Ғылымдағы құран мұғжизалары


Slide 1

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ғылымдағы құран мұғжизалары

Қабылдаған : Бейсенов А

Орындаған : Мырзахметов У

Дүйсебай Н

Slide 2

Жоспар

1Кіріспе

2 Негізгі бөлім

2. 1 Географиялық мұғжизалар

2. 2 Физикалық мұғжизалар

2. 3 Биологиялық мұғжизалар

3 Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Құран - Алланың сөзі. Сондықтан да оның әрбір аяты, әрбір әрпі қасиетті. Адамзатқа анық жол сілтеу үшін түсірілген Тәңірі кітабы құдіретке тұнып тұр. «Олар Құранға зер салып қарамай ма? Егер ол Алладан басқа біреудің тарапынан болғанда, олар онда көптеген қайшылықтар табар еді», - деген аят бар Құранның «Ниса» сүресінде. Күллі ғаламның Иесі Алла Тағала сөзінде ғана ешбір мін, ешбір қайшылық болмақ емес. Құран осыдан он бес ғасыр уақыт бұрын түсірілсе де, әлі күнге дейін әлем оған тамсанып, таңырқаумен келеді. Құранның құдіреттілігі қиямет қайымға дейін жалғаспақ. Демек, адам баласының қасиетті Құраннан алар білімі де аяқталмақ емес. Оның әрбір аятындағы қарапайым секілді көрінген сөздер бүгінгі таңда білдей бір ғылым саласының арқалаған жүгін жасырып тұр. Қазіргі заманға дейін қаншама ғалымдар сан жылдар бойы күш-қуатын сарп етіп ашқан жаңалықтарының қасиетті Құран Кәрімнен көргенде, Алла Тағалаға иман келтіріп, мұсылмандықты қабылдаған. Өйткені, дін - ғылымның атасы. Алғашқы аяттарының өзі «Оқы» деп келген қасиетті Құран Кәрім адамзат баласын білім алуға, айналасын зерттеп білуге, сол арқылы Жаратқан Раббысын танып, иман келтіруге шақырады.

Slide 4

Құранның мүлде шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?

ФУССИЛӘТ СҮРЕСІ 53,

ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН: ФУССИЛӘТ СҮРЕСІ 53 АЯТ: Құранның мүлде шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе? (53)

Slide 5

2. 1 Географиялық мұғжизалар

Slide 6

Екі теңіз сулары арасындағы перде

«1962 жылы, - дейді Жак Кусто, - неміс ғалымдары Аден шығанағы мен Қызыл теңіздің сулары түйісетін Баб-эль-Мандеб бұғазында Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының суы араласпайтынын анықтады. Әріптестерімізден үлгі ала отырып, Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің суларының араласып жатқанын анықтай бастадық. Біз алдымен Жерорта теңізінің суларын - оның табиғи тұздылығын, тығыздығын және тіршілік формаларын зерттедік. Біз Атлант мұхитында да солай жасадық. Бұл екі су массасы Гибралтар бұғазында мыңдаған жылдар бойы кездеседі және бұл екі үлкен су массасы баяғыда араласқан болуы керек еді - олардың тұздылығы мен тығыздығы бірдей болуы керек еді, немесе ең аз ұқсас. Бірақ олар ең жақын орналасқан жерлерде де олардың әрқайсысы өзінің қасиеттерін сақтайды. Басқаша айтқанда, екі масса судың түйіскен жерінде су пердесі олардың араласуына мүмкіндік бермеді».

Құран мұғжизасы: Араласпайтын теңіздер

55 «Рақымды» сүресі:

19. Бір-бірімен тоғысқан екі теңізді шатастырды.

20. Олардың арасында өте алмайтын бөгет бар.

25 «Кемсіту» сүресі:

53. Ол екі теңізді (судың түрін) араластырған: бірі жағымды, тұщы, екіншісі тұзды, ащы. Олардың арасына тосқауыл мен алынбайтын тосқауыл қойды.

Slide 7

Қасиетті Құран Кәрімде аяттарында айтылған жайттар арасында ғылыми жаңалық ретінде зерттеліп келе жатқан тақырып, ол - таулар жайы. «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал, олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда», - деп айтылады «Нәміл» сүресінің 88-аятында. Аталмыш аятта айтылған ғылыми жаңалықты ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Алфред Вегенер былай деп қорытады. Бастапқыда біртұтас болған құрлық жердің ішкі қабаты мантия үстінде жыл

жи жүріп, бөлінген деген тұжырымға келеді.

Сондай-ақ, таулар туралы «Нәбә» сүресінде: «Жерді бір төсеніш қылмадық па? Тауларды қазық етпедік пе?» - деп айтылады. Таулар туралы тек ХХ ғасырда ғана ашылған бұл жаңалық бүкіл әлемді таңғалдырды. Біздер үшін жер қабаттарының соқтығысынан пайда болғандай көрінетін таулардың жерасты тамырлары да бар екен.

Таулар жайлы

Slide 8

Түрлі түсті таулар

Фатыр» сүресінің 27-28 аяттары:

«أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّـهَ أَنزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجْنَا بِهِ ثَمَرَاتٍ مُّخْتَلِفًا أَلْوَانُهَا وَمِنَ الْجِبَالِ جُدَدٌ بِیضٌ وَحُمْرٌ مُّخْتَلِفٌ أَلْوَانُهَا وَغَرَابِیبُ سُودٌ»، «وَمِنَ النَّاسِ وَالدَّوَابِّ وَالْأَنْعَامِ مُخْتَلِفٌ أَلْوَانُهُ کَذَلِکَ إِنَّمَا یَخْشَى اللَّـهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاءُ إِنَّ اللَّـهَ عَزِیزٌ غَفُورٌ»

Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ, таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе? (27)

Slide 9

Осы сынды таңқаларлық ғылыми жаңалықтарды қасиетті Құран Кәрімнен көптеп көздестіруге болады. «Зухруф» сүресінің 11-аятында: «Алла Тағала көктен белгілі бір мөлшермен су жіберуде. Біз онымен өлі бір өлкеге жан беріп, құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта тірілесіңдер», -деп айтылады. Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшер де технология мен ғылымның дамыған біздің заманымызда табылып отыр. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды құрайды. Дәл осы мөлшер - бір жылда жер бетіне жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі қалайша таңдандырмайды?! Яғни, жер бетіндегі судың әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте ұстап тұратыны тек құдіреті шексіз Алла Тағаланың шеберлігі емес пе?!

Бұлт

Slide 10

2. 2 Физикалық мұғжизалар

Slide 11

Үлкен жарылыс теориясы

Үлкен жарылыс теориясы. Бұл біздің білетін ғаламның миллиардтаған жыл бұрын үлкен жарылыста басталғанын дәлелдейді. Бүгінгі әлемдегі барлық материя бір ғана нүктеге шоғырланған.

Жарылыс болған сәттен бастап материя кеңейе бастады және қазір де солай. Ғалымдар Әлемнің үнемі кеңейіп келе жатқанын қайталай береді. Осы себепті Үлкен жарылыс теориясы кеңейіп жатқан әлем туралы теорияны қамтиды. Бір нүктеде сақталған материя кеңейіп қана қоймай, одан да күрделі құрылымдар құра бастады. Біз біртіндеп тірі организмдер құра бастаған атомдар мен молекулаларға сілтеме жасаймыз.

Үлкен жарылыстың басталу күнін ғалымдар анықтады. Ол шамамен 13. 810 миллион жыл бұрын пайда болған. Ғалам жаңа құрылған осы кезеңде оны алғашқы ғалам деп атайды. Онда бөлшектер өте үлкен энергияға ие болады деп болжануда.

Құранның «Зарият» сүресі, 47-аятында: «Аспанды құдіретімізбен біз жараттық және оларды үнемі кеңейтудеміз», - деген аят бар. Ал, астроном Хабл 1922 жерден алыс жұлдыздардық үнемі жоғары жылдамдықпен одан сайын алыстап отыратынын дәлелдеген.

Кәпірлер көктер мен жердің жабық болғанын Біздің оларды ашқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме? (30)

Slide 12

Электр шамы Лампа

Алла (Т. ) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші. Нұр сүресі (35)

Slide 13

Аспан есіктері

Төрткүл дүниенің төбесінен ғарыш кемесінің иллюминаторы арқылы қараған ұшқыш «Мен не көріп тұрмын, бұл түс емес пе, әлде менің көзім байланды ма?» деген. Оның бұл сөздері ұшуды басқару айлағындағы радио аппаратқа таспаланып қалған. Профессор Аднанның зерттеуінде адамзатқа 1400 жыл бұрын түсіріл

ген қасиетті Құранның «Әл-Хижр»

сүресінің 12, 13, 14 аятарында дәл

осы тіркес айтылған. «Бұл халық

бұрын сенсе де, кейін Аллаға сен

беді. Біз оларға аспан есіктерін

ашуға мүмкіндік бергенде, олар

оған көтеріледі. Көтерілген сәтте

«Мен не көріп тұрмын, бұл түс емес пе, әлде менің көзім байланды ма? дейді», делінген. Бұл ғарышқа бұрын кімнің ұшатынын және қашан ұшатынын һәм оның алғашқы әсерінен айтқан сөзін білген жалғыз Хақтың айтқаны.

Slide 14

Тіпті, «Әнбия» сүресіндегі: «Аспан мен жер біртұтас болып, біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер көрмей ме? Олар сонда да сенбей ме?» - деген аяттың астарында жатқан ғаламның қалай пайда болғандығы жайлы ақиқатты әлем ғалымдар 1973-жылы ғылым саласындағы елеулі жаңалық санап, оған Нобель сыйлығы табысталған болатын.

Slide 15

2. 3 Биологиялық мұғжизалар

Slide 16

Тағы бір таң қаларлық мәселе. Қасиетті Құран Кәрімнің «Қиямет» сүресі, 3-4 аяттарында:

أَيَحْسَبُ الْإِنسَانُ أَلَّن نَّجْمَعَ عِظَامَهُ بَلَىٰ قَادِرِينَ عَلَىٰ أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُ

«Адам баласы, Біз сүйектерін жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз» делінеді. Бүгінгі таңда саусақ бедерін биометрлік паспорт ретінде пайдалану тәжірибесі әлем елдерінде қолданыла бастады. 2001 жылы АҚШ-та басталып, 2004 жылдан бастап құжат иесінің биометрлік мәліметі енгізілген компьютерлік чиптарды бере бастады. 2007 жылы бұл үрдісті Германия қолға алса, көршілес Қытай елі 2011 жылы қолданыла бастаған. Бұл да Құранның бір ғажайып сыры дерсіз.

Саусақ іздері

Slide 17

Ғарыштың кері қайтару қабілеті

Ғарышқа кемелер тек бір ғана жолмен ұшып қайтады. «Әт-Тариқ» сүресінің 11 аятында «Мезгіл сайын жаңбыр төгуші, кері қайтарушы аспанға серт», - делінген. Расында, тек XXI ғасырда ғана аяттың мағынасына мән бере бастадық. Дәл осы жағдай альфа, бетта, гамма сәулелерімен де дәлелденген. Олардың біздің ғаламшарға түспей ұшының ғарышқа бағытталғанын байқаймыз. Демек, аспанның кері қайтарғыш қасиеті бар, - дейді Аднан Шариф.

Slide 18

Адам баласының жаратылуы

Ал адам баласының ана құрсағында қалай пайда болатынын әлем ғалымдары дамыған технология арқасында, яғни ультрадыбыстық зерттеулер нәтижесінде тек 1940 жылы ғана білген болса, мұсылман қауымы сонау VII ғасырда-ақ жай-жапсарына қанық болған еді. Бұл жайында «Мүминун» сүресінде: «Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла - ең керемет Жаратушы», - деп баяндайды.

Slide 19

Нәміл сүресі 18 аятта

(Ол, бұлармен) ақыр құмырсқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырсқа: “Әй құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей жаншып кетпесін” деді.

Ал ғылымда National Geografic журналының мақалаларынығ бірінде


Ұқсас жұмыстар
Құран -шариғат"
Біздің- тегіміз Түркі, Дініміз- Ислам
Діни әңгімелер. Құран Кәрім жайында
Періштелерге сену
Христиан дінінің негізгі бағыттары
Аллаһтың бүкіл пайғамбарларына сену
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет
Мұхаммед Пайғамбар Аллаһтың сөзі
Пайғамбарлық кітаптар
Жоғары білім беру жүйесіндегі психология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz