КУРСАК КУЫСЫНЫН ХИРУРГИЯЛЫК АУРУЛАРЫМЕН ЗАКЫМДАРЫ



Курсак куысынын хирургиялык ауруларымен закымдары. Зерттеу эдістері курсак куысынын отімді жене отімсіз жаракаттары. Асказан - ішектен кан кету.
Орындаған: Нуркашова Т Р
Тобы 2ф3
Тексерген Каюпов С К









Құрсақ қуысының жарақаты
Іштің жарақаты
Іштің жарақатына ішастар қуысының ағзалары және ішастар қуысы артындағы ағзалардың зақымданулары жатады. Ашық жарақаттар балаларда сирек кездеседі. Ауруханаға дейінгі сатыда олардың біріншілік диагностикасы қиындық туғызбайды және тәсіл үнемі бірден - жарақат алушыны хирургиялық бөлімшеге жеткізу.
Ішастар қуысы ағзаларының жабық жарақаттары балаларда басқа анатомиялық аймақтардың зақымдануларына қарағанда сирек кездеседі және 2-3% құрайды. Олар науқастардың өміріне қауіп төндіргендіктен ауыр болып табылады. Мұндай зақымданулардың себебі - аса жоғары биіктен құлау, автокөлік апаты, жаншылу, сирек арқасынан немесе ішіне ұру.

. Анатомиялық белгісіне қарай ажыратады:
паренхиматозды ағзалардың зақымданулары (бауыр, көкбауыр, бүйрек, ұйкы безі) ;
қуысты ағзалар (асқазан, қуық)
қантамырлар (ірі артериялар және көктамырлар, шажырқай қантамырлары) .
Ауруханаға дейінгі синдромальды диагностикалық көзқарас бойынша іш ағзаларының жарақаты бөлінеді:
ішке қан кету синдромы;
перитонеальды синдром;
жіті абдоминальды ауыру сезімі синдромы.
Әрбір синдром жалпы, жергілікті және арнайы симптомдардан тұрады, бірақ оларды бір-бірімен салыстыру қажет, оларға топикалық диагноз коюмен қатар зақымдану түрін анықтауға болады. Ағзалардың зақымдану дәрежесі мен тереңдігі әр - түрлі болады: капсула астылық және ағза ішілік жыртылулар мен гематомалар, паренхимамен капсуланың бірдей жыртылуы, ыдырауы.

Көптік жарақаттар - бұл бір анатомиялық аймақтың зақымданулары: сүйектердің көптік сынықтары, ішастар қуысының паренхиматозды және қуысты ағзаларының жарақаттары, Біріккен жарақаттар деп әр - түрлі анатомиялық аймактардың екі не одан кеп ағзалардың бір мезетте зақымдануын айтамыз. Мысалы: іш қуысының және кеуде ағзаларының тірек - қимыл аппараттарымен, бассүйегінің жарақатгары. Балалардағы 12-«б0 зақымданулардың ең ауыры көптік және біріккен жарақаттар. Олар ауруханада және ауруханаға дейінгі кезеңде өлім-жітім себебінің негізі болып табылады.
Олардың диагностикасы өте киын, бірақ бұл жедел жәрдем міндетіне тек жекелеген зақымдардың топикалық диагностикасы ғана емес, баланың өміріне қауіп төндіретін негізгі жарақаттар мен патологиялық синдромдарды көрсету жатады.

Клиникалық көрініс ерекшеліктері және іштің жабық жарақатының диагностикасы. Паренхиматозды ағзалардың жарақаттануы, жедел қан кету белгілері бойынша анықталады, қуысты ағзаның зақымын перитонит белгілерімен анықтайды. Паренхиматозды және қуысты ағзалардың зақымданулары жедел қан кету және перитонит симптомо комплекстерімен сипатталады. Тәжірибеде жедел қан аздықты алдыңғы орынға коятындай, паренхиматозды ағзалардың зақымдануларының барлығы бірдей көп қан жоғалтумен жүрмейді.
Жедел перитонит белгілері қуысты ағзалардың жарақатынан кейін алғашқы минуттарда көрінбейді, бірақ бұл диагнозды жоққа шығармайды. Паренхиматозды және қуысты ағзалар зақымдануларының қиын клиникалық көрінісі іште апаттың бар екендігіне күмәндік тудырмайды, бірақ нақты диагноз қою мүмкіндігі қиын.

Ауыру сезімі - құрсақ қуысында қолайсыз жағдайдың бар екенін білдіретін ең тұрақты белгі. Оның қарқыны әр - түрлі: клиникасында қан кету алдыңғы сатыда тұрғанда ол әлсіз білінеді, ал қуысты ағзалардың зақымдарында - қарқыны жоғары. Ұйқы безі және асқазан зақымдалған кезде ауыру сезімі өте ауыр және өткір болады. Бауыр, көкбауыр, ұйқы безі зақымдалғанда ауыру сезімі иыққа, бұғанаға, арқаға беріледі. Шок, коллапс және бассүйек - ми жарақаттарында балалар ауыру сезіміне шағымданбайды.
Құсу - құрсақ қуысы зақымдалған балаларда әрқашан бола бермейді. Ал куысты ағзалар зақымданғанда жиі болады.
Жалпы жағдайы науқастардың сыртқы келбеті, өздерін ұстауы көптеген диагностикалық мәліметтер береді. Науқастар жарақат алған соң бірден немесе біраздан соң ауыр жағдайға түседі: айқын бозғылттық, тері беттерінің көгерулері, суық тер, аяқтарының тоңуы - жарақаттың ауырлығын айқын түрде көрсетеді. Алайда бұл белгілердің болмауы- ішкі ағзалардың зақымдалғанын жоққа шығармайды. Көп балаларда қозу белгілері болады, ал кейбіреулері қорыққандықтан, тежелген, қимыл-қозғалыстары шектелген.

Ішті зерттеп қарап тексерген кездегі ең маңызды диагностикалық белгілер:
Ішастар қуысының қабырғасын қарау (іштегі немесе кеуде торшасындағы соғылу іздері, ісінулер, гематомалар, сызаттар, іштің кебуі) ;
Іш бұлшық еттерінің сіресуі (әсіресе қуысты ағзалар зақымданғанда, алғашқыда орнықты, кейін барлық құрсақ қуысының қабырғасына таралады) ;
Щеткин - Блюмберг симптомы кеш пайда болатын белгі. Қуысты ағзалар зақымданғанда пайда болады, паренхиматозды ағзалар зақымдануына тән.
Ауырушылдық - (ең ерте және жиі кездесетін симптом) әсіресе қуысты ағзалар зақымданғанда, бастапқы кезекте жергілікті, ал кейінірек жайылған түрде кездеседі.
Перкуторлы тонның тұйықталуы (ерте кезеңде бұл қанның жиналуына байланысты, ал кеш кезеңде - қабыну экссудаты.

Көкбауырдың жабық жарақаты жиі кездеседі, балалардағы іштің жабық жарақаты белгілі орын алады. Көкбауырдың морфологиялық, топографиялық және функциональды ерекшелігі тікелей аз күштер және контур соққыдан, биіктіктен құлаудан және т. б. оның тез жараланғыштығын көрсетеді.
Клиникалық көрінісі. Кейбір жағдайларда жарақаттан кейін шок немесе қысқа естен тану, одан кейін жедел қан кету белгілері дамиды. Кейде ішастар қуысының жарақаты екені бірден түсінікті болады, яғни; капсула астылық гематомаларда симптомдар аз болады, ұзаққа созылмайтын шок немесе естен тану тәрізді, сол жақ қабырға астында төмен ауыру сезімдері, ол тыныс алғанда, қимылдағанда, тамақ ішкенде күшейеді.
Бауырдың жабық жарақаты - құрсақ қуысы ағзаларының зақымдануларының ішіндегі ең жоғары қауіп төндіретін жарақат. Бауырды өз орнында орнықты бекітіп ұстап тұратын, мықты капсуласы және байламдары болады. Ағзаның паренхимасында аздаған дәнекер тін элементтері болғанымен эластикалық талшыктары болмайды, сондықтан оның жирылу қабілеті жоқ

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz