Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеттері: тәрбие жұмысының мазмұны, мақсаты және диагностикалық функциясы


Slide 1

“Сынып жетекшісі, оның міндеттері”

Орындаған:Жалмуханова Арай

Slide 2

Жоспар:

1. Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны.

2. Сынып жетекшісінің қызметі.

3. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.

4. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы.

5. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білуі.

Slide 3

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметінс қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.

Slide 4

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

Диагностикалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйксс оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижссін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Slide 5

Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланың әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т. с. с.

Slide 6

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселснің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да бір мақсатты анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысында дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, тәрбие жқмысының нәтижелі болуын, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады.

Slide 7

Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты.

Slide 8

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, соның негізіндс тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамның, құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиеттер

Болдырев Н. И. “Класс жетекшісі”. Алматы, “Мектеп” 1980 ж.

Капралов Р. “Класс жетекшісінің жұмысы” Алматы, 1983 ж.

“Бастауыш кластардағы методика” Болдерев Петров. Алматы, 1980

А. Н. Ілиясова “Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі” Алматы, 1991 ж.

“Мектептегі тәрбие жұмысы” В. М. Коротов, 1978 ж.

Slide 10

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Жітіқара қаласының №9 орта мектебіндегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны, міндеттері және жоспарлау
Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру және тәрбие жұмысының әдістемелік негіздері
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары мен әдістемесі
Сынып жетекшісінің кәсіби моделі, тәрбие жұмысының мақсаттары және кезеңдері
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жылдық жоспары мен ұйымдастырушылық-әдістемелік қағидалары
Сынып жетекшісінің кәсіби қызметі: міндеттері, әдістемелері және бағалау критерийлері
Сынып жетекшісінің сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі мен міндеттері
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі ата-аналармен ынтымақтастығы: мазмұны, міндеттері және формалары
Сынып жетекшісінің тәрбиелік және ұйымдастырушылық қызметі: мақсаттары, міндеттері және әдістері
Сынып жетекшісінің қызметі және сынып сағатын ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz