Материалдық болмыс


Slide 1

Болмыс. Онтология және метафизика

Онтология - болмыс туралы ілім

2. Антика философиясындағы болмыс туралы ілімдер

3. Жаңа Заман философиясындағы субстанция мәселесі туралы

4. Абай дүниетанымындағы Құдай және адам болмысы

Slide 2

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Пән: «Философия»

Дәріс-презентация №4

Болмыс. Онтология және метафизика Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша

Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна

Қарағанды - 2020 -2021 оқу жылы

Slide 3

Болмыс туралы көзқарастар

Мифологиялық

Діни

Ғылыми

Философиялық

Slide 4

Болмыс мәселесін философиялық тұрғыдан ұғыну қажеттігінің себебі:

болмыс мәселесінің адам өмірімен тікелей байланысы;

«өмірдің мағынасы неде?» деген сұраққа жауап іздеу;

дүниенің негіздерін іздеу

Slide 5

Болмыс, тіршілік және мән

Болмыс - бүкіл тіршілік етіп тұрған дүние, тұтас әлемнің болуы

Болмыс, сөздің кең мағынасында, - тіршілік ету, болу үрдісі.

Философтар болмыстың екі жағын ажыратады: тіршілік және мән. Тіршілік (лат. еxsistentia /exsisto-шығу, пайда болу, жүзеге асыру -болу үрдісі, қазіргі тәжірибеміздегі шындық (лат. actualitas) .

Болмыстың мәні - оның негізі, тіршілік етуінің түп-тамыры, яғни оның субстанциясы (лат. substantіa - мән, түпкі негіз)

Slide 6

Болмыс ұғымының аспектілері

Тұрақтылық аспек-тісі: заттар дүниесі, дүниенің сапасы

Динамикалық аспектісі: дүниедегі әр заттың өзгеруі, дамуы

Slide 7

- Табиғат болмысы

- Әлеуметтік болмыс

Рухани болмыс

Объективтіленген рухани болмыс (дін, ғылым, өнер, философия және қоғамдық сананың т. б. формалары)

Болмыстың түрлері

Slide 8

Материалдық болмыс

Өткен және

келешек болмыс

Рухани болмыс

Әлеуметтік болмыс

Күнделікті

болмыс

Адам болмысы

Slide 9

Мәдениеттегі болмыс символикасы

Болмыс үрдісі

Болмыстың басы (туылуы)

Болмыс оқиғасы (кездейсоқты)

Болмыстың соңы (өлім)

Болмыс уақыттық мезгілі

Болмыстың өту кезеңі (басынан

аяғына дейін)

-

Slide 10

Онтологияның категориялары

Болмыс

Бейболмыс

Материя

Қозғалыс

Кеңістік

Уақыт

Slide 11

Материя

Материя - біздің түйсіктерімізде берілген, түйсіктерімізде көшірілетін, бейнеленетін, суреттеленетін, олардан тәуелсіз болып тұрған объективтік шындықты белгілейтін философиялық категория

Материя түрлері: зат, өріс ( гравитациялық, магниттік, электромагниттік, электрондық т. б. ), антизат, тірі зат

Материияның даму деңгейлері: бейорганикалық органикалық, тірі, әлеуметтік

Материянық күрделі құрылымы: молекула, атом, протон, нейтрон, электрон, позитрон; кварк, лептон

Slide 12

Қозғалыс

Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі, жалпы өзгеріс, заттардың өзара әсер етуі, өзара әрекеттесуі. Ф. Энгельс: «Материя қозғалысының негізгі түрлері: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік»

Өзгеріс және тыныштық - қозғалыстың екі жақтары. Тыныштық - бұл өзара әсер етіп тұрған жақтардың, тараптардың тепе-теңдігі, тұрақтылық қалпысы. Тыныштық өзгерістердің нәтижелерін бекітеді.

Қозғалыс абсолютті, тыныштық салыстырмалы сипатта.

Фридрих Энгельс

(1820-1895)

«Табиғат диалектикасы»

Slide 13

Кеңістік пен уақыт

Кеңістік - материяның бар болуының объективті-реалды формасы: созылуы, заттардың өзара жайғасу тәртібі

Уақыт -материяның бар болуының объективті-реалды формасы: үрдістер мен оқиғалардың ұзақтығы мен бірізділігі

Slide 14

Шакаримнің қозғалыс туралы идеалистік көзқарасы

…бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол: «бар болайыншы, қозғалайыншы», - дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбінде себепсіз бар себеп болмаса - болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп - «Жаратушы» болады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(1858-1931)

Slide 15

Болмыс және бейболмыс (Парменид)

«Болмыс ұғымы «болу» деген етістіктен шыққан, ол жеке формасында «бар» деп айтылады. Демек, болмыс - барлық бар нәрсе, бұл тіршілік етіп тұрғанның бәрі. Ол «туылмаған, жойылмайды, тұтас [бөлшектері жоқ], бірден-біреу, қозғалмайды, бітпейді [уақытта] »

Егер де қазір бір нәрсе жоқ болса, онда ол болмаған және болмайды да. Сонымен, бейболмыс жоқ», - дейді Парменид

Парменид

(540-470 до н. э. )

«Болмыс бар, бейболмыс жоқ»

Slide 16

Зенонның апориялары (шешімі жоқ жұмбақтары)

Зенон Элейлік

б. д. д. 490-430

Зенон шын болмыс қозғалмайды және сезімдер арқылы танылмайды деген ойға негізделген

Апория «Жебе»: Ұшып бара жатқан жебе қозғалмайды, өйткені әр мезгілде ол тыныштық қалпында тұр, сондықтан ол мәңгі тыныштықта

Апория «Жебе»

Апория «Ахилл және тасбақа»

Slide 17

Платон іліміндегі болмыс мәселесі

Платон

(б. з. д. 427-347 жж. )

Платонның онтологиясында болмыс екі дүниеге бөлінеді : идеялар болмысы және сезімдермен қабылданатын заттар болмысы. Алғашқы деп Платон мәңгі, өзгермейтін, өздік тіршілік ететін мәндер - идеялар (эйдос) әлемін айтқан.

Екінші - көшірмелі, туынды дүние деп Платон сезімдермен қабыл-данатын алуан түрлі заттар әлемін айтқан. Құдай Демиург идеялар әлемін үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл дүниені жасады.

Slide 18

Аристотель метафизика туралы

Аристотель: “метафизика (грек тілінен: «физикадан кейінгі») - ойдың эмпирикалық әлем шеңберінен шығып, метаэмпирикалық нақтылыққа жетуге ұмтылуы”. Ол милеттіктерден Платонға дейінгі философиялық ой дамуы бағытын түйіндей отырып, метафизиканың төрт анықтамасын берді:

1. Бастапқы немесе жоғарғы бастаулар себебін зерттеу

2. Болмысты тану

3. Субстанция туралы білім

4. Құдай туралы білім

Аристотель

(б. д. д 384-322жж. )

Slide 19

Аристотельдің онтологиясы

Аристотель (б. д. д 384-322жж. )

Аристотель дүниеің алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар: енжар материя және белсенді форма. Форма материяны мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі.

Материяның жылылық, суықтық, құрғақтық пен дымқылдығы бар. Олардың бір-бірімен жұп-жұп болып қосылуы дүниенің негізінде жатқан төрт стихияны тудырады: отты, ауаны, суды, жерді. “Ай астындағы дүние” осы төрт стихиядан тұрады. Аспан құдіретті Эфирден (бесінші мәннен) тұрады.

.

Аристотельдің онтологиясы теологиямен байланысты:

Құдай - дүниенің мәңгі алғашқы қозғалтқышы ретінде түсіндіріледі

Slide 20

Аль-Киндидің онтологиялық пайымдаулары

Әл Кинди болмысты бес нәрсе сипаттайды дейді: материя, форма, қозғалыс, кеністік және уақыт. Дүниені Алла «ештеңеден» жаратты, - дей отырып, әл Кинди материяны негізгі, анықтаушы мән ретінде түсіндіреді:

«Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құрылған. Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады».

Әл Кинди форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар, материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік - форма.

Абу Юсуф Якуб бин Исхак бин ас-Сабах аль-Кинди

(805-873 жж. )

Slide 21

Ибн Рушд дүниенің мәңгілігі мен шексіздігі жөнінде

Ибн Рушд «Алғашқы қозғаушы жөнінде» атты еңбегінде: «Құдай шындықтың мәңгілік қайнар көзі болса, материя дүниенің мүмкіндігінің мәңгілік қайнар көзі, өйткені егер жаратушы мәңгілік болса, онда жаратылған дүние де мәңгілік. Материя заттың ішкі мүмкіндігін құраса, бітім (форма) оның сыртқы іске асуына, өмірге келуіне әкеледі. Құдай дүниенің мүмкіндігіне - материяға бітім беріп, оны шындыққа айналдырады»

Ибн Рушд Мұхаммед

(Аверроэс)

(1126-1198 жж)

Slide 22

Болмыстың субстанция мәселесін шешудегі үш бағыт

1. Монизм

2. Дуализм

3. Плюрализм

Монизм бір субстанцияны мойындайды:

- материалистік монизм - материяны

- идеалистік монизм - сананы

Дуализм екі субстанцияны - материя мен сананы мойындайды

Плюрализм көп субстанцияны мойындайды

Slide 23

Жаңа Заман философиясындағы субстанция мәселесі; Декарттың дуализмі

Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстания ұғымын тұжырымдады.

Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтіннің бәрі. Ондай қасиетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция - Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі.

Рене Декарт

(1596-1650)

Slide 24

Декарттың қос субстанция туралы ілімі

Жаратылған субстанция-ларды Декарт екі текке жіктейді:

1. материалды (заттар)

2. рухани (идеялар)

Адам, Декарт пікірінше, екі - материалды (тәндік-созылатын) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.

Адам - өз бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады

Slide 25

Спиноза онтологиясындағы субстанцияның монизмі

Спинозаның философияға қосқан маңызды үлесі - болмыстың мәнін қарастыратын субстанция туралы теориясын жасауында

Өз ілімінің негізіне Декарттың субстанция туралы теориясын алғанымен, Спиноза оның басты кемшілігі - дуализмде деп санады.

Бенедикт Спиноза

1632-1677

Slide 26

Спиноза теориясының мәні

1. Жоғарғы субстанция - Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ

Барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар, ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды

«Табиғат + Құдай» - бір субстанция. Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жок. Құдай Табиғаттың өзегі

Тек біртұтас «Табиғат + Құдай» ғана жарата алады. «Жаратушы әлем», яғни біртұтас «Табиғат + Құдай» - «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды

5. Жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, олар біртұтас субстанцияның - «Табиғат + Құдайдың» модустары - көріністері ғана

6. Модустар кеңістікте және уақытта козғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар

Slide 27

«Табиғат + Құдай» субстанцияның қасиеттері

- тіршілік етеді;

дербес, ештеңеге тәуелді емес,

өз-өзінің ішкі себебі бар;

- көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері - ойлау мен созылу Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;

- уақыт пен кеңістікте шексіз;

- мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды) ;

- қозғалыссыз.

Slide 28

Г. Лейбництің субстанция туралы іліміндегі плюрализмі

Г. Лейбниц (1646-1716)


Ұқсас жұмыстар
Табиғаттың болмысы
Адам және қоғам болмысы
Философиядағы болмыс және материя жайлы түсініктер
Болмыс ұғымы
Әлеуметтік болмыс
Болмыс негізгі формалары
Болмыс философиясы
Болмыстың негізгі формалары
БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Бейнелеудің сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz