Жаңа сөздердің жасалу жолдары


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жаңа сөздердердің жасалу жолдары

Орындаған:Шалабаева А. А.

Тобы: КО-32

Тексерген: Саменова С. Н.

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

І. Жаңа сөздер және оларды аударудың теориялық негіздері

1. 1 «Неологизм» терминінің түсінігі және мазмұны

1. 2 Жаңа сөздерді аудару

ІІ. Қазақ тіліндегі жаңа сөздердің тілдік ерекшеліктері (2010-2020

жылдар аралығындағы жаңа сөздерге талдау)

2. 1 Ағылшын тілдерінен енген жаңа сөздерге талдау

2. 2 Қазақ тіліндегі жаңа сөздер бойынша жаңа сөздерге талдау жасау

2. 3 Жаңа сөздердiң аудармасының қиындықтары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі бір жағынан жаңа сөздік құрамды компьютерлендіру, ақпараттандыру, жаһандану және т. б. сияқты әлеуметтік маңызды факторлардың ықпалымен қазіргі лингвомәдениетте болып жатқан өзгерістерді бейнелеудің құралы ретінде зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Екінші жағынан, мыңжылдықтар тоғысындағы лингвистикалық парадигмалардың ауысуы кезінде лингвистердің тілдік формалармен объективтелетін когнитивті құрылымдарды зерттеуге қызығушылығы артады. Жаңа сөздің пайда болуы екі тенденция арасындағы күрестің нәтижесі: тілдің даму тенденциясы және оны сақтау үрдісі. Бұл «тілде коммуникативті күйінде қалудың жеткілікті тенденциясы» бар екендігіне байланысты.

Зерттеудің мақсаты қазіргі жаңа сөздер және оларды аудару туралы мәселені теориялық және практикалық негіздеуден тұрады.

Қойылған мақсатқа жету үшін кешенді міндеттер анықталды:

неологизм ұғымдары мен терминдерін анықтау;

жаңа сөздердің мәнін қарастыру;

жаңа сөздерді аудару ерекшеліктерін қарастыру;

экономикалық терминдерді аудару ерекшеліктерін қарастыру;

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы: зерттеудің нәтижелері жаңа сөздер жөнінде жаңа пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер неологизм мәселелерінің дамуына септігін тигізеді.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Slide 4

Жаңа сөздердің теориялық негіздері

Slide 5

Қазақ тіл біліміндегі жаңа сөздердің зерттелуі мен жүйеленуі

Ғалым Қ. Жұбанов жаңа сөздерді қазақ терминологиясының қалып­тасуымен біртұтастықта қараған. Шын мәнінде жаңадан пайда болған белгілі бір сөздің, ұғым мен түсініктің ішкі мазмұна сыртқы формасы­ның сәйкес келуін семантикалық тұрғыдан талдаған алғашқы пікірлерді Қ. Жұбанов айтқан болатын. Бұл ретте көрнекті ғалымның атом, пси­хология, геометрия сияқты халықаралық терминдердің ішкі семанти­касын анықтай отырып, оларға берілген кейбір қазақша баламалардың сәйкес келмейтіндігін (мысалы, психология - жан жүйесі, геометрия - пішіндеме) ғылыми тұрғыдан дәлелдегенін жаңа сөздер туралы ғылым­ның - неологияның алғашқы тұжырымдары деп бағалауға болады.

Қазақ әдеби тіліндегі жаңа сөздердің пайда болуы, жасалуы тіл да­муының кезеңдерінде әртүрлі. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында жа­салған жаңа сөздердің пайда болуы тіл тазалығы, ағартушылық бағыт негізінде болды. Одан кейінгі кезеңдерде орыс тілінің қарым-қатынас құралы ретінде басым бағытты иеленуіне байланыста қазақ тіліндегі жаңа сөздердің тілге енуі бәсеңдеді.

1960 жылдары қазақтың зиялы қауымы күнделікті тұрмысқа дендеп енген тұрмыстық заттар мен бұйымдардың, ұғым-түсініктердің қазақ­ша баламасын қалыптастыра бастады. Мысалы, кейбір мәліметтерге қарағанда 1960 жылдары белгілі аудармашы І. Жарылғапов 200-ден аса жаңа сөздер жасаған, бірақ олар ешқандай нұсқада тіркелмеген. Олар­дың ішінде аялдама, балмұздақ, оқырман, көрермен, қолшатыр сияқты бірер сөздер ғана ғылыми талдаудан өтіп, 1970 жылдардың орта тұста­рына қарай әдеби нормаға айналған.

Slide 6

Қазақ әдеби тілінің сөздік құрамындағы жаңа сөздерді ғылыми- теориялық зерделеудің көш басынан академик Рәбиға Сыздық көрінді. Шын мәнінде академик Р. Сыздық қазақ неологиясы мен неографиясының негізін қалаушылардың бірі деп санауға әбден болады. Ол 1966 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған мақаласында сөздік қорға енген жаңа сөздерді қажеттілігі, семантикалық сәйкестілігі, жасалу жолдары жағынан пайымдап, жаңа сөздердің орнығуы мен нормала­нуындағы жазба нұсқалардың, әсіресе баспасөз тілінің доминант сала екендігін анықтап берді.

1995 жылға дейінгі мерзімдегі жаңа сөздердің табиғаты Қ. Қадырқұловтың еңбегінде талданған . 1991 жылдан бастап қазақ тіл білімінде жаңа сөздер қазақ тілі терминдерін қалыптастыру мәселелері аясында біртұтас қарастырыла бастады. Терминденетін лексика сөздері, жалпы халықтық тілдегі сөздердің терминдену ерекшеліктері, жаңа атаулардың жүйелену қажеттілігі, тұтастай алғанда, ұлт тіліндегі ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыру, термин шығармышылығының әртүрлі қырлары тікелей арқау болған іргелі еңбектер бар.

Зерттеуші Н. И. Букетованың еңбегі бірнеше тілдердегі жаңа сөздерді жасайтын түбір морфемаларды талдауға арналған. Қазақ тіліндегі неологизмдер салыстырмалы-тарихи және салғастырмалы тіл білімі аясында қарастырылған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жаңа сөздердің - қоғамдық-саяси неологимздердің қалыптасуы мен қолданысқа түсуінің кешенді талдауы жүзеге асырылған еңбек жаңа сөздердің құрылымы әрбасқа тілдердегі сипаттамасын жан-жақты танытқан.

Slide 7

Жаңа сөздердің жасалу жолдары

Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған туынды сөздер

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған туынды сөздер

Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздер

Slide 8

Жаңа сөздердің жасалу тәсілдері

Slide 9

Баспасөз беттерінде қолданылып жүрген жаңа атаулардың жасалу жолдары

-шы/-ші: айтушы, аяқдопшы, әкімші, әрлеуші, байқаушы, байланысшы, жолшы, жүргінші, зілтемірші, кеденші, көсемсөзші, көшбасшы, мәндіөзші, мұрағатшы, парашы, пәтерші, салықшы, салымшы, сәйкестеуші, тапсырысшы, т. б.

-м, -ым/-ім: әзірленім, басылым, белсенім, елтаным, жарияланым, жинам, жөнелтім, көрсетілім, қантаным, оқылым, өтінім, өсім, салым, сұраным, таныстырылым, таралым, төтем, төлем, ұстаным, шақырылым, т. б.

-лық/лік, -дық/дік, -тық/тік: әкімдік, балапаздық, біртектілік, достастық, елжандылық, жемқорлық, зайырлылық, зияткерлік, кәсіпкерлік, қауымдастық, отансүйгіштік, парашылдық, серіктестік, сыбайластық, шығармашылық, ықпалдастық, іскерлік, т. б.


Ұқсас жұмыстар
СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ
Сөйлем мүшелері туралы түсінік
Үстеулердің морфологиялық белгілері
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары
Тіл алды дауыссыздары
Тарихи морфология
Сөздердің байланысу тәсілдері
Қысқарған аясы сөздердің қолданылу
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz