Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университеты

Қазақ жерлерін Ресейге қосудың
аяқталуы .

Мамандығы: ЖМ 211
Қабылдыған :
Орындаған:Айдарбек А
• ХІХ ғасырдың 20-
жылдары Ресей Орта
жүз бен Кіші жүзде
хандық билікті жойып,
Ресейлік басқару
жүйесін енгізгенімен,
Ұлы жүз мәселесіне
әлі де көңіл бөле
қоймаған болатын.
Жалпы, ХІХ ғ. 30-
жылдарына дейін
Ресей империясының
“үлкен саясатынан”
Орта Азия мәселесі де
тыс қалды. Ресей ол
тұста негізінен Түркия
мен оның иеліктеріне
көп көңіл бөлді.
• Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі
арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия
қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон
конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі
дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан
біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі
аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық
аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және Қытай
аралығында орналасуын патша әкімшілігі жақсы түсінді.
Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар
қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия
департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан
хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И.Демезон мен
И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский
бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл
сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-
азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол
жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа
хандағының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты
саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты.
• 1839 жылы қараша айының
ортасында Орынбор
губернаторы В.А.Перовский
12 зеңбірек, 4 мың жаяу
әскер және 10 мың түйеге
артқан жүгімен Хиуаға
қарсы жорығын бастады.
Қатты суық пен боранның
салдарынан Перовский 2
мың түйесінен айырылып,
үлкен шығынмен Ембі
бекінісіне дейін ғана жете
алды. 1840 жылы 1 ақпанда
тағы да 5 мың түйе азық-
түлікпен басқа да құрал-
жабдықтарын жоғалтып
Ақбұлаққа жетті. Ақпан
айының ортасында
Орынборға кері қайтты.
Бірақ, жағдайдың бұлай
шиеленісуіне қарамастан
Хиуа жорықтың
қайталануынан қауіптеніп
Ресейге 124 орыс тұтқынын
қайтарды және
Петербургке елшілік
жіберді.
• Орыс билігін
мойындамаған
қазақтарды бағындыруға
және Орта Азия
хандықтарының
шекарасына орыс әскерін
жақындату мақсатында
Ресей Сырдарияның
төменгі ағысының бойына
әскери бекіністер сала
бастады. 1847 жылы
Райым бекінісі, 1848 жылы
Қазалы форты салынды.
Жаңа бекіністердің
салынуы орыс әскерлеріне
біртіндеп Сырдарияны
бойлап жоғары жылжуға
және қоқандықтардың ірі
бекіністерінің бірі
Ақмешітке жақындауға
мүмкіндік берді.
• В.А.Перовский
• 1848-1849 жылдары
• А.И.Бутаковтың
басшылығымен келген
экспедиция Арал
теңізін зерттеп,
теңіздің картасын
жасады. Арал
теңізінде кеме айлағы
ашылды. Оның
болашақта Орталық
Азия және Хорезммен
сауда қарым-
қатынасында, әскери
мәселелерде маңызы
зор болды.
• қосылуын тездетті. 1848 жылы бұл өңірге Ресей
приставтығы тағайындалды. 1853 жылы Талғар
өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекеті тұрғызылды. 19ғ
20-30жж «Азия комитеті» құрылды. 1825 жылы
шілдеде Жетісудың Үйсін болысының 50 мың адамы
Ресейге қосылып, өз жерлерінде округ ашуға рұқсат
берді. 1847 жылы Қапал бекінісі салынды. Қапалдың
салынуы қырғыздардың Жантай, Жаңғар, Ормон
руларының 60 мың отбасын Ресейге
• Таушүбек бекінісі – Жетісудағы Қоқан хандығының
тірегі болған. 1851 жылы шілденің 7-сінде Таушүбек
бекінісін Карбышев әскері қантөгіссіз алды. Карбышев
тобын қолдаған Тәйнеке Досетұлының жігіттері.
• Іле өңірінде әскери күштерді молайтып, керуен
жолдарын бақылауға алу подполковник Шайтановқа
тапсырылған. Ресейдің күшін қоқандықтар
озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алып, Ұлы
жүзге орыс әскерінің енуін қолдаған аттары аңызға
айналған – Сұраншы батыр, Шаян батыр, Жайнақ би.
• Орыс әскері 1860 жылы Тоқмақ, Пішпек
бекіністерін алды. 1860ж 19-21 қазан аралығында
Ұзынағаш шайқасы өтті. 2 орыс әскері, 400
қоқандық қаза тапты. 1863 жылы Ресейге 4 мың
қоңырат, 5 мың бестаңбалы шаңырағы қосылды.
19ғ 50-60жж Орта Азия үшін Ресейдің басты
бәсекелесі Англия болды. 1864 жылдың
көктемінде орыс әскері Мерке, Әулиеата,
Түркістан бекіністерін алды. 1864 жылы М.Черняев
басқарған әскер Шымкент бекінісін алды. 1865
жылы шілдеде үш күндік соғыс нәтижесінде
Ташкентті алды. 1866 жылдың басында орыс
әскері Бұхар хандығына басып кірді. 1868 жылы
Қоқан, 1873 жылы Хиуа хандығы Ресей билігін
мойындады. Қазақстанның Ресейге қосылуы бір
жарым ғасырға (150 жылға) созылды.
Қоқандықтар мен орыстар соғысында қазақтар екі
жаққа бөлініп, екі жақты да қолдады.
Өзіндік бақылау үшін
сұрақтар
• 1. Қай жылы генерал-губернатор Б.Игельстром Кіші
жүзде хандық билікті қалпына келтіріп, Айшуақты
хан етіп қойды:
• A) 1797ж.
• B) 1793ж.
• C) 1787ж.
• D) 1799ж
• E) 1784ж.
• 2. Әбілқайыр (XVIIIғ.) кім:
• A) батыр
• B) би
• C) сұлтан
• D) хан
• E) рубасы.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі:
• Атабаев Қ.М. Деректану-Қазақстан қоғамдық
ғылымдарының методикалық негізі. // Тарихи дерек:
археография және деректану мәселелері: Республикалық
галыми-теориялык конференция материалдары. -30
қазан. -2007ж. - Алматы, 2007. - 3-11 бб.
• Тәсілова Н. Щербинаның экспедициясы: тарихи
алғышарттары, зерттеушілердің құрамы мен негізгі
әдістемесі. // Қазақ тарихы. -№2. -2008 ж. -51-57 бб.
• Қазақстан тарихы: лекциялар курсы: оқу құралы /
ред.басқ. Қ. С. Қаражан. - Алматы : NURPRESS, 2011. - 376
б
• Калиева, К. С. Тарихнама: оқулық / К. С. Калиева. -
Алматы : Полиграфкомбинат, 2012. - 279 б.
• Қазақстан тарихы: оқу-әдістемелік құрал / жауапты ред.
А. З. Смагұлова. - Астана : Ұлттық тестілеу орталығы,
2013. - 98 б.
• Мұхатова, О. Х. Тарихнама ғылымы: теориялық -
методологиялық негіздері және зерттеу үлгілері: оқу
құралы / О. Х. Мұхатова ; Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық
ун-ті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2009. - 185 б.

Ұқсас жұмыстар
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРК УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Ресейге қосылуы
Керей хан Жәнібек хан
КІШІ ЖҮЗДЕГІ ЖОЛАМАН ТІЛЕНШІҰЛЫ БАСТАҒАН ҚОЗҒАЛЫС
Жер қатынастарының даму кезеңдері
Тәуелсіздікті аңсаған ақын –Шортанбай Қанайұлы
Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
Батырдың қысқаша өмірбаяны
Абылай ханның мемлекеттік қызметі
Көтерілістің себептері
Пәндер