Ферменттер әсерінің теориясы


Slide 1

Ферменттер

Орындаған:Жақатова Динара

Қабылдаған: Мусина Айтжамал Слямханова

«Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ

Slide 2

Фермент туралы жалпы түсінік

Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы

Ферменттер атаулары мен классификациясы

Ферменттер әсерінің теориясы

Ферменттік реакциялардың кинетикасы

Ферменттер қасиеттері

Иммобилденген ферменттер

Ферменттердің практикалық маңызы

Slide 3

Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады.

ХІХ ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары (уыттан - амилаза, қарын сөлінен пепсин, т. б. ) бөлініп алынды.

Ең алғаш таза ферментті 1926 ж. жас биохимик Дж. Самнер кристалл түрінде алды.

Зерттеліп табылған ферменттердің саны 6000-ға жуық. Олардың бәрі де белокты заттар.

Ферменттердің бәрі де үлкен молекулалы қосылыстар, олардың молекулалық массасы 10мыңнан 1млн-ға жетеді.

Slide 4

Ферменттің құрылысы

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Ферменттер атаулары

Жүйелік атау: әр ферменттің номері (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады.

Бірінші сан ферменттің класын білдіреді,

Екінші сан класс тармағын,

Үшінші сан класс тармағы бөлігін,

Төртінші сан өз тармағындағы номерін көрсетеді. Мысалы, 2. 7. 1. 2. АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза.

Тривиалдық атаулар екі жолмен пайда болады:

1) Фермент әсер ететін субстрат атауына -аза жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны екі молекула глюкозаға гидролиздейтін фермент мальтаза.

2) Фермент катализдейтін реакция атауына -аза жұрнағы қосылады (оксидаредуктаза) .

Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы, пепсин, трипсин, папаин, эластаза, т. б.

Slide 12

Ферменттер жіктемесі:

Slide 13

Ферменттер әсерінің теориясы

Фермент өзінің субстратын айырып таниды. Э. Фишердің айтуы бойынша “құлыпқа дәл келетін кілт сияқты”, субстрат та активті орталыққа дәл келуі керек

Қатал іріктеп өзіне ғана тән реакцияны катализдейді.

Теория бойынша фермент әсері екі сатыдан тұрады:

1) фермент пен субстрат арасында комплекс - фермент-субстрат түзіледі

2) фермент-субстрат комплексі ыдырайды да, реакцияның соңғы өнімдері түзіледі, ал фермент босап шығады.

Slide 14

Ферменттік реакциялар кинетикасы

Ферменттік реакциялар кинетикасы деп реакция жүру жылдамдығын айтады.

Реакция жылдамдығын белгілі бір уақыт өлшемінде фермент әсерімен түзілген өнім бойынша (немесе субстраттың жойылу мөлшері бойынша) есептейді.

Л. Михаэлис пен М. Ментен бойынша: фермент концентрациясы тұрақты кезде реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына байланысты.

Реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына пропорционал болмайды.

Slide 15

Ферменттердің қасиеттері

Ферменттік реакциялар жылдамдығына температураның әсері;

Ортаның рН көрсеткішінің әсері;

Фермент әсерінің ерекшелігі;

Фермент активаторлары мен ингибиторлары;

Проферменттер және оларды активтендіру;

Изоферменттер;

Мультиферменттік жүйе.

Slide 16

Реакцияның жылдамдығын арттырғанда фермент:

тек өзінің ғана субстратын байланыстырады және сол субстратты катализдейді.

тек өз субстратын танып білуі, байланыстыруы және ары қарай реакция катализін жүргізуі- бұл ферменттің өзіне тән ерекшелігі деп аталады.

Кейде фермент ұқсас құрылымы бар субстраттар тобына да әсер етеді және молекуладағы белгілі бір химиялық байланыстарды ажыратып бөледі.

Slide 17

Ферменттердің практикалық маңызы

Бактериалдық ашу

Физиологиялық реттегіш

Катализ

Жасушалық метаболизм

Макромолекулалар

Генетикалық аппарат

Тамақтану

Мембраналар ультрақұрылысы

Коферменттер

Фармокология

Биосинтез

Реакциялар кинетикасы

Энергия айналуы

Биохимиялық эволюция

Тума зат алмасу бұзылуы

Slide 18

Қорытынды

Ферменттер - ағзадағы химиялық реакциялардың жылдамдығын жүздеген және мындаған есе өзгерте алатын белокты заттар, атап айтқанда жекелеген қосындылардың синтезі мен ыдырауын, зат алмасу процестерін және тағы сол сияқтыларды шапшаңдататын заттар.


Ұқсас жұмыстар
Фермент препараты
Ферменттің активті орталығы
Ферменттер атаулары
:Ферменттер және коферменттер
Ферменттер әсерінің кинетикасы
Ферменттер мен коферменттер жайлы
Ферменттер әсерінің кинетикасы туралы
Дәріні ағзаға енгізу жолдары
Ферменттердің жалпы қасиеттері
Геннің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz