Ауыз қуысының микрофлорасы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

Тақырыбы: Кариестің дамуындағы
стрептококктардың рөлі

Орындаған: Ерназарова Л.Н.
Тобы: 204Б стом
Қабылдаған: Сайлаубек Қ.Х.
Ауыз қуысының микрофлорасы
Ауыз қуысы – әртүрлі микроорганизмдердің тіршілік етуіне, көбеюіне
ең қолайлы биотоп, өйткені ол жерде тағамдық заттектер үнемі түсіп
отырады, температуралық /370С/, ылғалдылық және рН /әлсіз сілтілі
6,7-7,0/ жағдайы микроорганизмдердің көбеюіне өте қолайлы.
Ауыз қуысында 500-ден астам бактериялар, вирустар,
саңырауқұлақтар және қарапайымдылар мекендейді.
Микроорганизмдер үнемі көп мөлшерде ұрттың ішкі бетіндегі
шырышты қабығында, қызыл иектерде, қызыл иек қалталарында, тілдің
бетінде, сонымен қатар тістер үстінде де кездеседі. Сілекейдің
құрамында микроорганизмдердің саны 108 – /1 – мл дейін анықталады,
ол лабораториялық жағдайда 1 мл ЕПС /етті-пептонды сорпасы/
қоректік ортада дақылдандыру нәтижесінде көбейген бактериялар
санымен сәйкес келеді.
Қазіргі таңда тіс жабындының бактериялық микрофлорасы кариесті,
гингивит және пародонтит кезіндегі пародонттың зақымдалуын,
стоматит, актиномикоз, фузоспирохетоз кезіндегі ауыз қуысының
шырышты қабықтарының зақымдалуын тудыратын біріншілік фактор
болып қарастырылады. Иммундық тапшылық, дисбиоз болған
жағдайларда ауыз қуысының шырышты қабықтарының микрофлорасы
кандидоз қоздыруға себепкер болатыны белгілі.

Сонымен қатар, ауыз қуысы аэрогенді, алиментарлық, жанасу
жолдарымен жұғатын көптеген инфекция қоздырғыштарының кіру
қақпасы болып есептелœеді (туберкулез, алапес, күл, кокжөтел,
жедел респираторлық вирустық инфекция, ұшық, вирустық гепатит
ж.т.б.).
Ересектерде ауыз қуысы микрофлорасының өзгеруі
стомотологиялық аурулармен байланысты, немесе
тістің түсуімен және алмалы протездердің
қойылуымен, немесе дисбактериозбен жүретін
оргонизмнің жүйелік ауруларымен байланысты.
Алмалы протездер қойылған кезде микрофлора
құрамы мүлдем өзгереді. Протездің астында
шырышты қабығының созылмалы қабынуы пайда
болады - протезді стоматит.
Протездін, астында әртүрлі факторлардың әсерінен
(органикалық матриксте микроорганиздердің жиналуы,
сонымен қатар қышқылдың жиналуы, ортаның рН межелік
деңгейіне дейің /5,0/ төмендеуі) сублингвиальді және
супралингвиальді таңдақтардың пайда болуына мүмкіндік
туады. Бұл протезді стоматит этиологиясында маңызды
рол атқаратын ашытқы тәріздес Candida
саңырауқұлақтарының аса көбеюіне алып келеді.
Олар 98% жағдайда протездің айналасында табылады.
Протез қолданатын 68-94 % адамдарда кандидоз
байқалады. Ауыздың шырышты қабығында ашытқы
тәріздес саңырауқұлақтардың көбеюі ауыздың
бұрыштарын зақымдалуына әкеліп соғуына мүмкін.
Протез қолданатын адамдардан саңырауқұлақтардан
басқа да бактериялар: (ішек таяқшалары, стафилококктар,
энтерококктар ж.т.б. бактериялар) көп мөлшерде
табылады.
Ауыз қуысының негізгі зақымдануларды (тіс жиегі,
пульпит, перодонтит, периодонт аурулары, жұмсақ
тіндердің қабынуы) стрептококктармен,
пептострептококтар, актиномициттер,
лактобациллалар, коринебактериялар ж.т.б. қоздыра
алады. Олардан басқа сиректеу жағдайда кездесетін
анаэробты инфекцияларды (мысалы, Березовский-
Венсан-Плаут ауруы) бактериодтар, превотеллалар,
актиномицеттер, вейлонеллалар, лактобацилалар,
нокардиялар, спирохеталар ж.т.б. бірігіп туғызады.
Ауыз қуысының қалыпты
микрофлорасы:

Ауыз қуысының бактериялары транзиторлы,
яғни уақытша мекендеушілер болып
есептелінеді. Олар:
микрококктар;
лактобактериялар;
нейссериялар;
дифтероидтар;
микоплазмалар;
коринебактериялар;
фузиморфты бактериялар.
Ауыз қуысының аэробты және
анаэробты микрофлорасының
құрамы келесі факторларға
тәуелді:
1. Адам жасына;
2. Тістің күтіміне;
3. Тамақтануына;
4. Жеке гигиенаға.
Қорытынды
Тістің жарып шығуы микроорганиздердің сапалық
құрамының күрт өзгеруіне алып келеді, ол қатаң
анаэробтардың тез арада көбейіп кетуі мен сипатталады.
Сол кезде белгілі биотоптардың анатомиялық
ерекшеліктеріне байланысты микроорганизмдердің ауыз
қуысында тарауы және «еніп, орнығуы» жүредіАуыз
қуысында тіршілік ететін микроорганизмдер патогенді
потенциалға ие болғандықтан олар тіндердің жергілікті
қабынуын туғызуы мүмкіндігі бар. Жергілікті зақымдалу
патогенезінде микроорганизмдер көмірсуларды ферменттеу
кезінде пайда болатын органикалық қышқылдарының және
олардың метаболиттерінің маңызы зор.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Ауыз қуысының микрофлорасы, түрлері
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары.Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы.Дисбактериоз
Тері микрофлорасы
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы
Жануарлар ағзасының микрофлорасы
Асқазан микрофлорасы
Микробиология негіздері
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы. Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз
Пәндер