Эмбриональды дамудың алғашқы кезеңдері


Slide 1

Ұрықтану. Құрсақішілік даму. Эмбриональды дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы.

Орындаған: Абильда Айханым

Тексерген:Наурызбаева Жадыра

Slide 2 Slide 3

Ұрықтану - аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ал бұл жаңа организмнің бастамасы болып табылады. Ұрықтану негізіне жынысты көбею және ата-анасынан ұрпағына тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Ұрықтану көптеген өсімдіктерге де тән. Оның іске асуына ең алдымен гаметалар дамитын жыныс органдарының түзілуі (гаметангий) әсер етеді. Кейде бұл процесті жыныс процесі деп біріктіріп қарайды. Ұрықтану бактерияларда, көк жасыл балдырларда және саңырауқұлақтарда болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныс процесі әр алуан. Кейбір жасыл балдырларда ұрықтану гамета түзбей-ақ екі бір клеткалы организмдердің қосылуы нәтижесінде жүзеге асады (гологамия) . Пішіні мен көлемі бірдей талшығы бар гаметалардың қосылуы изогамия деп аталады. Бұл көптеген балдырларға тән. Бір клеткалы балдырлар (мысалы, хламидомонадалар) өздері гамета түзе отырып гаметангийге айналады. Көп клеткалы балдырларда бір-біріне ұқсас бірнеше клеткалар тобы гаметангий түзеді (мысалы, улотрикс) . Конъюгат балдырларға (мысалы, спирогира) конъюгация тән. Көлемі әр түрлі талшығы бар гаметалардың қосылуын гетерогамия, талшығы бар, талшығы жоқ гаметалардың қосылуын оогамия деп атайды.

Ұрықтану

Slide 4

Зигота

Эмбриология

Эмбриональдық

Постэмриональдық

Ұрықтанған екі жыныс жасушаларынан біржасушалы ұрық - зигота пайда болады. Зигота жатыр түтігі арқылы жатырға өтіп, бөліне бастайды. Жасушалардың хромосомаларында өзгерістер болады. Адамның дене жасушаларында хромосома саны тұрақты 46 болатыны мәлім. Жетілген жыныс жасушаларында - 23. Ұрықтанғаннан соң аталық және аналық жыныс жасушаларының хромосомалары жұптасып саны 46-ға жетеді.

Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылымды эмбриология (грекше «embrіon» - ұрық, «logos» - ілім, ғылым) дейді.

Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Біріншісі - ұрықтық даму (эмбриональдық) . Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (грекше «ontos» - жекелей, «genes» - шығу тегі) дейді.

Slide 5

Құрсақішілік даму

Ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.

Бұл кезде медициналық қызметкердің әртүрлі белсенді әрекеті мен тіпті сөзі де пациент үшін өзінде көптеген физикалық және психикалық тәуекелдерді жасырып тұрады. Өкінішке орай, науқастарды емдеу үдерісінде хирургтардың басты назарында оталар мен таңулар, антисептикалық, антибиотиктік, ортопедиялық және басқа іс-шарлар тұрады, бұл ретте пациенттердің психогенді харақаттануының алдын алуға жеткіліксіз көңіл бөлінеді.

Құрсақішілік даму

Slide 6

Эмбриональді

Фетальді

Ұрықтық кезең

Ұрықтық кезең - ұрықтану мезгілінен бастап, Жүктіліктің 2-айының соңына дейін созылады. Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі, дененің қызуы, микробтар, вирустар, антиметаболиттер, есірткі, т. б. зиянды заттар эмбрион дамуының бұзылуына, оның өліміне немесе туа біткен мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Эмбриональді кезеңде болады:

Тіннің басталуы

Біріншілік қызметтің қалыптасуы

Дене мүшелерінің және ішкі

ағзаларының қалыптасуы

Құрсақішілік даму кезеңдері

Slide 7

Эмбриогенездің басталуы - ұрықтану, ұрық жұмыртқасы мен сперматозоидтардың бірігуі ретінде анықталады. Бұл процестің өтуі үшін жұмыртқа кірпікшелер мен перистальтиканың көмегімен жатырға шығарылатын овуляция болуы керек. Ұрықтану жұмыртқа жолында овуляцияға жақын сағаттарда (немесе бірнеше күннен кейін) жүреді.

Гаструляция кезеңінде ұрық жапырақтары оқшауланады, нәтижесінде үш қабатты құрылым пайда болады - эктодерма (сыртқы қабат), энтодерма (ішкі қабат), мезодерма (аралық қабат) . Ерте даму сатысында эмбриональды жасушалар әртүрлі бағыттарда дами алады, бірқатар факторлардың әсерінен олар біртіндеп детерминацияланады (тек бір ғана белгілі бағытта дами алады) .

Эмбрионды дамудың алғашқы кезеңдері

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Жүктілікпен байланнысты гипартензиялар
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері
Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері туралы
Жыныс жүйесі. Эмбриональдық даму кезеңдері
Жұмыртқа жасушасы
Балалар ауруларының пропедевтикасы
Эмбрионның сары қабы
Гаструляцияның негізгі әдістері
Нерв жүйесінің онто - және филогенезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz