S-, p- және d-элементтердің тірі ағзалардағы биологиялық маңызы


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырып: Биогенді S-, p-, d-элементтердің биологиялық маңызы.

Орындаған: Базарбаев Е.

Топ:В-ЖМҚА 03-22 Қабылдаған:Дауренбеков Қ. Н

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. s-элементтері және олардың биологиялық маңызы

3. p-элементтері және олардың биологиялық маңызы

4. d-элементтері және олардың биологиялық маңызы

5. Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Химиялық элементтер тірі ағзаның негізгі жасушаларын және биологиялық сұйықтықты құрайды.

Биогендер (грекше bio - тірі және genos - арғы шыққан тегі) - тірі ағзалар құрамында болатын және белгілі бір қызмет атқаратын, олардың тіршілік етуіне өте қажетті химиялық элементтер. Маңызды биогендер - О (ағза массасының 70%-ын құрайды), С(18%), H(10%), N, B, S, Ca, K, Na, Cl, т. б.

Биогендер витаминдердің, белоктардың гормондардың құрамында белгілі бір тәртіппен, тек сол затқа ғана тән заңдылықпен орналасады. Мысалы, азотты (N) алатын болсақ белоктың структурасын құрайтын ең маңызды биогенді элемент .

Медицинаға қатысты биохимияның бөлек биоэлементология деген үлкен саласы бар. Биоэлементология химиялық элементтердің тірі организмдердің тіршілігіне әсер етуін зерттейтін биохимияның улкен бір бөлігі десе де болады.

Slide 4

Химиялық элементтердің атқаратын функциясына қарай бөлінуі :

Электролиттік орта құрушы элементтер - s-элементтері.

Органогенді- р-элементтері.

Ферменттер орталығына кіруші микроэлементтер- d-элементтері.

Slide 5

S-элементтері

IА және IIА топтарындағы биологиялық элементтер адам ағзасында көп мөлшерде кездесіп,

макробиогендік элементтерге жатады. Бұл элементтердің катиондары адам ағзасындағы жалпы металлдардың 90% құрайды. Олар ағзаның электролиттік жүйесін қалыптастырады.

Slide 6

S - элементтерінің биологиялық маңызы

Осмостық гомоестазды қамтамасыз ету.

Су алмасуды реттеу.

Жүйке импульстарын беру.

Бұлшықет жасушаларының қалыпты қозуын қамтамасыз ету.

Бірқатар ферменттерді активтендіру

Slide 7

p - элементтері

II- VIII топтардың негізгі топшаларының элементтері жатады. Элементтері көбісі метелл еместік қасиет танытады. Тек Al, Ga, In, Tl, Ge, Sn, Pb, Sb, Bi, Po элементтердің металдық қасиеттері басымырақ.

Slide 8

Р - элементтерінің биологиялық маңызы

Осмостық қысымды қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысу.

Кейбір ферменттерді активтендіру.

Асқазан сөлінің құрамдас бөлігі (хлорсутек қышқылы) .

Slide 9

d - элементтері

I-VIII топтарының қосымша топшаларының элементтері жатады. Барлық d - элементтер нағыз металдар, олар тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.

Slide 10

D- ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Платина - ақ сұр, қатты металл. Қыздырған кезде оны соғуға, пластина жасауға, созуға болады. Ол өте пластикалық металл. Платина - активсіз, бағалы металл. Ол қыздыру кезінде ауада тотыкпайды, ешбір қышқылда ерімейді. Одан лабораториялык ыдыс, термопара, қышқылға төзімді тигельдер жасайды. Өсімдік, жануар өмірі үшін мыстың маңызы зор. Ол- микроэлемент. Өсімдік организмінде мыс фотосинтезді, тыныс алуды, көмірсу алмасу процестерін жеделдетеді.

Slide 11

Қорытынды

Адам ағзасында химиялық элементтердің маңызы зор. Ұлпалардың түзілуін, қанның осмос қысымын қолдау, иондық және қышқылдық-негіздік құрамы тұрақты етіп ұстау -макроэлементтердің негізгі функциясы.

Макроэлементтер комплекс түзуші немесе активатор ретінде ферменттер, гормондар, витаминдердің биологиялық активті заттардың құрамында кездеседі, зат алмасу, даму, ұлпалық тыныс алу және улы заттарды залалсыздандыру процестеріне қатысады. Макроэлементтер қан айналымының тотығу тотықсыздану процестеріне, қан тамырлар мен ұлпалардың өтімділігіне белсенді түрде әсер етеді. Кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий сияқты макро және микроэлементтердің тіс эмалінің және сүйектердің қалыптасуында маңызы зор.

Әр микроэлементтердің ағзаның қалыпты қызметін қамтамасыз етуге қажетті мөлшері болады., ағзада артық жиналуы немесе жетіспеуі ауруға әкеп соқтырады. Мысалы, фтордың жетіспеушілігі тіс ауруына, иодтың жетіспеуі зоб ауруына, ал молибден артық болғанда молибдендік подагра болуы мүмкін.

Slide 12

Пайдаланған әдебиеттер

1. Б. Бірімжанов, Н. Нұрахметов (Жалпы химия), Алматы 1992 ж

2. Ә. К. Пәтсаев, С. А. Шитыбаев, К. Н. Дәуренбеков (Бейорганикалық және физколлоидтық химия) Шымкент 2004ж

3. Физколлоидтық химия

Ә. К. Патсаев

С. А. Шитыбаев

К. Н. Дәуренбеков

Шымкент 2004ж. 190-213бет


Ұқсас жұмыстар
s-, p- және d-элементтердің биологиялық маңызы және медицинадағы қолданылуы
s-, p-, d-элементтердің медициналық және биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы
Тірі ағзалардағы химиялық элементтердің жіктелуі және биологиялық қызметтері
s-, p-, d- элементтер: медициналық-биологиялық маңызы, медицинада қолданылуы және атом ядроларының бөлінуі мен медицинадағы изотоптар
Атомның кванттық-механикалық моделі, кванттық сандары және периодтық жүйедегі s, p, d элементтері
Сулы ерітінділердегі химиялық реакциялар және судың биологиялық рөлі: дистилденген, апирогенді су және s-элементтердің маңызы
Тірі ағзалардағы буферлі ерітінділердің маңызы және адам қанының буферлік жүйелері
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы мен адам организміндегі биологиялық рөлі
Су мен минералдық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық маңызы
К. Д. Ушинский, А. В. Петровский, П. Б. Ганнушкин, Л. С. Цветкова және М. И. Земцова: өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz