Моногендік аурулар
Презентация қосу
АДАМНЫҢ
МЕНДЕЛЬДІК
АУРУЛАРЫ
Орындаған:Нақышбек Ұ., Садирбай А.
Тексерген:Орынбай Г.
Жоспар:
■ Кіріспе
■ Аутосомды-доминантты моногенді аурулар
■ Коллагенопатия
■ Жетілмеген остеогенез
■ Аутосомды рецессивті моногенді аурулар
■ Қорытынды
Моногендік аурулар
■ Моногендік аурулар – тиесілі ақуыз молекуласының қызметінің
бұзылуына не толық жойылуына алып келетін ген мутациясы
салдарынан дамитын тұқым қуалайтын аурулардың үлкен бір тобы
болып табылады.Моногендік аурулар аутосомды-доминатты,аутосомды-
рецессивті және жыныспен тіркес тұқым қуалайды.
■ Моногендік аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық
гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың
ұрпақтарға берілуі Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес
жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады.
Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия, брахидактилия,
полидактилия, т.б. дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере
ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі;
агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х-
және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады,
ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым
қуалайтын аурулар болып бөлінеді.
Аутосомды-доминантты моногенді аурулар
■ Тұқым қуалаудың аутосомды-доминантты типі былайша
сипатталады: 1) патологиялық ген бойынша аурудың гетеро-,
гомозиготалыларда да мүмкіңдікпен берілуі. көрініс беруі; 2) ата-
анадан мутантты геннің балаларға (екі жынысқа да) 50 %
Доминантты аурулар мутантты геннің пенентранттылығы
әртүрлі болуымен, антиципация феноменімен немесе аурудың
келесі ұрпақтарда ауыр түрде көрінуімен сипатталады.
■ Аурудың клиникалық сипаттамалары: аяқ-қол бұлшықеттерінің
әлсізденуі мен атрофиясының қатар келуі, сезімталдықтың
бұзылуы т.б. Аталған симптомдарға қозғалу кординациясының
бұзылулары да қосылады
Коллагенопатия
■ Адамның аутосомды-доминантты аурулары кең тараған, клиникалық көріністері
бойынша алуан түрлі ауру тобына жатады. Сондықтан оның әрқайсысын
сипаттау мүмкін емес. Мысал ретінде коллагенопатиялардың сипаттамасын
келтірейік. Коллагенопатиялар - коллагендер метаболизмін бұзатын
мутацияларға байланысты дамитын тұқым куалайтын аурулардың үлкен тобы.
Коллагендер - дәнекер компоненттері. ұлпалардың маңызды құрылымдық
компоненттері.
■ Коллагендер адам ағзасындағы барлық ақуыздардың салмағының үштен бөлігін
құрайды. Коллагендік ақуыздар 1000 аминқышқылдардан тұратын бұралған үш а
-тізбектерден тұрады. Тізбектердің аминқышқылдық құрамы әртүрлі, сондықтан
коллагендер типтері тізбек құрамы бойынша бірдей (гомомерлі каллогендер)
және әртекті (гетеромерлі каллогендер) болуы мүмкін. Коллагенді ақуыздардың
типі белгілі, олардың құрамына 30-дан астам ақуыз кіреді, синтезі 14
хромосомада орналасқан гендермен бақыланады. Коллагендік аурулар
транскрипция, трансляция, процессинг, Гольдж аппараты көмегімен тасымалдау
үдерістерін бақылайтын гендер мутациясы нәтижесінде, немесе әртүрлі типті
коллагендер түзуге қатысатын гендер мүтациясы нәтижесінде пайда болады.
Жетілмеген остеогенез (ЖО)
• Жетілмеген остеогенез (ЖО) (ОМІМ: 162200; 162210; 162220;
259420) өте жні кездесетін аутосомды-доминантты аурулардың
бірі, әр жаңа туған балаға шаққанда популяциялық жиілігі
1:10000 - 1:25000
• Бұл аурудың негізгі клиникалық белгілері сүйек ұлпаларының
түзілу үдерісінің бұзылуы болып табылады. Бұл ауру COL 1A1
және COL 2A1 гендерінде 1-типті коллаген құрамына кіретін pro-
al және рro-a2 проколлагендік тізбектердің синтезін кодтайтын
(200-ге жуық) мутациялардан дамиды. Аурудың аса ауыр
клиникалық көріністері - геннің 48-экзонында ала жүретін оқылу
ретінің ығысуынан болатын мутация кезінде байқалады. Мутация
нәтижесінде тұрақсыз а-РНҚ түзіледі, нәтижесінде трансляция
бұзылады.
