ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІ - ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫ АТАНУЫ




Презентация қосу
КЕҢЕСТІК ТҮРКІСТАН
АВТОНОМИЯСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛУЫ
Дайындаған: Ержанұлы Әділ
ТҮРКІСТАН
АВТОНОМИЯСЫ
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан
автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының
өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында
1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті
құрамында құрылған автономиялы мемлекет.
Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан
халықтарының өзін-өзі басқару құқығын
мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан
төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте
өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік
кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің
орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық
Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі
биліктің ендігі уақытта соның қолына
өтетіндігін мәлімдейді.
ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІ – ТҮРКІСТАН
АВТОНОМИЯСЫ АТАНУЫ
14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман
халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің
отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап
ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар
"Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан
қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін
шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан
өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан
Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша
Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы
қабылдады.
ТҮРКІСТАН
АВТОНОМИЯЛЫ
РЕСПУБЛИКАСЫ
Құрылған жыл: 1917 жылы 28 қараша
Ресми тілі: Қазақша,Қырғызша,
Өзбекше,Орысша.
Елорда: Ташкент
Үкімет басшысы: М.Тынышбаев
Премьер министрі:М.Шоқай
Мемлекеттік дін: Ислам
ҚҰРАМЫ:
Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі
Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді.
Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен
Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ
мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары
съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын.
Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша
үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын
сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б.
тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен,
1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік
негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп,
жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге
қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі
бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады.
МҰСТАФА ШОҚАЙ (25
ЖЕЛТОҚСАН, 1890 ЖЫЛ,
СЫРДАРИЯ ГУБЕРНИЯСЫ, АҚМЕШІТ
УЕЗІ, НАРШОҚЫ – 27 ЖЕЛТОҚСАН
, 1941 ЖЫЛ, БЕРЛИН) — КӨРНЕКТІ
ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ
ҚАЙРАТКЕРІ, ТҮРКІСТАН
АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ.
• 1918 жылы қаңтарда Түркістан
автономиясының алғашқы үкімет
басшысы М.Тынышбаев өз еркімен
жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы
қызметке сайланады.
Большевиктер бұл автономияны
ақпанда қанды қырғынмен
таратты. 1918 жылы қыркүйекте
қайраткер Самарада бас қосқан
Ресейдің азаттық жолындағы
күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне
(Комуч) қатысады. 1919 жылы
ақпанда Түркістан мемлекеті
бағдарын одан әрі қозғау үшін
Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі
ағылшын корпусы басшылығымен
келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол
жылы Баку мен Тифлисте сәл
аялдап, (гүржі жерінде «Яни
дүния», «Шафак» атты газеттер
шығарысып, «Вольный

Ұқсас жұмыстар
Алаш және Түркістан автономиясы
Қазақ автономиясы
Алашорда үкіметінің құрылуы
Қазақ автономиясының кұрылуы
Ақмола облысы демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері
Түркістан автономиясы
Алаш қозғалысы, ұлт зиялылары
Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау жайлы
Уақытша үкіметтің комиссарлары болып
Пәндер