Сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай
Презентация қосу
Тақырып:
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әр
саладағы зерттеулері.
Философиялық трактаттары.
Жоспары
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әр саладағы зерттеулері.
Философиялық трактаттары.
Әбу
Әбу Насыр
Насыр әл-Фараби
әл-Фараби
(870
(870 950)
950)
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Үзлағ әл Фараби ( 870-950 жж.)
Отырароазисіндеөмірге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан аймағы), Қазақстан жерінде
егіншілік пен қалалық мәдениеттің көпғасырлық тарихы бар. Атап айтсақ, Оңтүстік
Қазақстанда кене замандарда ақ қалалар мен суармалы егіншілік пайда болды.
Арабтар жаулап алғаннан кейін Отырар оазисі Фараб аймағы деп аталып кетті. Онда
бірнеше қала орталықтары, солардың арасында Весидж (Оксус) қамалы да орналасты.
Әл-Фараби осы жерде дүниеге келіп, Балалық шағын осында өткізді.Оксус қалашығы
Сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай
25 шақырым жерде орналасқан.
Весиджді зерттеу VII-VIII гасырларда пайда болған деп айтуға мүмкіндік
береді. Әл-Фараби өмір сүрген уақытта ол қолөнерідамыған қала болды,
Орта Азиядан Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңы арқылы өтетін
керуен жолдарында орналасқандықтан
ол Отырар оазисі мен барлық Оңтүстік Қазақстан өмірінде
маңызды рөл атқарды .
Ғылыми білім негіздерін Әбу Насыр әл - Фараби Отырарда алды. Мұнда
сол уақыттағы ең бай кітапхана орналасты. Әл-Фараби осы кітапханада
философиялық және ғылыми еңбектермен танысуға мүмкіндік алды. IX-
Х ғғ. Отырар ірі саяси және мәдени орталық еді. Осында әр түрлі діни
сенімдер: шаманизм, зороастризм, несториандық,манихейшілдік,
буддизм кең таралды. VIII ғасырда Оңтүстік Қазақстан араб
халифатының кұрамына кіргеннен кейін, осы жерді мекендеген
халықтардың рухани өміріне көп өзгеріс әкелген ислам діні кең тарала
бастайды.
Осында әл - Фараби өзі өкілі болған түркі мәдениетінің рухани құндылықтарын
бойына сіңірді. Әр адамның көзқарасы шындықты рухани практикалық
игерудің жүйесі болып табылады. Онда мадени аяда қалыптасқан білімдер мен
нанымдар, адамгершілік мұраттар, қоршаған ортаға деген психологиялық
жане эстетикалық қатынас жиынтығы кұрамып халықта діні кең көрініс
табады. Көптеген фарабитанушылар әл - Фарабидің
көзқарасына түркі мадени дәстүрінің әсер еткенін мойындайды. Бірақ, өкінішке
орай, ойшылдың шығармашылығына ықпал еткен бұл факторды жан-жақты
зерттеуге бағытталған ірі ғылыми еңбек осы уақытқа дейін жоқ. Әл-Фараби
тумасынан өкілі болып табылатын түркі мәдениеті өзіне тан дүниетанымдық
бағдарлар мен категорияларды, болмыс принциптері мен дүниені ұғыну
құндылықтарын қалыптастырды.
Осы құндылықтар жастық шағында әл - Фарабидің тұлғалық қалыптасуын
анықтады.
Білім іздеген әл - Фараби халифаттыңмәдени орталықтарына аттанды. Олардың
ішінде Бағдад қаласының маңызы Зор еді. Әл- Фарабидің рухани мұрасын зерттеуші
ғалым М.М. Хайруллаев: "Әдебиетте әл - Фараби Орталық Азиядан кеткенге дейін
Шаш пен Самарқантта болып, біраз уақыт Бұқарада оқып, еңбек етті деген деректер
бар. Бағдадқа барар жолында ол Иранның көптеген қалаларында: Исфаханда,
Хамаданда, Рейде (Тегеранда) және т.б. болды. Әл-Фараби сапарға қашан шығып,
Бағдадқа қашан келгені белгісіз. Кейбір деректерде оның Бағдадқа халиф әл-
Муктадир билік құрған уақытта (908- 932) қоныс аударғаны туралы айтылады" - деп
жазды .
Әл-Фарабидің рухани мұрасы барлық өмірінің барысында қалыптасты және
дүниетанымдық тұрғыда, идеялық бастауында әр түрлі мәдениеттердің -
түркілік,антикалық, әсіресе классикалық грек, үнді, иран мәдениетінің ықпалдарымен
айқындалады. Орта ғасыр дәуірінде қалыптасқан түрлі мәдениеттердің өзара
әрекеттесуі мен сұхбаты
исламдық дүниетаным аясында жүзеге асып, адамзатты әлі
күнге дейін таңдандыратын мәдени өмірді дүниеге әкелді. Бұл дәуірді
жиі Батыстағы Ренессанспен салыстырады, тіпті А. Мецтің ізінше
мұсылман Ренессансы дәуірі деп те атайды, Сол арқылы исламдық
орта ғасыр мәдениетінің қайталанбас, нәрлі өрлеуін атап көрсетеді.
Ол исламдық дүниетаным мен ислам руханилығы
көзқарасы тұрғысынан қарастырыла бастады, онда құдай
жеке адам мен қоғам болмысының онтологиялық негізі
болып табылады. Сондықтан философияның іргелі
мәселесі - әл - Фарабидің онтологиялық ілімі де, оның
адам мәселесін түсінуі де жаңа сипатқа ие болады.
Ортағасырлық философияның сенім мен білім, ақиқатқа
(діни немесе зайырлы) жету тәсілдері мен жолдары,
адамның рухани кемелденуі сияқты маңызды мәселелері,
тек ортағасырлық қана емес, әлемдік философия мен
мәдениетте әл - Фараби құбылысы бұрынғы тоталитарлық
идеологиядан арылған ұстанымда зерттелген кезде ғана
тереңірек анықталады.
Қоршаған дүние әл - Фараби көзқарасында басқа да ортағасырлық
перипатетиктер ілімдеріндегі сияқты танымға ашық болды, онда логикалық
дәлелдемелер мен парасат түйіндері, аян алуға қарсы тұрмаса да оның рөлі
мен мәнін айтарлықтай шектеді.
\
Ол Аристотельдiң барлық кiтаптарына
• Әл-Фараби білімге деген дерлiк түсiндiрме жазған. Бұл iсте
құштарлығының арқасында ғалымның
Аристотельден кейінгі "екінші қандай мұқияттылығынан бiр мысал:
ұстаз" атанды. Аристотельдiң «Жан туралы» деген
• Ол 150-ге жуық еңбегiне ол өз қолымен «Мен бұл кiтапты
философиялық және ғылыми мың қайтара оқыдым» деген белгi соққан
трактаттар жазып қалдырды.
Ғалым философия мен логика,
саясат пен этика, музыка мен
астрономияны зерттеді.
Әл-Фараби өзінің ғылыми тұжырымдарында адам
рухының кемелденуі санамен тікелей байланысты
деген ой келтіріп, тек сана ғана ақиқатқа
Оның әлеуметтік-экономикалық жеткізетіндігін айтады
мәселелерге, математика, философияға Өзінің өмір сүрген кезеңіндегі ғылымды Әл-Фараби
арналған трактаттары осы күнге дейін басты-басты бес салаға бөлді, олар: тілтану, логика
өзінің ғылыми маңыздылығымен құнды. (ой жүйесі), математика, физика, азаматтық туралы
Ол математиканы қолдану негізінде ілім
табиғат құбылыстарының сырын жазып
шығуға болады деп тұжырымдаған
● Әл-Фараби – ортағасырлық ғылымдардың қай саласында да үздік білімнің
иесі, энциклопедист ғалым ретінде даңқы шыққан ғұлама-ойшыл. Философия
мен логика, математика мен физика, музыка мен поэзия, грамматика мен
азаматтық саясат....
● Әл-Фараби трактаттарының қолжазбаларын Каир, Дамаск, Бейрут,
Ыстамбұл, Лейден, Париж, Мадрид, Лондон, Тегеран, Нью-Йорк қалаларының
кітапханаларында сақталған. Ғұлама ғалым және философ Аристотельдің
логикаға қатысты барлық дерлік еңбектеріне, атап айтсақ, «Метафизика»,
«Никомахтық этика», «Риторика», «Поэтика», Птоломейдің «Әлмагесіне»,
Александр Афродизискийдің «Жан туралы» еңбегіне, Евклид
«Бастауларының» бірқатар тарауларына, Порфирийдің
«Исагогына», түсініктемелер жасады. Бұлардың арасында
«Философияны меңгеруге дайындық», «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету туралы»
еңбектері бар.
Әл-Фараби трактаттарындағы антикалық философиялық мұраны
қабылдаудың, ұғынудың өзіндік ерекшеліктерін антикалық
дүниетанымдық космоцентризмнен ортағасырлық теоцентризмге ауысу
мәнін зерттеу арқылы ғана түсінуге болады. Бірақ Шығыс ойшылы,
көбінесе, біз зерттеп жүрген антикадан біршама басқа антиканы
зерттеді, түсіндірді және оқып білді.
Нақтырақ айтсақ, кей жағдайда бүгінгі күнгі антикатану тұрғысынан
қарағанда оның шығармалары мүлдем қарапайым секілді, ал
мыңжылдық ішінде біз жоғалтып алған қырларда олар шынайы антика
дәстүрін тереңірек танытады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz