Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше
Презентация қосу
Тақырыбы:Ас қорыту ағзаларының жас ерекшеліктері
Орындаған:Сипатаев И
Тобы:1402-11-1
Қабылдаған:Анарбаева
А.И
Жоспары:
1. Асқорыту жүйесінің құрылысы маңызы.Ас қорыту
мүшелердің түрлері
2. Ауыз қуысы
3. Жұтқыншақ
4. Өңеш
5. Асқазан құрылысы қызметі.Аш ішек, тоқ ішек
6.Пайдаланыған әдебиеттер тізімі
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema
digestoria; көне грекше: systema — бүтін,
байланысқан, жүйе;лат. digestoria — асқорыту)
адам мен жануарлар организмдерішіндегі(азықты) қа
былдау, өндеу,қорыту, сіңіру және жын қалдығын
сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын
мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді
мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады.
Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту
жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді —
ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен
қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он
екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту
бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан
ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Ауыз қуысы.
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma
— ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы
бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы
жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды.
Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы
кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ
таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп
атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы
және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі
бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын
— оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты
және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан
ауыз қуысының түбін тіл құрайды.
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты
бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы
жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11—13 см.
Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады.
Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа
жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да
өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен
байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-
қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар
ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады.
Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен
түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу
бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше.
Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен
жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп
қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары
тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті
қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан
тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын
жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің
ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен
жалғасады.
Асқазан — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында
орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын - іші қуыс қалың
бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің
басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан
қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді.
Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі
бағытта орналасқан. ішкі қабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал
сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі
(шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі
бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан
жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады .
Аш ішек
Аш (ащы) ішек-ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі, оның
ұзындығы 5-7 м және 3 бөлікке : ұлтабар, аш ішек және мықын
ішекке бөлінеді. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді
Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқыбездің де
өзегі ашылады.Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі
қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен
бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі
бүрлер өте көп.Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән.Бұл бүрлер
ішектің
Тоқ ішекішкі сіңіру бетін ұлғайтады.
Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей
жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бу йен деп
аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан.Бүйеннің
томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді түйық өскін
соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (лат. «арреndіх»
- қосалқы) деп атайды.Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның
қабынуынан болатын ауру - сокырішек (аппендицит) деп
аталады.Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов,
У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық
сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / —
Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009.
3. Несіпбаев Т.Н. Адам және жануарлар физиологиясы.
Оқулық, Алматы, «Ғылым», 2005ж.
4. Несіпбаев Т., Несіпбаева А.Қ. Адам және ҥй жануарлары
физиологиясы. Оқулық Алматы, «ҚР Жоғары оқу
орындарының қауымдастығы», 2012 ж.
5.Ж.К. Ермаханов «Тән тану адам анатомиясы» Алматы
2004 жыл 79 бет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz