Көп қабатты эпителий




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: ЭПИТЕЛИЙ
ҰЛПАСЫ

Орындаған: Сабиров А
Тобы:СТК-201
Қабылдаған:Тастемирова Б
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

Эпителий ұлпасын
классификацияға бөлу
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Тін — бір жасуша жүйесін және туындыларын
сипаттайтын филогенетикалық жасушалар
жүйесі. Эволюция процесінде ағзалардың
қоршаған ортамен өзара байланысы және
жағдайларға бейімделуі бірнеше тін түрлерінің
шығуына әкелді. Төрт түрлі тіндерді
ажыратамыз: 1. эпителий 2. дәнекер немесе ішкі
ортаның (қан, лимфа, меншікті дәнекер тін,
шеміршек және сүйек) тіндері 3. бұлшықетті 4.
нерв.
ЭПИТЕЛИЙ ҰЛПАСЫ (ЭПИТЕЛИАЛЬНАЯ ТКАНЬ); (TEXTUS
EPITHELIALIS, ЛАТ. TEXTUS — ТКАНЬ, ҰЛПА; ГРЕК, ЕРІ —
ҮСТІНДЕ, THELE — КЕУДЕЛІК
ЕМІЗІКШЕ) ОРГАНИЗМДІ СЫРТҚЫ ЖАҒЫНАН ҚАПТАП, ІШКІ
МҮШЕЛЕРДІН КІЛЕГЕЙЛІ ЖӘНЕ СІРЛІ ҚАБЫҚТАРЫН
АСТАРЛАЙТЫН ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ БЕЗДЕР ПАРЕНХИМАСЫН
ТҮЗЕТІН ҰЛПА. ЭПИТЕЛИЙ ҰЛПАСЫ: ЖАБЫНДЫ ЖӘНЕ БЕЗДІ
ЭПИТЕЛИЙ БОЛЫП ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ.
Эпителий – организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бөліп
тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін
шекаралық ұлпа.
Эпителийдің клеткалары қабат құрап орналасады.
Эпителиалдық ұлпаның негізгі массасын клеткалар құрайды.
Эпителий үнемі сыртқы ортаның әсерінде болады, соған
байланысты олардың регенерациялық (қалпына келу) қабілеті
жоғары.
Эпителиалдық клеткалардың құрылысы полярлы келеді.
Базальдық және апикальдық бөліктері құрылысы мен қызметі
жағынан бірдей болмайды. Мысалы ішектің эпителиалдық
клеткаларының апикалық бетінде микробүрлер болады, ішкі
торлы аппарат ядроның үстіңгі аймағында орналасқан, ал
клеткалардың базальдық бөліктерінде микробүрлер мен торлы
аппараттың элементтері болмайды. Эпителий клеткаларының
полярлы болуы олардың шекарада орналасуына байланысты.
Эпителий Базальдық мембрананың үстінде жатады.
Базальдық мембрана эпителий клеткалары мен оның
астындағы дәнекер клеткаларының тіршілік
әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы екі
ұлпаны, бір жағынан, бірін – бірінен бөліп, екінші
жағынан, оларды біріктіріп, біртұтас комплекс
құрайды. Эпителийдің қоректенуі базальдық мембрана
арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі.
Эпителийде нерв талшықтары көп болады, ал қан мен
лимфа тамырлары болмайды. Эпителийдің негізгі
қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын
қорғау. Сонымен бірге кейбір жағдайларда белгілі
эпителиалдық клеткалар секрет бөлу және сіңіру
функцияларын да атқарады.
Жабынды эпителий ұлпасы организмді
қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған
сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий
ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан
эпителий жасушаларынан
(эпителиоциттерден) құралған.
Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ
дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ
(базальды мембрана) оқшауланады. .
Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және
көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді.
Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды,
сезімтал жүйке үштарына бай. Бірқабатты
эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік
айырмашылык (апикальды және базальды
полюстер) болады. Эпителиоциттердің қалпына
келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген.
Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және
көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді.
Бірқабатты эпителий ұлпасында
барлық эпителиоциттернегіздік жарғақта
орналасады, ал көпқабатты эпителийде
базальды мембранамен оның тек төменгі
қабатта орналасқан жасушалары
жанасады.Эпителий ұлпасы организмде қорғаныс
қызметін атқарады, зат алмасу процесіне қатысады, сірлі
сұйық және түрлі бөлінділер бөледі.
Безді эпителий ұлпасы — организмде
өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін
бездер паренхимасын құрайды.
Бездер: экзокринді және эндокринді б
олып бөлінеді. Эпителий
ұлпасы организмде қорғаныс
қызметін атқарады, зат алмасу,
процесіне қатысады, сірлі сұйық және
түрлі бөлінділер бөледі
Құрылысы
Эпителий ұлпасы құрылысына қарай
бір қабатты, көп қабатты болады. Егер
жасушалары бірнеше қабат түзіп
орналасса - көп қабатты деп аталады.
Мысалы, терінің сыртқы қабатының
жасушалары көп қабатты
болғандықта, қасаңданып түлеп
түседі. Оның орнын терең
қабатындағы жасушалар
толықтырады
Жасушаларының пішіні мен атқаратын
қызметіне қарай эпителий ұлпалары
алты топқа бөлінеді:
1) Жалпақ эпителий жасушалары көп
қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз
қуысы, өңештің ішкі жағын
астарлайды;
2)Текшелі эпителий бүйректің
өзекшелерін іш жағынан астарлап
тұрады;
3)Бағана тәрізді эпителидің жасушалары
ұзынша, қарын мен ішектердің ішкі
қабатында орналасқан;
4)Кірпікшелі эпителий бағана тәрізді
жасушаларының бетінде
цитоплазмадан түзілген кірпікше
тәрізді өсінділері болады. Әсіресе
тыныс жолдарындағы кірпікшелі
эпителилер шаң - тозаң бөлшектерін
және тағы басқа бөгде заттарды ұстап
қалады;
5)Сезгіш эпителий тітіркенуді
қабылдайды, иіс сезу эпителийлері
мұрын қуысында орналасқан;
6)Безді эпителий жасушалары сүт, тері ,
жас, сілекей, құлық бөледі.
Эпителий ұлпасының қызметі:

Қорғаныштық;
Денеде су мөлшерінің бір қалыпты
болуын реттеу;
Бастапқы және соңғы кезеңдердегі
зат алмасуға қатысу;
Ағза мен сыртқы орта арасындағы зат
алмасуды реттеу.
Онто және филогенетикалық классификация

Эпителийлер классификациясының бұл түрін, олардың белгілі
бір ұрықтық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н. Г. Хлопин
ұсынған. Ол эпителийлердің төмендегі типтерін ажыратқан:
Эктодермадан пайда болатын эпидермалық эпителий
(жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі,
сілекей бездері);
Энтодермадан дамитын энтодермалық эпителий (ішектің,
бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);
Мезодермадан пайда болатын цело – нефродермалық эпителий
(жыныс бездерінің, бүйректің эпителий мен мезотелий);
Нерв түтігінің бастамасынан дамитын эпендимо – глиялық
эпителий (эпендима);
Мезенхимадан түзілетін эндотелий. Эпителийдің соңғы екі түрін
зерттеушілердің көпшілігі эпителийлер қатарына жатқызбайды.
Жұлын каналы мен ми қарыншаларының астары – эндотелийді
дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп санайды.
Бір қабатты куб пішінді эпителий

Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Бұның негізгі
функциясы – ылғал беттерді қорғау.
Бұл кезде секрет бөлу немесе сіңіру қызметтерін
атқармайды.
Осы эпителийдің барлық клеткалары біріне-бірі ұқсас.
Кейбір бездердің өзектерінде кездеседі. Көпшілік
жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий
өзгеріске ұшырап, қорғау қызметтерімен бірге секрет
бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.Секретор-
лық және сіңіруші клеткалардан тұратын бір қабатты
цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан
оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектің түрлі
бөлімдеріндегі эпителиалдық. клеткалардың құрылысы
бірдей емес, жалпы алғанда оларды екі топқа бөлуге
болады:
Ішектің қуысындағы қорытылған өнімдердің сіңіруін
қамтамасыз ететін клеткалар.
Шырыш бөлетін (бокал тәрізді клеткалар) секреторлық
клеткалар. Ішек эпителийі- нің сіңіруші клеткаларын жарық
микроскоппен қарғанда сызылған жұқа қабатпен
қапталғанын көруге болады. Осы белгісіне қарап, оны
щеткалық көмкерме деп аталған. Электрондық микроскоп
бұл құрылымның плазмалемманың өсінділерінен түзілгенін
анықтайды. Әрбір өсіндінің көлденең өлшемі 0,1 — 0,2 мкм,
ал ұзындығы 1 – 3 мкм. Осы ультромикроскопиялық
құрылымдар микробүрлер деп аталған. Эмбриондық
клекаларда олар аз болады. Жіктелу процесі кезінде
микробүрлердің саны көбейеді олар ішек эпителийінің сіңіру
бетін 25 – 30 есе арттырады. Iшек қабырғасындағы ас
қорытылуында жиналған түрлі заттар адсорбцияланады,
кейін пиноцитоз арқылы клетканың цитоплазмасына түседі.
Көп қабатты эпителий
Көп қабатты эпителий сіңіруді тиімді
қамтамасыз атқара алмайды. Сонымен бірге
көп қабатты құрылым секрет бөлу қызметіне
нашар бейімделген. Сондықтан көп қабатты
эпителийдің бетіне секрет оның астында
орналасқан бездерден келеді де өзінің
өзектері арқылы оның бетіне ашылады.
Сонымен, көп қабатты эпителий негізінде
қорғаныш қызметін атқарады.
Көп қабатты эпителийдің мүйізденбейтін
және мүйізделуші деп аталатын екі түрі бар.
Көп қабатты мүйізденбейтін
эпителий
Бұл эпителий механикалық әсерге ерекше
қатты ұшырайтын ылғал беттерге тән.
Ылғалға қажет сұйық, эпителийдің астында
орналасқан борпылдақ дәнекер ұлпасында
болатын бездерден келеді. Эпителийдің бұл
түрі ауыз бен өңештің ішкі қуысын, қынапты,
көздің мүйіз қабығының бетін, тік ішектің
артқы бөлігін астарлайды. Эпителийдің осы
түрінде клеткалардың үш қабаты болады:
базальдық қабат, көп бұрышты немесе
қанат тәрізді клеткалардың қабаты, жалпақ
клеткалардан тұратын үстіңгі қабат.
Базальдық қабат негізгі мембрананың үстінде орналасқан
митоз жолымен жедел көбейетін цилиндр тәрізді
клеткалардан тұрады. Базальдық қабаттың клеткалары
базальды немесе негізгі мембранаға арнаулы құрылымдармен
бекіген. Клеткалардың ортаңғы қабаты немесе көп бұрышты
клеткалар қабаты десмосомалармен жабдықталған жіңішке
өсінділермен байланысқан көп бұрышты клеткалардан
тұрады. Клеткалардың арасында эпителиалдық клеткалардың
қалың қабатының қоректенуін қамтамасыз ететін ұлпалық
сұйық ағатын клеткааралық кеңістіктер болады. Көп бұрышты
клеткалар қабатының клеткалары Гольджи аппаратының
көмегімен клеткааралық цемент деп аталатын затты
синтездейді. Көп қабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителийдің
үстіңгі қабаты жалпақ клеткалардан түзілген, солардың ең
үстінгілері оқтын – оқтын түлеп түсіп отырады. Түлеп түскен
клеткалардың орнын төменнен жаңа клеткалар басады.
Көп қабатты мүйізделуші
эпителий
Тері эпителиі өзінің құрылысы жағынан алуан түрлі.
Омыртқалыларда тері эпителиі көп қабатты,
омыртқасыздарда бір қабатты болады.
Тері екі қабаттан тұрады: терінің өзі немесе дерма деп
аталатын дәнекер ұлпалық бөлік пен эпидермис
делінетін эпителиалдық қабаттан. Мүйізделген көп
қабатты эпителий құрылысы мен қасиеттері түрліше
қабаттардан тұрады. Осы аттардан үш зонаға біріктіруге
болады. Ең тереңгісі базальдық мембрананың үстінде
жататын цилиндр тәрізді эпителиалдық клеткалардың
бір қатарынан тұратын базальдық қабат.
Бұл қабаттың клеткаларының базальдық бетінде
базальдық мембранаға кіріп тұратын саусақ тәрізді
өсінділер болады. Осы өсінділер арқылы бүкіл
эпителиалдық қабат базальдық мембранаға бекиді.
Базальдық қабаттың клеткаларының клеткааралық кеңістікке
қараған бетінде көптеген микробүрлер болады. Базальдық
мембрана арқылы дәнекер ұлпасынан диффузиялық жолмен
эпителийге келген қоректік затты бірінші болып осы қабаттың
клеткалары қабылдайды. Базальдық қабаттың клеткалары жедел
бөлінеді және жаңадан пайда болған клеткаларының негізгі
массасы үстінде орналасқан қабатқа ауысады. Базальдық
қабаттың үстінде көп бұрышты немесе қанат тәрізді
клеткалардың 4 – 8 қабаттары орналасқан. Бұлардың жинағы көп
бұрышты клеткалардың қабатын құрайды. Бұл қабатты базальдық
қабатпен қосып, өсуші қабат дейді. Өсуші зонаның клеткаларының
қабаттары дәнді және жылтырақ клеткалардың зонасына
ауысады. Терінің бетіне жақын біршама қалыңдығы бар мүйізденіп
өлген клеткалар зонасы жатады. Көбею қабілеті базальдық
клеткаларда ғана сақталған. Эпителийдің тіршілігінде бұл
клеткалардың маңызы үлкен. Бетіндегі қабаттардың үздіксіз
түлеп түсетін клеткаларының орны осы клеткалар арқылы
толады.
Дәнді зона жалпақ клеткалардың 3 – 4
қатарынан тұрады, жылтырақ қабатты
клеткалардың 2 – 4 қатарын құрайды. Дәнді
клеткалардың цитоплазмасында
кератоглиалинның ұсақ дәндері пайда
болады. Жылтырақ қабатта кератоглианинның
дәндері қосылып, гомогендік массаны
құрайды. Мүйіз қабатта кератоглиалин
кератинге айналады. Теріде кератин маңызды
рөл атқарады. Денемізді кеуіп – қурап
қалудан, механикалық зақымданудан және
микробтардың енуінен қорғайды.
Бездік эпителий

Эпителий организм бездерінің негізгі массасын
құрайды. Бездегі эпителиалдық клеткалардың қызметі –
организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларда түзіп,
олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет бөлу
қызметін атқарады. Олардың көпшілігі – бездік
эпителийдің туындысы. Бездердің көпшілігі
қалыптасқан жеке органдар (мысалы, ұйқы безі, ірі
сілекей бездері, қалқанша без). Басқалары органдардың
бөлігі болып саналады (мысалы, асқазанның бездері).
Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді.
Экзокриндік бездер секрет түзүші немесе бездік бөлімі
мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің
классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына
негізделген.
Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін
гормондарды бөледі. Эндокриндік бездердің
классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына
негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға
түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер
бездік клеткалардан тұрады және олардың шығару
өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз,
эпифиз, қалқанша және қалқаншаның қонсы бездері,
бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс
аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бәрі
организмнің эндокриндік жүйесін құрайды.
Экзокриндік бездер сыртқы ортаға яғни эпителиймен
астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің
бетіне шығарылатын секреттер бөледі.
Экзокриндік бездер экзоэпителиалдық және
эндоэпителиалдық болып ажырайды. Бездік клеткалардың
тобы эпителийден астындағы ұлпаға өтсе, ондай бездік
экзоэпителиалдық деп аталады. Мысалы, тері, сілекей және
май бездері, бауыр т.б. Ал эпителиалдық бездер клеткалардың
комплексі астарлаушы ұлпаға өтпей, эпителиалдық
клеткалардың қабатында қалса, ондай бездерді
эндоэпителиалдық дейді. Мысалы, адамның көмекей үсті
шеміршегі эпителийінің сілекей клеткаларының тобы.
Экзокриндік экзоэпителиалдық бездер бір клеткалы және көп
клеткалы болуы мүмкін. Экзокриндік экзоэпителиалдық бір
клеткалық бездер омыртқасыздарда кең тараған:
турбелляриларда, немертинде, сақиналы құрттарда,
моллюскаларда. Экзокриндік экзоэпителий алдық көп
клеткалы бездер организм бездерінің негізгі массасын құрайды
– сілекей, көз жасы, тері, май бездері, бауыр, ұйқы безінің
экзокриндік бөлігі.
ТІК ІШЕКТІҢ СОҢҒЫ БӨЛІГІНІҢ
ЭПИТЕЛИЙІ
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Гистология -1 2бөлім С.А.Ажаев
НАЗАРЛАРЫҢЫЗ
ҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Шырышты эпителийдің қызметі
Эпителий ұлпасының қызметі
Бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий
Эпителий ұлпасы туралы
Ұлпалар эволюциясы
КӨП ҚАБАТТЫ ЭПИТЕЛИЙЛЕР
Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндерінің мамандануы
Базофильді лейкоциттер
Безді эпителийі
Эпителийлік ұлпа немесе шекаралық ұлпа
Пәндер