Инфекция көздері - науқас адамдар


Slide 1

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

БӨЖ

Тақырып:Көкжөтел

Орындаған: Қанат. Ә

Қабылдаған: аға оқытушы Абласанов. А

Тобы: 913-ЖМ

Slide 2

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

Этиология және эпидемиология

Патогенезі

Клиникасы

Диагностикасы

Емі

Профилактика

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Жұқпалы мононуклеоз- бұл қалтыраумен, ауыз қуысының, лимфа түйіндерінің, бауырдың, көкбауырдың зақымдануымен және қан құрамының өзіндік өзгерістерімен (лимфомоницитоз, атипті мононуклеарлар) сипатталатын жіті вирустық ауру.

Инфекция көздері - науқас адамдар

Берілу механизмі - аэрогенді, жұғу жолы - ауа-тамшылы, сілекей, қан құю кезінде.

Slide 4

Этиология

Аурудың қоздырғышы- EBV - герпес топтарының вирусына қатысты және өзінің морфологиясы бойынша қарапайым герпестің вирустарынан айырмашылығы жоқ. Вирустың репликациясы приматтардың В-лимфоциттерінде өтеді. Сыртқы ортада тұрақтылығы төмен, құрғатқанда, жоғары температура әсерінен тез жойылады. Құрамында ДНҚ бар.

Патогенез: вирус жұтқыншақтың шырышты қабаты арқылы еніп, гематогенді және лимфогенді жолмен таралады. Көмекей бездеріне, лимфа түйіндеріне, көк бауырға өтіп олардың гиперпластикалық процессін қоздырады. Зақымдалған клетканың жартысы жойылып, жаңа клеткаларды зақымдайды. Гуморальды иммунитет бұзылады.

Slide 5

Жіктемесі

Түрі бойынша:

Ауырлығы бойынша:

Ағымы бойынша:

- типтік;

- жеңіл түрі;

- жіті (3 айға дейін) ;

- атиптік (симптомсыз, өшірілген, висцералдық) .

- орта ауыр түрі;

- созылмалы (6 айдан аса) ;

- ауыр түрі.

-қайталанылатын (ауырып өткен соң 1 ай және одан аса клиникалық симптомдардың қайтып келуі) .

Slide 6

Инфекциялық мононуклеоздың атиптік нысандары:

Қажалған түрі: тыныс жолдарының жіті аурулары симптомдары есебінде өтеді;

Симптомсыз түрі: гематологиялық зерттеудің, серологиялық және эпидемиологиялық талдау әдістерімен диагностикаланады;

Висцералды түрі: жүрек-қан тамырларының, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің, бүйректердің, бүйрекүсті бездерінің және басқа да өмір сүруге қажетті ағзалардың араласуымен, полиоорганды зақымданудың ауыр ағымында өтумен ерекшеленеді.

Slide 7

Белгі

Ауырлықтың жеңіл дәрежесі

Ауырлықтың орта дәрежесі

Ауырлықтың ауыр дәрежесі

Интоксикация ұзақтығы

жеңіл айқындалады

Бірқалыпты айқындалады, 6-7 күн

Жақсы айқындалады, 8 күннен аса

Қалтыраудың ұзақтығы

38°С, ұзақтығы 1-5 күн

38, 1 ден 39°С ға дейін, ұзақтығы 6-8 күн

39, 0°С аса ұзақтығы 9 күннен асады

Ауыз-мұрын қуысындағы өзгерулердің сипаты

Қабынудың өзгерістері катаралдық, ұзақтығы 1-3 күн; 1-4 күн мұрынмен тыныс алудың қиындауы

Лакунарлы өңездері бар қабынушылық өзгерістер, ұзақтығы 4-6 күн; 5-8 күн мұрынмен тыныс алудың қиындауы

Науқастардың бір бөлігінде жалған-қабықшалық қабынулық өзгерулер, ұзақтығы 7 күн, 9 күннен аса мұрынмен тыныс алудың қиындауы

Лимфалық түйіндердің ұлғаю дәрежесі

Алдыңғымойындық 1, 0-1, 5 см-ге дейін; артқымойындық - 0, 5-1, 0 см дейін

Алдыңғы мойындық 2, 0-2, 5 см; артқымойынды 1, 5-2, 0 см-ге дейін

Алдыңғы мойындық 2, 5 см-ден аса; артқымойындық 2, 5 см-ден

Бауырдың, көкбауырдың ұлғаю дәрежесі

Бауырдың 1, 0-1, 5 см-ге ұлғаюы; көкбауырдың 0, 5 см-ге ұлғаюы

Бауырдың 2, 0-2, 5 см-ге ұлғаюы; көкбауырдың 1, 0-1, 5 см-ге ұлғаюы

Бауырдың 3 см-ден аса ұлғаюы; көкбауырдың 2 см-ден аса ұлғаюы

Мұрынжәне, таңдай бадамшаларының гипретрофия дәрежесі

I дәрежелі

IІ дәрежелі

IІІ дәрежелі

Симптомдардың кері дамуы

2 аптаның аяғына қарай

3-4 апта бойы сақталады

4-5 аптадан аса бойы сақталады

Slide 8

Асқынулар:

ерте асқынулар (аурудың 1-3 аптасы) : көкбауырдың жарылуы, тұншығу, миокардит, интерстициалды өкпе қабынуы, энцефалит, менингоэнцефалит, полиневрит, Гийен-Барр синдромы;

кейінгі асқынулар (аурудың 3 аптасынан кейін) : гемолитикалық ангина, тромбоцитопениялық пурпура, апластикалық анемия, гепатит, мальабсорбциялар және аутоиммундық үрдістің салдары ретінде басқалары.

Slide 9

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар:

тамақтың ауыруы;

дене қызуының көтерілуі (субфебрильді/фебрильді, 2-4 аптаға дейін, кейде одан да көп) ;

әлсіздік;

бас ауыруы;

тершеңдік;

тез шаршаулық («созылмалы шаршаудың» синдромы) ;

лимфотүйіндерінің өсуі;

мұрынмен тыныс алудың қиындауы;

буындардың, бұлшықеттердің ауыруы;

бөртпе.

Slide 10

Анамнез:

аурудың жіті/ақырындап басталуы;

аурудың 1-аптасының аяғына қарай аурудың

клиникалық сипатының ашық шығуы;

1-4 апта ішінде қалтырау мен интоксикацияның сақталуы;

Лимфатикалық түйіндердің жүйелі ұлғаюының ангинамен үйлесуі, бауыр мен көкбауырдың үлкеюі;

3-5 күнге пайда болуы мүмкін бөртпе;

Көп ағзалық зақымданудың сиректігі.

Эпидемиологиялық факторлар: «Инфекциялық мононуклеоз» диагнозымен расталған немесе ұқсас аурумен байланыстың болуы.

Slide 11

Физикалық зерттеп-қарау:

қалтырау;

алдыңғы және/немесе артқымойындық («бұқа мойын» синдромы) басымырақ, қолтық асты және шаптағы лимфотүйіндерінің ұлғаюы (симметриялық) ;

ангина;

спленомегалия;

гепатомегалия;

аденоидит;

көбінесе бөртпе-папулезді сипаттағы (10% науқастарда, ампициллинмен емделген жағдайда - 80%-да) бөртпе;

периорбиталды ісіну;

таңдайдағы бөртпе;

сары ауру (тұрақсыз белгі) .

Slide 12

Зертханалық зерттеулер:

ЖҚА - лейкопения/бірқалыпты лейкоцитоз (12-25х109/л) ; лимфомоноцитоз 70-80% дейін; нейтропения; ЭЖА-ның 20-30 мм/ч-ға дейін үлкеюі; атипті мононуклеарлар (жоқ болуы немесе 10 нан 50% ға дейін ұлғаюы) .

Серологиялық (авидтілік индексі көрсеткішін анықтаумен ИФТ) спецификалық қарсыденелерді табу ЭБВ-на IgM VCA және ЭБВ-на VCA, IgG EA, IgG-EBNA авидтік индексінің көрсеткішін анықтаумен бірге;

Қосымша зертханалық зерттеулер:

Молекулярлы-генетикалық әдіс (ПТР) Эпштейн-Барр вирусының ДНҚ-сын қанда табылуы;

Қанның биохимиялық талдауы (сары ауру және гепатомегалия кезінде) Билирубин мен АЛАТ қанда шоғырлануын анықтау: бірқалыпты гиперферментемия, гипербилирубинемия;

Бадамшалардың шырышын және жұтқыншақтың артқы бөлігін аэробты және анаэробты микроағзаларға бактериологиялық зерттеу: Жіті тонзилиттің бактериологиялық этиологиясын идентификациялау үшін.

Slide 13 Slide 14

Емі

Дәрі-дәрімексіз емдеу: Режим: Жартылай төсек тарту (қалтыраудың барлық кезеңінде) ; Науқастың гигиенасын сақтау: ауыз қуысының, көздің шырышты қабықтарын күту, мұрынды шаю;

Диета: №13 үстел (жылы сұйықтықтарды бөліп ішу, сүтті-өсімдікті) .


Ұқсас жұмыстар
ЖЕКЕ ЭПИЗООТОЛОГИЯ
ЖИТС жайлы
Стоматологияда кездесетін аурухана ішілік инфекциялар
Инфектология ғылым түрінде және оның микробиологияда алатын орны.Инфекциялық процесстің сипаттамасы.Бактериялардың және вирустардың патогенділіг және токсигенділігі.Патогенділік және токсигенілік факторларының генетикалық бақылауы
Тұмау - жұқпалы ауру
Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері
БАЯУ ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ
Ауруханаішілік факторлар
Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық,тұмау,шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Гепатит туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz