Тілме - терінің жедел қабынуы


Slide 1

Тілме

Орындаған: Жорабек С. Б.

Тобы: 305 «А» ҚДС

Қабылдаған: Сарыпбекова Л. Л.

«АО Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясы»

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Тілме. Аурудың этиологиясы және эпидемиологиясы

2. 2 Клиникалық жіктелулері

2. 3 Асқынулары және дианостикалау

2. 4 Емі мен алдын алу шаралары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Тілме - терінің жедел қабынуы. Аурудың қоздырғышы - . Олар денеге жарақаттанған тері арқылы жұғады. Тілме іріңді жара, көршиқан түрінде, сондай-ақ әр түрлі іріңді жара ошақтарына стрептококктың түсуінен дамиды.

Slide 4

Этиологиясы

Тілме А тобындағы бетта - гемолитикалық стрептококк тілме қоздырғышы болып табылады. Ауру қоздырғышы стрептококктың басқа да сероварлары болуы мүмкін, ал ауру ағымы ауыр жағдайда, патологиялық процесте т. б. микробтар, соның ішінде стафилококк та қатысады.

Slide 5

Эпидемиологиясы

Аурудың көзі - стрептококты инфекциямен ауыратын науқас немесе тасымалдаушы адам. Тілме жасқа, жынысқа байланысты емес, дегенмен, көбініесе ересек жаста 50 және одан үлкен және әйел адамдарда жиі кездеседі. Аурушылдық жылдың барлық мезгілінде кездеседі, дегенмен, жаз-күз айларында науқас саны біршама артады

Slide 6

Таралу жолдары:

Slide 7

Клиникасы :

Инкубациялық мерзімі бірнеше сағаттан 3-5 тәулікке дейін. Сырқат көбінесе жедел, интоксикация көріністерімен басталады:

қалтырау

дене қызуы 39-40С жетеді және кейде 5-6 күнге дейін сақталады

бас ауруы

әлсіздік, селқостық

жүрек айну, құсу жиі байқалады

Бұл кезде регионарлы лимфа түйіндерінде ауырсыну байқалады, 12-48 сағат ішінде жергілікті өзгерістер қалыптасады

Slide 8

Қабынудың орналасулары:

Аяқтарда 55-68%

Қолдарда 25-30%

Бетте 3-10%

Дененің, жыныс ағзаларының қабаттарында өте сирек болады

Slide 9

Тілменің клиникалық жіктелулері: I. Ағым ауырлығына байланысты:

Slide 10

II. Жергілікті көрінісіне байланысты:

Эритематозды

Эритематозды-буллезді

Эритематозды-геморрагиялық

Булезді-геморрагиялық

Slide 11

Эритематозды түрі

Қабыну орнында эритема қалыптасады. Шыққан кезде қызарған дақ болып біраз уақытқа жойылып типті белгілермен байқалады

Slide 12

Эритематозды тілме кезінде мына белгілер байқалады:

айқын шектелген гиперемия;

инфильтрация;

эритема үстіндегі тері тығыздалып тартылған;

пальпация кезінде ауырсынады әсіресе шеттеріне қарай;

ісіну эритема шеттерінен кең жайылады (көбінесе ошақ көз, ерін, іштің алдыңғы жағында, жыныс ағзаларында орналасқанда) ;

терінің жедел қабынуы ісінумен қатар лимфостаз қалыптасады;

аурулардың көбінде регионарлы лимфаденит байқалады;

тілменің эритематозды түрі өз бетімен және басқа түрлерінің бастапқы өзгерісі болып өтуіне тиісті.

Slide 13

Эритематозды-буллезді түрі

Эритеманың үстінен бірнеше сағаттан 2-5 тәуліктің ішінде пайда болатын көпіршіктермен өтеді. Көпіршіктер әр түрлі көлемде және іші түссіз сұйықтыққа толы болады. Сұйықтықтың пайда болу себебі қабыну ошағында эксудация жоғарылауы.

Slide 14

Эритематозды-геморрагиялық

Эритема ішіне қан құйылу себебінен әр түрлі көлемдегі геморрагиялармен өтеді

Slide 15

Булезді-геморрагиялық түрі

Тілменің бұл түрінде көпіршіктердің іші фибрин қоспалары бар қоңыр сұйықтықпен толады. Көбінесе бойы жарылып орнында эрозиелалар, терінің некрозы қалыптасады.

Slide 16

III. Терілік зақымданудың таралу дәрежесіне байланысты:

Slide 17

IV. Шығу жиілігіне байланысты:

Біріншілік тілме - аурудың алғашқы рет пайда болуы;

Қайталамалы тілме - ауру екі немесе оданда көп жылдан соң дамиды, бірақ үрдіс басқа аймақта пайда болады;

Рецидивті тілме - біріншілік тілмеден екі жылға дейін және одан да ұзақ уақыт мерзімінде тілменің қайта дамуы, көбінесе үрдіс болған жерінде пайда болады.

Slide 18

Біріншілік және рецидивті тілмемен ауырған науқастардың жасы бойынша көрсеткіші

біріншілік

рецидивті

жас

жас

жас

жас

жас

жас

жас

жас және одан үлкен

Slide 19

Асқынулары

3-8% ауруларда болады.

Жалпы асқынулар

инфекциялық-токсикалық шок

сепсис

тромбоэмболия

Жергілікті асқынулары:

абсцесс

флегиона

флебит, тромбофлебит

Slide 20

Ажырату диагнозы

Тілмені жақ аймағының абсцесі, флегмонасы, лимфаденит, бет венасының флебиті, актиномикоз және сібір жарасынан ажырата білу керек.

Slide 21

Диагностикасы

Тілмені анықтап диагнозын қою аурудың жалпы клиникалық көріністеріне негізделеді. Егер тілме ошағында орналасқан көпіршіктерден патогенді стрептококктар бөлініп шықса, оның диагнозын анықтау тіпті оңайға түседі.

Стрептококк қоздырғышын қаннан және жергілікті қабыну ошақтарынан бөліп алу мүмкін жағдай емес, сондықтан бұл ауру кезінде бактериологиялық зерттеулер қолданылмайды. Соңғы жылдары ПТР қолданылып жатыр.

Гемограммада нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы анықталады. Жиі рецидивтер дамитын науқастарда лейкопения дамуы мүмкін

Slide 22

Емі

Ем мақсаты: Этиотроптық, қатаң көрсетімдер бойынша дезинтоксикациялық терапия; клиникалық көріністерді басу.

Дəрі-дəрмексіз ем: төсек режимі.

Дəрі-дəрмектік ем:

Біріншілік, қайталама тілме: парентералды антибиотиктер. Таңдау препараты - бензилпенициллин, тəуліктік дозасы ауырлық ағымына байланысты. Жеңіл ағым кезінде тəулігіне 4-6 млн. Емнен тиімділік болмаған кезде (қызбаның сақталуы, уыттану, жергілікті қабыну процессі регрессінің болмауы) -1 немесе 2 буындағы цефалоспориндер. Пенициллинді көтере алмаған кезде, линкозамидтер (клиндамицин 1, 8-2, 4 г/тəулігіне) . Терапия курсы 7 тəулік. Рецидивтік тілме, асқыну стадиясы: аминогликозидтермен қосылған бензилпенициллин (гентамицин 240 мг/тəулігіне) немесе фторхинолондармен (ципрофлоксацин 1 г/тəулігіне) . Терапия курсы 7 тəулік.

Slide 23

Алдын алу шаралары

Біріншілік профилактика: гигиена ережелерін сақтау, тері жабындыларының бүтіндігін қорғау, созылмалы стрептококкты инфекция ошақтарын санациялау, мұздау жəне жарақаттануға жол бермейтін толық еңбек жағдайын жасау.


Ұқсас жұмыстар
Тілменің сипаттамасы
Рефераттың жоспары
Хирургиялық инфекция
Шошқа тілмесі. Тілме (Erysipelas Suum)
Беттің шиқаны мен көршиқаны
Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі
Шошқа тілмесі
Инъекциядан кейінгі асқынулар
Суық компресс
Сүлікпен емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz