Хоспис және паллиативті көмек



Хоспис және паллиативті көмек

2
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Хоспис
Палиативті көмек
Паллиативті көмектің негізгі міндеттері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Паллиативті көмек - деген өмірмен қоштасуға уақыты аз ғана қалған пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту. Оның ішінде пациенттерге және олардың жақындарына психологиялық қолдау көрсету. Жалпы паллиативті көмектің негізгі мақсаты өмірден үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқан адамдарға жарық дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріпе мейірім сыйлауға, тән азабын сездірмей ажалды саналы түрде қарсы алуға септігін тигізу болып табылады

Хоспис деген не, паллиативтік көмек деген не айырмашылық
Хоспис дегеніміз - қарттар үйіне немесе адаптация (бейімдеу) орталығына ұқсас мекеме. Хосписта науқастарға күтім (төсек-орын, тамақ, медбикелердің бақылауы) көрсетіледі. Қажетінше ауырсынуды басатын дәрі- дәрмек салынады, яғни симптомдық ем қолданылады

Паллиативтік көмек - дегеніміз, қатерлі ісіктердің асқынуларын мүмкіндігінше азайтуға арналған, науқастың жағдайына қарай қолдануға болатын медициналық көмек көрсету. Паллиативтік көмек қатерлі ісікті толық емдеп шығу үшін емес, оның асқынуларын басып, науқастың өмірінің сапасын мүмкіндігінше жақсартуға арналған ем. Паллиативтік ем хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық тәсілдермен жүргізіледі және қосымша симптомдық ем қолданылады

Палиативті көмек
«Паллиативті» термині латынның «pallium»: «бет перде» немесе «жамылғы» деген сөзінен шыққан. Бұл паллиативті көмек дегенді білдіреді: тегістеу - емделмейтін аурудың көрінуін жасыру немесе «қорғансыз» қалғандарды қорғау үшін сыртқы қабатын жамылғымен қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта паллиативті көмек -медициналық және әлеуметтік қызметтің маңызды бағыты. Оның мақсаты физикалық, психикалық, рухани - басқа да симптомдарды және ауырсынуды тоқтату, мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында алдын алу және қайғы - қасіреттерді жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар мен олардың отбасының өмір сапасын жақсарту

Анықтамаға сәйкес паллиативті көмек:
- қалыпты заңды үдеріс ретінде өмірді бекітеді және өлімді қарастырады;
- өмір сүру мерзімін ұзарту немесе қысқарту ниеті жоқ;
- науқастың мүмкіндігінше белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге тырысады;

- емделушінің ауыр науқастанған кезінде оның отбасына көмек ұсынады және ауыр қайғыдан кейінгі уайымдау кезеңінде психологиялық қолдау көрсетеді;
- емделуші мен оның отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпаралық тәсілді пайдаланады
- емделушінің өмір сүру сапасын жақсартады, сонымен қатар ауру ағымына оң әсер етеді;

Паллиативті көмектің негізгі міндеттері
Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату.
2. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыста- рына психологиялық қолдау көрсету.
3. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру.
4. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру
5. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу.
6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады

Өмірінің соңында арнайы паллиативті көмекті талап ететін науқастардың үш негізгі тобын анықтауға болады
1. 4-сатыдағы қатерлі ісігі бар науқастар
2. Терминалды сатыдағы ЖИТС науқастары
3. Дамудың терминалдық сатысындағы онкологиялық емес күшейген ауруы бар науқастар
(жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі декомпенсациясы сатысы, ұмытшақ склероз, ми қанайналымының бұзылуынан бола- тын ауыр салдар және т. б. )

Паллиативтік орталық- соңғы тұрақ
Алматы қаласында 1999 жылы салынған Қазақстандағы алғашқы хоспис қазір «Паллиативтік көмек орталығы» деп аталады. Бұл талай жанның соңғы тұрағы. Мыңдаған науқастың өмір жолын азапсыз аяқтауы үшін келіп, ажал үкімін күтетін жері. Елімізде мұндай орталық Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Қостанай және Семей қалаларында бар. Жалпы мұндай орталықтар Европа елдерінде 70-80-ші жылдардан бастап салына бастаған екен. Бұл мекемелерде жұмыс істейтін арнайы мамандардың міндеті - айықпас дертке ұшырап, соңғы демін күтіп жатқандарға тән азабын сездірмей, моральдік-психологиялық көмек көрсете отырып, о дүниеге дайындау.

75% онкологиялық аурулар
25 % созылмалы аурулар
«Қазақстанда паллиативті көмекке мұқтаж 18 мың адам бар. Ол науқастардың 75 пайызы онкологиялық ауруларға шалдықса, 25 пайызы созылмалы, дауасыз дертке душар болып отыр. Қазір Қазақстан бойынша паллиативті көмек көрсететін 11 орталық бар. Сол 11 орталық аймақ және 9 қалада

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz