Миға жарақаттық қан құйылу




Презентация қосу
“Семей қаласының Шәкәрім атындағы
Университеті”коммерциялы емес акционерлік
қоғамы Ветеринария агромененджмент факультеті.

СӨЖ
Тақырыбы:Ми – жұлын жарақаттары
Орындаған:Мүбәрак Е.С.
Тобы:ДВ-101с
Тексерген:Жексенаева Асель Бексултановна
Ми жарақаттары КІРІСПЕ
Жүйке жүйесінің жарақаттарын анықтауда негізінен клиникалық
және зертханалық зерттеулер қолданылады.
Диагноз қойғанда клиникалық зерттеудің, оның ішінде анамнез
деректері, неврологиялық симтомдар және олардың даму
динамикасы негізге алынады.
Зертханалық зерттеулерден нейровизуализация әдістері;
рентгенография, ультрадыбыстық сканерлеу, компьпютерлік
томография қолданылады.
Бас – ми жарақаттарының ағымының ерекшелігі мидың физикалық
әсерлерге бейімделгіштігімен қоса механикалық әсерлерге,
гипоксияға аса сезімталдығы, ісінгіштігімен байланысты.
Бас - ми жарақаттары жабық және ашық деп екіге бөлінеді.
Жабық бас – ми жарақатында бас терісінің бүтіндігі
сақталады, бас сүйек сынуы мүмкін, бірақ
айналасындағы ұлпаларды жарақаттамайды, ал ми
қабының бүтіндігі сақталды.
Жабық бас – ми жарақаттарына жатады: мидың
шайқалуы, миың соғылуы, миға жарақаттық қан құйылу,
мидың басылуы.
Ашық бас – ми жарақатында бас терісінің бүтіндігі
бұзылады және бас сүйек сынады және айналасындағы
ұлпаларды жарақаттайды, ал ми қабы ашылуы немесе
бүтіндігі сақталуы мүмкін.
Мидың соғылуы (contusio cerebri) Мидың жабық
жарақаттық зақымдалудың екінші түрі, осы кезде ми
затының шектеулі аумағында бүтіндігі бұзылады. Әдетте
мұндай жарақат зақымдау күші әсер еткен нүктесінде,
бірақ жараланған жақтың қарсы жағында да байқалады.
Бүліну аумағы әртүрлі болады және жарақаттың сипатын
анықтайды.
Ми соғылуының мидың шайқалудан айырмашылығы
жарақат кезінде жергілікті зақымдалу болады. Ми
шайқалу мен ми соғылуы бірдей жағдайдан, яғни қатты
соққы әсерінен пайда болады. Сондықтан олардың ара
жігін ажыратып диагноз қою, әсіресе шаруашылық
жағдайында өте қиын.
Клиникалық белгілері: Мидың соғылуын анықтағанда анамнез және бас сүйекті
зертеудің маңызы зор. Жиі бас сүйектің соғылған жерінің сүйегінің сынғаны
анықталады. Клиникасы ми шайқалғандағы сияқты жалпы ми қызметінің бұзылуының
белгілерімен қоса, мидың ошақты бүлінгенін білдіретін белгілермен сипатталады.
Мидың соғылуы кезінде ми бөлігінің қызметінің бұзылуы, салдану (паралич), жартылай
салдану (парез), сезімталдықтың бұзылуы байқалады. Мидың домбығуы, ісінуіне
байланысты ми қабығының қызметі бұзылып, қабақтың түсуі (блефароспазм), бұлшық
еттердің сіресуі, дірілдеуі байқалады.
Емі. Негізінен ми шайқалғандағы сияқты. Сонымен қатар ми соғылуының жіті кезеңінде
ми домбығуына қарсы диуретиктер қолданылады. Миды гипоксиядан қорғау үшін
антиоксидантар, оның ішінде 3- оксипиридин туындылары – эмоксипин және мексидол
(витамин В-6 және янтар қышқылының қосындысының құрылымдық аналогы)
қолданылады. Бұл топтағы антиоксиданттардың жағымды қасиеті олардың
гематоэнцефалиттік тосқауыл (барьер) арқылы өте алатындығы. Жабық механикалық
жарақаттарының жіті кезеңінде нейропротекция мақсатында нейротрофты дәрілер
(церебролизин, семакс, глицин), энергетикалық ұлпа метаболизмін жақсартуға
витаминдер: актовегин, рибоксин қолдану ұсынылады.
Сондай - ақ бастың соғылған жерін хирургиялық өңдеу жасалады, сынған, миды басып
қалған сүйектерді, мүмкіндік болса гематоманы операция арқылы алып тастау
мақсатында операциялар жасалады.
Миға жарақаттық қан құйылу
Ми қан тамырларыңың жарақаттануынан миға қан құйылады.
Жиі ми қабының орталық артериясы (a. meningea media) тармақтары мен веналық сиустардың
жарақаттануы салдарынан орын алады.
Сонымен қатар жұмсақ ми қабының, ми ұлпасының артериялары мен веналарының жарақаттануынан да
болуы мүмкін. Ми қабының орталық артериясы (a. meningea media) тармақтары жарақаттанғанда қан
қатты ми қабының үстіне (бас сүйектің астына) жайылады. Сонымен қатар ол қатты ми қабының астына
да құйылуы мүмкін (эпидуралдық және субдуралдық қан құйылу). Осының нәтижесінде гематома
түзіледі. Ол миды қысып мидың басылуына әкеледі. Басылған ми орталықтары қызметін атқара алмайды,
содан соң басылған ми торшалары өледі.

Клиникалық белгілері. Алғашында ми шайқалғандағы сияқты жалпы ми қызметінің бұзылуының
белгілерімен байқалады. Содан кейін малдың жалпы жағдайы жақсара бастаған кезде мал қайтадан
әлсіреп, есін білмейтін кома жағдайына түседі. Орталық ми бөлігі басылғандықтан көз жүйкесі қызметі
бұзылады, птоз, мидриаз және екі көзі екі жаққа қарап қисайып кетеді. Парез, паралич дамиды.
Алдағы таяу жылдары ветеринарияда миға қан құйылуын, гематомасы мен мидың басылуын нақты
анықтауға мүмкіндік беретін рентгенография, ультрадыбыстық сканерлеу, компьпютерлік томография
қолданылатыны сөзсіз.
• Мидың бас сүйегінің ашық жарақаты
• Ашық бас – ми жарақатында бас терісінің бүтіндігі бұзылады және бас сүйек сынады және
айналасындағы ұлпаларды жарақаттайды, ал ми қабы ашылуы немесе бүтіндігі сақталуы мүмкін.
• Бас сүйегінің ашық жарақаты өткен, немесе өтпеген болуы мүмкін.
• Біріншісінде қатты қабықтың бүтіндігі бұзылады және жарақаттаушы зат ми ұлпасына енеді, ал
екіншісінде жарақаттаушы зат бас сүйегінің бөлшектенген сүйегінде немесе мидың қатты
қабығында тұрып қалады.
• Әсіресе өткен жарақат аса ауыр және қауіпті болады. Жиі малдар тікелей жарақаттан кейін немесе
алғашқы сағатта немесе келесі күндерде өледі.
• Бас сүйектің ашық жарақатында ми жарақаты кезінде жарақаттық шок болады, артериялық
кысым төмендейді, жүрек жұмысы бұзылады, дене температурасы төмендейді, рефлекстер
бәсеңдейді, құрысу симптомдар байқалады. Жіті түрі әртүрлі және өзгермелі клиникалық
белгілерімен сипатталады. Егер мал қайта қан кетуден және ми домбығуының алғашқы күндері
өлмесе, мал емнен соң бірте-бірте қалпына келеді.
• Бас сүйегінің ашық жарақаты өзінің асқынуларымен қауіпті. Жарақатқа инфекция түседі, іріңді
менингоэнцефалит, ми абсцесі ал анаэробты микробтар түссе, ми ұлпасының домбығумен қоса
газды гангрена дамиды.
• Емі. Бас сүйгінің ашық жарақаты кезінде жарақатты хирургиялық жолмен өңдеп, сынған
сүйектерді алып тастайды да жарақатқа тігіс салып, зарарсыздандырады, жарақаттық шокқа
қарсы және симптоматикалық препараттар қолданылады.
• Жұлын жарақаты
• Жұлын жарақаты механикалық жарақаттарың ең ауырларының бірі және
жануарлардың өміріне қауіпті түрі.
• Жұлын көбіне мойын және бел омыртқалар жарақаттанғанда жарақаттанады.
• Жұлынның зақымдалуының ашық (жұлын қабы омыртқа өзегіне енген затпен
немесе сынған сүйекпен жарақаттанғанда) және жабық (омыртқа өзегінің
бүтіндігі сақталғанда) түрін ажыратады.
• Жұлын ауыр жарақаттанғанда бірден «жұлындық жарақаттық шок» дамиды.
• Оның клиникалық белгісі омыртқаның жарақаттанған тұсынан төмен қарай
сезімнің жоғалуы екі жақты салдану және зәр бөлудің тоқтауы.
• Жарақаттанған омыртқаларды рентгенге түсіргендегі көрінген бүлінулерге қарап,
жұлын жарақатының қаншалықты ауыр екенін, жұлынның морфологиялық
бүтіндігінің бұзылғанын, үзілгенін болжауға болды.
• Жұлынның салыстырмалы түрде жеңіл жарақаттары кезіндегі жарақаттық шок бір
тәуліктен кейін біртіндеп басылып, салдану (паралич) белгісі азаяды,
жарақаттанған жерден төменгі аумақта аздаған сезімдер пайда бола бастайды. Бұл
жұлынның морфологиялық бүтіндігінің сақталғанын көрсетеді. Оң болжам
жасауға болады.
Жұлын жарақаттарын емдеуд негіздері
Ашық жарақат болса қан қетуді тоқтатып, гиповолемияның (қанның азайуының) алдын алу қажет.
Егер жүрек жұмысы жетімсіздігі көріністері байқалса, жүрек жұмысын жақсартуға бағытталған ем
– дом жасау керек.
Тыныс алу жеткіліксіздігі болса тыныс жолдарын тазалау, тыныс алуына көмектесу керек.
Зәр бөлу тоқталғанда қуыққа катетер енгізіледі.
Бастысы жарақаттық шоктың алдын алу. Ол үшін жарақаттанған омыртқаға иммобилизация
жасап, жұлынды екіншілік зақымдаудан қорғау керек. Жарақаттанған жануарды
тасымалдау кезінде абай болып, көп қозғалтпай, басына фиксация жасап, астына қатты заттар
төсеп (тақтай), ауырсынуды басатын дәрілер егеді. Барлық жарақаттанған жануарларға стеройдтық
емес ауырсынуды, дене қызуын басатын және қабынуға, ісінуге қарсы дәрілер еккен пайдалы.
Мысалы: Дексаметазон – күніне ірі сиыр мен жылқыға 5-12,5 мл, қой –ешкіге, бұзау мен құлынға
1-2,5 мл, ит пен мысыққа 0,1 мл, бұлшық етке немесе қан тамырына 3-4 күн
егіледі. «Айнил» (кетопрофен) күніне ірі сиырға 3 мл 100 кг салмағына 1-3 күн, бұлшық етке
немесе қан тамырына егіледі. Жылқыға тек қан тамырға 1 мл 45 кг салмағына, 3-5 күн егіледі.
Жұлын жарақаттарында сынған, шыққан омыртқаларды орнына қою, омыртқа сүйектерінің
сынған бөліктерін алып тастау, гематоманы алу мақсатында оперативтік ем жасау туралы шешімді
ветеринар травматолог жарақатты толық зерттеген соң, жұлынның қосымша жарақаттау қаупін
ескере отырып қабылдайды.

Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ПЛАЗМА АЛМАСТЫРУШЫ ЗАТТАР - ҚАН
Жара туралы түсінік. Жара кезіндегі асқыну
Инсульт және оның түрлері
Сіңірлердің және саусақтардың зақымдалу түрлері
Жараның белгілері
Синкопе кезінде шұғыл көмек көрсету
ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫ
Жүрек және қан тамыр неврозы - жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы
Инсульттың түрлері
Қанды ұйытатын қан жасушалары
Пәндер