Өсімдік ұлпасының түрлері
Презентация қосу
БӨЖ
Өсімдік ұлпа құрлысы,қызметі және түрлері
112-топ
Есенжол Нұрай
Жоспар
1. Ұлпа туралы жалпы түсінік
2. Өсімдік ұлпасының түрлері
3.Өсімдік ұлпаларының қызметі
Ұлпа дегеніміз не ?
Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын
қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.
Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше
топқа бөледі. Егер ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше
жасушалардан тұрса — күрделі (эпидерма) деп жіктейді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпалары 6 түрге бөлінеді:
Түзуші ұлпа
Жабын ұлпа
Тірек ұлпа
Бөліп шығарушы
Өткізгіш ұлпа
Негізгі ұлпа
Өсімдіктердің бір ерекшелігі — олардың тұрақты өсу қасиетін бөлінуге қабілетті меристемалық
ұлпаның болуына байланысты.
ТҮЗУШІ ҰЛПАЛАР (МЕРИСТЕМАЛАР)
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол, олар
өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер (органдар) түзіп
отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын
меристемалық ұлпалардың (түзуші ұлпалардың) болуымен байланысты. Түзуші
ұлпалар (меристемалар) деп - түпкілікті ұлпалардың жасушаларын жасап, үнемі
толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды айттады
(грекше «меристос» - бөлінгіш, «стема» - ұлпа).
Тірек(Механикалық) ұлпа
Механикалық Ұлпалар тіректік қызмет атқарып, жел, жаңбырға төтеп
беріп, органдардағы жасушалар мен ұлпаларды, орган бөліктерін
біріктіреді. Жасуша қабығының қалыңдап қатаюы, сүректенуі
механикалық Ұлпаның анатомиялық ерекшелігінің бірі болып саналады.
Механикалық Ұлпалардың 3 түрі бар:
колленхима
склеренхима
склерейдтер
Өткізгіш ұлпа
Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органикалық заттарды
тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып,
өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады. Сондай-ақ жасушалар
жиынтығынан (шірнеліктер, безді талшықтар) немесе дара жасушадан (идиобластар)
тұратын секреттік ұлпалар болады. Ұлпаның сапалық өзгешеліктері жасушадағы
гендердің ерекше ырықтылығына негізделген. Ұлпа құрамындағы кез келген жасуша
оның геномында тұтас организмнің дамуы жөніндегі ақпарат болатындықтан, бүтін
органның немесе организмнің бастамасы бола алады. Бірақ бұл қасиеттің жүзеге
асуы фитогормондардың, метаболиттердің және олардың физикалық, химикалық
жағдайларының өзара үйлесімдігіне тығыз байланысты. Ұлпаның даму жолдарын
зерттеуде жасушаларды іn vіtro жағдайында өсіру арқылы жүргізу ядродағы
генетикалық бағдарламаны толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлпаның пайда
болып, дамуын гистогенез, ал бұл процестерді тереңдетіп зерттейтін ілімді
— гистология деп атайды. Өсімдіктер Ұлпасын, олардың атқаратын қызметі мен
құрылысын өсімдіктер анатомиясы зерттейді
Жабын ұлпа
Өсімдіктің мүшелерінің сыртын қаптап тұратын клеткалар тобын жабындық ұлпалар деп атаймыз. Жабындық ұлпалар өсімдіктің ішкі нәзік
бөліктерін шамадан тыс буланудан, төменгі және жоғары бөліктерін температурадан, құрғап кетуден, зиянды микроорганизмдердің әсерінен
жәнее т. б. сондай сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне
тән физиологиялық қызметі бар.
Жабындық ұлпалар пайда болуына қарай 2 типке бөлінеді:
1. Алғашқы жабындық ұлпалар. 2. Соңғы жабандық ұлпалар.
Алғашқы жабындық ұлпаларға мыналар жатады: эпидерма немесе эпидермис және эпиблема; соңғы жабындық ұлпаларға: тоз(перидерма), қыртыс (сары қабық) жатады.
Эпидерма. Эпидерма – шығу тегі жағынан алғашқы жабын ұлпа. Эпидерма, 1868 жылы Ганштейн негізін салған теория бойынша, төбе меристемасының дерматоген
(протодерма) қабатының бөлінуі болып табылады. 1920 жылы Шмид негізін салған теория бойынша төбе меристемасының сыртқы қабаты клеткаларының бөлінуі
нәтижесінде пайда болған
2. Устьице аппаратының жанаспалы және қосалқы клеткаларының сырт жағынан өсіп шыққан өскіншелер.
Эпидерманың негізгі клеткалары бір-бірімен тығыз, ал өзінен төмен орналасқан паренхималық клеткаларымен нашар байланысады. Сондықтан да тез сыдырылады.
Эпидерманың негізгі клеткаларының пішіні, көлемі әр түрлі. Мысалы, сабақтың, таспа тәрізді жапырақтың, сағақтың эпидерма клеткаларының пішіні сопақ, ал өсу
барысында ұзындығы мен көлденеңі бір қалыпты жүретін мүшелерде изодиаметрлі. Эпидерма клеткаларының көлемі сыртқы ортаның әсеріне байланысты шөл, шөлейт және
далалық аймақтың ксерофиттері эпидермасының негізгі клеткалары мезофиттер эпидермасынан майдалау.
Жабын ұлпасы
Негізгі ұлпа
Өсімдіктің әртүрлі оргаңдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы
паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі
паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады.
Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады. Негізгі
ұлпалардың мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялык, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима).
Ассимиляциялық паренхималардың клеткаларында хлоропластар болады. Олар фотосинтез процесін іске асырады.
Қор жинаушы ұлпалар. Негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею органдарында дәндерінде, жемістерінде,
баданаларында, жерасты түйнектерінде және басқаларда жиналады Қорлық ұлпаларға гпөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су
жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).
Сорушы ұлпалар. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) клеткалардың (эпиблема) тобы жатады
Бөліп шығарушы ұлпа.
Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік
мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар)
бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар,
олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр
жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер,
жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы
жасушалар, т.б
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Ағелеуов Е.және т.б. Ботаника,өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы.
Алматы, «Санат» 1998
2.Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы 2004
3.Мұсақұлов Т. Ботаника. Алматы 1975
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz