Картографиялық проекция теориясы




Презентация қосу
КАРТОГРАФИЯЛЫҚ
ПРОЕКЦИЯЛАР,
БҰРМАЛАУ ТҮРЛЕРІ

ҚАРПЫҚОВА ТОҒЖАН
ТАРИХ-ГЕОГРАФИЯ
Картографиялық проекция,
картографиялық кескін – Жер
эллипсоидының (шардың) немесе
планетаның бетін математикалық
тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Картографиялық тордың ерекшелігіне
қарай проекциялар

Цилиндрлік Конустық Азимутальдық
проекция проекция проекция
Азимутальдық проекция
Азимуттық проекцияда параллельдер толық шеңбер
құрайды, ал меридиандар бір орталықтан таралып
бұрыштық параллельдер құрайды, ендіктердің
айырмашылығы тең болады.
Азимутальдық
проекция

Полярлық Көлденең Қисық
азимутальды азимутальды азимутальды
проекция проекция проекция
Конустық проекция
Конустық проекция, қалыпты торда
параллельдері жартылай шеңбердің доғасын
құрайды, ал меридиандар тік бір нүктеден
таралып, бұрыштық параллельдер түзеді,
бойлықтардың айырмашылығы бір-біріне
пропорционал болып келеді.
Цилиндрлік проекция
Цилиндрлік проекция, қалыпты торда меридиандар
тең қашықтықта бір-біріне параллель, ал параллельдер
– меридиандарға перпендикуляр тік орналасқан
ГЛОБУСТАН
КАРТАҒА ӨТУ
Картографиялық проекция теориясы

Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі
жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді
және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін
проекцияларды құру әдістерін қарастырады.
Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар
жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы
бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера
жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R
мөлшерінде ғана бейнеленеді.Картографиялық
проекциядағы меридиандар мен параллельдерден
картографиялық тор құралады.
Картографиялық проекция
бұрмалау түрлері бойынша:
а) бұрыштық (картадағы бұрыштар глобустағы
бұрыштарға тең болмайды);
ә) аудандық (аудандардың масштабы картаның
әр аумағында әр түрлі);
б) сызықтық (картаның бір сызығының әрбір
нүктесінде масштаб әр түрлі)
Картографиялық проекция
бұрмалану сипатына қарай
төмендегідей жіктеледі:

Тең бұрышты (конформдық) Картографиялық проекцияларға
масштаб тек нүктенің орнына ғана тәуелді болады, ал
бағытына байланысты болмайды. Мұндай проекциялардағы
бұрмалану эллипстері шеңберге айналады; мысалы, Меркатор
проекциясы мен стереография проекциясы;Тең шамалы
(эквиваленттік) Картографиялық проекцияларда аудандар
сақталады: мұндай проекцияларда жасалған карталардағы
фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына
пропорционал, ал пропорционалдық коэффициенті картаның
бас масштабының квадратына кері шама болады. Бұрмалану
эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың
пішіні мен бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады.
Еркін Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең
шамалы да проекцияларға жатпайды.Олардың ішінде тең
аралық (бас масштабтары бірі-біріне тең) және ортодромиялық
(шарының үлкен шеңбері – ортодромиялары түзу
сызықпенкескінделеді) проекциялар ерекшеленеді.

Ұқсас жұмыстар
Цилиндрлік проекция
Картографиялық проекция, картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу
Картографиялық проекция
Картографиялық проекция, кескін
Гаус крюгер проекциясы
Проекция таңдау факторлары
Жер эллипсоиды және оның негізгі элементтері
Карталардың проекциялары
Тақырыптық картография
Азимуттық проекция
Пәндер