Қара топырақтың структурасы




Презентация қосу
ІС - ӘРЕКЕТ
Орындаған: Жаңабаева А
Қоңырбаева Қ
ПО 1-1
Қабылдаған: Керимбекова Ж
Іс - әрекет туралы жалпы
түсінік
Адам іс - әрекеті - күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі
ғылымдар зерттейді. Ал қоғамдық мағынасы - қоғамдық
ғылымдарының пәні, физиологиялық механизмдер - физиология
пәні болып табылады. Психология - іс - әрекеттің психикалық
жағын зерттейді. Іс - әрекет арқылы адамның рухани өмір
байлығы: ақыл - ой тереңдігі, күйіну - сүйіну қалпы, қиялдау
қабілеті мен ерік - жігері, икемділігі мен мінез - құлық сипаты
ашылады.
Іс - әректтің негізгі сипаттамасы болып - оның мағыналығы
саналады. «Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік
берілмейді. Іс - әрекеттің мағынасыз болуы мүмкін, бірақ іс -
әректті ғылыми зерттеу оның мағынасының ашылу талап етеді.
Іс - әрекет - тарихи қоғамдық дәреже.
Адам іс – әрекетінің құрылысы
Іс - әрекеттің құрылысын талдаудың алғашқы ұмтылыстары оның
элементтерін елестетумен байланыста болды. Оларға алу,
көтеру, қою сияқты қарапайым қозғалыстар жатады. Инженерлік
психологияның дамуына байланысты әрекетті алгоритмдер
түрінде сипаттау кең таралды. Алгоритмдік сипаттау - іс -
әрекеттің орындаушы бөлімін талдауды тиімді болғанымен,
оның субьективтік жобасын ашпады.
Психологиялық талдау іс - әрекетті күрделі, көп өлшемді және көп
деңгейлі, динамикалық дамушы құбылыс ретінде қарастыруды
ұсынды. Әр түрлі концепциялар іс - әрекеттің жекелеген
аспектілерін қарастырды; екіншісі - іс - әрекеттің мотивациялық
аспектісін зерттеуді негіз етті; үшіншісі - іс - әрекеттің реттеуші
механизмдерін қарастырды. Бұл көзқарастардың бәрі құнды
ғылыми нәтиже берді. Алайда, олардың біреуі де жалпылама
бола алмады
ІС – ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ
Іс - әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар
өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшіліктері бойынша
арықшаланады. Ойын - өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз
болып көрінетін қажетті іс - әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі
маңызды проблема болады. Бала ойынның әр теориялары бар.
Ойын іс - әрекеті ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір
қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру
қабілеттілігі - адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында
пайда болды және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын
одан өзгеше болады.
Оқу іс - әрекеті тарихи даму үрдісінде еңбек түрлері жетілдіріп, күрделене түсті
осыған байланысты еңбек іс - әрекетіне қажетті оның өз үрдісіндегі білімдері мен
дағдыларды меңгеру әлдеқайда қиын болды. Сондықтан адамды арықарайғы
еңбек әрекетіне дайындау мақсатымен оқуды қалыптастыру керек болды.
Еңбек іс - әрекеті. Адам іс - әрекетінің алғашқы тарихи түрі - еңбек болып
табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзінің
негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологиялық емес, қоғамдық
ғылымдарының пәні
Қара топырақтың структурасы
Қара топырақтың жоғарғы горизонтынан бір кесек
алып оны қолмен үгіп қарайтын болсақ, ол домалақ,
шамалы бұрыштаныңқырап келген,үлкендігі
қарақұмық дәніндей,не шамалы үлкенірек бөлімдерге
бөлінеді. Мұндай структура түйіршікті структура деп
аталады.Топырақтың қарашірік және известьпен
желімделген структуралық жеке бөлшектері өте
қуысты және суға берік болады: олар суды оңай және
тез сіңіреді, бірақ суда оңайлықпен жібімейді.Бұл
бөлшектердің ішінде тіпті мейлінше дымқыл
болғанның өзінде де ауа болады.
Топырақтың төменгі қабаттарына барған сайын
структуралық бөлшектердің көлемі бірте-бірте ұлғая
келе,олар кесекке,одан кейін тоң кесекке айналады.
Қара топырақтың қабаттарына
сипаттама
Қара топырақтың жоғарғы қабаты қара немесе
шамалы ғана ашықтау келген қарақоңыр түске
боялған.Қарашіріктің көпшілік бөлімі осы қабатта
жиналған. Бұл қабаттың жоғарғы бөлімі түйіршіктер
мен құрткесектерге бөлінеді, төмен қарай олардың
көлемі үлкейе береді. Екінші қабат жоғарғы қабатқа
қарағанда ашығырақ, бірақ екеуінің анық шекарасын
ажырату қиын. Бұл горизонтта қарашірік аздау. Оның
құбалау түсі анық көрінеді,ал төмен қарай онан да
анық бола береді. Бұл ірілеу кесектерге бөлінеді.Бұл
қабаттың қалыңдығы 30 см. Төмен қарай ол біртіндеп
ашық бола келе теңбіл не тілімше түрінде сарғылт не
сарғыш-саздақ қабатпен,яғни үшінші қабатпен
араласады.Мұнда жоғарғы қабаттардан шайылып
келген тұздардың,көбінесе көмірқышқыл известің бір
бөлігі шөгіп отырады.
Қара топырақтың гумус қабаты неғұрлым
жұқа,гумусы аз болса, оның табиғи құнарлығы да аз
болады. Мұндай қара топырақтар қара топырақ
аймағының ең оңтүстік нағыз құрғақ аудандарында
кездеседі. Бұл топырақтар қара топырақ аймағының
оңтүстік бөлімдерінде тарағандықтан, оларды
оңтүстік қара топырағы деп, ал олардың гумус
қабатының қалыңдығы шамалы ғана болғандықтан
жұқа қара топырағы деп атайды. Жұқа қара
топырақтарда қарашірік көп емес – 4-6 пайыз
шамасында, сондықтан олардың түсі күңгірт-
қоңырлау, ал төменгі қабаттары сарғылттау болады.
Олар жауын-шашын суларына аз шайылады.
Қышқылдан бетіне жақын қабаттарынан,кейде тіпті
беткі қабаттарынан бастап-ақ қайнайды. Қара
топырақтың бетінен бастап қайнауы оның түрлі
қабаттарының жертесерлердің әрекетінен
алмасуы,немесе беткі қарашіріктік қабатын су шайып
кеткен жағдайларда байқалады.
Қорытынды
Қара топырақ өсімдіктер үшін өте маңызды
топырақ болып табылады. Дәнді-
дақылдардың,көптеген көкөністердің,шөптесін
өсімдіктердің, орман өсімдіктерінің барлығы
осы қара топырақта өседі. Өйткені, қара
топырақтың құрамында қарашірінді
болады,ол топырақтың құнарлылығын
арттырады.Сондықтан да қара топырақ
адамзат үшін,жалпы тіршілік үшін үлкен
маңызға ие.
Назар аударып
тыңдағандарыңызға рахмет!

Орындаған : Қабылбекова Азима
ГЕК 2-курс

Ұқсас жұмыстар
Қара топырақтар
ІС - ӘРЕКЕТ
Минералдардын жіктелуі
КҮН АТМОСФЕРАСЫ
Топырақтың механикалық құрамы
Фитоценоз структурасы
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
Қазақстанның топырақ типтері
Топырақ ортасының реакциясы
Топырақ микрофлорасы
Пәндер