4 типі
■ I типті (ЖО-1) жетілмеген остеогенездің аутосомды-доминантты формасы
клиникалық тән белгімен-көгілдір аққабық, көптеген сүйек сынықтарымен,
саңыраулықпен көрінеді. Оның өзін екі топқа бөледі: 1A -дентин ауытқуларымен және
1B - тістердің зақымдамауынсыз түрі. Сынықтар әдетте түтікті сүйектерде болады;
олар тез бітісіп кетеді және аурудың бойының қысқаруына алып келмейді. Ауру
адамның өмір ұзақтығын қысқартпайды және репродуктивті қызметін төмендетпейді.
• ЖО-2 1:20000-1:60000 жиілікпен кездеседі. Ауру балалар ана жатырында немесе
кезеңде шетінеп кетеді.Оның клиникалық белгілері- туа біткен салмағы төмен болуы,
қысқа, таңқы мұрын, кеуде қуысының көлемі азайған, бұғана сүйектері жұмсақ болып
келеді. Аутосомды-доминантты түрі тұқым қуалайды, ал аутосомды-рецессивті түрі
өте сирек тұқым қуалайды (қандас некелерде).
■ ЖО-3- туа біткен бойы аласа болып келеді, ана жатырында жатып ұзын түтікті
сүйектерінің сынуымен сипатталады. Сүйектің көп және қайта -қайта сынуы олардың
аса дөрекі деформациясына алып келеді. Ауруларда басқа да даму ақаулықтары
орын алады: үш бұрышты бет, микрогнатия, тістің дентиногенезі бұзылуы, көгілдір
аққабық, құлақтың нашар естуі, сколноз, кифоз.
■ ЖО-4- аурудың клиникалық көріністері ұқсас, тек ақабығы көгілдір түсті емес, бірақ
дентиногенез бұзылуы айқын көрінеді
Аутосомды рецессивті
моногенді аурулар
■ Тұқым қуалаудың аутосомды-рецессивті типі былайша
сипатталады:1) мутантты ген бойынша гомозиготалыларда
аурудың дамуы; 2) гетерозиготалы ата-аналарында аурудың
клиникалық көрініс бермеуі (48-сурет). Сирек жағдайларда,
гетерозиготалы адамдар некесінде ауру бала мүмкіндігі 50 %
құрайды, бұл аутосомды-доминантты тұқым қуалау типіне ұқсас (
гетерозиготалы адамдар некесінде 25% емес), сондықтан
бұлқұбылыс жалған доминанттылық (псевдодоминанттылық) деп
аталады.
Аурулар
• Жиі кездесетін АР ауру-муковисцидоз. Ол әр жаңа туған балаға шаққанда 1:6000
құрайды.
• Аурудың патогенезінде ұйқы безінің сөлінің сулы-электролитті ком- понентінің бұзылуы,
оның қоюланып, ішекке қарай өтуінің қиындауын туғызуы маңызды роль атқарады.
Осының әсерінен нәжіс массасының қалыптасуы бұзылады, ішектің өткізгіштігі төмендеп,
ұйқы безі ұлпалары кистозды-фиброзды өзгерістерге ұшырайды.
• Муковицидоз негізінен клиникалық үш түрге бөлінеді: 1) өкпелік (15- 20%); 2) ішектік (10
%); 3) аралас (75-80 %). 1-4 % жағдайларда аурудың абортивті және айқын емес ағымды
түрлері кезедседі. Бұл аурубаланың туғаннан кейінгі алғашқы айларында дамиды, тыныс
алу, ас қорыту жүйелерінің зақымдалу белгілерімен көрінеді (ауру түріне қарай). Ауру
балалардың бойы өсуі тежеліп, бұлшық еттері дамымай қалады. Бұл ауруды
диагностикалау бронхо-өкпе жүйесі зақымдалу белгілеріне, ішек қызметінің бұзылуы мен
ұйқы безі қызметінің бұзылуына, науқастың тер құрамында хлорид концентрациясы 60
ммоль/л жоғары болуына, ДНҚ талдауда мутантты геннің анықталуына негізделген.
• ДНҚ диагностикасы аурулардың 80 % кездесетін мутацияның негізгі 6 түрін анықтайды.
Тікелей ДНҚ диагностикасы гендегі делеция мен инсерцияны ПТР әді- сімен
полиакриламидті гельде алынған фрагменттердің ұзындығын тал- даумен
гетеродуплекстерді талдау арқылы анықталады.
Қорытынды
Қазіргі деректер бойынша тұқым қуалайтын
моногендік аурулар тұрғындардың 2,4%- кездеседі,
ал олардың орташа популяциялық жиілігі жаңа
туылған нәрестелердің 10;1000 тең. Олардың
арасында - аутсомды-доминантты аурулар- 7;1000,
немесе 60% , аутсомды- рецессивті аурулар- 2,5;100030
% құрайды. Адам популяцияларында рецессивтік
мутациялар саны көп, яғни әр бір адам 3-4
летальдық мутациялар эквивалентінің
тасымалдаушысы болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz