Артур Шопенгауэр өмірдің мәні туралы


Slide 1

Пән: «Философия»

Дәріс-презентация №8

Өмір және өлім. Өмірдің мәні

Орындаған:Бахытжан Ақерке

Алматы - 2022 -2023 оқу жылы

Slide 2

Өмір және өлім. Өмірдің мәні

Адам өмірі, оның онтологиялық және аксиологиялық мазмұны

Адам, оның өлімі және өлместігі

Философиялық ойлар тарихындағы өмір мәні мәселесі

4. Махаббат - адамның өмір сүру мәні

Slide 3

Өмір ұғымы

«Өмір» - материя қозғалысының биологиялық формасы

Ф. Энгельс: «Өмір бұл ақуызды денелердің тіршілік ету тәсілі, оның негізгі белгілері зат алмастыру, тітіркену, өсу және көбею» («Табиғат диалектикасы»)

Ф. Энгельс

(1820-1895)

Slide 4

Адам өмірінің онтологиялық мазмұны

Адам өмірі оның болмысының сыртқы дүниеде жүзеге асырылуы

Адам өмірі оның рухани және әлеуметтік шындығының онтологиялық негізі

Slide 5

Адам өмірінің аксиологиялық мазмұны

Адам өмірінің құндылығын түсінудің сатылары:

1. Өзін сақтау және өзін бекіту жөніндегі инстинктивті сезімі

2. Өмірді өзіне қамқорлық жасауды талап ететін бірегей және уақытта шектеулі феномен ретінде рационалды ұғыну

3. Өмірді басқа сапа мен формаларда жалғастыру мүмкіндігін иррационалды іздеу

4. Өмірді оның бөліктерінен (биологиялық үрдістер, интеллектуалды таным, рухани тұрғыдан көру) асып тұрған біртұтастық ретінде түсіну

Slide 6

Өмір философиясы

Артур Шопенгауэр

(1788-1860)

Вильгельм Дильтей

(1833-1911)

Фридрих Ницше

(1844-1900)

Анри Бергсон

(1859-1941)

Өмір философиясының өкілдері:

- Артур Шопенгауэр

- Вильгельм Дильтей

- Фридрих Ницше,

- Анри Бергсон

Slide 7

Артур Шопенгауэр - өмір философиясының ізашары, жолын салушы

Артур Шопенгауэр

(1788-1860)

«Дүние ерік және елес ретінде»

А. Шопенгауэрдің ілімі бойынша, дүние - әмбебап ғарыштық еріктің көрінісі мен жүзеге асырылуы.

Дүниедегі барлығы әлемдік еріктің айналып тұрған дөңгелегіне мәңгі байланған.

Адам - өмір сүруге деген еріктің көрінісі, сондықтан оның табиғаты рационалды емес, ол иррационалды.

Ақыл-ой еріктен кейін, екінші орында тұрады.

Slide 8

Ф. Ницше - өмір философиясының негізін қалаушы

Фридрих Ницше

(1844-1900)

Ницшенің пікірінше, өмір - болмыстың әмбебап сипаттамасы.

«Өмір - бұл игілік. Өмір неғұрлым күшті, жарқын болса, соғұрлым жақсы болады. Өмірден қашу керек емес, ол азапқа толып кетсе де. Өмірге қуануға үйрену керек»

Ницше үшін, өмір - күш жинағы, сондықтан ол биліктің максимумына ұмтылады

Slide 9

В. Дильтей өмір туралы

Вильгельм Дильтей

(1833-1911)

В. Дильтей философиясының орталық ұғымы - өмір адамның мәдени-тарихи болмысы ретінде. Философияның міндеті - өмірді оның өзінен, яғни оның уақыты мен тарихынан түсіну

Дильтейдің зерттеуіндегі негізгі проблема - адамның жаны мен рухының дүниесі: «психикалық өмір біртұтас үзілмейтін ағым, оның мәні иррационалды».

Дильтей «табиғат туралы ғылымдарды» және «рух туралы ғылымдарды» ажыратқан. Рух туралы ғылымдардың, олардың қатарындағы философия мен педагогиканың практикалық маңызы- өмірді тәртіпке келтіруге және кемел қалпына жеткізуге жәрдемдесу

Slide 10

Анри Бергсон өмір туралы

Анри Бергсон

(1859-1941)

Бергсон: «Нағыз дұрыс және алғашқы шындық - біртұтас өмір

Материя және рух, бір-бірінен бөлек алып қарасақ, өмір ыдырауының өнімдері

Өмірдің мәні - оның ұзақтығы арқылы, жасампаз эволюциясы мен өмірлік жігері арқылы ашылады»

Slide 11

Адамзаттың рухани тәжірибесіндегі өлім проблемасы

Өлім (құру, ажал) - ағза тіршілігінің мүлде тыйылуы, биологиялық және физиологиялық үрдістердің тоқталуы

Көптеген елдердің түсініктері бойынша, өлім - бұл адамның өлмейтін жанының денеден бөлініп шығып, ата-бабалардың жандарына қарай бағытталып кететін мезгілі

Slide 12

Өлім туралы түсініктер дамуының бес кезеңдері

1. Ежелгі заманнан -XI ғ. дейін - «қолға үйретілген өлім» түсінігі: өлім - бұл кәдімгі, құтылмас құбылыс («бәріміз өлеміз »)

2. XII ғ. - «өзімнің өлімім», құдай өлгендерге жүргізетін жан түршігетін сот деген діни идеяның ықпалынан пайда болған индивидуалды сот туралы түсінік

3. Ағартушылық дәуірінде - «алыс және жақын өлім» туралы түсінік: өлім - адамды табиғаттан қорғайтын механимзмдердің күйреуімен байланысты жабайы ауыздықсыз нәрсе ретінде қарастырылған

4. Романтизм дәуірінде - «сенің өлімің» туралы түсінік. Сүйіктінің өлімі адамның өз өлімінің жақындап қалғанынан ауыр сезінеді. Романтизм өлімнен қорқуды әсемдік сезімге айналуына болысты.

5. XX ғ. - «аударылған өлім» түсінігі: қоғам ұжымдық санадан өлімді ығыстырып жібереді, өлімнің жоғы сияқты, ешкімнің ешқашан өлмейтіні сияқты мінез-құлықты көрсетеді

Филипп Арьес

(1914-1984)

«Человек перед лицом смерти»

Slide 13

М. Хайдеггер: өмір «өлімге қарай бара жатқан болмыс»

М. Хайдеггер өлімді адам болмысының онтологиялық сипаттамасы ретінде көрсетеді. «Өлімді мүлде көз алдымызға елестету және түсіну мүмкін емес. Басқалардың өлу тәжірибесі өзіміздің өлу проблемамызды нейтрализациялауға көмектесе алмайды

Өлімді тіршілік етудің мүмкін еместігі ретінде түсінуге жақындағанда ғана адам өзінің шын болмысына ие болады.

Өзінің өлім бетінің алдында еркіндікке жету дегеніміз- мәнсіз мүмкіндіктердің арасынан өлім үшін қолжетімсіз мүмкіндіктерді дұрыс таңдау»

Мартин Хайдеггер

(1889-1976)

«Болмыс және уақыт» (1927)

Slide 14

Өлместік проблемасы

Метемпсихоз (грек. «мете»- «қайтадан», «психоз»- «жаңдандыру, тірілту», яғни «қайта жандандыру») - өлгендердің жандары басқа адамдардың (жаңадан туылған нәрестенің) жануарлардың денелеріне, өсімдіктер мен минералдарға көшетіні туралы діни-мифологиялық көзқарас. Ежелгі Грекияда метемпсихоз туралы ілім б. з. д. VI ғ. орфизм және пифагореизм арқылы пайда болды

Индияның діни-философиялық ілімдерінде бұл - «сансара» ұғымы.

Метемпсихоз туралы ілімнің практикалық салдары ретінде вегетариандылық және қан төгістен бас тарту пайда болған, діни әдет-ғұрыптар саласында - тірі адамды немесе малды бауыздап құрбандыққа шалудан бас тарту болған

Slide 15

Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі

Коркыт туралы аңызда оның өлместікке жетудің жолын іздегені туралы айтылады. Қорқыт дүниенің төрт бұрышын айналып шықты. Барлық жерде ол көр қазған адамдарды кездестірген. Оның сұрағына: «Бұл кімнің көрі?» «Қорқыттың көрі» деген жауап қайтарылған. Қорқыт еліне қайтып, Сырдарья өзені толқындарының үстінен кілем төсеп, отырып алады. Оның пікірінше, өлім - бұл мәңгілік ұйқы, сондықтан ұйықтамаудың амалын тауып, ол қобызды тартып отырады.

Бірақ онда да Қорқыт өлімнен құтыла алмады. Оны судағы жылан шағып алды. Осыдан халықтың сөзі пайда болды: «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі»

Slide 16

Абай өлместік туралы

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айрылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. . .

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

Slide 17

Адам өмірінің мән-мағынасы

- бұл адамның не үшін арналуына, тіршілігінің соңғы мақсатын анықтауға қатысты философиялық және рухани проблема

Мына сұрақтарға жауап табу қажеттігі көзделеді :

«Өмірлік құндылықтар дегеніміз не?»

«Өмір мақсатына не жатады?»

«Не үшін, кім үшін өмір сүру керек?»

Slide 18

Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм

Фатализм - (лат «fatalis «- «тағдырмен анықталған») - болмыстың алдын ала-анықталуына сенім: ежелгі үнді философиясында - «дайва» (тағдыр), антикалық философиясында - «фатум», араб-мұсылмандық философиясында - «кадар» - АллаҺтың еркі, шешімі, жазғаны

Гедонизм (грек. «hedone»- ляззат) -өмірдің мәні ляззат алуда деген көзқарас

Волюнтаризм: өмірдің мәні ішкі импульспен, жігермен анықталады (Артур Шопенгауэр )

Функционализм( лат. functio - орындау, атқару) - өмірдің мәні әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ету үшін адамның қоғамда өзінің қызметтері мен әлеуметтік рөлін дұрыс атқаруда деген түсінік

Slide 19

Аристотель адам өмірінің мәні туралы

Аристотель: «Бақыт - адам өмірінің мәні және арналуы, адам тіршілігінің бірден-бір мақсаты»

Аристотель

(384-322 б. д. д. )

Slide 20

Әл-Фараби дүниетанымы мен философиясында «бақыт» ұғымы

Әл-Фараби ілімінде бақытқа жету адамның дүниеге келуінің және жаратылуының себебін құрайды.

Фарабидің пікірінше, бақыт адамның соңғы мұраты және «теориялық жағынан болсын, практикалық тұрғыдан болсын, барлық ілім мен философияның әрі материалдық әрі рухани бүкіл адамзаттың іс-әрекеттері нәтижесінде жеткізер осы мұраты - бақыт болып табылады.

Осы мақсатқа жеткен адамның одан басқа қол жеткізер мұраты да жоқ деуге болады. Өйткені ол, барлық мұрат-мақсаты, талап-тілегіне жетіп, рухын қанағаттандырып, жетуге болатын ең жоғары нәтижеге бақыт мақамына жетіп отыр»

Абу Насыр ибн

Мухаммед әл-Фараби

(870-950)

«Бақытқа апаратын жол»

Slide 21

Иммануил Кант адам өмірінің мәні туралы

Кант: «өмірдің мәні адамның сыртында емес, ол - адамның ішкі жан дүниесінде»

Өмірдің мәнін қалыптастыратын фактор - бұл категорикалық императив деген әдептілік заңның түріндегі идея

Иммануил Кант

(1724-1804)

Slide 22

Фихте адам өмірінің мәні туралы

«Мен өзімді-өзім өз еркіндігіммен

кім етіп жасасам, тек сондай ғана

бола аламын»

Ио́ганн Го́тлиб Фи́хте

(1762 -1814)

Slide 23

Артур Шопенгауэр өмірдің мәні туралы

«Адамзат өмірдің мәнсіз болуынан өзін құтқару үшін келесі құралды - иллюзияларды, әртүрлі ермекті ойластырып тапты. Өмірдің мәнін іздеп адам әртүрлі діндер мен философияларды жасады

Лайықты өмір сүрудің тәсілдері:

- Өнер, ол әсемдіктің тұрақты иллюзиясын қалыптастырады.

- Этикалық (моральдық) аскетизм: алданыш құштарлықтардан, яғни қуатты мәнсіз жұмсаудан бас тарту.

- Философия, ол болмыстың трагикалық сипатының шын себебін іздеп табады»

Артур Шопенгауэр

(1788-1860)

Slide 24

Фридрих Ницше өмірдің мәні туралы

Фридрих Ницше

(1844-1900)

Ницше: «Дүниеде сенен басқа ешкім жүре алмайтын жалғыз жол бар. . . Сенен басқа ешкім саған өмір ағымынан дәл сен өтетін көпірді салып бере алмайды Әрине, сансыз соқпақтар мен көпірлер бар, және де сені ағымның үстінен көтеріп алып өткізгісі келген жартылай құдайлар бар; бірақ олар сенің өзіңнің құнынды төлеткізеді: сен өзіңді кепілге беруге, өзіңді жоғалтуға мәжбүр боласың»

Ницше: «Не үшін өмір сүретінін білетін адам кез-келген «қалай» дегенді жеңіп шығады

Slide 25

Өмірдің мәні туралы гомеостаз теориясы

Адам өмірінің мәні - сыртқы дүниемен тепе-теңдікке жету, өз мәнін сақтап, тыныштық қалпында болу

Осы көзқарастың негізінде буддизм мен даосизмнің тұжырымдамалары жатыр. Олар ішкі және сыртқы үйлесімділікке жетуді мақсат етеді

Өкілдері - О. Марелиус, И. Кникербокер, Ш. Бюлер)

Slide 26

Өмірдің мәні туралы адамның өз-өзін жүзеге асыру теориясы

А. Маслоу: «Қоршаған дүние адамның өз-өзін жүзеге асыру мақсаты үшін қолданылатын құралдан артық емес», ал адамның өз-өзін жүзеге асыру - тіршіліктің басты мақсаты»

Өкілдері:К. Хорни, Э. Фромм, М. Фуко, А. Маслоу, К. Гольдштейн

Slide 27

А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы

Slide 28

Өмірдің мәні туралы трансценденция теориясы

В. Франкл: «Егер адам өз-өзін жүзеге асыруды өз жеке басының мақсатына айналдырса, онда ол өз тіршілігінің трансцен-денциясына (сыртқы ортамен өзара әрекеттесуіне) қарама-қарсы шығады.

. . . Адам қай шамада сыртқы дүниенің мәнін жүзеге асырса, соғұрлым ол өзін де жүзеге асырады» ( «Мәнге бағытталған ерік»)

Карл Ясперс: «Әлем мен адамның шын және шартсыз мәніне тек қана «шекаралық ахуалдарда» (азап шегу, күрес, өлім сияқты) жету мүмкін, егер адам оларды бұзып, «әлеуетті экзистенция» ретіндегі өз-өзіне өтетін болса»

(«Заманның рухани ахуалы» (1931) «Философиялық сенім» (1948)

Slide 29

Виктор Франкл өмірдің мәні туралы

В. Франкл: Өмірдің мәні жоғалғаны - адам үшін ең басты стресс.

Өмір мәнінен ешбір жағдайда айырылуға болмайды; өмірдің мәнін әрқашанда адам үшін маңызды құндылық-тардың үш түрінің біреуін таңдау арқылы табуға болады:

махаббат құндылықтарынан

достық құндылықтарынан

шығармашылық құндылық-тарынан

Виктор Эмиль Франкл

(1905-1997)

«Человек в поисках смысла»

Slide 30

Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде

Ходжа Ахмед Яссауи өмірдің мәні «құдайды тану» мақсатында деген, яғни адам өз-өзін әдептілік кемелденудің мистикалық жолына түсуі тиіс

Қазақтардың айтуынша: «Дүниеге екі келмек жоқ». Адам осы дүниеге бір рет қана келеді және оған бір ғана мүмкіндік беріледі, ол өз өмірі үшін өзі жауапты. Қазақтар түсінігінде, тек қана адам өз әрекеті арқылы өз өміріне мән береді.

Абайдың пікірінше, адам өз тіршілігінің мақсаты мен мәніне білім мен ғылымды игеру жолында ғана жетеді

Ходжа Ахмед Яссауи

(1093-1166)

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

Slide 31

Махаббат - адамның өмір сүру мәні

«Махаббат» деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.

Антикалық ойшыл Эмпедокл өзінің космология ілімінде «Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш», - деп білді.

Slide 32

Антикалық мәдениетінде махаббаттың алуан түрлі сипаттары

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер түрлі терминдерді қолданды:

«Эрос» -ынтызарлы махаббат, жыныстық құштарлық,

«Филиа» -адал махаббат, ұнату, жақсы көру: отанды, білімді, тілді, даналықты, ата-анасын, балаларын, достарын (махаббат-достық )

«Людус» - ляззат алу үшін үстірт сезімді махаббат-ойын

«Сторгэ» - өте нәзік әрі сенімді махаббат: жұбайлардың арасында

«Мания» - «естен айырылған» махаббат-тәуелділік, азап шегуден ляззат алу (мазохизм)

«Агапэ» -махаббат-қамқорлық: жақындарына, бауыр-ларына, балаларына, христиандық қауым мүшелерінің өзара қамқорлығы


Ұқсас жұмыстар
Шопенгауэр философиясы
Әлем жігер және елестету ретінде
ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
ФИЛОСОФИЯ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ
МОТИВАЦИЯ МОТИВАЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Өнер мен әдебиеттегі мәдени дамудың маңызды бағыттары
Өмірдің мәні
Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы - сол адамның өзі
Иррационализм философиясы
Өмір философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz