Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары


Slide 1

Пәні: Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Тақырыбы:Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік ретінде

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Алматы 2022

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

«Қоғамдық бақылау» ұғымы

Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары

Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары

Қоғамдық бақылау кезеңдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе Сыбайлас жемқорлықтың етек алуы елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нығайту шараларын ойдағыдай жүргізу қызметі одан әрі жетілдіруді талап ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың азаматтық қоғам институттарының қолдауынсыз мүмкін емес. Барлық қолжетімді құралдарды қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін одан әрі үйлестіру ерекше маңызға ие. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалаушы құжат - БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді құралы ретінде қоғамдық бақылауды кеңейтуді айқындайды

Slide 4

Қоғамдық бақылау

. .

Slide 5

Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары

Slide 6

Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары

- қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік

-мәдени және кәсіби топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар;

мемлекеттік биліктің заңнамалық (өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия сайлауларының сайланушылары атқарушы биліктің саяси бағыттылығын негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың сенімін ақтамаған партияларға сенім білдіруден бас тартады;

- ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби одақтар;

- мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту үшін құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы бірлестіктер;

- мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер;

- сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау заңнамасын сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар.

Slide 7

Қоғамдық бақылау кезеңдері

1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру үшін бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы жеткілікті толық және дұрыс ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет.

2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың осы кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер мен құжаттардың талдауын жасауда болады. Қоғамдық сараптама қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып табылады - оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді.

3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету

Қоғамдық бақылау

Slide 8

Қорытынды

Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды заңнамалық бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын айқындаумен қатар нақты мемлекеттік органдардағы қоғамдық бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі мемлекеттік органдар қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар мен олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қарауға ерекше назар болған кезде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау тиімді болады

Slide 9

Пайдаланған әдебиеттер

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕ

РІ-Астана 2016

Атаманчук Г. В. Обеспечение рациональности государственного управления. - М., 199

Slide 10

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Жемқорлық туралы түсінік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмір құбылысы және сыбайлас жемқорлық мінез - құлық ретінде
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықтың жіктелуі, механизмдері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
TRANSPARENCY INTERNATIONAL ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әлемдік үздік тәжірибелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz