
негізінде «ақиқат», «қайырымдық» деген идеяларын қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша әрекет
жасады. Канттың «мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі» деген қағидасы кең
таралған. Кантта мәдениеттің мағынасы – адам бойындағы хайуандық сезімнің бастауы, ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің
көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854) мәдениетті эстетикалық
тұрғыдан ұғынып, меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны адамдардың көркемдік қызметі деп атады.
Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мән бере отырып, мәдениетті адамды хайуандардан айыруға мүмкіндік
беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді «келісімді
императив» деп атады. Бұл идеяға ұқсас идеяларды Спеноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар айтқан. Кант
ұғымынша «мәдениет – табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол.
ХІХ ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымның бірі, ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-
1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым-реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз
даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Нақты идеалды тұрғыдан мәдениет – жеке адам мен бүкіл қоғамды адамның бақыты
мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады. Тайлор
мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі, дәлірек айтқанда материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады.
Көне заманнан бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейін мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан
қарастыра отырып, қысқаша қорытынды жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет ұғымы діни сипатта
мынадай қағидаларға келіп тіреледі:
а) мәдениетті ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну;
ә) мәдениетті ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант);
в) ең соңында мәдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік
рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель);
г) адамзат мәдениеті үздіксіз дамып, өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз
бағынады.
Мәдениет – адамзат баласының қызметінің жемісі деп есептелді. Мәдениетке байланысты қағидаларды,
ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия) жасауға
тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып
қарастырды.
1. Мәдениет түсінігінің дамуы мен логика тарихы.
Анықтаманың әр түрлілігі. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, алайда ойшылдар көптен бері
мәдениеттің өзіне анықтама беруді ойластырып келеді. Әсіресе бұл мәселе «мәдениет» түсінігі қазіргі
заманғы қоғамда фундаменталды түсінік болып қалған кезінде аса маңызды. Оның бірнеше анықтамалары
бар, оның саны да үнемі артып келеді. Батыстық мәдениеттанушылар санағандай егер 1871 жылдан 1919
жыл аралығында тек қана жеті анықтама берілген болса, ал 1950 жылдан 1990 жылдары – 400 артық
анықтама берілген.
«Мәдениет» сөзі – қазіргі заманғы қоғам танудың тек қана фундаменталды түсінігі ғана емес, ол күнделікті
қолданыстағы тілдің, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі. Мәдениет туралы айтқанда ол тұрмысты
реттейтін жағдайлардың барлығын қамтиды, адамзат тілінің тазалығы, көркемдігі, әдебі мен заңдылықтары
сақталған қоғамға басшылық ету, театрлардың, мұражай мен кітапханалардың болуы, оған бару т.б.
А.С.Карминнің классификациясы. Күнделікті санада мәдениеттің түсінігі,деңгейі анықталмайды, тек қана
эмпирикалық түрде түсіндірумен шектеледі. Олардың мағыналары аз, әрі бір тектес. Мәдениеттің ғылыми
түсінігі көп түрлі, себебі ол әр түрлі ғылымдар арқылы беріледі. Олар социологиялық, мәдени-
антропологиялық анықтамалар. Ресей мәдениеттанушысы А.С. Кармин «Мәдениеттанудың негіздері.
Мәдениет морфологиясы» еңбегінде 1996 жылы мәдениеттің 1500 анықтамасының болғанын ескере
отырып, оларды сараптауға талпыныс жасады, мәдениеттің мына түрлерін бөліп алды:
сипаттаушы, антропологиялық, құндылықты, нормативті, тарихи, функционалды.
2. Мәдениет құрылымы. Мәдениет тұтас жүйе.
Мәдениетін құрылымы: мәдени түрлердің саналуандығы және мәдени құрылымның күрделілігі.
Адамның жасаған әрекеті алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер мен нәрселерде
көрініс табады.
Мәдениет құрылымы: рухани мәдениет және материалдық мәдениет.
Рухани мәдениет дегеніміз - білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл
болып табылады.
Материалдық мәдениет дегеніміз - тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы
және т.б. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар, атап айтсақ тарих, археология, этнография,
антропология, әлеуметтану сондай-ақ сананың түрлі формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика,
дін, мораль және т.б. ғылым салалары қарастырады.
Рухани мәдение саласына: дін, мораль;саясат, құқық;ғылым, білім, дене тәрбиесі, спорт, медицина;әдебиет,
өнер; бұқаралық ақпарат құралдары, тіл;рухани іс-әрекеттің материалдық заттық өнімдері енеді.
Материалдық мәдениет саласына: ғылымның, білімнің, әдебиет және өнердің, медицинаның, дене тәрбиесі
мен спорттың материалдық заттық құрылымдары;бұқаралық коммуникация құралдарының материалдық
техникалық базалары,рухани іс-әрекетті өнімдерін өндірудегі материалдық базалар енеді.
3. Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.
Осы мәдениеттің анықтамаларын жеке қарастырайық.
Құндылықты – бұл адамдар қолдан жасайтын материалдық және рухани құндылықтардың бірлігі, ал
құндылық – адам санасында қалыптасқан қандай да бір материалдық немесе идеалдық заттардың адамға
жағымды мағыналары. Құндылықтың өзі объект болмайды, ол адамның қандай да бір қажеттілігін
қанағаттандыра алу мүмкіндігі. «Құндылық» және «құн» - бірегей түсініктер емес. «Құндылық» - ол
философиялық және мәдениеттану түсінігі, «құн» - экономикалық түсінік.
Мәдениеттің құндылық концепциясы ХVІІІ ғ. аяғында неміс философтары мен мәдениеттанушыларының
еңбектерінде пайда болды, бүгінгі күні де мәдениеттану концепциясының маңызды бөлігі болып
табылады.
Социологиялық концепциясы – мәдениет анықтамасын идея бірлігі ретінде, адамдардың ұжымдық
әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік құралдар ретінде түсіндіруден шығады.
Мәдениеттің технологиялық анықтамасы - мәдениетті нақты бір өндіріс пен қоғамдық өмір сүрудің,
нақты бір деңгейі ретінде таниды, ол қоғамның технико-экономикалық көрсеткіштеріне тәуелді болады.
Мәдениеттің әрекеттілік анықтамасы - оны адамдар өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде түсінумен
қатысты. Олар қару қолдану, белгілер мен нормалар, өзін-өзі ұстау ережелері, құндылықтар мен
символдар.
Мәдениеттің сипаттау анықтамасы - оның нақты бір бөлшектері мен көріністерін тізіп шығу.
Мәдениеттің антропологиялығы - мәдениеттің өзі адамдар қолымен жасалған заттар әлемі екендігінде және табиғатқа
қарсы тұру.
Тарихилығы - мәдениеттің өзі тарихтың, қоғамның жемісі екендігінде және де адамзаттың тәжірибе арқылы жинақталған
тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы дамуы.
Л. Уайт. Мәдениет дегеніміз – символдар бірлігі.
Мәдениеттің басқа бір қазіргі заманғы анықтамасын американдық мәдениеттанушы Л. Уайт берді. Ол оны адам
барлығында символдарды көре білетіндігі және оны қабылдау мүмкіндігімен байланыстырады. Л. Уайт үшін мәдениет
дегеніміз – ол идеяны, сезімді, әрекетті, сенімді, қарым-қатынасты, өзін-өзі ұстау үлгісін, заңдар мен институттар,
көркем шығарма мен оның формасын, т.б жатқызатын символдар бірлігі. Л. Уайттың айтуынша, мәдениет – ол
ұйымдасқан жүйе, оның шағын жүйесі ретінде технологиялық, әлеуметтік пен идеологиялықтар танылады. Соңғы екі
шағын жүйелердің маңыздылығын ескере отырып Л. Уайт, технологиялық шағын жүйені барлық мәдениеттерге
детерменантты деп санайды, себебі ол адам өміріне қатысты. Технологиялық жүйені функцияналдыру динамикалық
болып табылады және энергия шығынымен байланысты, сондықтан мәдениеттің алғашқы функциясы Л. Уайттың
ойынша - қуатты өндіру мен адам өмірінің қажетіне жарату. Л. Уайт мәдениеттің даму деңгейін адам санына қанша
қуат алынып пайдаланғаннан, оны пайдалану технологиясының тиімділігінен анықтайды. Осындай байланысты
мәдениеттанушы мәдениет эволюциясы заңы деп санады, ол кейіннен ғалымның атымен аталды («Л. Уайт заңы»).
Өзінің гуманитарлық білім тарихындағы басқа кезең болып табылатын «Мәдениет туралы ғылым» атты еңбегінде Л.
Уайт мәдениетті мәдениеттанудағы жаңа ғылым пәні ретінде сараптап көрсетеді. Жаңа ғылымның пәндік бағытын
анықтайды, оның атауын енгізіп, оған жүйелі әдісті қолдануға болатынын көрсетеді.
4. Мәдениет құрылымы. Рухани және материалдық мәдениеттің ара қатынасы.
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті
бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-
рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек
құралдары және көркем шығырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Материалдық мәдениетсіз рухани
мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі
материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске
асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты,
барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің
бір саласы. Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды,
мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі
жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі
кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен
шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың,
театрлардың материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген
талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті.
2) Аксиология (грек, axios -құнды, logos- ілім) -құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны
және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын
алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған.
Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның
мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени
құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи
жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-
қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай
реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды
құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи
әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі
(Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез
келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас,
Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы
құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен
құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет
кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға
болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына
психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.
3) Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым
салаларымен байланысы. Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса
бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның
басты саласы — мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді
(материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының
жалпы заңдылықгарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-
моральдык,ғылыми-көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан
мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін,
олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей
отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек,
мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырьп,ондағы басты
мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар
саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. өйткені бұл пән адамзат
баласының мәдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени
процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда, этнографтардың,
әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат
салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға
болады.
Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология,
психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал
ететіндігін қарастырып көрейік.
Антропологияның басты бағытының бірі — қоғаммен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып
қарағанда, «антропология»мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар:
1.Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық);
2.Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық
мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі);
3.Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйеніңбасқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.
Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар
«жалпылама» деп есептеп, оның эмпирикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлеуметтік
антропология» әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет
бұрып кетті деп пайымдап, ал «мәдени антропология» деп аталатын антропологияның басты саласы — психология
мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Социология мемлекет, таптар, топтар, сословие және одан да ұсақ
қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын кызметіне қарай
зерттейді. Шын мәнісінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әрекетшілігіне байланысты
мәдениеттің материалдық және рухани көріністерін дұрыс түсініп, ой елегінен өткізуге көмектеседі.
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз
байланысты болып келеді. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық
ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты
табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша
рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар
едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының
да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға
ұшырауы — қоғамдық-саяси жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың қажеті бола
қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілген қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады.
«Азшылық» халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрьп кетуі отаршылдықпен, басып алушылықпен, шектен
тыс қанаушылықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз
байланысты болды.
Ендеше тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты мақсат —
халықтың рухани байлығы — мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз еліміз өркениетті елдердің
қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі
қомақты болмақ.
Әрине, мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ соған қарамастан ол жеке
пән болып қалыптасу процесін бастан кешіруде. Оған дәлел ретінде қазіргі мәдениеттанудың біртіндеп
философияның әкелік қамқорлығынан шығып, өзіндік бағыт алуын айтсақ та жеткілікті сияқты.
Мәдениеттанушы, ең бірінші кезекте, мәдени кызметтің нәтижелерімен (мәдени шығармашылықтың
нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және т.б.) санасса да, оның басты мақсаты — тереңде
жатыр, дәлірек айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің
екінші — «коммуникативтік« жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің, адамның адамгершілік
тұрғыдағы карым-қатынастарының дәрежесіне де байланысты болып келеді.
Біздің ойымызша, мәдениеттану пәнінің басты мәселесі — адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде
мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы
басты мақсаты — дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи — мәдени процестерді тарихи шындық
тұрғысынан түсіндіріп қана қоймай, оларды болжай әрі басқара білу. Ең бастысы мәдениеттану ғылымы
мәдениеттің қайнар бұлағынан сусындай білуі қажет. Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген
мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заман мәдениетінің көп жағдайларда өз бастауын ұмыта
бастағандығынан да болуы керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Сәрсенова, Ж. Н.Мәдениеттану: оку куралы / Ж. Н. Сэрсенова. - Алматы :
Нур-Принт, 2013
2. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Tech Smith,
2018.
3. Нағымов, Ш.Н. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы : Оқулық. / ҚР
Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - Алматы, 2012.
4.Барнард Алан. «Антропология тарихы мен теориясы»/пер. на каз.яз. Под
руков. Кульсариева А.Т., Масалимова А.Р. – А., 2018.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz