Салауатты өмір сүру салтының категориялары



«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Салауатты өмір салтының медициналық-әлеуметтік аспектілері
Орындаған:Абдураимова Д
Тобы:ЖМҚБ-08-21
Қабылдаған:Қабылбекова Д

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Салауатты өмір салты ұғымына түсініктеме.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістері
3. Денсаулық мектептері
4. Салауатты өмір сүру салтының категориялары
5. Дене тәрбиесінің мәні
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - «Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Салауатты өмір салты (СӨС) - бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 60%- ы салауатты өмір салтына тәуелді болады.

«Денсаулық сақтау» сөзінің мағынасы жергілікті тұрғындар арасындағы түрлі топтардың денсаулығын қамтамасыз ету, сақтау, жақсарту және нығайту барысындағы іс әрекеттерді білдіреді.

Денсаулық сақтау жүйесінің приоритетті құрамдас элементіне медицина қызметкерлерінің профилактикалық шаралары, медико-социалдық белсенділіктің дамуы және де халық арасындағы әртүрлі топтарға салауатты өмір салтын насихаттау жатады
Адам денсаулығын қорғау және нығайту негізгі заңды акттармен бекітілген. Денсаулық сақтау жүйесін оптимизациялау мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бөлімі болып табылады. Денсаулық сақтау мақсаты бір, квалифицирленген медициналық көмегі баршаға ыңғайлы болатын, шынайы гуманистік бағытталған мемлекеттік жүйе ретінде қаралады.

“Салауатты өмір салты және өз денсаулығына деген адамның жауапкершілік принципі - міне бұл денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік саясатта және халықтың күнделікті өмірінде басты мәселе болуы шарт” - деп, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа берген жолдауында айтты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістері
Сауалнама - бұл пациентпен жұмыс істеудің жеке тәсілдерін анытау үшін қәдеттерді, мінез -құлық үлгілерін, оның қалыптасу жағдайларын анықтайтын диагностикалық әдіс. Патронаж - бұл пациенттің өмір сүру жағдайында оның өмір сүру жағдайын бағалау мақсатында объективті ақпарат жинау. Сараптама - мінез -құлық тәуекел факторларының сандық сипаттамаларын бағалау үшін қолданылатын қосымша диагностикалық әдістер. Әңгімелесу - бұл интерактивті байланыс әдісі, медицина қызметкері пациенттерге ақпарат беруден гөрі сұрақтар қояды. Бұл қарым -қатынаспроцесін науқастың бұрыннан бар біліміне негізделген етеді. Ақпаратты қабылдау 10%-ға дейін көтеріледі. Әңгімелесу ұзақтығы - 3 минут.


Денсаулық мектептері - халықтың аурулар туралы ақпараттандыру, науқасты тексеру, емдеу және алдын алу процестеріне, белсенді араласудың көрсеткіш деңгейін жоғарлату орталықтары. Мұнда аурудың дамуын алдын алуға көмектесетін тәуекел факторларымен күресуге, аурудың өршуін алдын алу әдістерін, салауатты өмір салты принциптерін оқытады.


Салауатты өмір сүру деңгейі - экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория - үй-іші қызмет істейтін орындары неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стильі - әлеуметтік - психологиялық категория, адамның қоғамдық орындарда өзін өзі ұстап және көрсете білуі.

Салауатты өмір салтының аспектілері
Жеке тазалығы
Еңбек және дем алу тәртібі
Физикалық белсенділік
Психогигена және психопрофилактика.
Рациональді тамақтану
Қоршаған орта және денсаулық
Өз бетімен емделу және оның зияны
Алкоголь және денсаулық
Наркомания және токсикомания
Темекі шегу денсаулыққа қауіп факторы ретінде
Жыныстық тәрбиелеу

Салауатты өмір салты
Жеке бас гигенесын сақтау
Дене тәрбиесі және спорт
Қоршаған ортаның тазалығы
Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру
Зиянды дағдыларға әуестенбеу
Дұрыс тамақтану

Организмді шынықтыру
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы, шынығуға бейімделу дәрежесі және т. б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Дұрыс толыққанды тамақтану
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс

Зиянды әдеттерден алшақ болу.
Темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz