Төгінді сулармен суғарылатын өсімдіктер
Презентация қосу
ТӨГІНДІ СУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ
Орындаған: Нурбаева Аружан
Қабылдаған: Набиоллина Мадина
ЖОСПАР
1. Төгінді сумен суғарудың негізгі ерекшеліктері
2. Төгінді судың түрлері
3. Төгінді сулардың қоршаған ортаға тигізетін
әсерлері
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Төгінді су деп зауыттар мен фабрикалардан, тұрғын
үйлер мен мекемелерден және қыстақтардан бір рет
пайдаланылынып, ластанып шығатын суды айтады.
Қазіргі кезде олардың көлемі өте көбейіп, қоршаған
ортаға экологиялық зиян келтіріп отыр.
Олардың пайда болуына байланысты төрт түрге бөлуге
болады:
Өндірістік төгінді су;
Қалалық немесе араласқан (өндірістікпен);
Шаруа тұрмысындағы төгінді су;
Мал шаруашылығындағы төгінді су.
Бұлардың бір-бірінен химиялық құрамы жағынан өзгешеліктері болады. Олардың құрамында
өсімдікке пайдалы, әрі зиянды заттар көптеп кездеседі. Бәрі ерітінді түрінде болады да топыраққа
түскенде өсімдікке тез сіңеді. Қазіргі кезде оларды әр түрлі тәсілдермен тазалайды. Бірақ толық тазалай
алмайды. Ол суды тазалаған соң өзенге құюға болмайды. Сондықтан оларды қала, өңдіріс сыртында
белгілі бір қоймада жинап отырады. Барлық қаланың маңында қазір көптеген осындай су қоймалары бар.
Мысалы: Алматы қаласы секундына 7,2 текше метр төгінді су шығарады. Ол 50 шақырым жерде
орналасқан Сорбұлақ сайына құйылып жатыр. Оны тез арада жоймаса, келтірер зияны өте көп. Әрине ол
суларды кәдімгі таза сумен 10-15 рет араластырып өзенге құюға болар еді. Бірақ Республикада ондай су
жоқтың касы. Сондықтан да басқаша жолдарын қарастырған жөн.
Көптеген ғалымдардың айтуынша, ондай суларды механикалық және биологиялық тазартудан кейін
өсімдіктерді суғару үшін пайдаланған дұрыс. Ондай жағдайда үш мәселе шешілетін түрі бар:
1. Өзендегі су ластанбайды;
2. Топырақтың құнарлығы артады;
3. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі көбейеді.
Қазір ТМД елдерінде 350 мың гектар, ал
Қазақстанда 20 мың гектар жер осындай сумен
суғарылады. Әрине бұл өте аз. Қазір тек
шаруашылық тұрмыстағы судың өзімен елімізде
400 мыңдай гектар жер суғаруға болады. Ол үшін
ғылыми жағынан қарастырылған жұмыстарды
дамытқан жөн. Сол тұрмыстық төгінді сумен
республика бойынша жыл сайын 15 мың тонна азот,
9 мың тонна фосфор, 12 мың тонна калий
тыңайтқыштары кетіп жатыр десе де болады. Егер
оларды жер суғаруға жұмсасақ біраз тыңайтқыштар
үнемделіп, пайдасы болар еді. Олар суда ерітінді
түрде болғандықтан өсімдікке тез сініріледі.
Шаруа тұрмысындағы төгінді сулар қалалар
мен үлкен қыстақтардағы тұрғын және
өндірістік мекен жайлардан, қала ішінде
орналасқан майда кәсіпорындардан пайда
болады. Олардың химиялық құрамы әртүрлі
болып келеді. Құрамында қоректі заттар,
микробтар болуы мүмкін. Бұл сулардын
тұздылығы көп жағдайларда 800-1200мг/л-ден
аспайды. Олардың қоректілік көрсеткіші онша
жоғары емес: Механикалық және биологиялық
тазартулардан өткен 1000 м.куб су шамамен 4...6
.тонна көңге тең. Олай болса азот тыңайтқышын
топыраққа толық беру үшін (120 ...200 кг/
га) ,10-12 млн. м3. төгінді су қажет. Әрине
мұндай суғару нормасы қажетті қалыппен 3-5
есе көп.
Мал қораларынан шығатын сулар азот, фосфор
және калийге өте бай. Олардың мөлшері өсімдікке керек
мөлшерден тым көп болады. Сондықтан оларды кәдімгі
сумен қосып араластырып берген жөн.
Өндірістегі төгінді сулар - улы заттарға, қоспаларға
бай болады. Оларда ауыр металдар, микроэлементтер т.б.
заттар болады. Сондықтан оларды пайдалану үшін алдын
ала тазартып алған жөн.
Төгінді суды жер суғаруға пайдаланар алдында
химиялық құрамын анықтау керек те, ирригациялық
әдіспен су жарамды не жарамсыздығын анықтау керек.
Ол үшін Можейко, Буданов, ВНИИГиМ, Ричардс,
Стеблер т.б. ұсынған әдістемелік нұсқауларды қолдану
керек.
ТӨГІНДІ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН СУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚҰБЫРДАН ЖАСАҒАН ДҰРЫС. ҚАЗІРГІ
КЕЗДЕ ТӨГІНДІ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ӘР ТҮРЛІ СУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СҰЛБАСЫ БАР.
Төгінді суды пайдалану жүйелерінің сұлбалары.
1- қала; 2-су сорғыш; 3-су тазалағыш станция; 4-суғару жүйесі; 5-суғармалы жер; 6-
қосымша алаң; 7-су жібергіш құбыр; 8 - өзен; 9-су қоймасы; 10 - өзеннен су алу.
Төгінді сулармен суғарылатын өсімдіктер. Мұндай сулармен суғару барысында дақылдардың түрін тандай
білу керек. Олар топырақтағы биохимиялық процесстерді жылдамдатып, соған себепкер болуы керек.
Ауыспалы егістіктегі өсімдіктердің түрлерін N 3236-85, 26.03.85 санитарлық ережесі бойынша қабылдауы
қажет. Бұл ереже бойынша төгінді сумен бір және көпжылдық шөптерді, мал азығы, техникалық, дәнді,
сүрлемдік дақылдарды және отырғызылған ағаштарды суғаруға болады. Ал көкөніс пен бау-бақшаны суғаруға
болмайды.
Ауыспалы егістіктердің құрамын жасаған кезде көпжылдық шөптің еншісін көбейткен жөн, /65%-ке дейін/.
Сонымен қатар көп таралмаған мал азығы дақылдарының да едәуір орын алғаны жөн. Оларды таза сумен
суғарғанға қарағанда, төгінді сумен суғарған кезде өнімді 30..50%-ға дейін көп береді. Жоңышқа, судан шөбі,
көпжылдық шөп сияқты дақылдар тамырларын кең және терең жіберуі арқылы топырақтың кұрамы мен
құнарлығын арттырып, топырақтың жоғарғы қабатына төменгі деңгейдегі кальций қоспасын әкеліп, топырақтың
қатталуына жол бермейді. Сонымен қатар, жоңышқа тұзға өте төзімді болады да, жапырақтары арқылы
топырақтан тұздардың көпшілігін шығарып отырадыБұл дақыл жерде азот қорегінің көбейгені
байқалтадыАлматы, Тараз, Шымкент маңында топырақ ылғалдылығы 70 тұрса 5...7 т/га өнім береді. Жүгері
дақылы да өте көп өнім береді. Ақтөбе облысында жаз кезінде егістікті екі рет суғарғанда жүгері 1.4 т/га
қосымша дән береді. Жамбыл облысында 1 литр төгіңді су қант қызылшасының түбіне қосымша 11 кг салмақ
берсе, ал кәдімгі сумен суғарғанда мұндай қосымша салмақ 9 кг ғана болған.
Суғару жүргісінің кәдімгі сумен суғарғандағы жүргісінен көп өзгешелігі жоқ. Тек суғарған кезде
топыраққа түсетін тыңайтқыштардың, тұздардың мөлшерін бақылап отыру қажет. Суғару жүргісі
кәдімгі мелиорацияда қолданылатын әдістермен есептелінеді.Топыраққа /тұздың тепе-тендігін
сақтау үшін/ қанша мөлшерде төгінді су берген жағдайда оның тұздану белгісі пайда болатынын
мына теңдеумен анықтайды:
А Н S S 0
М0 ,
K
бұл жерде, Н - топырақтың ылғалданатын қабаты, м.;
Y - сол қабаттың орташа көлемдік массасы, т/м3;
Sо - топырақтың ең теменгі тұздану көрсеткіші,
20 - 30% болып қабылданады;
S - топырақтағы егін еккен кездегі тұз мөлшері, %;
К - төгіңді судағы тұз мөлшері, т/м3;
А - қосымша көрсеткіш 10000 м2/га
Мал қорадан шыққан төгінді сумен суғару жүргісі. Мал қорадан шыққан суларды
органикалық тыңайтқыш ретінде қолданған жөн. Сондықтан оларды пайдаланғанда
ылғалдандыру-қоректендіру жүргісін жасайды.
Жыл бойында мал қорадан шыққан төгінді сумен суғару мөлшерін төмендегі
тендеумен анықтайды: B П К n
Mk ,
K 1 K 2 C1 C 2
бұл жерде: Мқ- жыл бойындығы берілетін мал қора төгінді суының мөлшері, м 3/га;
В - топырақтан өсімдіктің қоректі заттарды алуы, кг/га;
П - топырақтың айдалатын қабатындағы қоректі заттар, кг/га;
С1 - төгіңді судағы қоректі заттар, кг/м3;
С2 - араластыруға берілетін таза судағы қоректізаттар, кг/м3;
К1- төгінді судан өсімдіктердің қоректік заттардыпайдалану коэффициенті 0.5-0.8;
К2 - төгінді судан аммиак азотының жоғалуын керсететін коэффициент 0.8-0.85;
Кn - топырақтағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті -0.5-0.8.
ҚОРЫТЫНДЫ
Төгінді суларды тазарту – төгінді сулардан зиянды заттарды тазарту және жою.
Ластану тазартылған ағынды сулардың кешенді өндірісіне жіберіледі. Оның
құрамында кез келген басқа өндіріс сияқты шикізат (су) және дайын өнімдер
(тазартылған су) бар. Төгінді суларды тазарту әдістері механикалық, химиялық,
физика-химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Егер олардың барлығы
бірдей қолданылса, онда бұл ағынды суларды аралас тазарту және
дезинфекциялау деп аталады. Белгілі бір әдістерді қолдану ластану сипатымен
және қоспалардың зияндылық дәрежесімен анықталады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ
географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.
2. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч.
1-2. – 400 с.- 368 с.
3. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.
4. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат,
1989. 720 с.
5. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные
процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.
6. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического
почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии
почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz